Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






9 страница. 3. акционерлік қоғам немесе корпорация




1. жеке тұлғаның иеленуі;

2. серіктестік;

3. акционерлік қоғам немесе корпорация

Меншікті капиталдың есебі осы ұйымдастырушылық‑құқықтық нысандардың ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.

 

Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:

Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырып бойынша негізгі түсініктерді беріңіз.

3. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

4. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, 28.02.2007ж.

2. Қаржылық есептіліктің №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006

3. Қаржылық есеп: Оқу құралы/К.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.А. Жантаева – Алматы: Экономика, 2001

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

Өзін­-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпорынның меншікті капиталы неден құралады?

2. Меншікті капиталдың құрамына не кіреді?

3. Жарғылық капитал деген не?

4. Жарғылық капитал неден құралады?

5. Серіктестіктерде жарғылыұ капитал неден құралады?

6. Серіктестіктерде пайданы бөлу қалай іске асырылады?

7. Пайданы бөлу әдістері қандай?

8. Серіктестіктің жойылуы қаалй іске асырылады?

9. Акционерлік қоғамдардағы есеп басқа ұйымдастырушылық –құқықтық нысандағы кәсіпорындарындағы есептен қандай айырмашылығы бар?

акционерлердің бастапқы инвестициясын қамтиды.

10. Енгізілген капитал деген не?

 

13-Тақырып: «Табыстар мен шығыстар есебі»

Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның табысы мен шығысын тану қағидалары, олардың өлшемін, табысты тану оқиғаларын зерттеп, табыс пен шығыс есебін меңгеру.

Дәріс сұрақтары:

1. Табысты тану қағидалары

2. Ұйымның табысының есебі

3. Ұйымның шығысының есебі

4. Пайда мен зиян есебі.

Негізгі түсініктер: табыс, түсім, шығыс, пайда, зиян

 

Дәрістің негізгі мазмұны

Қаржылық есептіліктің №18 «Түсім» халықаралық стандартынасәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:

· Тауарды сатқан кезде;

· Қызмет көрсеткен сәтте;

· Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.

Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.

Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:

1. Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;

2. Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;

3. операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;

4. Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.

5. Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.

Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.

1. Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;

2. Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.

3. Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.

4. ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.

Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.

Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:

ü активті бергеннен кейінгі танылған табыс;

ü активті бергенге дейінгі танылған табыс;

ü активті беру сәтінде танылған табыс.

Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:

1. Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.

2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.

№11 стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.

Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:

Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100

Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:

Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* (келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)

Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кез‑келген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.

Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:

1. Тура шығыстар- табысппен байланысты өткізілген тауардың өзіндік құны. Мұндай шығыстар дәл сол операциялар немесе оқиғаларды іске асыру нәтижесінде туындайтын табысты танумен бірге танылады.

2. Кезең шығыстары­- -өткізу процессімен байланысты шығыстар және жалпы әкімшілік шығыстар. Бұл шығыстар қай кезеңде туындаса сол кезең ішінде танылады.

3. Таратылған шығыстар - бұл амортизация және сақтандыру тәріздес шығыстар. Мұндай шығыстар тиісті активтер пайда әкеледі деп күтілетін кезеңдерге жүйелі түрде таратылып бөлінеді.

Өнімді өткізуге тікелей қатысты шығыстар.

Кезең ішінде өнімді сатумен тікелей байланысты шығыстарға әдетте мыналар жатады:

1. Өндірісте пайдаланылатын материалдар мен еңбектің өзіндік құны немесе есепті кезең ішінде өткізілетін тауарларды, қорларды, шикізатты сатып алу шығыстары (өткізілген тауарлардың өзіндік құны).

2. Өткізу процессімен байланысты шығыстар (сату бойынша сыйақылар, еңбек ақы, жал, жүкті тасымалдау шығындары).

3. Сатылған өнімге кепілдемелік міндеттемелер бойынша шығыстар.

Сәйкес келу қағидасына сәйкес,өнімді өткізумен тікелей байланысты шығыстарды өнімді сатумен байланысты табыстар танылатын есепті кезең ішінде шығыс ретінде тану қажет.

Қызметті өткізуге тікелей қатысты шығыстар.

Оларды келесідей жіктеуге болады:

1. Бастапқы тура шығындар -бұл қызмет көрсету бойынша жүргізілген операциялар және келіссөздермен тікелей байланысты шығындар. Мұндай шығындарға сыйақылар, заң қызметтерін көрсеткені үшін гонорарлар, сауда агенттеріне берілетін өтем ақы жатады.

2. Қосымша тура шығындар -бұл қызметтерді өткізумен байланысты шығындар. Мысалы, қызмет көрсету мәмілесіне қосылмай қалған, бірақ қызмет көрсету операцияларына қатысқан қосалқы бөлшектер мен еңбек құны.

Барлық тура шығыстарды табыстар мен шығыстардың сәйкес келуі қағидасы бойынша танылатын қызметтен түскен табыс танылған кездегі кезең шығыстары ретінде тану қажет.

Табыс пен шығыстар есебі Типтік шоттар тізбегінің 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттарында есепке алынады. Табыс танылғанда 6-бөлім шоттары кредиттеледі және ал шығыс танылғанда 7-бөлім шоттары кредиттеледі. Есепті кезең аяғында уақытша шоттарда есепке алынған табыстар мен шығыстар есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зиян) шоттарына аударылып жабылады. Табыс шоттары жабылғанда дебеттеледі, ал шығыстар шоттары – кредиттеледі.

Қорытынды:

Кәсіпорынның табысы мен шығысының есебі қаржылық есептіліктің № 18 «Түсім» халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Табыстың дұрыс жіктелуі ақпаратты пайдаланушыға компанияның операцияларын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру үшін операциялық қызметтен алынатын және операциялық емес қызметтен алынатын табыстарды бөліп көрсету қажет. Негізгі қызметтен алынған табысты есепке алғанда табысты тану мерзімі негізгі сұрақ болып табылады. Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады.

 

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәріс сұрақтарын оқу барысында кәсіпорын табысы мен шығыстарының жіктелуіне және олардың қаржылық есептілікте танылу шарттарына аса назар аудару керек. Сонымен бірге, берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырып бойынша негізгі түсініктерді беріңіз.

3. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

4. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, 28.02.2007ж.

2. Қаржылық есептіліктің №18 «Түсім» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006

3. Қаржылық есеп: Оқу құралы/К.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.А. Жантаева – Алматы: Экономика, 2001

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Табыс пен шығыс есебі қандай нормативті құжат негізінде жүргізіледі?

2. Табыс деген не?

3. Кәсіпорын табысы қандай түрлерге бөлінеді?

4. Кәсіпорын шығысы қандай түрлерге бөлінеді?

5. Тану дегеніміз не?

6. Тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен табыс қалай танылады?

7. Табыспен байланысты операцияладың қандай төрт түрін білесіз?

8. Табыс қалай өлшенеді?

9. Активті бергеннен кейін табыс қалай танылады?

10. Активті бергенге дейінгі танылатын табысқа мысал келтіріңіз.

 

14-Тақырып: «Аудит негiздерi. Аудиттiң мәнi, пәнi мен әдiстерi»

Сабақтың мақсаты: Аудиттің мәнін, маңызын түсіну, аудиттің түрлерін білу, оның пайда болу себептерін түсіну.

Дәріс сұрақтары:

3. Аудиттің пайда болуы мен дамуы.

4. Аудиттің мәні мен маңызы.

5. Аудит түрлері.

 

Негізгі түсініктер: аудит, аудитор, аудиторлық фирма, ішкі аудит, сыртқы аудит, міндетті аудит, бастамашылық аудит

 

Дәрістің мазмұны:

Аудиттің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Ең алғаш тәуелсіз аудиторлар ХІХ ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамдарында пайда болған.

Аудиторлар институтының пайда болуы шаруашылық қызметінің дамуы себепті есеп ақпараты сапасын тәуелсіз бақылаудың деңгейіне қойылатын талаптың жоғарылағандығымен байланысты. Осыған жауап ретінде Англияда бақылаушылар (аудиторлар) институты пайда болады. Тарихта бұл институт жайлы 1299 жылы алғаш айтылады. «Аудит» терминінің түп тегі латын тілінің «auditor» сөзінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда «тыңдаушы» дегенді білдіреді. Мұның себебі, сол уақыттағы лауазымды тұлғалардың көпшілігі сауатсыз болғандықтан, жазбаша құжаттар емес, тексерілетін тұлғалардың ауызша берілген мәліметі тексерілген. Ағылшын ғалымы Лоуренс Роберт Дикси (1864-1932) аудиттің анықтамасын тұңғыш идеологы мен теоретигі болып саналады. Ол 1882 жылы аудитті құжаттарды тексеру мен құндылықтарға түгендеу жасау негізінде бухгалтерлік баланстың дұрыстығы мен шынайылығын растау жұмысы деп дәл айқындап берген. Кейіннен Р.Л. Диксидің тұжырымдары А.Т.Ватсон, В.Ф.Фостер, И.Ф.Шер, Р.Годдардың жұмыстарында жалғастырылды. Осы ғылыми ізденістердің нәтижесінде шаруашылықпен айналысатын тұлғалардың психологиясы аудиттің пәні болып табылады деген көзқарас қалыптасады. Р. Годдард талан – тараждың оннан тоғызы бухгалтерлердің кінәсынан болады деп санайды, ал Ватсон А.Т. бухгалтерге тән қателіктердің он бір түрін атап көрсеткен: 1) құндылықтар, әсіресе ақша уақытында кірістелмейді; 2) құжаттар уақытында рәсімделмейді; 3) ақша және материалдық шоттар бойынша қалдықтар жасанды ұлғайтылып көрсетіледі; 4) төлем ведомостарының қорытындылары жасанды ұлғайтылады; 5) бухгалтерге жақын тұлғалардың еңбек ақылары көтеріледі; 6) іс жүзінде жоқ адамдарға ақша жазылады; 7) жабдықтаушылармен келісу арқылы баға ұлғайтылып көрсетіледі; 8) Касса шотының жалған түрде кредиттелуі немесе жалған кредиторлық борыштың көрсетілуі; 9) жасанды ұлғайтылған сыйақыларды төлеу және оны алушымен бөлісу; 10) жасанды құжаттар жасау (әсіресе чектерді); 11) бір құжатты бірнеше рет төлеу.Әрине, коммерциялық қылмыстың тізімі мұнымен шектелмейді, бірақ, олар бүгінгі таңда да өзекті болып табылады.

Аудит – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген талаптарға сәйкес заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерінің сенімділігі мен шынайылығы жөнінде тәуелсіз пікір қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тексеріс.

Аудиторлық қызметтің мәні – ол аудиторлардың немесе аудиторлық фирмалардың клиенттерге келесі қызметтерді ұсынуы бойынша кәсіпкерлік қызметі:

- қаржылық есептілікті, есептік – төлем құжаттамаларды тәуелсіз тексеру;

- кеңес беру;

- бухгалтерлік есепті жүргізу және оны қалпына келтіру;

- ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау;

- салық декларациясын құру;

- шаруашылық – қаржылық қызметіне экономикалық талдау жасау;

- және тағы басқалары.

Аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық есептіліктің және оны құрудың бекітілген концептуалдық негізіне сәйкес, барлық маңызды аспектілері бойынша олардың әзірленуі туралы қорытынды жасауға (пікір қалыптастыруға) мүмкіндік беру болып табылады. Алайда, аудиттің мақсатына берілген әдеттегі анықтамаға қарамастан, іс жүзінде клиенттің аудиторға қойған талабы – аудиттің мақсаты болуы керек.

Аудиттің қажеттілігі қаржылық есептілікті пайдаланушылардың мүдделеріне негізделеді. Ақпаратты пайдаланушылар ішкі және сыртқы болып екі топқа бөлінетіні мәлім. Ішкі пайдаланушыларға дұрыс басқару шешімін қабылдауы үшін ешбір қатесіз және ауытқусыз шынайы қаржылық ақпарат қажет. Сонымен бірге, ұйымның қаржылық жағдайына сыртқы пайдаланушылар да өз мүдделеріне байланысты қызығушыылқ білдіреді. Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметін реттейтін заңдылықтардың сақталуының сапалы тексерілуін қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілік құру және ақпаратты пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Іскерлік ортада есеп мәліметтері аудиторлық қорытындымен расталмаған кәсіпкерлерге сенім аз болады.

Аудиттің мәнін, құрылу қағидаларын, ұйымдастырылу нысандарын, жүргізу әдістерін тереңдетіп зерттеу мақсатында оның жіктемесі жасалады. Аудит жіктемесі әдетте келесі белгілерге негізделеді: функционалдық сипаты, мақсаттылығы, мазмұны, объектілері, тексеру уақыты, түрі және әдістері бойынша. Дәстүрлі жіктемеге түрлері, субъектілері, жүргізу техникасына, нысаны мен әдістеріне қарай жіктеу жатады. (Кесте)

 

Кесте

Аудиттің жіктелуі

Жіктеу белгілері
Аудит субъектілері бойынша Тағайындалуы бойынша Заңнама талаптарына сәйкес Аудитті жүргізу техникасына байланысты Жүргізу кезектілігіне (мерзіміне) байланысты
Жіктеу белгілерінің құрамдас бөліктері
Ішкі Сыртқы Қаржылық есептілік аудиті Бекітілген критериилерге сәйкес келу аудиті Арнайы (экологиялық және т.б. аудит) Міндетті, Бастамашылық Құжаттар мен активтер инспекциясы Зерттеу Талдамалық есептеулер және тексерулер Бастапқы Келісілген (қайталанушы)

 

Ішкі аудит басқару есебінің маңызды ажырамас элементі болып табылады.

Аудиттің негізгі пайдаланушылары кісәпорынның, фирманың, компанияның ішінде болғандықтан ішкі аудит деп аталады. АҚШ ішкі аудиторлар институты ішкі аудитке келесі анықтама береді: «Кәсіпорынның өз мүддесі үшін өз жұмысын тексеруге және бағалауға арналған тәелсіз қызметі ішкі аудит болып табылады».

Сыртқы аудитті сыртқы тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық фирмалар әр түрлі үйымдармен, олардың меншік нысанына және ведомстволық бағынушылығына қарамастан, келісім – шартқа тұру негізінде іске асырылады. Сыртқы аудиторлар ұсынатын ақпаратты пайдаланушыларға шаруашылық субъектісінің төлем қабылеттілігін тәуелсіз аудиторлық бағалауды қажет ететін банктер мен әр түрлі кредиторлар жатады. Екіншіден, кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық – шаруашылық қызметі туралы мәліметті қажет ететін салық қызметі, қаржы полициясы тәрізді мемлекеттік билік және басқару органдары кіреді. Үшіншіден, сыртқы пайдаланушыларға биржалық операциялар қатысушылары жатады. Оларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат қажет, өйткені, ол акцияның биржадағы бағасына тікелей әсер етеді және т.б.

Қаржылық есептілік аудиті – субъектінің қаржылық есептілігінің сенімділігі туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында тексеру жүргізу.

Бекітілген критерийлерге сәйкес келу аудиті кәсіпорында заңдылықтардың бекітілген шарттардың, ережелердің, нормалар мен нормативтердің сақталуына тексеріс жүргізу. Аудиттің бұл түрі көбінесе белгілі бір критерийлерді бекіткен органның талабы бойынша жүргізіледі.

Арнайы аудит -субъекті қызметінің кейбір жақтарын, олардың мемлекет алдындағы бекітілген нормалар мен міндеттемелерінің, белгілі бір процедуралардың орындалуын тексеру.

· Міндетті аудит – кәсіпорынның қаржылық есептілігін тексеру мақсатында сыртқы ұйымның талабы мен тапсырысы бойынша міндетті түрде жүргізілетін аудит.

ҚР «аудиторлық қызмет туралы» Заңына (№ 304-1, 20.11.1998ж.) сәйкес келесі үйымдарда міндетті аудит жүргізіледі:

· Банктер;

· Несиелік серіктестіктер;

· Банк операцияларының кейбір түрлерімен айналысатын ұйымдар;

· Табиғи монополия субъектілері;

· Шетел капиталы қатысатын кәсіпорындар;

· Сақтандыру ұйымдары және басқалары;

· Ұлттық компаниялар.

Бастамашылық аудит экономикалық субъектінің бастамасы бойынша аудитормен (аудиторлық фирмамен) келісім – шартқа тұру арқылы жүргізіледі. Мұндай тексерістің сипаты мен көлемін клиент анықтайды.

Аудит жіктемесінің келесі белгісі – аудитті жүргізу техникасына байланысты аудиторлық дәлелдеулерді жинақтаудың келесі тәсілдері бар:

Зерттеу – бұл бақыланатын объектінің тұрған жерінде нақты жағдайымен танысу арқылы жүргізілетін әдістемелік тәсіл. Ол мысалы, қойма шаруашылығының, өрт қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының және т.б. жағдайын тексеру мақсатында жүргізіледі.

Инспекция – бұл алғашқы құжаттар мен есеп тіркемелеріндегі бухгалтерлік жазулардың, қаржылық есептеменің толтырылу және құрастырылу дұрыстығы мен заңдылығын, сонымен бірге, ұйымның материалдық активтерінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын тексеру.

Талдамалық тексерулер – бұл кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерін ішкі резервтер мен ұйымның ары қарай даму перспективасын анықтау мақсатында бухгалтерлік құжаттар мен қаржылық есептіліктің, жедел, статистикалық және басқа да мәліметтер негізінде экономикалық талдаудың әдістерінің көмегімен жан жақты зерттеу.

Есептеулер – өз бетінше жекелеген көрсеткіштерді есептеп шығару арқылы бухгалтерлің құжаттардағы сандық жазулардың дәлдігін арифметикалық тексеру үшін қолданылады. Мысалы, Жинақ зейнетақы қорына аударымдардың, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы бойынша есептелген салық сомаларының дұрыстығын тексеру..

Алғашқы аудит – клиент үшін алғаш жүргізіліп отырған аудит. Аудиттің бұл түрі аудиттің тіуекелділігін және уақыт шығынын өсіреді. Өйткені, аудиторларда клиент қызметінің ерекшеліктері, оның ішкі бақылау жүйесі туралы қажетті ақпарат болмайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных