ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Парламентаризм әлеуметтануыАнглиядан бастау алған өкілеттік билік 1. Өкілеттік билік бастауы Ең алдымен Британия емес, Англия атауын қолданамыз. Себебі 1707 ж. Шотландия, Англия және Уэлспен «Ұлыбритания» мемлекетіне бірігуге келісім берді. Сол себепті Британия осы жылдан кейін болған оқиғаларға қатысты қолданылады. Сөйтіп қазіргі күйіндегі өкілеттік билік өз бастауын Англиядан алады. Англияда өкілеттік билік дамуына үш құжат өте үлкен әсер етті. Бұлар: Еркіндіктің Ұлы Хартиясы (1215), Құқықтар туралы Петиция (1628) және Құқықтар туралы Ағылшын биллі (1689). Бұл құжаттар үлкен қоғамдық сілкіністер кезеңінде дүниеге келді. Ағылшын тарихы қоғамдағы ең беделді күштер арасындағы билік үшін қанды күрестен бастау алды. Бұлар король билігі, ақсүйектер мен дін иелері еді. 13 ғ. бастап екі саяси күш король билігі мен Парламенттің қарсы тұруы кейінгі оқиғалар желісін айқындады. Парламент ең басында монарх жанында ақсүйектер құрған кеңесті орган болды. Уақыт өте келе ол мемлекеттің ең ықпалды топтарының өкілдерін біріктірген билік тармағына айналды. Жүздеген жылдар бойы монарх пен Парламент билік үшін күрес жүргізді. Бұл қақтығыстар ең соңында король билігін шектейтін бірнеше аса маңызды мемлекеттік заңдар қабылдаумен аяқталды. 1215 жылы король Иоанмен соғыста жеңіске жеткен барондар, оны Еркіндіктің Ұлы Хартиясын қабылдауға мәжбүр етті. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы король билігін шектеген заң болды. Соған қарамастан осы заңда король билігінің орындарын бақылау мәселесі шешусіз қалды. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы барондарға, егер король заңды бұзса, оған қарсы соғыс жариялау құқығын берді, бірақ бұл ел басқару ісіндегі ақылды кепілдік емес еді. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы қабылданған кейінгі соңғы жүзжылдықта бұл мәселені шешудің жаңа бейбіт жолдары табылды. Ортағасырлық Англияда король ел басқару ісінде Кеңес пікіріне сүйеніп отырды. Король жанындағы Кеңес Парламент деп аталды. Бұл атау француз тілінен келген parler – сөйлеу дегенді білдіреді. Басында оның мүшелері елдегі ықпалды ақсүйектер мен жоғары дінбасылар болды. Соңынан, біртіндеп Кеңес мүшелерінің саны қоғамдағы әртүрлі топтар өкілдері есебінен кеңи түсті және осыған байланысты ол көптеген топтар мүдделерін қамтитын мәселелерді шеше бастады. XIV ғ. Парламент екі бөлікке бөлінді: 1) лордтар палатасы ықпалды, ірі ақсүйектер мен жоғары дін басылары мүддесін қорғаса; 2) қауымдар палатасы бай, елде ықпалы мол азаматтар мүддесін қорғады. Қауымдар палатасында шағын дәулетті ақсүйектер (олар корольдықтық әртүрлі графтықтарынан жиналды), қалалар өкілдері болып табылатын бай көпестер мен қолөнершілер мәжіліс құрып отырды. Парламент мемлекеттің өкілеттік институтына айналды. Парламент арқылы король ең маңызды заңдарды өткізіп отырды және өз бағыныштыларына жаңа салықтар салып отырды. Мыс., Генрих VІІІ парламент беделінің арқасында католик шіркеуінен қол үзіп, англикан шіркеуінің негізін қалады. Парламент арқылы бағыныштылар корольға өз мұң-мұқтаждарын жеткізіп отырды. Біртіндеп Парламенттің ағылшын мемлекетіндегі аса маңызды билік институтына айналғаны сонша, корольдың өзіне ызғар көрсете бастады. XVII ғ. Стюардтар династиясы мен Парламент арасындағы ақша, дін, сыртқы саясат мәселелеріне байланысты туындаған алауыздықтар елде қанды қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Бұл қақтығыстар аса маңызды төмендегі мәселені шешуі тиіс болды: а) король билігінің парламент келісімі мен бекітілген заңға тәуелсіз әрекет жасау құқығы бар ма? әлде; б) король билігі Парламент билігінің басымдылығына мойын ұсынып, ел басқаруды тек Парламент арқылы ғана жүргізуі қажет пе? Король Карл I өлім жазасына тартуға, Иаков II елден қуылуы мен азамат соғысына әкелген бұл қақтығыстарда ағылшын және американ конституциялық құрылыстарының болашақ тағдыры шешілді. XVII ғ. конституциялық егес ағылшын саяси өміріне кейінгі конституциялық ұстанымдар мен өкілеттік билік дамуына үлкен әсер еткен бірнеше оқиғалар өрістеуіне әкелді. Осы оқиғалар қорытындысында 1628 ж. аса маңызды құжат Құқықтар туралы Петиция өмірге келді. Король Карл I парламент келісімінсіз, заңсыз шаралар қолдану жолымен азаматтардан қаржы жинау шараларын бастады. Мыс., ол өз бағыныштыларынан үйлеріне солдаттар орналастырып, оларды толық қамтамасыз етуді талап етті. 1628 ж. Парламент короьді Құқықтар туралы Петиция қабылдауға мәжбүр етті. Бұл құжат салықтарды Парламент келісімімен жинау, солдаттарды қазына есебінен қамтамасыз ету және т.б. бағыныштылар құқықтарын бекітті. Петиция ағылшын қоғамдық санасында ешқандай Үкімет бұза алмайтын негізгі құқықтар болуы қажеттігі сенімін бекітті. Құқықтар туралы Петиция өмірге келуіне мұрындық болған Парламент жетекшілерінің бірі, заңгер сэр Эдуард Кох болды. Кох ағылшындар құқығының қорғаушысы есебінде тарихта қалды. Ол құқықтар туралы Петицияны ағылшындардың Қадым заманнан келе жатқан құқықтарының заңды бекітілуі деп атады. 1678 жылы Парламент «дене тиістілігі» актісін қабылдады. Бұл бойынша ағылшын монархтары өз азаматтарына «дене тиістілігі» заң құжатын беруге мәжбүр болды. Бұл құжат ағылшын билік орындарынан тұтқындалған азаматты сотқа әкеліп, ұсталу себептерін түсіндіруді талап етті. Егер себептер жеткіліксіз болса, азамат еркіндікке жіберілуі қажет. Өкілдер отырысы сотына құқық-ағылшын азаматтары иеленген ең алғашқы құқықтардың бірі. Қазіргі кезде осы сот институты еркін қоғамның ең басты тіректерінің біріне айналды. Өкілдер отырысы соты жауапқа тартылған азаматтың тұрғылықты жерінде өтеді. Осы жер тұрғындары жауапқа тартылушының қорғаушысы мен король прокурорының сөздерінен кейін шешім шығарды. Олар азаматты жауапқа тарту туралы вердиктіні бірауыздан шығару керек. Сонымен қатар егер заңның өзі әділетсіз деп санаса өкілдер отырысы соты азаматты ақтап жібере алады.
2. Құқықтар туралы ағылшын биллі Король мен Парламент күресі 1688 ж. Ұлы революциямен аяқталды. Парламент толық билік өкілеттігін иеленді. Король Иаков II тақтан тайдырылып, елден кетуге мәжбүр болды. Оған себеп Иаков II католик дінін Англияның ресми діні қылып жариялауға бағытталған заңсыз іс-әрекеттері болды. Төңкерістік тақ мұрагерлігі туралы Актіге сәйкес патшазада Вильгельм мен ханшайым Мария таққа отырды. Бұл үшін оларға құқықтар Декларациясын қабылдау талабы қойылды. Декларация Парламент шешімімен заңға айналып, Құқықтар туралы Билль аталды. Құқықтар туралы Билль - өмірде нақты қолданыс тапқан заң құжаттарының ең алғашқыларының бірі болды. Оның ең басты мақсаты монарх билігін шектеп, ең шешуші билік көзін Парламент қолына беру және ағылшын шіркеуін қандай да болмасын діни өзгерістерден сақтау болды. Ағылшын Биллінде кейін американ тәуелсіздік Декларациясы мен Конституциясында көрініс таптан құқық пен мемлекет құрылымы туралы көптеген идеялар болды. Мыс., азаматтардың өкілдер отырысы сотана құқығын, қатаң жазалауды шектеу, билікті сынау құқығын, өзін қорғау үшін қару ұстау құқығын бекітті. Сонымен қатар баспасөзді бақылау (цензура) актісінің күшін жойды. Парламент ішінде сөз еркіндігі құқығы берілді. Ағылшын құқықтар туралы Биллі мен американ Биллінің екі негізгі айырмашылықтары бар: 1. Ағылшын Биллін Парламент қабылдады, Парламент оны өзгерте алады. Американ Биллін халық қабылдады, яғни ол тек конституцияға өзгерістер енгізу арқылы ғана өзгеріске ұшырай алады. 2. Ағылшын Биллінің мақсаты монарх билігін шектеп, Парламент билігін күшейту болды. Американ Биллі жеке адам құқығының бұзылуын қорғау мен азшылық құқығын қорғау мақсатын қойды. Сонымен қатар Ағылшын Биллі адамзаттың кейінгі демократиялық дамуына үлкен әсер еткен бірнеше конституциялық ұстанымдарды бекітті. Бұл ұстанымдар: 1) Заң билігі. Ағылшын Билліне сәйкес заңды Үкімет әрекет қабілетті заңдар негізіне сүйеніп қызмет атқаруы тиіс. 2) Парламенттің жоғары билігі бекіту арқылы Билль елдегі жоғарғы билік туралы мәселені түпкілікті шешті. Монарх қолында бірқатар атқару билігі қызметтерін қалдыра отырып, Билль корольді елді Парламент арқылы басқаруға міндеттеді. 3) Халық келісімі мен қоғамдық шарт негізінде билік ету. Таққа отыру шартында құқықтар туралы Биллді мойындау бекітілді. Бұл дегеніміз басқарушылар мен бағыныштылар арасындағы өзара келісімге негізделген мемлекеттік басқару ұстанымын бекіту болып табылды. XVIII ғ. көптеген еуропалықтар британ мемлекеттік құрылымын жоғары бағалады. Оларды британ бағыныштылары ие бостандық, Британ империясының күш-қуатының өсуі қатты таң қалдырды. Британ мемлекеттік құрылымын қызу қолдаушылардың бірі француз пәлсапашысы Монтескье болды. Монтескье британ мемлекеттік құрылымына монархиялық басқару формасының ең үздігі король билігі мен лордтар палатасы және демократиялық басқару формасының ең үздігі қауымдар палатасы біріккен ең озық құрылым ретінде бағалады. Бұл классикалық республикалық басқарудың ең озық үлгісі. Монтескье пікірінше британ мемлекеттік құрылымында бір-бірінен тәуелсіз атқару, заң шығару, сот биліктері бар билік бөлінісі ұстанымы іске асырылған. Британ конституциясы монарх пен қос палаталы Парламент арасында күштер теңдігін сақтады. Судьялар король мен Парламент еркінен тыс әділетті шешімдер қабылдауға құқықты болды. Осы модел кейін бір-бірін тежеу мен күштер теңдігіне сүйенген билік бөлінісі ұстанымының барлық демократиялық мемлекеттерде қабылдануына негіз болды.
Американ парламентаризмі 1. Өкіметтік билік идеялары Орталық Британ Үкіметіне қарағанда колония Үкіметі билік тармақтарының қатал бөлінісіне мүдделі болды. Себебі жаңа қоғамда, тұрақтылық сақтайтын әлеуметтік жіктеліс жүйесі болған жоқ, яғни адамның тегі ешқандай роль ойнаған жоқ. Осының орнын қатал билік бөлінісі жабуы тиіс деп саналды. Колонияда өкілеттік билік институттары қаптап өсті. Бұл үрдіс ең алғашқы колониялар негізі қаланысымен басталды. Ең алғашқы өкілеттік ассамблея 1619 жылы Вирджинияда шақырылды. Колонистер өкілеттік биліктен екі қажеттілікті көрді: 1. Өкілеттік билік адамдар құқығын бұзуды қажетсінбейтіндігіне сенім. 2. Өкілеттік билік өзін сайлаған адамдар құқығы мен бостандығын қорғайтындығына сенім. Колонияда билік үш тармаққа бөлінді: 1) Атқару билігі, губернаторлар заңдар сақталуы үшін жауапты болды. 2) Заң шығару билігі – халық өкілдері тұрғындар үшін ең қажетті заңдар шығарумен шұғылданды. 3) Сот билігі - соттар мен магистраттарды губернатор тағайындағанмен, өз шешімінде олар заңға ғана сүйенді. Билік үш тармаққа бөлінгенімен, олардың арасында бір-бірін тежеу мен бақылау жүйесі құрылды. Губернатор билігін шектеу: 1) заңгерлер келісімінсіз салық, жинай алмау; 2) магистрат сотысыз түрмеге қамай алмау; 3) өзін материалдық қамтамасыз етуді өз еркімен шеше алмау. Заң шығару билігін шектеу: 1) заң қабылдарда вето құқығы бар губернатор келісімін алу; 2) шығарылған заңдар Англия заңына қайшы келмейтіндігі туралы сот қорытындысын алу қажеттігі. Сот билігін шектеу: 1) оларды губернатор тағайындады; 2) егер судья өз міндетін атқара алмаса, оны губернатор не заң шығарушылардың өкілеттігінен айыра алуы; 3) тақ бағыныштыларының өкілеттік отырыс сотына құқығы болуы. Америка колониялары тәуелсіздікке ие болған соң, өз өкілеттік билік органын құру ісін қолдарына алды. Ұлттық заң шығару жиыны Конгресс екі палатадан тұру қажеттілігі алға тартылды. Өкілдер палатасына депутаттарды әрбір штат тұрғындары тікелей сайлайды. Сенат штаттар заң шығару жиындары ұсынған тізім бойынша өкілдер палатасы мүшелерінен құрылады. Сенат пен өкілдер палатасындағы штат өкілдері саны тұрғындар саны мен штаттың федералды қазынаға төлеп тұрған қаржы мөлшеріне қарай айқындалды. Бұл бөліктік өкілеттік жүйесіне сәйкес тұрғындары көп штаттар өкілдері көп орынға ие болды. Вирджиния жобасы Ұлттық Үкіметтің заң шығару тармағын келесі өкілетті құзырмен қамтамасыз етті: 1) жекелеген штаттар қабылдауға қабілетсіз заңдар шығару, мыс., екі не одан да көп штаттар араларындағы сауда қатынастарын реттеу; 2) ұлттық мүддені бұзатын, ұлттық конституцияға қайшы келетін жекелеген штаттар заңдарының күшін жою; 3) басқа мемлекеттерге соғыс жариялау мен конгресс қабылдаған заңдардың орындалуын бақылау; 4) атқару және сот биліктерінде қызмет атқару үшін азаматтар таңдау. Вирджиния жобасындағы штаттар өкілеттігі мәселесі үлкен дау-дамай тудырды. Көптеген штаттар өкілдері Ұлттық заң шығару жиынының екі палатасы да бөліктік өкілеттілік жүйесі бойынша сайлауын жақтады. Делегаттар пікірінше халық атынан билік құратын Ұлттық Үкімет барлық халыққа бірдей сайлау құқығын беруі қажет. Тұрғындар саны аз штаттар өкілдері әрбір штатқа тең өкілеттілік берілуін талап етті. Олар Ұлттық заң шығару жиынында тұрғындар саны көп штаттар шешуші позицияларға ие болып кетеді деп қорықты.
АҚШ заң шығару билігінің Конституциялық өкілеттіктері Вирджиния жобасы жаңа Конституция үшін негізгі құжат болып есептелетіндігіне келіскен соң аса маңызды екі мәселе алға шықты: 1) Жаңа Ұлттық Үкімет қанша билік өкілеттігіне ие болуы қажет және 2) оның жұмысы қалай ұйымдастырылуы қажет. Конституция жақтастары ең жоғарғы билік құзіреті заң шығару тармағында болу қажеттігін түсінді. Сол себепті Конституцияның 1 бабы заң шығару тармағына арналған. Ең алғашқы тартыс Конгресс билігінің құзіреті және оның қызметінің ұйымдастырылуы төңірегінде болды. Британия дәстүрі бойынша Пенсильваниядан басқа штаттардың барлығында қос палаталы заң жиыны болды. Қалыптасқан сенімге сәйкес қос палата бір-бірінің билігін шектеп, халық құқығының бұзылмауын сақтайды деп саналды. Вирджиния жобасы қос палаталы Конгресс ұсынды. Бұл ұсыныстың қайшылыққа әкелген тұсы бөліктік өкілеттік жолымен сайлану туралы мәселе болды. Джеймс Мэдисон, Джеймс Вильсон, Руфус Кинг және т.б. тұрғындары көп штаттар өкілдері екі палатаның да саны оларды сайлаған халық санымен айқындалуы қажет деп санады. Олардың пікірінше жаңа Ұлттық Үкімет азаматтарды тікелей басқаратын болғандықтан тұрғындар саны көп штаттар өкілдерінің Конгресте көп дауыс алуы әділетті өкілеттікке әкеледі. Тұрғындар саны аз штаттар делегаттары Ұлттық Конгресте көпшілік орынсыз қалудан қорықты. Олар Конгресте тең өкілеттілік болуын талап етті. Тең өкілеттілік Ұлттық Үкімет деңгейінде әрбір штат мүддесінің бірдей қорғалуын талап етті. Екінші шілде күні Конституция құрылтайшылары Конгресте тең өкілеттік болуы мәселесіне орай дауыс берді. Қортындысында бес дауыс жақтап, бес дауыс қарсы болды. Қарсылас екі жақ ымыраластыққа барғысы келген жоқ. Делегаттар бойына конвент ешқандай шешімге келмей тарап кете ме деген қорқыныш кірді. Сол себепті құрамына әр штаттан бір делегаттан кірген арнайы комитет құрылды. Комитетке тығырықтан шығу шараларын табу ұсынылды. Вирджиния жобасының бірқатар жақтастары, соның ішінде Мэдисон мен Вильсон да бар мұндай өкілеттікке ие комитет құрылуына қарсы болды. Бірақ соған қарамастан комитет өз жұмысына кірісті. Арнайы комитет қорытындысы Коннектикут ымыраластығы аталды. Комитет Коннектикут делегаттары Роджер Шерман мен Оливер Элворт ұсыныстарын қабылдады. Бұл ұсыныс негізгі үш мәселені қамтиды: 1. Өкілдер палатасы бүкілхалықтық дауыс беру негізінде бөліктік өкілеттілік ұстанымы бойынша сайлануы қажет. 2. Сенат әр штаттың тең өкілеттігі негізінде сайлануы тиіс. Штаттың заң шығару жиыны Сенатқа екі сенатордан жіберуі тиіс. 3. Өкілдер палатасында салық салу мен мемлекеттік бюджет турасындағы барлық заң құжаттарын қабылдау құқығы болды. Тікелей салықтар әрбір штат тұрғындары санына байланысты бөліну қажеттігі бекітілді. Сенат өкілдер палатасы шешімдерін қабылдап немесе кері қайтара алады, бірақ оған өзгерістер енгізе алмайды. Уақыт өте келе Сенатқа Өкілдер палатасы қабылдаған заң актілеріне өзгерістер енгізу және өз еркімен қаржылық заң актілерін қабылдау құқығы берілді. Кез-келген ымыраластық келісімге сәйкес екі жаққа да өздерінің алғашқы позицияларынан шегінуге тура келді. Кіші штаттар Сенатта тең өкілеттілік алды. Үлкен штаттар Өкілдер палатасын бақылауға алды. Екі палата да салық салу мен мемлекеттік бюджетке қатысты үлкен өкілеттікке ие болды. Конституция жақтастары биліктік өкілеттіктері заңды құжатта дәл бекітілген, құрамы шектеулі Үкімет құрды. Әрбір билік тармағының құзіреттері дәл бекітілуі тиіс. Конгресс құзіреті Конституцияның 8 бөлімінің 1 бабында белгіленген: 1) салық салу құқығы; 2) мемлекеттік қарыздарды төлеу, АҚШ әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен федералды қорғанысты қаржыландыру; 3) ішкі және сыртқы сауданы реттеу; 4) соғыс жариялау; 5) әскер мен флот үшін қаржы жинау; 6) ақша шығару. Конституция жақтастары жаңа мемлекет билік бөлінісі ұстанымы негізінде қызмет атқаруын бекітті. Саяси зерттеуші Ричард Нойштадт пікірінше «Бұл өзара билік құзіретін бөліскен тәуелсіз билік институттарын құрған алғашқы мемлекет».
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|