ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ндірістік ғимараттарды желдету мен жылытудың негіздері.
Желдету жүйесі ластанған ауа ағыны жұмыс орнында тұрған адамдардың дем алу аймағынан өтпейтіндей болып орналасуы керек. Желдету екі түрлі әдіспен жүргізіледі:табиғи желдену және құйылу тарту арқылы желдену. Табиғи желдену зиянды және жалған иіс шығармайтын жерлерде жүргізіледі. Ол терезелердің өзін,бір бөлігін ашу арқылы жүргізіледі. Терезенің ашылатын бөлігі металл тор немесе (сирек көзді) дәлемен бекітілуі керек. Терезелердің ашылатын бөлігі оның барлық ауданының 20%-нен кем болмауы керек. Құйылу тарту желдеткіші механикалық күштің көмегімен жүргізіледі. Желденудің бұл жүйесінде құйылушы ауа жұмыс аймағынан жоғары орналасқан ауа таратқыштың тесіктерінен ішке құйылады. Ал жұмыс аймағындағы ластанған ауа өндіріс жайларының төменгі жағынан тартылып шығарылуы керек. Жоғарыдан келетін таза ауаның тесігі мен сыртқа шығарылатын лас ауа тесігі бір-бірінен горизанталь бойынша 10м кем емес болмайтын қашықтықта орналасуы керек. Ауаның сырқа шығарылатын биіктігі оның ішке ауа алатын биіктігінен 6м-ден кем болмйтын жоғарлықта болуы керек және үй щатырының ең биік төбесінен (қырынан) немесе аэрациялық фонарьдан (тесіктерден) 2м кем емес жоғарлықта болуы керек. Ауа алатын және ауа шығаратын жерлердің тесіктері қорғағыш торлармен жабылған болуы керек. Өндірістің санитарияда жұмыс аймағы ауасн желдету,таза суық және ыстық сулармен қамтамасыздану,канализация желілерінің дұрыс жұмыс істеуі үлкен маңызға ие. Киім ауыстыратын жайлар (гардеробные). Арнайы киім берілетін жайлар екі бөліктен құралады:лас киімдерді сақтайтын жай және таза киімдерді сақтайтын жай. Бұндай жайларда әр киімдерді сақтайтын шкафтар болуы керек. Бұл шкафтар киім ілгішке арналған көлденең таяқ,бас киім қоятын,аяқ киім қоятын жерлер жіәне жуғыш заттарды қоятын жерлермен қамтамасызданған болуы керек. Шкаф есігінде жоғарғы және төменгі жақтарынан тесіктер болуы керек,бұл шкаф іші желденіп тұру үшін қажет. Шкаф саны жұмыскерлердің тізім санымен бірдей болуы керек. Кейбір өндіріс орындарында таза киім үшін шкафсыз ашық бөлмелерде болады. Бұл бөлмелер киім ілетін ілгек пен иықшалармен бас киім,аяқ киім қоятын орындармен қамтамасызданған болу керек. Киім ауыстыратын жайлардың жанында қол жуатын және жуынатын (душ) бөлмелер болуы керек. Бұл бөлмелер суық және су араластыратын крандармен душтармен қамтамасызданған болуы керек. Бұл жайларда еркектердің және әйелдердің дәретханалары жұмыс істеуі керек. Денсаулық сақтау бөлмелері. Көбірек санды ауысымда 100-ден аса әйелдер істейтін болса,онда әйелдердің жеке гигиеналық бөлмелері жұмыс істейді. Әйелдердің жеке гигиеналық бөлмелерінде киім шештін жер,процедуралық кабиналар (ем қабылдайтын),бұл кабиналарда гигиеналық душтар немесе қол жуғыштар (4 кабинаға1 қолжуғыш). Көпшілік асханалары. Өндіріс орындарында мынадай асханалар жұмыс істейді:жалпы,диетикалық және емдеу профилактикалық. Егер адам саны 200-ден астын ауысымдар жұмыс істейтін болса,онда тамақты өзі дайындайтын асханалар жұмыс істейді,ал адам саны 200-ден аз болған ауысымдарда тамақ басқа асханалардан тасылып әкелінуі мүмкін. Жұмыс аймағынығ ауасы. Адамның жұмыс істеу қабілеті қоршаған ауаның температурасымен,ылғалдылығымен,ауа қозғалысының жылдамдығымен тікелей байланысты. Адам организмінің қоршаған ортамен байланысы екі арада жылу алмасу арқылы жүреді. Ал адамнан жылу бөлінуі ол адамның жұмысының түріне және қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайына тіккелей байланысты. Адам энергиясының жұмсалуына байланысты жұмыстар үш түрге бөлінеді:жеңіл,орташа және ауыр дене жұмыстары. Жеңіл дене жұмыстарына (1 категория) жүйелі түрде дене күшеністері жоқ,(ауыр нәрселерді көтеру,тасу жұмыстары жоқ)отырып,тұрып немесе жүріп істейтін жұмыстар жатады. Бұндай жұмыстарға 172Дж/с артық күш жұмсалмайды. Орташа дене жұмыстарына (11 категория),салмағы 10кг дейін жүктерді тасымалдаумен байланысты және оған байланыссыз да көп жүретін,отырып,тұрып істейтін жұмыстар жатады. Бұларға кететін күш 232-293Дж/с шамасында болады. Орташа дене жұиыстарына (111 категория) жүйелі түрде:ауырлығы 10кг асатын жүктерді тасымалдап,қозғалып істейтін жұмыстар жатады. Бұндай жұмыстарға 293Дж/с көп күш жұмсалады. Артық жылуы көп емесжайларға артық жылу 23Дж/(м3*с).аспайтын жайлар жатады. Жұмыс орнындағы температура 28оС аспауы керек. Ауаның ылғалдылығы салыстымалы ылғалдылығы 40-60% шамасында болу керек (жұмыс орнында),кейбір жағдайларда 75% дейін ылғалдылыққа рұқсат береді. Ауа жылдамдығы (жұмыс орнында) суық кездерде 0,2-0,3м/с,ал ыстық күндерде 0,2-0,5м/с болуы керек. Жұмыс орнындағы аппараттар,машиналар дұрыс істелмген жағдайда жұмыс аймағына зиянды заттар бөлінуі мүмкін. Мынадай жағдайларда заттар зиянды болып есептеледі. Бөлінген заттар адам организміне тиген жағдайда (іштей және сырттай) өндірістік жарақат,кәсіптік ауру әкелсе немесе басқа да бір денсаулықтың ауытқуы қазіргі белгілі әдістермен зерттегенде білінетін болса және бұл тек жұмыс мерзімінде емес,оның кейінгі өмірінде және оның келешектегі ұрпақтарының өміріне зиянды әсер әкелетін болса,бұл заттар зиянды болып табылады. Еңбекшілердің денсаулығын қорғау үшін жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шектік рұқсат концентрациялары (ШРК) белгіленген. Бұл (ШРК) адамдар күніне 8 сағ немесе аптасына 40 сағ жұмыс істегенде,оның жұмыс стажы кезінде,бүкіл өмірінде және одан кейінгі ұрпақтарына зиян келтірмейтін зиянды заттардың концентрациясын белгілеп береді. ГОСТ 12.1.007. «ЕҚСЖ. Зиянды заттар топтарға бөлу және жалпы талаптар» стандарты бойынша зиянды заттар төртке бөлінеді: 1. –топ (класс)- өте(аса) қауыптты заттар 2. –топ-жоғарғы қауыпты 3. –топ-орташа қауыпты 4. –топ-аз қауыпты. ДӘРІС 7 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|