ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Саяси элита және элиталардың негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы.Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады, оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады. 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді, айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды. Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы, дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, Сыртқы саясат, халықаралық саясат ұғымдары, айырмасы Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|