ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жұмыс жағдайына байланысты өндіріс орындарын аттестациялау.Қауіпсіздік техникасы дегеніміз жұмыс істеушілерге келетін қауіпті өндірістік факторларды болдырмаға бағытталған ұйымдық шаралардың,техникалық құрамдардың жүйесі болып табылады. Қауіпті өндірістік факторлар дегеніміз жұмыс істеушіге белгілі бір жағдай туғанда жарақат әкелетін немесе басқа бір денсаулықты бірденеден нашарлатуға әкелетін өндірістік факторларды айтады. Кауіпсіздік техникасының ережелері еңбектің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыздандыратын техникалық жіне ұйымдық шараладың кең ауқымыды комплексін іске асыруды көздейтін құқықтық нормалар мен талаптар болып табылады. Қауіпсіздік ережелерін,нұсқауларын дайындау және оны жұмыс орындарына жеткізу әкімшілік-техникаық басшылардың міндеті болып табылады,ал оларды орындау өндірісте істейтін барлық жұмыскелерге,жұмысшыларға ең бірінші тиісті болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ) (Система стандартов безопасности труда-ССБТ) мыналардан тұрады:Мемлекеттік стандарт (МЕСТ),саналық стандарт (ССТ) және кәсіпорын стандарты (КСТ). ЕҚСЖ негізгі құрайтын стандарттарға мыналар жатады:МЕСТ 12.0.001-82.«ЕҚСЖ. Негізгі ережелері»,МЕСТ 12.0.001-82. «ЕҚСЖ.Негізгі түсініктер,терминдер және анықтамалар» т.б. Жоғарыдағы аталған стандарттар бүкіл мемлекет ішіндегі өндіріс орындарын тиісті болып табылады,ал салалық және кәсіпорындық стандарттар сол жоғарыдағы мемлекеттік стандарттарды негізге ала отырып белгілі бір өндіріс саласы бойынша және өндірістік кәсіпорынның ішкі ережелеріне қарай жасалады және сол кәсіпорынның ішінде орындалуға тиісті болып табылады. ЕҚСЖ стандарттарын енгізу. Тиісті саладағы кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ орталық комитетінің техникалық инспекциясының қатысуында жүргізіледі. ЕҚСЖ стандарттары өндірістік жабдықтарға жасалады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша талаптар мен нормаларға және де өндірістік процестегі қауіпсіздік талаптарға жасалады. Стандарттың барлық нормалары,көрсеткіштері және талаптары кәсіпорында түгелдей орындалған болса,онда ол стандарт кәсіпорынға енгізілген болып есептеледі. Еңбек физиологиясы- физиологиялық процестердің заңдары мен адамның еңбек тіршілігіндегі ерекшеліктерді реттестіруді үйретеді. Физиология екі мәселені шешеді: 1.Жоғарғы еңбек өнімділігіне жеткізетін жұмыстық процестердің ыңғайлы сипаттарын анықтау; 2.Адамдарды жайсыздық факторлардан қорғайтын шараларды жасау. Еңбек физиологиясының маңызды факторларына жұмыстық қабілет, жалығу, шаршау, назар, есте ұстау, еңбек пен демалыс режимдерін жетілдіру жатады. Жұмыстық қабілет жұмыс ауысымы кезінде және де жұмыс апта- сының ішінде үш фазалық өзгеріске түседі: а) Жұмыс істеуші адамның аптаның алғашқы күндерінде жұмыс режи- міне кіруіне байланысты оның жұмыстық қабілеті өседі; б) Аптаның ортасында (3-4-күндері) жұмыс қабілеті өзінің ең жоғарырақ биігіне көтеріледі; в) Аптаның аяғына қарай жұмыстық қабілет жайлап төмендейді. Сол үшін ең күрделі және көп еңбек қажет ететін жұмыстарды аптаның 3-ші және 4-ші күндеріне қойған дұрыс болады. Жалығу дегеніміз- адамның физикалық және психикалық жағдайының төмендеуі болып табылады, нәтижесінде оның еңбегінің тиімділік әсері төмендейді. Жалығу организмнің зиянды әсерлерге қарсыласуын төмен- детедіойша жұмылдыру қасиетін жайлатады тіпті бақытсыздық жағдайға ұшыратуы да мүмкін. Шаршау дегеніміз - жалығудың келген түрін дененің сезінуі болып табылады. Егер жалпы биологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, шаршау дегеніміз бұлшық ет күштерінің және нерв жүйесінің дұрыс қызметінің жайлап әлсіреуінен келетін зияннан қорғайтын организмнің ең маңызды механизмі болып табылады. Назар (көңіл қою, көңіл аудару) дегеніміз- адамның психиялық тіршілігінің қайсы бір объектке немесе қимылға ойша жинақталуы және бағытталуы болып табылады. Ол адамның өзінің психиялық қызметін күштендіруінің нәтижесінде келеді және соны белгілі бір мерзімге дейін ұстап тұра алады. Егер осы жағдайда назар бірте-бірте төмендейді және ол басқа орталықтарға беріле бастайды. Нәтижесінде жалығу пайда бо- лады. Ал бұл жалығуды келтіру үшін жұмыста үзілісжасау керек. Есте сақтау- адамның бұрынғы көріністерді тәжрибені ойда (санада) сақтау және қайта шығару қабілеті болып табылады. Жақсы және нық есте сақтаушылық жұмыскерлердің дене жұмысында болсын, не ой жұмы -сында болсын біліктілігін арттыруға мүмкіншілік береді. Еңбек пен демалыс тәртібін (режимін) тиімділікке келтіру дегеніміз- жұмыстың, демалыстың, тамақтану мен ұйқының нақты белгіленген тәртібі болып табылады. Жаұсы ұйымдастырылған тәртіп жоғары еңбек өнімділі- гін сақтауға, жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтауға және олардың жұмыс қабілетін қолайлы деңгейде ұстап тұруға жағдай жасайды. ДӘРІС 5 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|