Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік шу мен діріл және олардан қорғану жолдары




 

Шу дегеніміз ынғайсыз әртүрлі қарқындылықтағы және жиіліктегі дыбыстардың қоспасы болып табылады. Күшті қарқынды шулар еңбек өнімділігін төмендетеді және ол әртүрлі жарақаттанушылыққа әкелуі мүмкін.

Ауадағы дыбыс тербелістері күшейген және азайған қысымдар туғызуы мүмкін,бұларды дыбыстық қысымдар деп атайды. Адам құлағының есту шекарасы 16 гц-тен бастап 20000 гц-ке дейінгі аралықта жатады,ал дам естімейтін 16гц-тен төменгі жиілік инфрадыбыстар облысы,ал 20000гц-тен жоғары тербелістегі дыбыстар ультрадыбыстар облысына жатады.

Адам құлағына тек дыбыс жиілігі ғана емес,сонымен қатар оның қарқындылығы мен қысымы әсер етеді.

Дыбыс қарқындылығы (интенсивность звука) дегеніміз дыбыс толқындарыныі бір өлшем уақыт ішіндегі бір дыбыс келуші беттің бір өлшемі арқылы өтетін энергия мөлшерін айтады:

I=Ф/S (Вт/м2) (1)

Мұнда: Ф-энергия ағыны,Вт

S-толқындық беттің ауданы,м2

Дыбыстық қысым дегеніміз белгілі бір орта арқылы дыбыс толқындары жүргенде болатын қысымның,оның тербеліс жоқ кезіндегі сол орта қысымнан өзгешелігі болып табылады. Дыбыстық қысым Па өлшенеді.

Дыбыс қырқындылығы мен оның қысымы арасындағы байланыс былайша өрнектеледі:

I=P2/ρ*c, (2) немесе P=√I/ ρ*c (2а)

Мұнда: Р-дыбыс қысымы

р-дыбыс жүретін орта

с-дыбыс жылдамдығы,м/c

Адам құлағы сезе алатын ең аз дыбыс қысымы Ро және қарқындылық Iо есіту табандырғы деп аталады. Ол мына мәндерге тең:

Ра=2*102Па

Ia=102Вт/м2

Шу күшіне баға беру үшін қарқындылықтың абсолюттік мәні алынбайды,оның салыстырмалы деңгейі алынады,ол деңгей логарифмдік шамамен былай көрсетіледі:

£=lg I/I0, бел (3)

Мұнда I-берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы

I0 –есіту табалдырындағы дыбыс қар.

(3) өрнектен оның өлшем бірлігі жоқ екендігі көрінеді,тек еселік түрінде көрінеді. Осы еселік мәнді «бел» арқылы өлшеу қабылданған. Бел ірі өлшегіш болып табылады.

I/I0=10=15

I/I0=100=25

Адам құлағы 1 белден 10 есе кіші шаманы ести алады,сондықтан бел өзінен кіші децибел түрінде өлшенеді.

Дыбыс қысымы мен қарқындылық квадратты түрде байланысқан болғандықтан дыбыс қысымы (3) өрнек бойынша былай жазуға болады:

£= lg P2/P02 =2 lg (P/P0) (4)

Мұнда:Р -белгіліленген нүктедегі дыбыс қысымы

Ро –есту табалд. бойын.дыбыс қысымы.

Бұдан: P/P0 =10=25, P/P=100=45,....

екендігі көрінеді,((4)өрнек бойынша)

Адам есту органдары дыбыс қарқындылығынан емес,оның қысымынан зақымданды. Сондықтан шудың адамға әсері оның қысымы бойынша өлшенеді. Адамға құлағын дыбыстық ауырту табандары 130-140 дб шамасында.

Шу деңгейін өлшеуіш құрал шумала (шу өлшегіш) деп аталады. Шумалардың жұмыс істеу приципі микрофонға келіп түскен дыбыс қысымын электрлік кернеуге айналдыру негізделген. Сосын оны децибелдерге бөлінген шкала бойынша анықтайды. Шумалардың бір түрінің құрамына жайғастырушы (ИШВ-1) сүзгіштер кіргізілген. Бұл сүзгіштер қысым деңгейін едәуір төмендетеді де,ал шкала бөлінгенде бұл төмендету есепке алынып,шудың шын мәні,жуық шамамен көрінеді. Мүндай шкалалар «А» шкаласы деп аталады,ал көрсеткен мәні «децибел А» (дБа) деп көрсетіледі.

Шу спектрі деп дыбыс қысымының оның жиілігіне тәуелділігін көрсететін шаманы айтады. Дыбыстық жиілігінің диапазоны белгілі бір ені бар жиілік жолдарынан бөлінеді. Жоғарғы дыбыс жиілігінің жолы (fж) оның төменгі жиілігінен (fт) екі есе көр шамада болса,онда ол октава деп аталады. Ол орташа геометриялық жиілікті көрсетеді.

Fо.ж=√ fж* fт=√2fт=1,41fт

Октава

Шу көздеріне мыналар жатады:

1. механикалық материалдар қозғалысы,заттардың соқтығысуы (соққылануы)

2. аэрогидродинамикалық (газ,бу,... қозғалысы)→(ысқырық)

3. термиялық (газдардың жануы,...)

4. жарылыстық және импульстық шулар (қопарылыспен істелетін жұмыстар,іштен жанатын қозғағыштардың жұмысы) мотор,т.б

Жиілік құрамы бойынша шулар былай бөлінеді:

1. төменгі жиіліктер (<300Гц)

2. орташа жиіліктер (300-1000Гц)

3. жоғарғы жиіліктр (>1000Гц)

Шу нормалары ГОСТ 12.1.003-83 «ССБТ шум общие требования безопасности»бойынша белгіленген.

Механикалық шуларды азайту үшін газ ағындарын кедергілерді сипалай өтетін жағдайға келтіру құйындық процестерді болдырмау,дыбыс өшіргіш құрылғыларда глушитель қолдану және т.б. жатады.

Шудан жеке қорғаныс құралдарына құлақ тамғыш (наушники),жұмсақ шлем кию,тампондарды пайдалану т.б.жатады.

ДӘРІС 9






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных