ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бас бостандығынан айыру орындарындағы тәрбиелік жұмыстарТүзеу мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстардың міндеттері мен мазмұны. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарға қолданылатын түзеу құралдарының бірі – тәрбиелік жұмыстарды жүргізу болып табылады. Тәрбиелік жұмыстар - сотталғандарды тузеуге бағытталған шаралардың жүйесін құрайды. Түзеу мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстар сотталғандардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, психологиялық тұрғыдан қоғамға пайдалы көзқарасты болуға және қоғамдағы әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыруға бағытталған. Яғни, тәрбиелік жұмыстар осындай жақсы қасиеттердің сотталғандар бойында қалыптасуы, сіңуі үшін жүргізіледі. Осындай маңызды жұмыстарды түзеу мекемелерінде жүргізудің тәртібі мен жағдайлары қылмыстық-атқару заңы нормаларымен реттеледі. Табиғаты, мақсаты жағынан келгенде тәрбиелік жұмыстар таза құқықтық тұрғыдан шешілетін мәселе емес. Адамды тәрбиелеу жұмысы көпшілік жағдайларда психологиялық, педагогикалық амалдарды қолдануды талап етеді. Сондықтан, тәрбиелік жұмыстар табиғаты бойынша, заңмен реттелуге онша келе бермейді. Қылмыстық-атқару заңында сотталғандардың еңбегі, режим сияқты мәселелер түсінікті, анық шешілген. Ал, тәрбиелік жұмыстарға келгенде, заң - тәрбие жұмыстарын жүргізетін субъектілерге заңда қарастырылмаған тәсілдерді, шараларды қолдануға рұқсат береді. Адамды тәрбиелеу жұмысы творчестволық жұмыс болып саналады, ол тәрбиелік жұмысты жүргізуші адам тарапынан шыдамдылықты, әртүрлі тәсілдерді қолдануды, ол тәсілдердің түрлерін тандауды, әр адамның жеке ерекше қасиеттерін анықтауды, сондай-ақ тағы да басқа көптеген факторларды ескеруді қажет етеді. Қылмыстық-атқару заңы тәрбиелеу жұмыстарының міндеттерін, нысандарын, тәсілдерін анықтай отырып, жазаны атқарушы мекеме қызметкерлерінің де тәрбиелік бағыттағы нысандар мен тәсілдер туралы жеке ұсыныстарын қолдануға рұқсат берілген. Түзеу мекемесінің тәрбиелік бағыттағы жұмыстары іс жүзінде Адамды кейде қылмыстық жолға итермелейтін бір себеп - ол бір кездерде, әсіресе, Кеңес уақыты кездерінде жетім балалардың көп болуы. 20-шы жылдардағы төңкеріс пен ашаршылық, репрессия, 40-шы жылдардағы Ұлы Отан соғысы жетім балалардың санын көбейтті. Ата-анасы жоқ балалардың көпшілігі қылмыстық жолға бейімделіп, түбінде рецидивтердің санын көбейтті. Өйткені, олардың қоғамдық өмірде бейімделген ортасы, түзеу орындарынан шыққаннан кейін баратын жерлері болмады. Мұндай адамдар тобы тәрбиелік шараларды бойына сіңіргенімен, олардың қоғамға өзін бейімдеу күрделі мәселе болып саналды. Сондықтан сотталған адамдарды түзеу, оларға тәрбиелік жұмыстарды қолдану - күрделі мәселе болып саналады және әрқашанда оң нәтиже көрсете бермейді. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды материалдық-тұрмыстық және дәрігерлік-санитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету. Түзеу мекемелерінің негізгі мақсаты қоғамға пайдалы адамды дайындау болғандықтан, ондағы тұрмыстық қажеттіліктер де адамның осы саладағы мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатындай болуы керек. Сотталғандардың материалдық-тұрмыстық қажеттіліктері адамдық қасиетті сақтайтындай немесе адамның өмір сүруі үшін қажетті көлемде болуы тиіс. Яғни сотталғандар, адам өміріндегі бірінші кезектегі қажетті материалдық-тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарына сотталғанның төсек-орнының жеке болуы, маусымдық киімдермен жабдықталуы, сондай-ақ олар үшін түзеу мекемесінде монша, кір жуатын орындар, әртүрлі шеберханалар жұмыс істеуі тәрізді т.б. қажеттіліктер жатады. Сотталған жаза өтеу уақытында осы аталған қажеттіліктермен артық та емес, кем де емес мөлшерде жабдықталуы керек. Демек, бас бостандығынан айыру орындарындағы жаза өтеу жағдай адамның қажеттілігін қанағаттандыратындай және дұрыс өмір сүруді қамтамасыз ете алатындай болуы керек. Түзеу орындарындағы сотталғандардың материалдық-тұрмыстық қажеттіліктермен жабдықталуы, әрине, әдеттегі халықтың өмір сүру жағдайымен бірдей болмайды, бірақ олардан көп айырмашылығы да болмауы керек. Демек, түзеу мекемесіне бостандықтан келіп түскен сотталған, тұрмыстық қажеттілік туралы аса зәрулік немесе елеулі айырмашылық байқамауы керек. Керісінше, қаңғыбастықпен немесе алкогольдік ішімдікпен қатты еуестеніп жүріп қылмыс жасап сотталғандар, түзеу мекемесіндегі ретті түрде берілетін тұрмыстық-материалдық жағдайға үйреніп, түзелу бағытына түсе бастайды. Қылмыстық-атқару мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдар және олардың шығарған нормативтік актілері бас бостандығынан айыру орындарындағы материалдық жабдықталу, ұлттық заңдарда белгіленген мөлшерден төмендемей, керісінше, үнемі даму үстінде болу керек екендігін ескертеді. Мысалы, «қамауға алынған адамдармен қатынас жасаудың төменгі стандартты ережесі» сотталғандардың бір камерада екі адамнан орналастырылуын ұсынады. Қазақстан қылмыстық-атқару заңы мен қамауға алынғандармен қатынас жасаудың төменгі стандартты ережесін салыстырсақ, онда сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жабдықталу мәселесінде көп алшақтық байқалмайды. Қылмыстық-атқару заңы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың тұрмыстық жайларын, тамақтану мәселесін, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуы мен қосымша материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуін, аталған БҰҰ шығарған заңына ұқсас көлемде белгілеген. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың тұрғын-жайлары мен жұмыс орындары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Барлық түзеу колонияларындағы тұрғын алаңның нормасы бір сотталғанға шаққанда, екі шаршы метрден, түрмелерде екі жарым шаршы метрден, әйелдер колониясында үш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында үш жарым шаршы метрден кем болмауы керек. Түзеу мекемелерінде мұндай әртүрлі тұрғын алаңдардың белгілену себебі, ол адамның жасына, жынысына және сотталушының жағдайына байланысты. Түзеу мекемелерінде әрбір сотталушыға жеке төсек-орын мен оның керекті заттары беріледі. Әр сотталғанға жеке керует беріліп, оның ақ жаймасы апта сайын ауыстырылып отыруы тиіс. Төсек-орын - керует, ақ жаймадан басқа, матрац, жастық және жапқыш қосылып беріледі. Сотталғандар тұратын тұрғын бөлмелер әртүрлі керекті инвентарлармен, яғни үстел, орындықтар, тумбочкалармен жабдықталады. Әр екі сотталушы бір тумбочканы иеленеді және барлық камералық тұрғын бөлмелерде кіре беріс есіктің қасында су құйылған ыдыс болуы керек. Сонымен қатар, сотталғандардың жатақханалары немесе камералары сырт киім шешетін жерлермен, жуынатын бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Сотталғандардың бөлмелері жылу жүйесімен жабдықталған және түнгі уақыттарда электр жарығы берілетін болуы керек. Жеке адамдық камералардағы тұрғын алаң мөлшері, түрмелердегідей үш шаршы метрден кем болмауы керек. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|