Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар системасы. Қадағалау, тексеру және жауапкершілік.




 

Еңбек қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) дегеніміз- еңбекті қорғау

мәселерін шешу жөніндегі жоспарлары мен бағдарламалық-мақсаттық қызметті ұйымдастыруға бағытталған басқарушы әсерлердің және сол басқарудың әдістерімен құралдарының жиынтығы заңдар және нормативті құжаттармен тәртіптелген болып табылады.

ЕҚБЖ нормативті негіздеріне мыналар жатады:

1. еңбек туралы заңдар

2. Министр кабинетінің еңбек қорғау туралы қаулылары мен өкілдері

3. еңбек қауіпсіздігінің стандарттық жүйелері

4. стандарттар мен техникалық шарттардың «Қауіпсіздік талаптар жөніндегі тараулар»

5. мемлекеттік қадағалау органдары, министрліктер, ведомостволар бекітілген еңбек қорғау мәселелеріне арналған нормалар, ережелер, тәртіптер, нұсқаулар

6. еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыратын құрылыстық нормалар мен ережелер (СНИП)

Заңдық акттерге (жұмыстарға) Мемлекет Конституциясы, еңбек туралы заң кодекстері (КЗоТ) және еңбек ұжымдары мен сол еңбек ұжымының олардың кәсіпорындарды, мекемелерді ұжымдарды басқарудағы рөлін күшейту туралы заң жатады.

Заңдар еңбек қорғау туралы қажетті нормативті-техникалық құжаттар- ды қарастырады. Ал еңбектің қауіпсіздігін дұрыс жағдайларын қамтама- сыздандыру үшін арнайы нормалар мен ережелер ГОСТ, ССБТ және оны орындаудың міндеттілігі жөніндегі құқықтық акт күші бар болса да нұс- қаулар жұмыс істейді.

Еңбек туралы заң халық шаруашылығының бірыңғай барлық салалары үшін бірыңғай және салааралық және салалық еңбек қорғау туралы ере -желердің болуына жол береді.

Барлық салаларға тиісті бірыңғай ережелер ведомоствалық бағынушы -лығына қарамай барлық салалар үшін міндетті болып табылады. Сала -аралық ережелер халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда- ланылатын жұмыс түрлері мен технологиялық процестерге тиісті болып табылады. Бірыңғай салаларға және салааралық ережелерді Министрлер кабинеті орталық кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып бекітеді. Бұндай ережелерді Министрлер кабинетінің тапсыруымен басқа да мемлекеттік органдар тиісті кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп бекітуі мүмкін.

Объекттерді жобалауда, құрылыста және оны пайдалануда еңбек қа -уіпсіздігін қамтамасыздандыру талаптарға кірген негізгі салааралық бір -ыңғай ережелерге өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалар (СНПП), құрылыстық нормалар мен ережелер (СНиП) ж.басқа да мемлекеттік құрылыс жасап және бекітетін нормалар жатады.

Салааралық көп ережелер Мемтау-техник бақылау (Госгортехнадзар) органдарымен жасалады және солармен бекітіледі. Мысалы: «Үлкен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымы мен қауіпсіз пайда- лану ережелері», «Лифттердің құрылымы мен оны қауіпсіз пайдалану ережелері» т.б. сол сияқтылар.

Ал салалық еңбек қорғау туралы ережелер мен нормалар халық шар-

уашылығының тек белгілі бір саласында ғана қолданыс табады. Бұларда тиісті Министрліктер, ведомоствалар мемлекеттік бақылау органдарына тиісті кәсіподақ ұйымдарының орталық ұйымдарымен келісіп бекітеді.

ДӘРІС 3






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных