Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып №8. Қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаның тәртібі мен жағдайлары




Жоспары:

1. Қамау түріндегі жазаға түсінік.

2. Қамауды орындаудың тәртібі.

3. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға түсінік.

4. Бас бостандығынан айыруды орындаудың тәртібі.

5. Бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі режимнің ұғымы, негізгі талаптары.

Қамау - бір айдан алты айға дейін, жазаның бүкіл мерзімінде сотталғанды қоғамнан қатаң оқшаулау түрінде атқарылады. Қамау жазасы он алты жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамау жазасын гаупвахталарда өтейді. Сотталған адамдар жазаны сотталған жеріндегі қамау үйлерінде өтейді. Басқа жаза түрлеріндегідей, қамау жазасын да сотталушы бір қамау үйінде өтеп шығуы керек. Бір қамау үйінен екінші қамау үйіне ауыстыру, сотталғанның денсаулығына, оның жеке басы қауіпсіздігіне қауіп туындауында және сотталушының сол қамау үйінде болуына кедергі жасайтын басқа да ерекше мән-жайлар болғанда жол беріледі.

Қамау жазасына сотталғандар, қамау үйінің шаруашылық жұмыстарынан басқа еңбекке тартылмайды. Қамау үйінің әкімшілігі сотталғандарды ұзақтығы аптасына 4 сағаттан аспайтын уақытқа қамау шаруашылық жұмыстарын орындау үшін ақысыз тартуға құқылы. Бұл жұмысқа сотталғандар кезектілік тәртібімен тартылады. Сотталған 4 сағаттан артық жұмыс істеуге өзі тілек білдірсе, қылмыстық-атқару заңының 107-бабына сәйкес бұл уақытты көбейтуге болады.

Қамау үйлерінде жаза өтеушілерді тәрбиелеу мақсатында, көтермелеу және жазалау шаралары қолданылады. Кетермелеу шаралары ретінде алғыс жариялау, бұрын қолданылған жазалау шарасын мерзімінен бұрын алып тастау, телефонмен бір жолға сөйлесуге рұқсат беру қолданылады.

Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін, сотталғандарға сөгіс жариялау немесе он тәулікке дейін айыптылық орнына қамау тәрізді, жазалау шаралары тағайындалады. Алғыс жариялау және сөгіс беру, ауызша немесе жазбаша жарияланады, ал қалған көтермелеу және жазалау шаралары тек жазбаша қолданылады. Қамау жазасына тартылған сотталғанның телефонмен сөйлесуі қамау үйінің әкімшілік қызметкері арқылы бақыланады және сотталған тәртіпті бұзып, өзге әңгіме жүргізе бастаған жағдайда, телефонмен сөйлесу дереу тоқтатылады.

Жазалау шарасы, сотталушының тәртіп бұзуына тексеру жүргізу уақытын қоспағанда, тәртіп бұзған күннен бастап он күн ішінде жариялануы керек.

Қамау жазасына сотталғандарды материялдық - тұрмыстық жағынан қамтамысыз ету, жазаны жалпы режимдегі түрмелерде өтеуші адамдарға белгіленген, ал кәмелетке толмағандар үшін тәрбиелеу колонияларында белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Медициналық көмек қамау жазасына сотталғандар үшін жалпы негіздерде, яғни қылмыстық-атқару заңының 97-бабында қарастырылған тәртіпте беріледі.

Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды топтастыру. Сотталғандарды топтастыру - бас боетандығынан айыру мекемелерінде топтарға бөліп және сол топтар негізінде бөліп ұстауды білдіреді. Топтастыру белгілері ретінде, қылмыскерлердің және жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, жасы, жынысы, бұрын сотталғандығы және басқа да ерекшеліктері алынады. Демек, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру дегеніміз, жаза өтеушілердің жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына, жасына, жынысына, бұрын сотталғандығына және басқа да ерекшеліктеріне қарай, бір тектес топтарға бөлу болып табылады.

Сотталғандарды топтастыру жұмысы, жазаны оқшаулы түрде атқару, түзеу мекемелерінің жұмысын ыңғайлы әрі тиімді жүргізу, сотталғандарды түзеу мақсатындағы тәрбиелік жұмыстарды дүрыс іске асыру үшін қажет. Қылмыс жасаған адамдарды түзеу, яғни олармен әр түрлі деңгейдегі тәрбиелік жұмыстар жүргізу және олардың қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай құқықтық шектеулерді белгілеу, оларды бір тектес топтарға бөле отырып жүргізгенде тиімді болады.

Ерекше режимдегі колонияда жаза өтеу - қылмыскер аса қауіпті рецидивке жатқанда, сондай-ақ өмір бойына немесе өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылғанда тағайындалады. Бұл сотталғандарға ерекше режим тағайындалғанмен, олар жазаны тек өздері тектес сотталғандармен бірге өтейді.

Қылмыскердің және қылмыстың қауіптілік дәрежесі аса жоғары болғанда, сотталған жазаның бес жылдан аспайтын бөлігін түрмеде етеуге міндетті болуы мүмкін. Оны қылмыстық заңның негізінде, түрмеде аса ауыр қылмыс жасағандар, сондай-ақ қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегілер өтейді. Ал, қылмыстық-атқару заңы негізінде, жаза етеудің белгіленген тәртібін кәнігі бұзғандар жазаның белгілі бір бөлігін, яғни 3 жылдан аспайтын мерзімін түрмеде өтейді. Түрменің жалпы режимінде жаза өтей жүріп, қайтадан қасақана тәртіп бұзғандар қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылуы мүмкін.

Бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдардың қауіптілігінің жоғары болуына байланысты, басқа жазаларға қарағанда, түзеу мекемелерінде қатал тәртіп қолданылады. Міне, осы жазаны өтеу кезіндегі қаталырақ жағдайдың түрі мен көлемі қылмыстық-атқару заңында белгіленіп, ол түзеу мекемелеріндегі режимді білдіреді.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды режим жағдайында ұстау сотталғандарды жазалаудың және тәрбиелеудің негізгі құралы, сондай-ақ түзеу мекемелерінің алдында тұрған міндет - жазаның мақсатына жетуге жағдай жасайтын тәсіл болып табылады.

Режим ұғымын тар және кең мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада режим - бұл қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттелетін бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мен атқарудың тәртібі болып табылады. Демек, түзеу мекемелеріндегі режим, белгілі бір нормативтік актілер арқылы, яғни қылмыстық-атқару заңымен анықталып, ТМ-дегі ішкі тәртіп ережесімен, Әділет министрлігінің өзге де бұйрықтарымен толықтырылады. Режим бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жаза өтеу мәселелеріне арналғандықтан, оның мазмұны, көлемі толығымен нақты заңдарда бейнеленуге жатады. Бұл - біріншіден, ал екіншіден, режим - бас бостандығынан айыру жазасына ғана қолданылады. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың қауіптілік деңгейі әртүрлі болуына байланысты, режим де әртүрлі деңгейдегі құқықтық шектеулерді қолданады. Мысалы, түзеу колонияларындағы әр түрлі режимдер бір-бірінен құқықтық шектеулердің көлемі, яғни берілген құқықтар мен қойылатын талаптардың көлемі арқылы ажыратылады.

Режим - бас бостандығынан айыру жазасының маңызы мен мазмұнын білдіреді. Бұл жазада, жазаның мақсаты, оның құрылысының элементтері анық көрінеді. Түзеу мекемелеріндегі режимде сотталғандарды түзеу ғана емес, сонымен бірге олардың құқықтарын шектеу және жаза өтеу міндетін мәжбүрлі түрде жүргізу арқылы жазалау немесе сазайын тарттыру арқылы іске асырылады. Басқа жазалар түріне қарағанда, бұл жазада құқық шектеулер мен талаптардың көп қойылуы, яғни, қоғамнан сотталушының аластатылуы, оған жазаны дұрыс өтеу талаптарын қоюы, мұның бәрі әрине, режим мазмұнында жазалау, дәлірек айтқанда, сазайын тарттырудың да бар екендігін көрсетеді. Бұл - жазаны өтеушілерге қатысты. Ал, режим талаптарын іске асырушы түзеу мекемесі әкімшілігі, оларға режим талаптарынан туындайтын жазаны атқару мәселесіне байланысты құқықтар мен міндеттерді атқарады. Сонымен қатар, режим - осы жазадағы барлық құқықтық қатынас субъектілерінің қызметін белгілейді.

Сонымен, бас бостандығынан айыру жазасындағы режимнің әсері мына субъектілерге қолданылады: сотталған адамдарға, түзеу мекемесі әкімшілігіне, сотталған адамдарға жұмыс берген кәсіпорындарға, түзеу мекемесі қызметін бақылаушы мемлекеттік органдарға және қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, түзеу мекемесі аумағында немесе соған қатысты жерлерде жұмыс істейтін жай азаматтарға.

Режим талаптары түзеу колониясына қатысты жерлерде ғана қолданылады деп айтуға болмайды. Ол түзеу колонияларынан, түрмеден, тәрбиелеу колонияларынан тысқары жерлерге де қолданылады. Мысалы, ҚАК-нің 77-бабының 6-бөлігінде «Түзеу мекемесінің әкімшілігі мекеменің аумағындағы және оған жапсарлас режимдік талаптар белгіленген аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына тексеру жүргізуге, сондай-ақ тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен және түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленетін тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға құқылы», - делінген. Демек, режим - түзеу колонияларына шикізат, азық-түлік, т.б. тасымалдайтын жұмысшыларға, түзеу мекемесінен тысқары жерлерде жұмыс істейтін немесе тұратын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдарға заңда белгіленген көлемде қолданылады. Сондықтан режим талаптары, бас бостандығынан айыру жазасына қатысушы субъектілерге ғана емес, сонымен қатар аумақтық кеңістік көлемінде де қолданылады.

Түзеу мекемелеріндегі режим - тәрбиелік және жазалау қызметінен басқа қамтамасыз етушілік, әлеуметтік бақылау қызметтерін атқарады.

Режим - сотталғанды жазалай отырып, оны белгілі бір деңгейде тәрбиелеуді көздейді.

Режимнің түрлері және әртүрлі түзеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары. Режимнің түрі - түзеу колонияларының түрін білдіреді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемелері төртке бөлінеді:

- түзеу колониялары;

- түрмелер;

- тәрбиелеу колониялары;

- емдеу-түзеу мекемелері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных