Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып №2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздері




Жоспары:

Қылмыстық атқару заңдарының мақсаттары мен міндеттері.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түсінігі және мәні.

Қылмыстық атқару құқығы нормаларының түрлері және құрылымы.

Қылмыстық-атқару құғығы бойынша нормативтік актілерге санкцияларды енгізу ерекшіліктері.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының жіктелуі.

Қылмыстық-атқару заңдары. Қылмыстық-атқару заңдары, ҚР Қылмыстық-атқару кодексі мен басқа да жазаны етеудің атқарудың тәртібі мен жағдайларын реттейтін, нормативтік-құқықтық актілерден құралады. Бұл тура мағынасында. Осы мағынада қылмыстық-атқару заңдары ретінде, тек қылмыстық жазаны өтеу мен атқаруға байланысты шығарылған заңдар тобын ғана алу керек. Ол ҚР Қылмыстық-атқару кодексінен және қылмыстық-атқару мәселесіне арналған басқа да заңдардан құралады.

Қылмыстық-атқару туралы қатынастар басқа да заңдарда кездесе алады. Мұндай заңдардың реттеушілік объектісі жаза өтеу, оны атқару мәселесі болмауы мүмкін. Бұл зандар тобын кең мағынадағы қылмыстық-атқару заңдары қатарына жатқызуға болады. Қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздерінің бірі ҚР Конституциясы болып табылады, себебі Конституция қылмыстық-атқару құқығының іргесін қалаушы негізгі заң болып саналады. Барлық құқықтық нормалар Конституция нормаларына, оның бағытына сәйкес келуі керек. Егер Конституция мен құқықтық актілердің арасында қарама-қайшылық байқалса, онда құқықтық акті өзгертілуі немесе күшін жоюы керек.

Конституциялық нормалардың бірнешеуі қылмыстық-атқару құқығына тікелей қатысты. Ең алдымен, Конституция нормалары мемлекеттің ғана емес, жеке адамдардың да, олардың құқықтары мен бостандықтарына, ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Конституция әр адамның тіршілігі үшін қажетті орта немесе арнаулы білім алуына құқығы бар екендігін көрсетеді. Сотталған адамдар ертең қайтадан қоғамның тең құқылы мүшесі болып саналатындықтан, олардың мектеп көлеміндегі және арнайы мамандыққа оқуы мемлекет тарапынан ұйымдастырылады және осы істердің орындалуына жағдай жасауға міндеттенеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных