ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Томас Гоббстың саяси көзқарастары.Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Ең маңызды жаратылыс заңы: 1. бейбітшілікке үмтылу; 2. бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет; 3. адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек. Гоббс Томас Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары. Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған. Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осыбейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.[2] Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады. [ Тоталитарлы саяси тәртіп. Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жургізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін билік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың християндық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|