Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






15 страница. СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар




Такырып

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және табыстар мен шығыстар есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Пайда мен зиян есебі

2. Тақырып бойынша негізгі терминдерді анықтау (глоссарий дайындау)

4. Берілген есептерді шығарыңыз.

 

1-Есеп. Табысты орындалу пайызы әдісімен тану.

Компания көпір құрылысына 60 млн.теңгеге мәмілеге отырды. Көпір салуға кететін есептелген шығыстар сомасы 50 млн. теңгеге тең. Бірінші жылғы жұмыстарға 9 млн. тг жұмсалды. Компания орындалу пайызы әдісін қолданады. Компания құрылыс жүрген бірінші жылы табыс пен жалпы пайданың қанждай сомасын көрсетуі тиіс?

Такырып

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және аудит және оның қалыптасуы, аудиттің мәні мен мағызы, бақлау жүйесінде алатын орын туралы теориялық білімін толықтыру.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Аудиттің пайда болу тарихы және дамуына баяндама жасаңыз.

2. Аудиттің Қазақстандағы дамуы туралы материалды толықтырыңыз.

3. Сыртқы және ішкі аудитке кестеде салыстырмалы сипаттама беріңіз.

Такырып

Студенттердің оқытушылармен бірге орындайтын өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

СӨЖ: тақырып бойынша алған теориялық білімін бекіту және аудиторлық қызметтің нормативтік реттелуі бойынша тәжірибелік дағды қалыптастыру.

 

1. Есеп. Аудитор компаниямен келісім-шартқа отырып, компанияны тексеруге кірісті. Аудит барысында клиент аудит жүргізуге қажетті құжаттарды беруден бас тартады.

Тапсырма: аудитордың құқықтарын анықтаңыз және осы жағдайда аудитордың мүмкін болатын әрекетін сипаттаңыз.

2. Есеп. «Кәмпит» АҚ‑да «Бастау» ЖШС-гі аудит жүргізеді. ЖШС-тің аудиторларын кәмпит, шаймен дәм татқызады және аудиторлардың әрқайсысына бір қорап кәмпиттен сыйлайды.

Тапсырма: этикалықнормалар сақталу, сақталмауын анықтаңыз; аудиторлар іс‑әрекетін анықтаңыз.

3 Есеп. «Табыс» аудиторлық фирмасының бір маманы «Алтын» АҚ-да аудит жүргізіп жатыр. Бұл аудитор Акционерлік қоғамның екі акциясының иегері.

Тапсырма: Осы жағдайдағы аудитордың іс-әректінің заңға сәйкестігін анықтаңыз.

 

 

Такырып

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық

СӨЖ мақсаты: тақырып бойынша берілген теориялық материалды толық меңгеру үшін аудиторлық мәнділік пен аудиторлық тәуекелділік туралы теориялық аспектілерді толықтырып, практикалық дағды қалыптастыру.

1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып:

1. Аудиторлық мәнділік деңгейін бекіту үшін аудитор орындайтын қадамдық процедураларда жүргізілетін іс-әрекеттерді толықтырыңыз.

2. Кестеде аудиторлық тәуекелділік компоненттеріне сипаттама беріңіз.

2. Тапсырма. Аудитті жоспарлау кезіндеАТ моделін пайдалана отырып, тиісті аудиторлық тәуекелділікті анықтаңыз. Ішкі шаруашылық тәуекелділігі 80%,бақылау тәуекелділігі -50%, айқындалмау тәуекелділігі - 10% деп алаңыз.

3. Тапсырма. АТ формуласын қолдана отырып, 2-тапсырмадағы мәліметтерді пайдаланып, айқындалмау тәуекелділігін анықтаңыз.

СОӨЖ тақырыптары

Тақырыптардың негізгі мазмұны
  Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп
  Бухгалтерлiк есептiң концепциялары мен қағидалары.
  Бухгалтерлiк баланс
  Шоттар жүйесі және екi жақты жазу
  Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру
  Ағымдағы активтердің есебi Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерiнiң есебi
  Дебиторлық борыштардың есебi
  Тауарлық-материалдық қорлардың есебi
  Ұзақ мерзiмдi активтердің есебi
  Мiндеттемелер есебi
  Еңбек ақы есебi
  Табыстар мен шығындардың есебi
  Аудит негiздерi. Аудиттiң мәнi, пәнi мен әдiстерi
  Аудиттің нормативтік–құқықтық реттелуі. Аудит стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы
  Аудиторлық қорытынды есеп беру

1 тақырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің объектілерін анықтаудың практикалық дағдысын көрсету.

1-Тапсырма. Төменде берілгендердің қайсысы шаруашылық құралдарына және шаруашылық құралдарының құралу көздеріне дұрыс жатқызылмағандығын анықтаңыздар:

шаруашылық құрал‑жабдықтары: «Материалдар», «Отын», «Кассадағы қолма‑қол ақша», «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу», «Бөлінбеген пайда», «Резервтік капитал», «Дайын өнім», «Тауар», «Аяқталмаған құрылыс», «Негізгі құралдар»;

шаруашылық құралдарының құралу көздері: «Жарғылық капитал», «Кассадағы қолма‑қол ақша», «Ағымдық шоттағы ақша», «Қосалқы бөлшектер», «Банктің ұзақ мерзімді несиесі», «Жабдықтаушыларға қарыз», «Банктің қысқа мерзімді несиесі», «Банктегі арнайы шоттағы ақша», «Сатып алушылардың қарызы».

 

Такырып

 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу.

 

1-Тапсырма

САҚТЫҚ (КОНСЕРВАТИЗМ)

Есептің берілгенін оқып шығыңыз. Компанияның әрбір операцияның нәтижесі бойынша, табысы мен зиянын, сақтық қағидасын сақтай отырып, бухгалтерлік есепте қалай танитындығына түсінік беріңіз.

1. Автокөліктің баланстық құны 5 500 000 теңге деп көрсетілген. Компания оған 7000 000 теңге ұсынады.

2. Компания баланстық құны 400 000 теңгені құрайтын ғимаратты сатуды ұйғарды. Оның нарықтық құны 500 000 теңгеден 600 000 теңге де дейін ауытқып тұрады.

3. Компания борышы сенімсіз деп есептен шығарылған клиентпен борышын өтеуі туралы келісімге қол жеткізді.

4. Тауарлық-материалдық құндылықтардың баланстық құны 50 000 теңгені құрайды. Ал компания оның өткізудің ағымдық таза құны шамамен 35 000 теңгеге тең деп санайды..

5. Клиент 3 айға төлем жасамаған, енді ол төлем мерзімін тағы да 6 айға созуды сұрайды. Клиент сол мерзімде борыштың бастапқы сомасын төлей аламын деп күтеді.

2. Кассаны кенеттен тексергенде қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі анықталды. Кассаға жауапты тұлға жетіспеген соманы 2 аптаның ішінде өтейтіндігі туралы уәде берді.

 

Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу

Есеп

Төмендегі берілген операциялардың балансқа әсері бойынша түрлерін анықтаңыздар:

1. Компанияның ағымдық шотынан кассаға ақша келіп түсті 120000 тг.

2. Компаничның қызметкерлеріне еңбек ақы есептелінді 130000 тг.

3. Кассадан компанияның персоналына еңбек ақы төленді 112000 тг.

4. Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды 17000 тг.

5. Ағымдық шоттан банктің қысқа мерзімді несиесі қайтарылды 40000 тг.

Баланстың валютасы – 500000 тг.

Есеп

Төменде берілген «Барыс» ЖШС-нің мәліметтері бойынша 01.09.200.. ж-ға бухгалтерлік баланс құрыңыздар:

1. Ғимараттар 440000

2. Жабдықтар 80580

3. Жарғылық капитал 592210

4. Жабдықтаушыларға қарыз 44150

5. Тауар 173400

6. Еңбек ақы бойынша қарыз 18100

7. Материалдар 13360

8. Кассадағы қолма-қол ақша 340

9. Аяқталмаған өндіріс 5380

10.Бөлінбеген пайда 51340

11. Ағымдық шоттағы ақша 113330

12.Басқа да кредиторларғақарыз 11400

13. Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарызы 210

14. Резервтік капитал 109400

Есеп

Төмендегі берілген операциялардың станок жасаушы зауыттың балансына әсері бойынша түрлерін анықтаңыздар.

1. Қолма-қол ақша кассадан банкке қайтарылды – 8000.

2. Өндіріске қоймадан материалдар жіберілді– 6000.

3. Ағымдық шоттан жабдықтаушыларға аударылды – 109000

4. Станок жасаушы зауыттың станогы басқа ұйымға қайтарымсыз негізде берілді– 49500

5. «Колос» зауытынан материалдар келіп түсті– 135000

6. Сатып алушыға тауар тиеп жөнелтілді -157000

7. Ағымдық шотқа сатылған тауарлар үшін ақша келіп түсті.

Баланстың валютасы – 755000 тенге

 

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорын мүлкі мен олардың құралу көздерінің тек қалдықтары негізінде ғана құрылады.

2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер баланста қалдық (баланстық) құнымен көрсетіледі. Бастапқы құн – тозу құны = қалдық құны.

3. Тәжірибелік сабаққа өз бетінше түрлеріне қарай бухгалтерлік баланс құрып келу (кіріспе, ағымдық, жойылу, қорытынды және т.б.).

 

Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік өткізбелер құруда бухгалтерлік есеп қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу

1- Есеп. Мақсаты – студенттердің шоттарды ашу әдісі, оларға операцияларды жазу тәртібі бойынша білімдерін бекіту және бірнеше мерзім ішінде есеп жүргізу әдісін меңгеру.

1. Тапсырма. 1-мамырға қалған қалдықтар бойынша шоттар ашыңыз. Және шоттарға 2 айдың бухгалтерлік жазулары тіркелетіндігін ескеріп, әрбір шот бойынша 10 жол қалдырыңыз.

Берілгені:

1-мамыр бойынша шоттар қалдықтары

  Сомасы
1. Негізгі құралдар 2. Жарғылық капитал 3. Биологиялық активтер (өсімдік шаруашылығы) 4. Материалдар 5. Резервтік капитал 6. Негізгі өндіріс 7. Ағымдық шоттағы ақша 8. Дайын өнім 9. Банктің қысқа мерзімді несиесі 10. Кассадағы ақша 11. Жабдықтаушылар және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек 12. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі 13. Эмиссиялық кіріс 14. Еңбек ақы төлек бойынша қысқа мерзімді берешек 15. Материалдық емес активтер 16. Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы 30810 76400      

2. Тапсырма. Төмендегі шаруашылық операциялары бойынша тіркеу журналын толтырыңыз.

Ағымдық жылдың мамыр айында жүргізілген шаруашылық операциялар

Мазмұны Сомасы
1. Ағымдық шоттан еңбек ақы төлеу үшін кассаға ақша келіп түсті 2. Кассадан еңбек ақы берілді 3. Қолма-қол ақшаға азық-түлік сатып алынды 4. Еңбек ақы есептелінді: А) негізгі өндіріс жұмысшыларына Ә) басқару персоналына Барлығы: 5. Шикізат сатып алынды (ақысы төленбеген) 6. Негізгі өндіріске шикізат жіберілді 7. Ағымдық шотқа сатып алушылардың берешек сомасы келіп түсті 8. Ағымдық шоттан аударылды: А) жабдықтаушыларға берешек сома Ә) банкке қысқамерзімді несие сомасы қайтарылды Барлығы: 9. Негізгі өндірістен дайын өнім шығарылды. 10. Қоймадан дайын өнім сатуға жіберілді. 11. Сатып алушыларға өткізілген өнім үшін шот жіберілді 12. Қосылған құн салығының сомасына: 13. Өткізілген өнім үшін сатып алушылардан ағымдық шотқа ақша келіп түсті 14. Сатудан түскен қаржылық нәтижені анықтаңыз             ?

3. Тапсырма. Тіркеу журналының мәліметтерін шоттарға тіркеңіз.

4. Тапсырма. Шоттар бойынша 1 маусымдағы қалдықтарын анықтаңыз.

5. Тапсырма. Тіркеу журналында маусым айында жүргізілген шаруашылық операцияларына бухгалтерлік өткізбе құрыңыз.

 

Маусым айында жүргізілген шаруашылық операциялары

Мазмұны Сомасы
1. Ағымдық шоттан жабдықтаушыларға аударылды 2. Ағымдық шоттан кассаға алынды 3. Кассадан шаруашылық қажеттіліктерге берілді 4. Кассадан еңбек ақы төленді 5. Өндіріске материалдар жіберілді 6. Кассаға есеп беруге тиісті тұлға есепті соманың қалдығын қайтарды 7. Кәсіпорын пайдасы жарғылық капиталды толықтыруға бағытталды        

 

6. Тапсырма. Операцияларды шоттарға тіркеп, айналымдарын есептеңіз және 1-шілдеге қалдығын анықтаңыз.

7. Тапсырма. Маусым айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым тізімдемесін құрыңыз.

8. Тапсырма. Кәсіпорынның 1-шілдеге бухгалтерлік балансын құрыңыз

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Активті шоттарда тек дебеттік қалдық, пассивті шоттарда кредиттік қалдық қана болады.

2. Бухалтерлік баланс пен шоттар арасында тығыз байланыс бар.

3. Кіріс және шығыс шоттарында қалдық болмайды, олар кәсіпорынның «Пайда мен зиян туралы» есебінде көрініс таабды.

5 тақырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі және бухгалтерлік құжаттарда жіберілген қате жазуларды түзету әдістерін меңгеріп, іс жүзінде қолдана білу.

№1 Тапсырма

Құжаттардың жіктелуі бойынша:

Берілгені:

Кіріс кассалық ордері, төлем тапсырмасы, шығыс кассалық ордер, сенімхат, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, талап, лимиттік-жинақтау картасы,тауарлық-жүк құжаты, сет-фактура, еңбек ақы бойынша төлем ведомосі, кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, материалдардың ішкі қозғалысына арналған накладнойлар, банк үзіндісі.

Талап етіледі:

Бухгалтер лік құжаттарды жіктелу белгілері бойынша топтастыру.

 

№2 Тапсырма

Қате жазуларды түзету бойынша:

1) кәсіпорын кассасына банктегі ағымдық шоттан еңбек ақы төлеу үшін ақша келіп түсті, сомасы: 215000 тг. Бухгалтерияда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:

Дт-1010 Кт-1040 21500.

Түзету енгізіп, бухгалтерлік есепте бейнелеу қажет.

2) Жабдықтаушылардан материалдар алынып, қоймаға кірістелді, сомасы: 40000 тенге. Оған бухгалтерияда келесі бухгалтерлік жазу құрылған:

Дт-1320 Кт-3310 40000

Қателік келесі айда анықталған. Қатені түзетіңіз

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Шаруашылық операциясының орындалуына рұқсат беретін және орындалғанын дәлелдейтін құжатардың айырмашылығы бар.

2. Банктік және кассалық құжаттарға түзету енгізуге болмайды

 

6 тақырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, ақша құралдары мен олардың эквиваленттерінің мәнін түсіну және олардың есебін меңгеріп, іс жүзінде қолдана білу.

Есеп 1. – Ақша құралдары мен олардың эквиваленттерін жіктеу

Келесі баптар қай шоттарда есепке алынады:

а) монеталар мен валюталар;

б) Қазына облигациялары;

в) депозиттік сертификаттар;

г) Шоттағы қаражатпен жабылмаған чектер (банк үзіндісімен бірге қайтарылған чектер);

д) шетел банкісіндегі депозит;

е) алдағы мерзіммен берілген чек (көрсетілген мерзімге дейін ақша алға болмайды);

ж) ұзақ мерзімді міндеттемелерді өеуге пайдаланылатын ақша қаражаты;

з) жолдағы депозиттер;

и) басқа компанияның 100 акциясы (бір жыл немесе одан да аз мерзім ішінде сатып жіберуге ниеті бар);

к) жинақ шоты;

л) пошта маркалары;

м) іссапар шығындарына берілген аванстар.

 

Есеп 2. Чек бойынша төлем

1. Компания 20/12/ 04 жылы несиеге 20,000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алады. Операцияны шоттарда бейнелеңіз.

2. 28. 12.04 ж. жабдықтаушының квитанциясын төлеуге чек жазылып берілді. Операцияны бейнелеңіз.

3. Жабдықтаушыға чек тек 05.01.05ж. ғана жеткені анықталды. Қаржылық қорытынды есептілікте 2004 жылдың 31- желтоқсанына қалдықтарды дұрыс бейнелеуге қажетті кері бухгалтерлік өткізбе беріңіз.

4. Енді, шын мәнінде жабдықтаушы чекті 2004 жылдың 29- желтоқсанында алғаны анықталды. Бірақ ол чекті банкке 2005 жылдың 3-қаңтары күні жеткізіп, ақша алғаны мәлім болды. Корректуралық жазу қажет деп ойлайсыз ба? Неге екенін түсіндіріңіз.

 

Есеп 3. Ақша құралдарын жіктеу

2004 жылдың 31- желтоқсанында компанияның меншігінде келесі активтер болған:

· Банктегі ақша қаражаты – жинақтық шот 63000

· Кассадағы ақша 9300

· Салық инспекциясынан қайтарылған ақша 31000

· Арнайы шоттағы қалдық 17000

· Болашақ датамен бекітілген чектер 750

· Депозиттік сертификаттар (180 күн) 90000

 

Ақша құралдарының сомасын анықтаңыз?

 

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Ағымдағы активтердің жіктелуіне.

2. Шетел валютасында жүргізілетін операциялар бойынша ақшалай және ақшалай емес баптардың айырмашылығына аса назар аудару керек.

Такырып

 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, дебиторлық борыш және оның есебін меңгеріп, практикалық дағды қалыптастыру.

Есеп 1.

Алынуға тиісті вексельдер бойынша бухгалтерлік өткізбе құру

2002 жылдың 31 желтоқсанында «Алтын Орда» корпорациясы «Бірлік» компаниясына 91844 теңгеге қызмет көрсеткен және оның 36000 теңгесі бірден төленген. Қалған төлем сомасын 18000 теңгеден төрт бөліп, жыл сайын 31 желтоқсанда төлеу келісілді. Вексельдер бойынша болжамды пайыздық ставка 11%‑ды құрайды.

Тапсырма:

«Алтын Орда» корпорациясы қызмет көрсеткенде, көрсетілген қызмет бойынша төлем қабылдағанда және пайыздық кіріс алғанда төменде берілген мерзімдерге қандай бухгалтерлік өткізбе құрайды?

а) 31 желтоқсан 2002 жылы;

б) 31 желтоқсан 2003 жылы;

в) 31 желтоқсан 2004 жылы;

г) 31 желтоқсан 2005 жылы;

д) 31 желтоқсан 2006 жылы.

Есеп 2

Компанияның кеңселік жабдықты сатып өткізу операциялары бойынша

Тіркеу журналына келесі операцияларды тіркеңіз:

5. Клиентке тауар қолма-қол ақшаға берілді, сомасы- 5000 ш.б. Өткізілген тауардың өзіндік құны 4000 ш.б.

6. Құны 500 ш.б. тұратын тауар қайта қайтарылды (№1 опер). Клиентке ақшасы қайтарылып берілді. Қайтарылған тауардың өзіндік құны 400 ш.б. Тауар ТМҚ шотына кіріске алынды.

7. Клиентке 20000 ш.б. тауар несиеге сатылды. Өткізу шарты 2/10, n/30. Өткізілген тауардың өзіндік құны 15000 ш.б. өқрайды.

8. Несиеге сатылған тауар үшін клиенттен төлем қабылданды. (жеңілдікті пайдаланған, №3 опер. қараңыз). Клиент төлемді жеңілді өз күшінде болған мерзімде жасаған. Жеңілдікке бухгалтерлік өткізбе беруіңіз керек.

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Дебиторлық борышты тану барысында бухгалтерлік есептіңе есептеу қағидасы орындалады.

2. Дебиторлық борыш өзімен байланысты кіірспен бірге танылады.

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және дебиторлық борыш есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1.Күмәнді талаптар бойынша резервтерді бағалау әдістеріне мысал келтіріңіздер.

2. Вексельдер бойынша есеп айырысу есебін толықтырыңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных