ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Саяси процесс және жаңғырту.Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с. 4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады. Саяси процесстiң бiр түрi сияқты төңкерiс, реформа, көтерiлiс, бүлiк. Төңкеріс немесе Революция (лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеум. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеум. Революция қоғамның саяси, экон., рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді Реформа – қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін. Көтеріліс -орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы. Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті. Саяси процесстiң бар болуының негiзгi тәртiптерi және ұғымдары. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады: саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі; саяси тәртіптің дамуы; саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|