Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 4. Жазаны өтеудегі тұлғалардың құқықтық жағдайлары




Жоспары:

1. Жазаны өтеудегі тұлғалардыңқұқықтық жағдайының түсінігі.

2. Сотталған адамдардың арнайы құқықтық ерекшеліктерінің белгілері.

3. Сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттері

Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайлары ұғымы. XX ғасырдағы әлемдік қоғамдастықтың дамуындағы елеулі прогресс - адамның ар-ожданының, бостандығының құндылығын түсіну болып табылады.

Адамның құқықтық мәртебесінің негізінде оның азаматтық, конституциялық құқықтары мен бостандықтары және міңдеттері жатыр. Адамның құқықтық мүддесінің өзіндік ерекшелігіне, оның өзгермеушілігі мен тұрақтылығы енеді. «Азаматтардың құқықтары» деген түсінікте, олардың белгілі бір игілікті, мүмкіншілікті пайдалануының кепілдігі бар.

Қазақстанда адам құқықтарын сақтау мәселесінің қатарына сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу, оның алдын алу мәселесі де енеді. Сотталған адамдар бұрын қылмыс жасағандықтан, оларға мемлекет тарапынан тәрбиелеу мен жазалау шаралары белгіленіп, оны іске асыру тәсілі ретінде кейбір құқықтық шектеулер қолданылады.

Қылмыстық-құқықтық қатынастың субъектілері қылмыстық жазаны орындау барысында белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе белгілі бір міндеттерді атқарады. Ол міндеттер, қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі құқықтық шектеулер немесе жаза өтеуші адамдар үшін белгіленген ережелерді сақтау арқылы көрінеді. Сотталған адамдарға берілген құқықтар жазаның түріне байланысты нақтыланады және Қазақстан Республикасының басқа азаматтарының құқықтарымен салыстырғанда мөлшері бірдей болмайды.

БҰҰ-ның 1985 жылғы 15 желтоқсандағы Декларациясы бойынша, басқа елдерде тұрып жатқан азаматтар сол мемлекеттің заңдарын сақтауы тиіс. Қазақстанға келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы шектеулі болады. Сотталған шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар бас бостандығынан айыру жазасын Қазақстан Республикасы азаматтарынан бөлек өтейді. Олардың жазаны өтеу барысындағы негізгі құқықтары ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 10-бабының 10-бөлімінде қарастырылған.

Сотталғандардың негізгі құқықтары. Қылмыстық-атқару заңы сотталған адамдардың құқықтарының көлемін кеңейтіп, барынша анықтап көрсетуге тырысқан. Заңнан «Сотталған адамдардың құқықтары, заң ғана емес, сонымен бірге сотталған адамдарды ұстау режимімен де шектеледі», - деген бөлім алынып тасталды. Бұл дұрыс, себебі ол ереже бұрын практикада заң мен режим арасындағы толық реттелмеген тұстар бойынша қайшылықтар тудырды. Ондай реттелмеген немесе анықталмаған заң тұстарын түзеу мекемелерінің әкімшілігі өз көзқарасынша шешіп отырды. Мысалы, сотталушының некеге тұруы немесе некені бұзуы заңда қарастырылмағандықтан, бас бостандығынан айыру орындарындағы режимге негізделіп тыйым салынды.

Сотталған адамдардың құқықтарын, құқықтар саласы бойынша былай топтастыруға болады:

- саяси құқықтар - бұл азаматтың мемлекеттік және қоғамдық-саяси өмірге араласу мүмкіндігі, мемлекеттік басқару ісіне араласуға саяси бостандығын білдіреді;

- жеке азаматтардың құқықтары мен бостандықтары - бұл адамның жеке өмірі мен ішкі дүниесін басқа адамдардың араласуынан қорғайды, адамның жеке-даралығын қамтамасыз етеді;

- әлеуметтік және экономикалық құқықтары мен бостандықтары - адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін, экономикамен тығыз байланыста болуын білдіреді;

- мәдени құқықтары мен бостандықтары - бұлар азаматтың мәдени игіліктерді қолдануына бағытталған.

Бұл аталған құқықтар, сотталғандардың құқықтарын кең мағынада қарастырғандағы көлемі. Ал тар мағынада сотталған адамдардың негізгі құқықтары екі топтан, жалпы және арнайы құқықтардан тұрады. Жалпы құқықтар, барлық азаматтар үшін берілген құқықтыр. Олар: әкімшілік, еңбек және басқа да заңдар салаларымен реттелген. Ал арнайы құқықтар, тек қылмыстық-атқару заңында ғана қарастырылған.

Жалпы құқықтарды конституциялық және азаматтық құқықтар деп бөлуге болады. Бұл құқықтар да, сотталған адамдарда, белгілі бір деңгейде шектелген. Мысалы, сотталған адамдардың сайлауға және сайлануға қақысы жоқ, сондай-ақ көше шерулерін, демонстрация, митингі-жиналыс жасауға құқылары жоқ. Әдетте, жай азаматтардың хат-жазба құпиялылығын сақтауға құқысы бар, ал сотталған адамдардан ол құқықтар алынып тасталған.

Азаматтық құқықтар, сотталған адамдарда, конституциялық құқықтарға қарағанда аз шектелген. Сотталғандар жаза өтеу мерзімінде де құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі бар болып қала береді. Ал, осы құқық саласы бойынша қойылған шектеулер, ол жазаның ауырлығына байланысты көбірек шектелуі мүмкін. Мысалы, сотталған адамдардың бір-бірімен жаза өтеу кезінде қолданып жүрген мүліктерімен келісім-шарт жасауына тыйым салынады.

Заң сотталған адамдардың негізгі құқықтарын келтіреді. Сотталған адамдарға жазаның бастапқы кезінде-ақ, құқықтары мен міндеттері толығымен түсіндіріледі. Сотталғандардың жаза өтеу туралы ақпараттар алуға, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы мәліметтер алуға құқығы бар. Ал, жазаны атқарушы әкімшілік сотталғандарды осы мәліметтермен таныстырады. Сондай-ақ, жазаны өтеу тәртібі мен жағдайларындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктерді түсіндіреді. Сотталған адамдардың әкімшілік қызметкерлерінен және басқа да адамдардан сыпайы қатынас көруге құқы бар. Өз кезегінде олар да жазаны атқарушы әкімшілік қызметкерлерімен, тағы басқа азаматтармен сыпайы қатынаста болуға міндетті.

Сотталған адамдар өміріне, денсаулығына тікелей қауіпті жұмыстарға жіберілмейді. Сондай-ақ оларға медициналық сипаттағы әртүрлі салалардағы сынақтарды қолдануға тыйым салынады. Сотталған адамның өзі келісім берсе де, ол сынақ оған жүргізілмейді. Сотталғандардың негізгі құқықтарының бірі - ол кез-келген мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарға, жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне жазаны атқарушы органдардан, мекемелерден жоғары тұрған басқару органдарына, сот, прокуратура органдарына, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша немесе жазбаша түрде шағымдануға, ұсыныстар, өтініштер жасауға құқылығы болып табылады. Сотталған адамдар шағымданғанда, өтініш, ұсыныстар жолдағанда, оны өзі білетін тілде жазуға құқығы бар. Сотталғандарға жауап, мүмкіндігінше сол өтініш жасалған тілде қайтарылады. Ал ол тілдерде мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе орыс тілінде беріледі. Жауапты өтініш жасаған тілде беруді, жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етеді. Сотталғандар қажет болған жағдайда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Сотталған адамдар түзеу мекемелері тарапынан медициналық көмек алуға және дәрігерлік көмекті тегін немесе ақылы түрде алуға құқылы. Сотталғандар өз есеп-шотындағы ақшамен немесе туыстарының көмегі арқылы емделу ала алады.

Сотталған адамдардың негізгі міндеттері. Барлық қылмыстық жазалар мемлекеттік мәжбүрлеуді білдіреді, және кейбір құқықтары мен бостандықтарынан айырады. Бұл мәселе осы бағыттағы заңдар мен осы тектес нормативтік актілердің міндеттері болып табылады. Жаза өтеуші сотталған адамдардың құқықтары мен бостандықтары жаза түріне, режим түріне қарай нақтыланады немесе ерекшеленеді.

Сотталған адамдардың негізгі міндеттері ретінде, олардың жаза өтеуі кезінде заңдар тарапынан қойылатын құқықтық шектеулер мен талаптарды ұғамыз. Демек, сотталғандардың негізгі міндеттері - ол жаза өтеу уақытындағы сотталғандар тарапынан сақталуға тиісті міндеттер болып табылады.

Сотталғандардың негізгі міндеттерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі - барлық адамдарға ортақ міндеттер де, екіншісі - тек сотталған адамдарға ғана белгіленетін арнайы міндеттер. Бірінші топтағы міндеттер - барлық азаматтар сақтауға тиісті әкімшілік, еңбек, т.б. заңдарда қарастырылған міндеттер. Бұл міндеттердің кейбіреулері, егер жаза мазмұнында кездессе, онда ол міндеттердің жалпы азаматтарға қойылатын міндеттерден айырмашылығы бола бермейді. Мысалы, еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау тәрізді жалпы азаматтарға қойылатын міндеттер, дене еңбегіне тартумен байланысты өтелетін барлық жаза түрлеріне де қойылады. Ал арнайы міндеттер тек қылмыстық-атқару заңымен белгіленген. Сотталған адамдардың негізгі міндеттері Қылмыстық-атқару заңынан бастау алып, қылмыстық жаза мәселесін қарастыратын өзге де нормативтік актілермен белгіленеді. Сотталғандар осындай құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға міндетті. Жазаның түріне немесе жаза өтеу кезіндегі мінез-құлқының өзгеруіне байланысты олардың құқықтары мен міндеттері өзгеруі мүмкін дедік. Сотталғандар жазаны атқарушы органдар мен мекемелер әкімшілігінің өз мінез-құлқына байланысты арнайы белгілеген заңды талаптарын да сақтауға міндетті.

Сотталған адамдардың негізгі міндеттері мыналарға тіреледі: сотталғандар Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген талаптарды орындауға, қоғамда сақталуға тиісті адамгершілік нормаларды сақтауға, сот үкімімен белгіленген жазаның мерзімі мен кейбір құқықтық талаптарды (мысалы, еңбек ақысынан ұсталуға жататын алымдарды өтеуге) сақтауға, санитарлық, гигиеналық және жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің тәртібін бұзбауға міндетті. Сотталған адамдар түзеу мекемесі әкімшілігінің қызметкерлеріне және түзеу мекемесіне келген басқа да азаматтарға, сондай-ақ өзге сотталған адамдарға ілтипатпен сыпайы түрде сөйлесіп, қатынас жасауға міндетті. Қылмыстық-атқару заңында сотталғандардың жазаны атқарушы органдар мен мекемелер әкімшілігінің шақыруы бойынша келіп, қойылған сұрақтарға жауап беру міндеттелігі де қарастырылған.

Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сонымен бірге жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы қылмыстық заңда, Қылмыстық-атқару заңында белгіленген жауаптылыққа соқтырады. Мысалы, жазаны атқарушы мекеме әкімшілігінің жазаның орындалуы туралы түсіндірме беру туралы шақыруына сотталушының келмеуі, оны күштеп әкелуге соқтырады. Ал жаза мерзімін өтеуден сотталған адамның бұлтаруы қылмыстық жауаптылықты тудырады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных