Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Натурал жасыл бұршақ консервісі




Дәріс. Консерві және тағамдық концентраттар технологиясының негіздері. Консерві және тағамдық концентраттардың жіктелуі.

Дәріс жоспары:

1. Көкөніс консервілерінің жіктелуі. Натурал көкөніс консервілері

2. Натурал жасыл бұршақ консервісінің технологиясы

3.Тәтті жеміс консервілері. Тосап жасау технологиясы

4.Тағамдық концентраттардың жіктелуі

5. «Жарма көжесі» біріншілік түстік тағам концентратының технологиясы

6.Татымдық түрлері, өндіру технологиясы

7. Құрғақ таңертеңгілік астар және олардың қауіпсіздігі

Көкөніс консервілері былай жіктеледі: натурал, дәмтағам, түстік, толықтырғыш, балалар тағамы және диеталық тамақтануға арналған

НАТУРАЛ КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕРІ

Бұл консервілерді бірінші және екінші тағамға салат ретінде салқын күйінде пайдаланады. Олар аспаздық өңдеуді қажет етпейді және алғашқы қасиетін толық сақтаған консервілер болғандықтан, оларды натурал деп атайды. Олар дайындалған көкөністерге қант немесе тұз ерітіндісі, немесе олардың қоспасы құйылған және жабылып стерилденген консервілер. Натурал консервілерді өндіру үшін мынадай шикізаттар қолданылады: жасыл бұршақ, қызылша, жүгері, қызанақ (консерві өндірісінде оларды томат деп атайды), гүлді қырыққабат, тәтті бұрыш т.б.

Натурал жасыл бұршақ консервісі

Консервілеуге жарамды жасыл бұршақ - тұқымдары техникалық пісіп - жетілген, мөлшері бойынша біртекті (диаметрі 9мм), жұқа қабықшалы, түсі жасыл, консистенциясы жұмсақ, дәмі тәтті болуы керек. Мұндай бұршақтың химиялық құрамында 15-20 % құрғақ зат, соның ішінде белок 50-67 %, қант

5 %, қышқылдығы 0,1 %, май мөлшері 0,15-0,25 % болу керек. Сапасы бойынша жасыл бұршақты 3 сортқа бөледі: жоғарғы, бірінші және екінші сортты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных