ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ«Химия өндірісінде еңбекті қорғау» пәні жалпы білім беру пәндері қатарына жатып 5В072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» 5В060800-«Экология»- бакалавриат мамандығына арналып 4-ші курстың 7-ші семестрінде оқытылады. Пәнді оқыту үшін барлығы 75 академиялық сағаттар бөлінген, олар сабақтың түрлеріне сәйкес мына ретпен бөлінген: - аудиториялық сабақтар –135 сағат, - оқытушының басқаруымен студенттердің өздігінен жұмысы (СОӨЖ) –сағат,-30 - студенттердің өздігінен жұмысы (СӨЖ) –45сағат. Аудиториялық уақыт - 135 сағат көлемінде: Студенттердің білімін қорытынды (семестрлік) бақылау түрі: 4-ші курс, 7-ші семестр – емтихан, (таблица 1). Пәннің саяси-идеялық бағытының есебі Казахстан Республикасының Өкіметі мен Парламенті ұсынған техникалық деңгейді жоғарылату, өндірістің тиімділігі мен сапасын артыру, адам өмірі мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ғылыми-техникалық процестерді жетілдіру, шаруашылық механизмі мен экономиканы жетілдіру және оларды ұйымдастыруда компьютерлік-техникалық құралдарды пайдалану есептерінен анықталады. Пәннің әдістемелік бағыты: - толық және сапалы кәсіби білім және ғылым мен техниканы өз білімдеріне сәйкес басқару және автоматика салаларында қажетті кәсіби білікті, шаруашылықты максималды тиімдендіру, жоғары сапалы өндіріс құру бағытында білім беру; -өндірісті жетілдіру және талдау барысында программалық-мақсаттық әдістер мен қолданбалы әдістемелерді қарастыру; - адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін ізгілік мәдениет, этикалық және құқықтық нормалар мен өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетті ойлау мен пайымдау мәдениетін игеруге бағыт беру. Отандық және шет елдік алдыңғы технологиялық өндірістер негізінде, информатика- пәнін оқытуда және оны өмірде қолдану барысында, өндірісте, қоршаған ортаны қорғау саласындағы инженерледің жұмыстарын жетілдіру. Пәнді оқытуда инженерлік есептеулер әдісі қарастырылып, оның шешімін басқару барысы қарастырылады. «Химия өндірісінде еңбекті қорғау» курсындағы дәрістерде теориялық негізбен, жаңа прогрессиялық әдістер мен зерттеулер қарастырылып, практикалық және зертханалық сабақтар толықтырылып, олардың функциялық мүмкіндіктері мен есептеулері қарастырылады. Пәннің кейбір бөлімдері мен сұрақтары студенттердің өздігінен жұмысына, оның ішінде оқытушының басқаруымен студенттердің өздігінен жұмысына бөлінген. Курс қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|