ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мекемедегі еңбекті қорғауды басқаруЕңбек кодексі. Негізгі ұғымдар Еңбек дегеніміз- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі болып табылады. Еңбек қатынастары дегеніміз- тараптардың әдетте неше еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынас- тар болып табылады. Жұмыс берушінің актілері дегеніміз -жұмыс берушінің (оның өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтар, үкімдер, нұсқаулар, ішкі еңбек тәртіп ережелері) болып табылады. Жеке еңбек шарты дегеніміз- қызметкер мен жұмыс берушінің ара -сында жазбаша түрде жасалатын екі жақты келісім. Ол бойынша қыз-меткер жұмыс берушінің актісін атқара отырып,белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңды тараптардың өзара келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында толық төлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары дегеніміз- белгілі бір өндіріс факторла- рының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары болып табылады. Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары дегеніміз- белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдай-да қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе оның жарақаттануына, не қайтыс болуына әкелетін еңбек жағдайлары болып табылады. Ауыр дене жұмыстары дегеніміз- қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызметтерінің түрлері не 300ккал/сағ. Астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстар болып табы -лады. Демалыс уақыты дегеніміз -қызметкердің еңбек міндеттерін орын- даудан бос және оны өз қалауыбойынша пайдалана алатын уақытын айтады. Жалақы дегеніміз - істелінген еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін ақы (табыс) болып табылады. Ұжымдық шарт дегеніміз - бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар, не кәсіптік одақтарға мүше емес, бірақ келісім сөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде хатталған құқықтық акт болып табылады. Қызметкер –жұмыс беруші мен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. Жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңдық немесе жеке тұлға. Жұмыс уақыты-қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек міндеттері- қызметкер мен жұмыс берушінің жеке еңбек шарты мен байланысты міндеттемелері. Еңбек қатынас жағдайлары -еңбекке ақы төлеу,оны қорғау мен нор- малау жағдайы, жұмыс режимі, мамандықтарды (қызметтерді) қоса атқару мүмкіндігі мен тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттар тараптарының келісімі бойынша өзге де жағдайлар. Кемісітушілікке тыйым салу- өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға әркімнің де тең мүмкіндіктері бар. Жынысына,жасына, нәсіліне, ұлтына, біліміне, мүлік және қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дініне, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байла – нысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге тиіс емес немесе оларды іске асыруда қандайда бір артықшылықтар алуға да тиіс емес. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары норма- тивтік актілермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледі. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын тараптар біржақты тәр- тіппен өзгерте алмайды. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады. Мәжбүрлі еңбекке тек сот үкімі бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған кезде ғана жол берілед ДӘРІС 4 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|