Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






7 страница. Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.




Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.

МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды
сатып өткізу операцияларына, өкімшілік мақсаттарға үзақ уақыт (1
жылдан артық) пайдаланылатын және басқа субъектіге жалға беруге
арналғандығын айқындауға болатын, үйым бақылау жүргізе алатын,
сондай-ақ пайдаланған үйым келешекте табыс күтетін ақшалай емес
активтерді айтады.

Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы анықтамаға және томендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады, яғни есепке алынады:

1. Егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса.

2. Егер актив құны дұрыс анықталса.
МЕА-дің түрлері:

• Авторлық құқық-ғылыми туындыны, әдеби музыкалық шығарманы басуға, шығаруға, орындауға, пайдалануға қүқық береді.

• Патент- оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде онім ондіруге немесе сатып откізуге қүқық береді.

• Өндірістік үлгілерге беретін қүқық-онімнің сыртқы түрін анықтайтын коркемдік және консультациялық шешімдерді қолдануға ерекше қүқық береді

• Тауар белгілері-белгілі, бір үйымның ондірісті-нфнімдерін немесе корсететін қызметтерін басқа үйымдардағы біртекті тауар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер.

• Лицензиялық келісім-патент иесі озінің лицензиятымен қандай да бір онімді сатып откізуге ерекше қүқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт.

• Гудвилл-фирма бағасы. Фирманың іскерлік репутациясы. Ол жүмыс істеп түрған кәсіпорынды түтас немесе оның қүрылымдық болімшелерін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындар активтердің баланстық қүнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады.

• Үйымдастыру шығындары-субъектінің қүрылуына байланысты
(мемлекеттік тіркеуден откенге дейінгі) шығындар. Үйымдастыру
шығындарынарркеуден оту үшін қажетті қүжаттарды дайындауға
шығындар, қүжатарды дайындау жөне тіркеуден откізу кезіндегі

кеңесші қызметінщ шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді бағалау түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау түрлеріне ұқсас болып келеді.

Маериалдық емес активтер есебі Типтік Шоттар тізбегінің 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінде:

2710 – Гудвилл

2720-Гудвиллдың құнсыздануы

2730-Басқа да материалдық емес активтер

2740-Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы шоттарында жүргізіледі.

Қорытынды:

Негізгі құралдар кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын болса және бір кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанса, ұзақ мерзімді активтер ретінде танылып есепке алынады. Негізгі құралдар есебін №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» ҚЕХС-ты реттейді. Стандарт бойынша амортизация есептеудің үш тәсілі ұсынылған: құнды бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісі, кемімелі қалдық әдісі және амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл). Материалдық емес активтерге өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын табиғи болмысы жоқ бірегейлендірілген монетарлық емес активтер жатады.

 

Әдістемелік нұсқау:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеу.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беру

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007

2. Қаржылық есептіліктің №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006

3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Негізгі құралдар түсінігі.

2. Негізгі құралдар қандай түрлерге бөлінеді?

3. Негізгі құралдарды бағалау түрлері?

4. Негізгі құралдар қандай операциялар нәтижесінде түсуі мүмкін?

5. Қандай операциялар нәтижесінде негізгі құралдар кәсіпорыннан шығуы мүмкін?

6. Негізгі құралдардың тозуы деп нені айтады?

7. Тозудың экономикалық мазмұны қандай?

8. Негізгі құралдардың тозу түрлерін атаңыз?

9. Негізгі құралдардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

10. Негізгі құралдардың тозуының есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

 

 

10-тақырып: «Міндеттемелер есебі»

Сабақтың мақсаты: міндеттемелер түсінігін ашу және міндеттемелердің түрлері бойынша есебін меңгеру.

Дәріс сұрақтары:

1. Міндеттемелер туралы түсінік, олардың бағалануы және жіктелуі.

2. Жабдықтаушы және мердігермен есеп айырысу есебі.

3. Салықтар есебі.

4. Дивидендтер бойынша есеп айырысулар.

5. Алдағы кезең табыстары.

6. Өзге де несиелік қарыздар.

Негізгі түсініктер: төленуге тиісті шоттар, ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, кредиторлық борыш, төлем вексельдері, төленуге тиісті дивидендтер, банк несиесі, алдағы кезең табыстары.

Дәрістің мазмұны:

Міндеттемелер дегеніміз – ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.

Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

· кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;

· міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;

· міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Міндеттемелер -телу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

2. Ағымдағы міндеттемелер

Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады. Оларға мыналар жатады:

1. Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;

2. Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;

3. Кредиторлық борыштар:

· төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

· сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

· салық міндеттемелері;

· төленуге тиісті дивидендтер;

· негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;

· акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;

· өзге де кредиторлық борыштар;

4. Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;

5. Алдағы кезең табыстары;

6. Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер – есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс мекемелердің несиелері (кепілдік беру), басқадай несиелер (облигацияларды сатып өткізу жолымен қаржыларды тарту және т.б.), еншілес серіктестіктердің ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелер, кейінге қалдырылған табыс салығы жатады.

Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті шоттармен дәлелденеді.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық борыш» және 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық борыш» шоты қарастырылған.

Кейбір жағдайларда кредиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында кредиторға вексель берілуі мүмкін. Қысқа мерзімді төленуге тиісті вексельдер деп заңнамалық нысанда бекітілген бір тараптың (эмитент, вексель берушінің) екінші тарапқа (вексельді ұстаушыға) берген шартсыз жазбаша борыштық ақшалай міндеттемесі. Төленуге тиісті вексель пайыздық және пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық ставка көрсетіледі. Бұл ставка бекітілген пайыздық ставка деп аталады. Пайызсыз вексельдерде нақты пайыз көрсетілмейді, оның орнына жанама түрде шынайы пайыздық ставка немесе пайыздық кіріс деп аталатын пайыз нормасы көрсетіледі.

Ұйымдар «Салық және бюджетке төленетін басқадай төлемдер» туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелетін салықтардың және алымдардың түрлерін төлеу мақсатында бюджетпен есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады.

Салық міндеттемелері есептелген немесе жиналған, бірақ әлі бюджетке аударылмаған салықтар бойынша туындайды.

Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салықтарға: корпорациялық табыс салығы, жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы, әлеуметтік салық, жер асты байлықтарын пайдаланушыларға салынатын салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы жатады.

Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебін жүргізу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшесінің тиісті шоттары және өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелерді есепке алу үшін 3200 бөлімше шоттары қаралған.

Дивиденд бойынша борыштар. Дивидендтер кәсіпорынның бөліп таратылатын таза табысының (пайдасының) бір бөлігі. Дивиденд төлеу туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында (директорлар кеңесінде) қабылданады. Директорлар Кеңесінде жарияланғаннан кейін, егер де дивидендтерді, ағымдық жыл немесе бір операциялық айналым ішінде төлеу қажет болса, онда бұл дивидендтер ағымдық міндеттеме ретінде танылуы тиіс. Өйткені, дивидендтің хабарланған мерзімі мен оны заңды төлеу мерзімінің арасында біраз уақыт өтеді. Сондықтан дивидендтер жарияланғанда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

Дебет «Есепті жылдың пайдасы (шығыны)»

Кредит «Қатысушылардың дивидендтері мен

кірістері бойынша қысқа мерзімді

кредиторлық берешек»

Алдағы кезең табыстар деп – тапсырыс берушілер мен сатып алушылардан алған аванстардың есебінен жүзеге асырылуға тиісті кәсіпорынның тауарларды жөнелту, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша міндеттемелерін айтады. Алдағы кезең табыстары 3520 «Алдағы кезең кірістері» шотында есепке алынады.

Банк несиесі мерзімдік, қайтарымдылық, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі Несиелердің есебін жүргізу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» және 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшелерінінің тиісті шоттары қаралған.

Қысқа мерзімді несиелер ең көп дегенде әдетте 12 айға беріледі. Жекелеген жағдайларда өндірістік айналым спецификасына байланысты ұзағырақ мерзімге, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүкін.

Ұзақ мерзімді несиелер -кәсіпорынға 1 жылдан артық мерзімге құрылыс, қайта қалпына келтіру және өнеркәсіптік, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы объектілерді техникамен қайта жабдықтау, ғимараттар салуға және басқа күрделі салымдарды жүзеге асыруға беріледі.

Өзге де кредиторлық борыштар. Бұл топқа жал міндеттемелерін жатқызуға болады. Жал міндеттемелері жалға алушының жалға берушінің алдындағы кредиторлық борышы. Оның есебі 3360 «Жал бойынша қысқа мерзімді қарыз» және 4150 «Жал бойынша қысқа мерзімді қарыз» шоттарында есепке алынады. Сонымен бірге төлем пайыздарының есебін де аталмыш топқа жатқызуға болады. Төлем пайыздары деп несиені, басқа да ресурсты пайдаланғаны үшін ұйымның басқа тұлғаға негізгі борыш үстінен төлейтін төлемін айтуға болады.Оның есебі 3380 «Төленетін сыйақы» шотында жүргізіледі. Пайыздардың барлық түрі (банк несиесі, займ шарттары, құнды қағаздар және т.б. бойынша) есептелгенде 7310 «Пайыздар бойынша шығыстар» шоты дебеттеліп, 3380 «Төленетін сыйақы» шоты кредиттеледі.

 

Қорытынды:

№1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС-на сәйкес, міндеттеме өткен кезеңдерде болған операциялар мен оқиғалар нәтижесінде туындайды. Оларды активтерді беру немесе пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы немесе болашақтағы экономикалық тиімділіктерді шығару арқылы реттеуге болады. Сонымен міндеттеменің үш негізгі белгісі бар:

· кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;

· міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;

· міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Әдістемелік нұсқау: Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -28.02.2007

2. Қаржылық есептіліктің №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006

3. Әлібекова Б.А. «Бухгалтерлік»

4. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

5. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Міндеттемелер деген не?

2. Міндеттемелерді тану белгілері қандай?

3. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді атаңыз.

4. Ағымдағы міндеттемелерді атаңыз.

5. Вексель деп нені айтады?

6. Пайыздық және пайызсыз вексель дегеніміз не?

7. Несиелер деген не?

8. Қысқа мерзімді несиелер қандай мақсаттар үшін беріледі?

9. Ұзақ мерзімді несиелер қандай мақсаттар үшін беріледі?

10. Несиелердің есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

11-Тақырып: «Еңбек ақы есебі»

Сабақтың мақсаты: с туденттерді еңбек ақы жүйесінің ұйымдастырылуымен, еңбек ақы төлемінің нысандары және жүйелерімен, сонымен бірге еңбек ақы түрлерімен таныстыру, еңбек ақы есептеу және одан жасалынатын ұсталымдарды білу, еңбек ақы есебінің ұйымдастырылуын меңгеру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1. Еңбек ақы төлемінің нысандары мен жүйелері

2. Еңбек ақы түрлері

3. Еңбек ақыны есептеу және оның есебі

4. Еңбек ақы ұсталымдары мен шегерімдері және олардың есебі.

Негізгі түсініктер: еңбек ақы, мерзімдік еңбек ақы, кесімді еңбек ақы, негізгі еңбек ақы, қосымша еңбек ақы, тарифтік кесте, айлық есептік көрсеткіш, орташа еңбек ақы.

 

Дәрістің мазмұны:

Еңбек ақы бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс берушінің белгіленген еңбек ақының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі еңбек ақының деңгейінен төмен болмау керек.

Кәсіпорындардағы еңбек ақы есебі №19 «Қызметкерлер сыйақысы» ҚЕХС-на негізделеді.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады: кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (жұмыс атқарған уақытына қарай төлеу).

Мерзімдік еңбек ақы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақы мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбек ақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімдік және сыйақылы – мерзімдік болып екіге бөлінеді.

Жай мерзімдік жүйе кезінде жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген тарифтік мөлшерлеме немесе нақты істеген уақыты бойынша еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы төленуі мүмкін және ол жүйе сыйақылы – мерзімдік болып табылады.

Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орыналған жұмыстың әрбір бөлігіне еңбек ақы есептейді (дана, т, км, килограмм, т.б.). Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесінен тұрады:

Кесімді еңбекақының мынандай жүйелері бар:

· Тікелей кесімді;

· Кесімді сыйақылық

· үдемелі кесімді;

· акордтық

· жанама кесімді;

Тікелей кесімді; еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша – бұл бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, орындаған жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табылады.

Кесімді – сыйақылық жүйе қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады.

Шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіру санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тишстш еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.

Кесімді – прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогессивті бағалар бойынша есептейді;

Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскісінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем ақысына шаққанда проценімен аңықталады.

Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік бағасы бойынша аңықтайды.

Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімінен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлемдер, тағы басқаларға және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатқызылады.

Жұмысшылардың еңбегін олардың мамандануына қарай бөлу үшін тарифтік сетка қолданылады. Ол алты разрядтан және әрбір разрядқа бекітілген тарифтік коэффициенттер мен ставкалардан тұрады. Тарифтік ставка уақыт бірлігіне төленетін еңбек ақы сомасы болып табылады. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік ставкалар болады.

Еңбек ақы негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбек ақы нақты өтелген уақытқа, орындалған жұмыстың сапасы мен санына қарай төленеді. Негізгі еңбек ақыға мерзімдік, кесімді кесімді жұмысшыларға үдемелі баға бойынша төлемдер, жұмысшының кінәсінсіз жұмыстың тұрып қалуы мен болған ақаулар бойынша төлемдер, жұмыс уақытынан тыс уақытта және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін төленетін төлемдер, бригадирлікке, шәкірттерді оқытқаны үшін, сонымен бірге, кластылыққа, демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін, басқа лауазымды орындағаны үшін төленетін төлемдер және т.б. жатады.

Қосымша еңбек ақы еңбек туралы заңнамалармен қарастырылған жұмысшылар мен қызметкерлердің өтелмеген жұмыс уақытына төленетін төлем болып табылады.Қосымша еңбек ақыға еңбек демалысы уақытына, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындаған уақытқа, оқу демалысы уақытына төленетін төлемдер, демалыс жәрдемақысын төлеу, жас сәбилі аналарға жұмыстағы үзіліс уақыттарына төленетін төлем, жасөспірімдерге жеңілдік сағаттарын төлеу, жұмыс өтілі үшін төленетін сыйақылар жатады. Негізгі және қосымша еңбек ақы еңбек ақы қорын құрайды. Сонымен бірге, еңбеккерлерге еңбек ақы қорына кірмейтін, бірақ олардың кірісін ұлғайтатын әр түрлі сыйақылар мен өзге де төлемдер төленеді. Мысалы: бір уақыттық ақшалай сыйақылар, жаңалық енгізгені үшін және тиімді ұсыныстары үшін төлемдер және де кәсіпорындардың оқушыларына төлейтін стипендиялары, зейнет ақылар, уақытша еңбекке жарамсыздық төлемдері жатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных