Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






6 страница. 1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -28.02.2007




1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -28.02.2007

2. ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары» туралы» Заңы

3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

Өзін‑өзі бақылауға арналған сұрақтар:

 

1. ҚЕХС бойынша дебиторлық борыш түсінігі.

2. Дебиторлық борыш түрлері.

3. Дебиторлық борыш қалай танылады?

4. Тауардың базалық бағасынан сауда жеңілдігін жасау әдісіне сипаттама беріңіз.

5. Мерзімінде төлегені үшін жасалатын жеңілдік түріне сипаттама беріңіз.

6. Жалпы әдіс бойынша жеңілдік есебі.

7. Таза әдіс бойынша жеңілдік есебі.

8. Шағымдар бойынша есеп айырысу есебі.

9. Күмәнді талаптарға сипаттама беріңіз.

10. Күмәнді талаптар бойынша резервтер құру әдістері.

 

8-Тақырып: «Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі».

Сабақтың мақсаты: Тауарлық-материалдық құндылықтар және оның түрлері туралы түсінік беру, олардың өзіндік құнын анықтауды үйрету, тауарлық-материалдық құндылықтар құнын бағалау әдістерімен және есеп жүйелерімен таныстыру.

Дәріс сұрақтары:

5. Тауарлық-материалдық құндылықтар туралы (ТМҚ) түсінік және оның түрлері.

6. ТМҚ өзіндік құнын анықтау.

7. ТМҚ бағалау әдістері

8. ТМҚ қалдығын таза өткізу құны бойынша бағалау.

9. Кезеңдік және үздіксіз есеп жүйелері.

Негізгі түсініктер: тауар, дайын өнім, шикізат, шала фабрикаттар, аяқталмаған өндіріс, консигнация, тура және жанама шығындар, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, ФИФО, орташа құн, кезеңдік және үздіксіз жүйе, таза өткізу құны.

Дәріс мазмұны

Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:

· өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (Материалдар шоттары);

· Аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары және жанама үстеме шығыстар да кіреді (Негізгі және Көмекші өндіріс, Меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);

· Дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (Дайын өнім және Тауар шоттары).

Тауарлық-материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:

1. Консигнациядағы тауарлар.

2. Жолдағы тауарлар.

ТМҚ бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардын тұрады:

1.ТМҚ-ға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;

2.ТМҚ-ның өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;

3.ТМҚ құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.

Қорлардың өзіндік құнына келесі шыындар кіреді:

1.ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар;

2.Өнімді өндіруге кеткен шығындар

Аяқталмаған өндіріс тура (өнімнің бір бірлігін өндірумен тікелей байланысты шығындар, бұл шығындар көбінесе айнымалы болып келеді) және жанама (негізгі өндіірске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: көмекші өндіріс жұмысшыларының мерзімдік еңбек ақысы, өндірістік негізгі құралдардың амортизациясы, өндірістік негізгі құралдарды күту, ағымдық және күрделі жөндеу шығындары және т.с.с, бұлар өндіріс көлеміне тәуелсіз болғандықтан, тұрақты шығындар б.т.).

3.Өзге де шығындар(ТМҚ‑ны орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімніің өзіндік құнына кіреді).

Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді:

· Өткізу шығыстары;

· Әкімшілік шығыстар;

· Өзге де операциялық шығыстар.

Жалпы, ТМҚ есебі №2 «Қорлар» Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі. Қорлардың құнын анықтау барысында олардың бағасын дұрыс белгілеу маңызды болып табылады. Есепті кезең ішінде материалдардың көптеген түрлерінң бағалары өзгеріп тұрады. Материалдың бір түрі, мысалы, бір ай ішінде әр түрлі бағамен келіп түсуі мүмкін. Сонымен бірге, материалдардың бір түрін сатып өткізгенде, оның қандай ретпен және бағамен сатылғандығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, материалдар құнының болжамды қозғалысын аталмыш стандарттарға сәйкес келесі әдістермен бағалау ұсынылады:

· Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі. Бұл әдіс өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құнын анықтауда қолданылады.

· Орташа салмақтандырылған құн әдісі. ТМҚ әрбір бірлігінің құны есепті кезең басындағы біртектес ТМҚ бірліктерінің орташа салмақтандырылған құны мен есепті кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген біртектес бірліктердің құнымен анықталады. ТМҚ-ның орташа салмақтандырылған құны ТМҚ-ның барлық құнын олардың санына бөлу арқылы анықтайды.

· ФИФО әдісі - «Бірінші келді бірінші кетті» деген мағынаны білдіреді. Пайдаланылған немесе сатып өткізілген ТМҚ бірінші келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады. Ал есепті кезеңнің соңында ТМҚ­ қалған қалдығы мерзім соңында келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады.

Қаржылық есептілікте қорларды бағалау олардың өзіндік құнына негізделген. Алайда, «Қорлар» атты №2 ҚЕХС сәйкес, ТМҚ өзiндiк құнмен сатып өткiзiлетiн таза құнының ең төменгiсiмен бағаланады. ТМҚ-ды сатып өткізудің таза құны, әдеттегi шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасымен оларды жинақтауға және сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындар шегергендегi шығындарға тең болады. Сатып өткізудің таза құны ТМҚ бүлiнгенде, олар iшнара толық ескiргенде немесе олардың сату бағасының төмендеуiне байланысты өзiндiк құн қалпына келмейтi жағдайда қолданылады.

ТМҚ-дың өзiндiк құны мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсiн анықтау үшiн 3 тәсiл қолданылады.

1 тәсiл. Баптық әдiс. ТМҚ-дың әрбiр атауы бойынша баланстық құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

2 тәсiл. Негiзгi тауар топтары бойынша, яғни әрбiр тауар топтары бойынша баланстық құн мен сатып өткiзу құнының төменгiлерi iрiктелiнедi.

3 тәсiл. Босалқылардың жалпы деңгейi бойынша анықтау тәсiлi. Барлық ТМҚ бойынша баланстық құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

ТМҚ есебiнде кезеңдiк және үздiксiз жүйе қолданылуы мүмкiн.

Кезеңдiк қолдануда жыл iшiнде ТМҚ-дың есебi нақтыланып егжей-тегжейлi жүргiзiлмейдi. ТМҚ-дың нақты бары кезең сайын жүргiзiлiп отыратын құндылықтарды түгендеу нәтижесi бойынша оның түгендеу аяқталмай сатып өткiзiлген ТМҚ құны анықталмайды. Өйткенi ТМҚ өзiндiк құны келесi формуламен анықталады:

Есептi кезеңнiң басындағы ТМҚ қалдығы

+

Келiп түскен ТМҚ

=

Сатып өткiзуге дайын ТМҚ-дың өзiндiк құны

-

Есептiк кезеңнiң аяғындағы ТМҚ-дың қалдығы

=

Сатып өткiзiлген ТМҚ-дың өзiндiк құны

Үздiксiз есеп жүргiзу жүйесiн қолдану барысында ТМҚ-дың келiп түсуi мен шығуы олардың баланстық шоттарында толық жүргiзiледi.

Материалдық құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.

Қорытынды:

Тауарлық-материалдық құндылықтар қысқа мерзімді активтер болып табылады және бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінде есепке алынады. Материалдық құндылықтар айналым активтерінің ішінде өтімділігі жоғары активтерге жатпайды. Өйткені, бұл баптың ақша құралына айналуы үшін тек сатып алушыны табуға ғана емес, сонымен бірге сатып алушының сатылған ТМҚ үшін мерзімінде төлеуіне де біраз уақыт қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар ТМҚ есепке алғанда және бағалағанда №2 «Қорлар» атты қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына және ҚЕҰС-на негізделеді. Аталмыш стандарттарда стандарттың әрекет ететін саласы, ТМҚ өлшеу және бағалау, олардың өзіндік құнын анықтау тәртібі, шығыстарды тану, есептілікте ашып көрсету мәселелері қарастырылған.

 

Әдістемелік нұсқау:

1. «Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).

2. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007

2. Қаржылық есептіліктің №2 «Қорлар» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006

3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

 

Өзін‑өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Тауарлық- материалдық құндылықтарға не жатады?

2. ТМҚ­-ға жатпайтын түрлерін аатңыз.

3. Консигнациядағы тауар деп нені айтады?

4. ТМҚ есебін қандай стандарт реттейді?

5. Материалдар қандай түрлерге бөлінеді?

6. Негізгі материалдарға не жатады?

7. Қосымша материалдарға не жатады?

8. Аяқталмаған өндіріс деген не?

9. Шала фабрикаттардың аяқталмаған өндірістен айырмашылығы неде?

10. ТМҚ есебі үшін шоттар тізбегінің қай бөлімшесінің шоттары қолданылады?

 

9-Тақырып: «Ұзақ мерзімді активтер есебі»

Тақырыптың мақсаты: негізгі құралдар және материалдық емес активтер туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.

Дәріс сұрақтары:

1. Негізгі құралдар туралы түсінік және оларды бағалау.

2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.

3. Негізгі құралдардың тозу есебі.

4. Негізгі құралдарды жөндеу шығынының есебі.

5. Жал есебі.

6. Материалдық емес активтер туралы түсінік, олардың жіктелуі және бағалануы.

7. Материалдық емес активтер қозғалысының есебі.

8. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу есебі.

 

Негізгі түсініктер: ұзақ мерзімді активтер, негізгі құалдар, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.

 

Дәріс мазмұны:

Негізгі құралдар есебі №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер.үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.

Негізгі құралдар объектісі төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде танылуы (есепке алуға) тиісті:

А) Егер кәсіпорынның активпен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; Ә) Егер кәсіпорын үшін оларды сатып алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құрал есебін ойдағыдай жүргізу үшін жүйелеп топтастыру қажет. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құрал деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.

Өндірістік емес негізгі құрал қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады. Негізгі құралдар өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы, орман, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату, өткізу әосіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқа ұйымдар,

әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топтастырылады.

Негізгі құрал пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).

2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.

3. Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.

4. Көлік құралдары

5. Басқадай негізгі құралдар.

Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай мсншікті яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:

1. Өзіндік (бастапқы) құны

2. Жойылу құны

3. Амортизациялық (тозу) құны

4. Әділетті (сатып өткізу) құны

5. Баланстық құн

6. Өтелмелі құны

Өзіндік құн (бастапқы)- бұл төленген ақша қаражаттарының немесе баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны. Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі алдымен өзіндік ќұн бойынша өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік ќұны оның сатып алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды қамтиды; сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған кезде шегеріледі.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:

1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда;

Негізгі құралдар кэсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:

1) Нақты ақшаға сатылып алынады.

2) Несиеге алынады.

3) Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады).

4) Басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады.

5) Салу, құру, жасау арқылы алынады.

6) Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.

Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.

НҚ-дың кәсіпорыннан шығуының есебі. Негізгі құралдар кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:

- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;

- моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;

-объектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;

- табиғи апат, авария және басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде;

- басқа субъектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша тапсыру;

- бұрын жалға сатып алу құқығымен берілген объектілер бойынша меншік құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;

- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;

НҚ кәсіпорыннан қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін бастапқы құны мсн тозу сомасы есептсн шығарылады. Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.

Тозу дегеніміз-негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.

Негізгі құралдар шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндылықтарын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Оны амортизация деп атаймыз.

Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі құрал объектісінің жалпы өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компоненті жеке амортизациялануы тиіс. Негізгі құралдардың амортизациялық құны жүйелі түрде объектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып отырылуы керек.

№16 ХҚЕС сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:

1) Негізгі кұралдардың құнын бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шыгару әдісі.

2) Кемімелі қалдық әдісі.

3) Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түре есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).

Жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты қарапайым және күрдслі жөндеуге бөлінеді. Қарапайым әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады. Күрделі үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен детальдарының барлығын ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады.

Жөндеу жұмыстары мердігерлік және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.

Жөндсу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстарды шаруашылық өз күшімен орындайды. Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс мекемелері орындайды.

Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың қандай әдіспен орындалатындығына байланысты.

Жал-бұл жалға берушінің келісілген мерзімге жал төлемін немесе бірқатар төлемдерді төлеу шартымен активті пайдалану құқығын жалдаушыға беру келісім-шарты.

Жал есебі №17 «Жал» ХҚЕС-мен реттеледі. Жал келесі түрлерге бөлінеді:

· Қаржылық жал

· Операциялық жал

· Жойылмайтын жал.

Стандарт бойынша барлық тәуекелділік пен экономикалық тиімділгі жалдаушыға көшетін жал қаржылық жал болып табылады. ХҚЕС бойынша жал келесі шарттар орындалса ғана қаржылық жал болып табылады:

1. жал мерзімі жалға алынған мүліктің пайдалы қызмет ету мерзімімен дәл келсе немесе дәл келетіндей болса;

2. бүкіл жал мерзімі ішінде жал төлемі жалға алынған мүліктің құнынан асатын болса немесе оған жақын келсе;

3. жал мерзімінің соңында меншік құқығы жалдаушыға көшсе;

4. жал келісімінде жалдаушының жал мерзімінің соңында немесе жалдау мерзімінің ішінде кез-келген уақытта жалға алған мүлікті сатып алу құқығы қарастырылса;

5. жалға алынған мүлікті өзінің спецификасы бойынша тек жалдаушы пайдалана алатын болса ғана.

Осы жоғарыда аталған белгілердің бірі орындалса жал қаржылық жал ретінде танылады.

Жалдың сыныпталуы ХҚЕС‑на сәйкес, мәміле нысанына емес, операцияның мазмұнына байланысты болып келеді. Сондықтан да, егер жалдың мәні жалды қаржылық жал ретінде сыныптауға келетін болса, онда жалданған актив бойынша меншік құқығы жалдаушыға өтпесе де, қаржылық есептілікте ол қаржылық жал ретінде бейнеленеді. Жалдың түрі жалдау мерзімінің басында анықталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных