ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ызметкерлердің жекелеген санаттарының (категорияларының) еңбек қатынастарыМаусымдық қызметкерлерге табиғи бойынша және климат жағдайларына байланысты (бүкіл күнтүзбелік жыл емес) алты айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер жатады. Үйінде жұмыс істейтін қызметкерлерге өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші берген жабдықтар мен құрал-саймандарды пайдалана отырып өз үйінде отырып жұмыс істеуге жұмыс берушімен келісім еңбек шарқа отырған адамдар жатады. Вахтаның әдісімен жұмыс істейтін адамдарға қызметкерлердің тұрғылықты жеріне күн сайын қайта оралуына мүмкіндігі болмайтын алыс жерлерде еңбек процесін айырықша процестермен жүргізетін адамдар жатады. Объектідегі жұмысты орындау мен вахталық поселкадағы ауысым ара -сындағы демалыс кезеңі күнтүзбе бойынша 15 күннен аспауы керек. Жұмыс беруші жекелеген объектідегі вахтаның ұзақтығын сло жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша отыз күн күнтүзбелік күнге дейін белгілей алады. Жұмыс вахтаның әдісі бір жылдан аспайтын белгілі бір кезең ішіндегі (ай, тоқсан, бір жыл) жұмыс уақытының жиынтық есебі бойынша белгіле- неді. Бұл орайда есептік кезең ішіндегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы заңда белгіленген нормадан аспауы тиіс. Жұмыс уақыты Жұмыс уақыты дегеніміз - енбек шартының талаптарына сәйкес қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға тиісті уақыт мөлшері болып табылады. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына сағаттан аспауы тиіс. Қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін жұмыс уақыты бойынша қысқартылуы мүмкін: А) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына жиырма төрт сағаттан аспайды, он алтыдан он сегізге дейінгі қызметкерлер үшін аптасына отыз алты сағаттан аспауы керек. Б) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда жұмыс уақыты отыз алты сағаттан аспауы керек. Жұмыс істеу уақытының ұзақтығын және (қысқарған) өндірістердің, цехтардың ж.б. тізбесін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Қызметкерлер үшін (екі демалыс күні бар) бес күндік жұмыс аптасына белгіленуі мүмкін. Мұнда жұмыс аптасының жалпы белгіленген ұзақтығы (қырық сағат)сақталуы керек. Алты күндік жұмыс аптасы қырық сағаттық кезінде күнделікті жұ-мыстың ұзақтығы жеті сағат тан аспауға, отыз алты сағаттық жұмыс аптасында күніне алты сағаттан және жұмыс уақыты жиырма төрт сағаттың аптада жұмыс күнін төрт сағаттан аспауы керек. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасын жұмыс беруші жеке немесе ұжымдық шарт талаптарының негізінде белгіленеді. Түнгі жұмыс уақыты деп кешкі жиырма екі сағаттан бастап таңғы алты сағатқа дейінгі уақыт аралығын айтады. Мерзімінен тыс жұмыстар деп аптасына қырық сағаттан артық істелінген жұмыстарды айтады. Әрбір қызметкер үшін мерзімінен тыс жұмыс (отыз алты сағат, жиырма төрт сағат) артық. Бір күнтүзбелік күн ішінде жалпы қызметкерлер үшін екі сағаттан, ал ауыр және зиянды жұмыстар істейтін қызметкерлер үшін бір сағаттан аспауы тиіс. Өте зиянды және өте қауіпті жұмыстарда мерзімінен тыс жұмысқа рұқсат берілмейді. Қызметкерлердің келісімінсіз мерзімінен тыс жұмыстарға мынадай ерекше жағдайлар жатады: А) елдің қорғанысы үшін және төтенше жағдайларда, өндірістік авария (апат) қауіпі бар жағдайларда. В) сумен және газбен және тағы басқа қоғам тіршілігі үшін өте қажетті жағдайлар бұзылған жағдайда. Г) жұмыс ауысымы кезегінде ауыстырушының келмей қалған жағдайларында заңдағы көрсетілген мерзімнен тыс жұмыстық уақытқа рұқсат беріледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|