ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Саяси партиялардың классификациясы.Cаяси партияның практикалық элементтер ерекшеліктерінің иерархиясына байланысты көптеген партия классификациясының көптеген критериі бар. Марксистер классификациясының негізгі критериі ретінде партияның таптық сипатын ұсынады. Институционалдық бағытты жақтаушылар ұйымдасқан құрылымдық критериді пайдаланады, ал функционалистер партия қызметінің орындалуына басты назар аударады. Либеральдық бағыт партия мүшелеренің саяси және идеологиялық байланыс сипатын маңызды деп есептейді. Саяси ғылымда М. Дюверженің классикалық концепциясы ерекше орын алады. Ол концепциядағы партия типологиясында партияның құрылымдық сипаттамалары ішкі құрылымы, мүшелік жүйесі, жетекшілік органы сондай-ақ партиның пайда болу мәселелерін қарастырады. Алғашқы ұйымдасуына қарай М. Дюверже партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ячейка және партия—боранды отрядтар деп ажыратады. Пайда болу критериі бойынша ол партияны электоральдық, парламенттік және «сырттай пайда» болатын партия деп бөледі. М. Дюверже партияны «кадрлық» және «бұқаралық» деп бөледі. Бұқаралық және кадрлық партиялар айырмашылығы олардың көлеміне де, мүшелер санына да байланысты емес, ол партияның құрылымына байланысты. Олар мынадай белгілермен ажыратылады: пайда болуына, негізгі бағдары мен әрекет ету амалына, алғашқы ұйымдасуына, мүшелілік жүйесі және құрылымдық элементтерінің байланысына байланысты. Кадрлық партиялар парламенттік, электоральдық негізге ие болады. Бұқаралық партия партияның «сыртқы пайда болу ерекшелігіне» көп қатысты. Өкіметтік билікке бақылау жасау деңгейіне қарай партия оңшыл және оппозициялық болады. Оппозициялық партиялар заңдық статусы критериі бойынша ашық, рұқсат етілген және мемлекеттік тіркелген, заң көлемінде әрекет ететін; жартылай ашық, тіркелмеген бірақ шектеу қойылмаған; жасырын, мемлекетпен шектеу салған. Саяси партиялардың қоғамның саяси жүйесiндегi орны және рөлі. Қазіргі демократиялық қоғамда партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|