Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып №11. Өлім жазасы түріндегі жазаның орындалуы




Жоспары:

1. Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстар.

2. Өлім жазасын орындаудың тәртібі.

Өлім жазасы Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген реттерде, сотталған аса ауыр қылмыстарды жасаған жағдайда және ол сотталған «енді түзелмейтін, қоғамға пайдасыз адам» деп танылғанда, ең ауыр жаза ретінде қолданылады. Қазақстанда өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасағандарға және сот үкім шығарған кезде 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен, жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы, өмір бойы бас бостандығынан айырумен немесе 25 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін.

Өлім жазасы үкім күшіне енген сәттен бастап, 1 жылдан кейін орындалады. Бұл мерзімде үкімді жеңілдететін сотқа белгісіз жағдайлар ашылып, жеңіл жазалардың бірі тағайындалуы мүмкін.

Өлім жазасына сотталған адам жеке адамдық камераға орналастырады және сол камерада тамақтанады, олар сыртқа сейілдеуден басқа уақыттарда сыртқа шығарылмайды. Камера қаралып, тінтіліп отырады.

Сотталған, үкім заңды күшіне енгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жасай алады. Өтінішпен бірге, бірінші инстанция сотының үкімі мен кассациялық соттың ұйғарымы бірге жіберіледі. Сонымен бірге, Президент әкімшілігіне сотталған туралы мәліметтер және Жоғарғы сот төрағасының, Бас Прокурордың осы іс туралы қорытындыларынын көшірмелері жіберіледі.

Барлық құжаттарды алғаннан кейін Президент өтінішті қарап, оны қанағаттандыру немесе үкімді күшінде қалдыру туралы шешім қабылдайды.

Егер сотталған кешірім сұрау туралы өтініштен өзі бас тартса, онда бас бостандығынан айыру мекемесінің әкімшілігі прокурордың қатысуымен бұл туралы акт жазады, ол акті - сот үкімін іске асыруға негіз болады.

Өлім жазасы мынандай жағдайларда орындалады:

- сот үкімі заңды күшіне енгенде;

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қадағалау тәртібімен соттың үкіміне қарсылық жасау үшін негіздердің жоқтығы және істі қадағалау тәртібімен қарау үшін де негіздердің жоқтығы туралы қорытындысы болғанда;

- Президент сотталғанға кешірім жасамай, сот үкімін күшінде
қалдырғанда;

- сотталғанның кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқаны туралы акті болғанда.

Өлім жазасына кесілген сотталғандарға қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген құқықтары түсіндіріледі.

Сотталғанның үкім заңды күшіне енгенге дейін және енгеннен кейін де, заңда көзделген тәртіппен қажетті азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды рәсімдеуге құқығы бар. Бұл қатынастарға өсиет қалдыруды рәсімдеу, сыйға беру шартын құру, сатып алу-сату, некені тіркеу, әкелікті таныту (туылмаған балаларға да) сияқты шарттар жатады. Сотталған өзінің істерін жүргізуге басқа адамға сенімхат бере алады. Сенімхат - сотталушы жатқан мекеменің бастығымен бекітіледі.

Заң көмегін алу үшін сотталған ұзақтығы мен санына шек қойылмай, адвокатпен және басқа да заң көмегін көрсете алатын тұлғалармен кездесуге құқылы.

Қажет кезде сотталғанға медициналық көмек көрсетіледі. Өлім жазасына сотталғандарға медициналық көмек камерада көрсетіледі. Мұндай жағдайда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Егер сотталғанға стационарлық емдеу қажет болса, онда сотталғанды арнайы ауруханаға апарады, емдеу ауруханада жүргізіледі.

Өлім жазасына сотталғандар хаттарды шек қоймай алуға және жіберуге құқылы. Жіберілген және алынған хаттар әкімшілік арқылы тексеріледі.

Сотталғанның ай сайын жақын туыстарымен қысқа мерзімге кездесу өткізуге құқығы бар. Үкім заңды күшіне енгенше кездесуге рұқсатты сот берсе, үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған жатқан мекеме әкімшілігінің рұқсатымен беріледі.

Сотталған діни қызметкерлерді шақыруға өтініш жасағанда, діни қызметкерлер, оның жеке басы қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда келтіріледі.

Өлім жазасына сотталғандарға тұрмыс жағдайы жасалып, жүйелі түрде төсек жабдықтары беріліп тұрады.

Үкім орындалғанға дейін сотталғанның туысқандары оған ақша жібере алады және бұл ақшаға қатаң режимдегі түрмеде белгіленген мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Өлім жазасына кесілгендер күн сайын ұзақтығы 30 минуттық сейілдеуге шығарылады, олар дене еңбегіне тартылмайды.

Сотталғанның жоғарыда баяндалған құқықтарын қанағаттандыру және олардың күшейтілген күзеттегі жеке камераға шығарылуы үкім шыққаннан кейін іске асырылады.

Сот үкімі шыққаннан кейін және кешірім жасау туралы өтініші шешілгенше, өлім жазасына сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандарға арналған ерекше режимдегі жаза өтеу жағдайында ұсталады.

Кешірім жасау туралы өтініші қанағаттандырылмаған сотталғандар үкім орындалатын мекемеге ауыстырылады. Бұл жерде олар түрменің қатаң жағдайында ұсталады.

Өлім жазасы орындалу тәсілі бойынша жария етілмей, ату жолымен орындалады. Бірнеше адамдарға қатысты өлім жазасы әрбіреуіне жеке және өзгелері жоқта орындалады.

Үкім орындалар алдында сотталғанның бойы тағы да тінтіледі. Егер үкім орындалар кезде сотталғанның есі дұрыстығы күмәнді болса, онда оны үш дәрігерден құралған комиссия тексеріп, хаттама жазады. Сотталғанның психикалық ауруға шалдыққаны расталған жағдайда, үкімнің орындалуы тоқталып, хаттама үкім шығарған сотқа жіберіледі. Есі дұрыстығы бұзылған сотталғанды сот жазадан босатып, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі емдеу шарасын тағайындайды.

Егер сотталған сауықса және жазаның ескіру мерзімі өтпеген болса, онда қылмыстық жауапқа тартылып жазаланады. Мұндай жағдайда, өлім жазасына сотталғандарға аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау үкімінің талап мерзімі қолданылады. Үкімнің орындалмағанына 15 жыл толмаса, сотталғанға өлім жазасы қолданылады немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады. Үкімнің талап мерзіміне 15 жыл өтіп кеткен жағдайда, сот өлім жазасына кесілген адамды жазадан босата алады немесе жазаны өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырады. Өлім жазасын орындау кезінде прокурор, жазаны атқарушы мекеменің қызметкері және дәрігер қатысады.

Сотталғанның өлгенін дәрігер куәландырады. Сот үкімінің орындалғаны туралы хаттама жазылып, оған қатысушылар қол қояды.

Жазаны атқарған органның әкімшілігі, үкім шығарған сотқа және сотталғанның жақын туыстарының біріне өлім жазасының орындалғаны туралы хабарлайды. Мәйіттің жерленген жері туыстарына үкім орындалғаннан кейін, 2 жыл өткен соң хабарланады. Өлім жазасына кесілген адамның мәйіті туыстарына берілмейді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органына әкімшілік белгілеген үлгіде хабарлама жіберіледі және туыстарына сотталушының өлгені туралы куәлікті қайдан алуына болатыны хабарланады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных