ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Саяси жүйелердің типологиясы.Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған тгрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі. Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Саяси жүйенiң функциялары. Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет еті тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияга негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады. 2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды. 3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік – саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді. 5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с. Саяси идеология - бұл саяси сана формаларының бiрi. Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгереді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды. Саяси көзқарастар және XX ғасырдың бiрiншi жартысының басындағы қазақ либералды интеллигенциясының тағдыры Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты ұғымдардан тұрды. Алаш партиясының жетекшілері 1916 жылғы көтеріліс ресейлік биліктің терең дағдарысқа келіп тірелгендігін, қазақ халқының отарлық езгіге қарсы шығуға әзір тұрғандығын көрсетті. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының өмірге келуі, осы жылдың соңына карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды. Ұлт-азаттық күрестің келесі үшінші кезеңі — Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші «жаңа буыны» болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл шектеуліктің» көрінісі ретінде бағалады. XX ғасырдың 20—30-жылдары мемлекет тарапынан тынымсыз жүргізілген саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20—30-жылдар аралығында күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болд Саяси Қазақстан мәдениетi: дамытудың күйлері және перспективалары. «Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен тікелей байланысты және соларға негізделеді. Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз қалыптасатын тарихи процесс саласы. Ал саяси мәдениетті қалыптастырушы –қоғамдағы саяси процестер. Әрбір мемлекеттегі саяси мәдениеттің қалыптасуы немесе өзгеруі саяси режиммен (саяси тәртіппен) байланысты. Қоғамда саяси режим өзгерген жағдайда, саяси мәдениет те сол режимге бейімделіп, қайта қалыптаса бастайды. Мысалы, Қазақстан өзінің тарихында әр түрлі саяси режимдерді - хандық, патшалық, тоталитарлық режимдерді басынан өткерді.. Қазіргі кезеңде демократиялық режим орнықтыру жолында. Осы саяси режимдердің ауысуы қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің негіздерін өзгерте алған жоқ, капитализм және социализм жағдайында да рухани мәдениет өзіне тән құндылықтарын сақтап қала береді. Әрбір елдегі саяси мәдениетті дамытудың негізгі мақсаты – азаматтарды мемлекеттік саясатты, қоғамдағы ұстаным етілген саяси идеологияны, мемлекет құрылымын, оны іске асыру тәсілдерін танып білуге мемлекеттік және қоғамдық істерде өз отанының мүддесі үшін қызмет етуге бағыттау. Қорыта айтқанда, саяси мәдениеттің маңызы – азаматтардың қоғамның саяси жүйесін қолдап оны дамытуға белсенді қатысуы.Бұл тұста саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды? - деген сұрақ туындайды. Қоғам мүшелерін мемлекеттік саясатқа бағыттау саясаттануда әлеуметтендіру (социализация) деп аталады. Саяси әлеуметтендіру қоғамдағыұрпақтардың дамуына сәйкес бастапқы және соңғы болып екі кезеңге бөлінеді. Бастапқы кезең отбасы мен бастауыш сынып балаларын қамтиды. Соңғы кезеңнің қатарына мемлекет, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекет жатады. Саяси қатынастардың ұғымы. Саяси қатынастардың субъект және объекттерi. Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды. Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|