ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Курстың мақсаты. Еңбекті қорғаудың заңнамалық және ұйымдастыру негіздері .Еңбекті қорғаудың маңызы мен мақсаты Еңбекті қорғау дегеніміз- адамдарды еңбек процесі негізінде оның қа- уіпсіздігін, денсаулығын және жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін заң- дардың, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигие- Налық және емдік-профилактикалық шаралар мен құралдардың жүйесі болып табылады. Еңбек өнімділігі еңбек жағдайымен тығыз байланысты. Ал еңбек жағ –дайы жақсы болу үшін сол еңбек ететін жер санитарлық-гигиеналық жа- ғынан ыңғайлы түрде қамтамасызданған болу керек, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауруларды болдырмайтын қазітгі заманғы қауіпсіздік техникасы ол жерде өмір сүруі керек. Сол үшін еңбек жағдайы мен оны қорғауды жақсарту және санитар- лық-сауықтыру шараларды көп енгізу халық шаруашылығының барлық деңгейдегі өндірістерінде маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Еңбекті қорғау мынадай шаралардың арқасында іске асады: 1.Еңбек қорғау туралы заңдар мен стандарттар, үкімет пен кәсіподақ ұйымдарының қаулылары, арнайы бекітілген ережелер, нұсқаулар, норма- лар ж.б; 2.Өндірістік санитария; 3.Қауіпсіздік техникасы; 4.Өрттен сақтану шаралары; ГОСТ 12.0.002-80 бойынша мынадай терминдер мен анықтамалар пайда –ланылады: Өндірістік санитария дегеніміз – жұмыс істеушілерге өндірістік зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар жүйесі болып табылады. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз- жұмыс істеушілерге өндірістік қауіпті факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар жүйесі болып табылады. Өрт профилактикасы тазалық-сақтық жұмыстары дегеніміз- адамдардың қауіпсіздігін сақтауға, оның өрістеуін шектеуге және де өртті тез өшіру жағдайларын жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техника –лық шаралардың көмекші кешені болып табылады. Қауіпті өндірістік факторларға белгілі бір жағдай туған кезде жұмыс істеушіге жарақаттану әкелетін немесе оның денсаулығын бірден тө мен- дететін өндірістік факторлар жатады. Зиянды өндірістік факторларға белгілі бір жағдай туған кезде жұмыс істеушіге ауру әкелетін немесе оның жұмыс істеу қабілетін төмендететін өндірістік факторлар жатады. Зиянды фактор өзінің әсер ету деңгейіне және ұзақтығына қарай ол қауіпті факторға айналуы мүмкін. Еңбек жағдайы дегеніміз- адамға еңбек процесі кезінде оның денсау- лығы мен жұмыс қабілетіне әсер беретін өндірістік орта факторларының жиынтығы болып табылады.Еңбек жағдайы әртүрлі факторлардың әсерінен қалыптасуы мүмкін. ГОСТ 12.0.003-74 бойынша қауіпті және зиянды факторлар өздерінің әсерлік жағдайы бойынша мынадай топтарға бөлінеді: физикалық, химия- лық, биологиялық және психологиялық. Физикалық қауіпті және зиянды факторларға мыналар жатады: Қозғалушы машиналар мен механизмдер, өндірістік жабдықтардың жыл- жымалы бөліктері, қозғалғыш бұйымдар, (материалдар, дайындамалар), бұзылушы құрылымдар, жұмыс аймақтарындағы ауаның жоғарғы шаңды –лығы мен газдануы, жабдықтардың, материалдардың беттерінің жоғарғы немесе төменгі температуралары; жұмыс аймағы ауласының жоғарғы не- месе төменгі температуралары, шудың, дірілдің, ультрадыбыстық, инфра- дыбыстық тербелістердің жоғарғы деңгейлері; Жо-ғарғы және төменгі барометрлік қысымдар және оның тез өзгерістері, жоғарғы және төменгі ылғалдықтар, ауаның қозғалыстары және оның иондануы; Иондаушы сәулелердің жоғарлаған деңгейлері; элекрт тізбегіндегі кернеудің жоғарғы мәндері; жұмыс аймағының аз жарықтануы; жарықтың шамадан тыс көбеюі; жарықтың тура және шағылысқан жарқындары; жарық ағыны күшінің тез жиі ауысу пульсі; ультракүлгін және инфрақызыл радиация деңгейінің жоғарғы мәндері; дайындаманың, құралдардың және жабдық- тардың бетеріндегі өткір қыр- лар, жарықшақтар бұдырлығы; жұмыс орнының жер бетінен едәуір биіктікте орналасуы; монтажник салмақсыздық; Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға адам организміне әсер етуші химиялық заттар жатады. Олар өзінің сипатта- рына қарай былай бөлінеді:уландырушы, тітіркендіруші және синси –белдеуші (қаттырақ ауыртушы), канцерогендік, мутагендік және репра –дуктивтік көбею. Қызметке әсер етуші көбею (тұқымданулыққа) жатады. Бұлар организм ішіне өту жолдары арқылы, асқазан-ішек жолдары бойымен,тері қабаты арқылы және ылғалдық қабықшалар арқылы. Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға пато- гендік ауру әкелуші микроорганизмдер мен олардан бөлінген заттар және де басқа микроорганизмдер (өсімдік пен жануарлар). Потагендік микроорганизмдерге бактериялар, вирустар, риккетсиялар, спирохеттер, саңырауқұлақтар жатады. Психофизикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға физи- калық және нервтік-психикалық ауыртпалықтар жатады. Физикалық ауыртпалықтар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
ДӘРІС 2 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|