Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жазадан босатылған адамдарға бақылау жүргізу




Әкімшілік бақылау ұғымы, оның міндеттері мен мазмұны. Сотталған адамдарға әкімшілік бақылау жүргізу дегеніміз - заңда белгіленген санаттарға жататын жаза өтеген адамдарға жергілікті ішкі істер бөлімі әкімшілігі тарапынан, заңда белгіленген мерзімдерге дейін орнатылған қадағалау шарасы болып табылады.

Мемлекеттің соттылығы бар адамдарға бақылау жүргізуі, жаза өтеген адамның келісімінсіз, міндетті шара ретінде және мәжбүрлі түрде жүргізіледі.

Жаза өтеген адамдарға әкімшілік бақылауды орнатудың себебі ол осы бақылаудың мақсатымен байланысты және бұл бақылау мынандай санаттарға жататын жазадан босатылған адамдарға тағайындалады:

- қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегілерге;

- ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшін жаза өтегендерге;

- қасақана жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасын 2 немесе одан да көп рет өтегендерге;

- жазадан шартты түрде ерте босатылғандарға.

Жазадан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау - 6 айдан 1 жылға дейін тағайындалады. Әкімшіліқ қажет деп тапқан жағдайда бақылау мерзімі ұзартыла алады, бірақ бұл бақылау сотталғандық атақ алынатын немесе күшін жоятын уақыттан аспауы тиіс.

Әкімшілік бақылаудың мақсаты, қылмыс жасағандығы үшін жаза өтеген адамдарды қайтадан қылмыстар жасаудан сақтандыру және алдын алу болып табылады. Бұрын қылмыс жасаған адамдардың қайталап қылмыс жасауы кездесетін жайт. Мемлекет қылмыстылықпен күресу шараларының негізгі түріне оның алдын алу шараларын жатқызады. Алдын алу шараларын 3 кезейде жүргізуге болады. Бірінші кезең - қылмыс жасауға бейімделе бастаған және алдын алу шараларын жүргізбесе қылмыс жасауы әбден ықтимал адамдарға мемлекет, қоғам тарапынан бақылау орнату. Екінші кезең - қылмыс жасағандығы үшін, қылмыстық жазаны қолдану арқылы қылмыстылықпен күресу.

Үшінші кезең - жаза өтеген, бірақ әлі де қылмыс жасауы мүмкін деп танылған адамдарға мемлекет және қоғам тарапынан бақылау орнату. Жаза өтеген адамдарды қайтадан қылмыстылықпен айналысудан сақтандыру үшін әкімшілік бақылау жүргізгенде, ол адамның намысына, отбасы мен жұмысындағы қадір-қасиетіне нұқсан келетіндей түрде жүргізбеу керек. Әкімшілік бақылауды милиция қызметкерлері жүргізеді. Ал, бұрын жаза өтеген адамға қайта-қайта милиция қызметкерлерінің келуі немесе шақыртуы, ол адамның көңіліне кірбің, ал отбасына үрей туғызуы мүмкін. Сондықтан, әкімшілік бақылау жазадан босатылған адамның өзіне жүргізілгенмен, оның отбасы, қоршаған ортасына ол бақылаудың жүргізіліп жатқандағы байқала бермейтіндей болуы керек.

Әкімшілік бақылау тәрбиелік мақсатта да қолданылады. Жоғарыда аталған топтардағы қылмысты жасағандарға және мінез-құлқы қылмыстылыққа бейімделе бастаған адамдарға бақылау жасаудың күшейтілуі, әрине, ол адамды қылмыстылықтан сақтандырып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбиелейді де.

Қылмыстық-атқару заңында белгіленген адамдарға әкімшілік бақылау - екі негіздің біреуі болғанда жүргізіле алады.

Егер жаза өтеу кезінде түзелу жолына түскісі келмейтіндігін және қоғам үшін қауіпті болып қала беретіндігін көрсетсе немесе жазаны өтегеннен кейін ішкі істер органдарының ескертуіне қарамай, қоғамдық тәртіпті үнемі бұза берсе, онда мұндай адамдарға әкімшілік бақылау жүргізілуі тиіс. Қылмыстық-атқару заңында сотталған адамдарды әкімшілік қадағалаудың негізі ретінде, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, бірақ жаза өтеп келгеннен кейін үнемі қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар қарастырылмаған.

Қылмыстық-атқару заңында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау орнатудың материалдық және формалды негіздері келтірілген.

Формалды негіздер ретінде, ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшін жаза өтегендер, қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегілер, қасақана қылмыс жасағандығы үшін екі немесе одан да көп рет бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер алынған.

Материалдық негіз - жаза өтеген адамның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқына және қайталап қылмыс жасау мүмкіншілігіне байланысты болады.

Әкімшілік бақылау орнатудың материалдық негізінің элементтеріне сотталған адамның жаза өтеу кезінде түзелу жолына түскісі келмейтіндігін байқатуы және қоғам үшін қауіпті болып қала беретіндігін көрсетуі жатады.

Түзелу жолына түскісі келмейтіндігін көрсету - бұл жаза өтеген адамның бас бостандығынан айыру орындарында режим талаптарын бұзып, сол үшін жазалау шараларына бірнеше рет тартылуы болып табылады. Жазаның белгіленген режимін бірнеше рет қасақана бұзушылықтың салдары сотталушыны «Жаза өтеу тәртібін қасақана бұзушы» деген санатқа жатқызуға себеп болады. Әкімшілік бақылау жаза өтеу кезінде осындай санатқа жатқызылған адамдарға қолданылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных