Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Саяси мәдениеттiң типологиясы және функциялары.




Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі.

Саяси мәдениеттің жіктелуі

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды.

"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси мәдениет құрылымы

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениеттiң ұғымы және құрылымы. Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек. Сонымен қатар, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Оның қызметі: танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатарды. Ол еркіндік, теңдік, әділдік, әлеуметтік қорғанушылық, автономия, төзімділік және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады.

Саяси өкiмет және оның негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы.

Саяси өкiметтiң негізгі белгілері және функциясы.

Саяси өмiрдегi адамның саяси қатысуының формаларының әр түрлiлiгi. Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. 1: саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы; 2: азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. 1 – институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных