ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Саяси сана- бұл қоғамдық сананың формасы.Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялықтүрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады. Саяси тәртіп: ұғым және белгілері. Саяси тәртіп – үкіметтің қалыптасуы үшін түрлер мен әдістердің бірігуі. Барлық саяси жүйесі бар мемлекеттер үкіметті қалыптастыруда мынадай формаларға бөлінеді: 1)Демократиялы (демократиялы тәртіп)2)Демократиялы емес (тоталитарлы және авторитарлы тәртіп)3)Саяси жүйенің демократизмі мына факторлармен анықталады:1)Әрқашан шыншыл сайлаулар жүргізу2)Азаматтардың бостандығын, құқықтарын бұзбау3)Көп партиялы жүйенің болуы4)Тәуелсіз баспасөз, көп ақпарат алу әдісіМіне осылай саяси, қоғам жүйесі берілген мемлекет тәртібін сипаттайды, ал тәртіп өз кезегінде саяси жүйенің категориясы болып табылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|