Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық әлеуметтануы




 

Экономиканың әлеуметтік мазмұны

1. Капитализм

Капитализм деп жеке меншік билеу құқығын бекітетін және оны капитал ретінде өнеркәсіп орнына салу әрі осыдан пайда көру мүмкіндігін беретін экономикалық жүйені атаймыз. Бұл жүйеде белсенділік пен бәсеке қабілеттілік бағаланады.

Өнеркәсіптік төңкеріс капитализм дамуының сүйреуші күші болды. Өнеркәсіп дамуы жаңа зауыттар мен құрал-жабдықтарға капитал салуды талап етті.

Жаңа өнім түрлерін ендіру және белгісіз жаңа нарықтық аумақтарды игеру үшін ірі материалдық шығынды талап ететін қатерге бас тігу қажет еді. Міне капитализм кезінде осындай адамдар тобы: іскер адамдар, кәсіпкерлер, банкирлер пайда болды.

Кәсіпкер-капитализм дамуындағы басты тұлға. Ол өзінің және басқаның капиталын игеріп, көбейтеді.

Капитализм бастапқы дамуында үкіметке тәуелсіз болды. Ол мемлекеттен тек шарттар сақталуын бақылауды және жеке меншікті қорғауды талап етті. Бірақ XІX ғ. капитализм дамуы аяусыз қанау мен оған қарсы қозғалыстар тудырды. Кей елдерде бұл тіпті әлеуметтік төңкерістерге ұласты. Осыған сәйкесті капитализм мінезі өзгеріске ұшырады. Еуропа және американ капитализмі бірте-бірте үкімет органдары бақылауына алынды. АҚШ-та салық жүйесін және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру арқылы кәсіпкерліктен түскен пайда қоғамдық бөліске салынды. Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздық, медициналық көмек төлемақылары белгіленді. Өнеркәсіпте, транспортта, коммуникация жүйесінде, фондалық (құнды қағаз) биржаларында жаңа, мемлекет бақылауындағы ережелер бекітілді.

Қазіргі уақытта АҚШ үкіметі өнеркәсіп орындары бәсекелестігін күшпен сақтауға тырысуда. Өйткені АҚШ-та монополияға қарсы заңға қарамастан ірі корпорациялар ролі өсе түсуде. Сол сияқты кез-келген ел үкіметі бақылауынан тыс трансұлттық корпорациялар пайда болды. Қазіргі АҚШ капитализмі корпоративті капитализм деп аталады.

Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі экономикалық жүйелер тек қана капитализммен шектелмейді. Американдық социолог Линдблом экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрлерін бөліп шығарды.

1. Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жеке кәсіпкерліктің дәстүрлі жүйелері. Негізінен Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдері.

2. Үкімет субсидия жасап отыратын және дайын өнімді сатып алып отыратын жеке кәсіпкерлік жүйесі. Олар жеке болса да, оларға жоспарлаушы органдар белгілі бір деңгейде әсер етеді. Н.Смелзер мұның мысалы ретінде АҚШ қорғаныс өнеркәсібін атайды.

3. Баға сұраныс арқылы реттелетін мемлекеттік кәсіпкерлік. Әдетте мысал ретінде қазіргі Қытай, бірқатар ТМД елдері алынады.

4. Жоспарға қатал бағындырылған мемлекеттік кәсіпкерлік. Мысал ретінде Куба, Солтүстік Корея елдері алынады.

 

2. Еңбек және айырбас жағдайлары

Көптеген жағдайларда біз тек ақша үшін ғана еңбектенеміз. Біз тауар сол сияқты қызмет түрлерін де ақшаға алып пайдаланамыз.

Бірақ еңбектік қатынастарды ақшамен байланыстырмайтын қоғамдар да бар. Б.Малиновский Жаңа Гвинеядағы меланезий тайпасының экономикалық қарым-қатынастарын зерттеді. Олар бір-біріне тегін көмектесу арқылы өмір сүреді, яғни еңбек тек қана еңбекке айырбасталады.

Сол сияқты біздің өмірімізде де өнеркәсіп, тауар айналымындағы экономикалық емес факторлар өз ролін ойнайды. Мыс., сыйлық үшін ешкім оған эквивалентті ақша төлемейді. Сол сияқты бірқатар жағдайларда бір-бірімізге тегін еңбек етеміз. Әрине бізде мұндай жағдайларда ең басты рол атқаратын туыстық байланыстар.

Қазіргі қоғамдарды еңбек ролдерін бөлісуде жас айырмашылығы мен жыныстық айырмашылық та үлкен рол атқарады. Көптеген қоғамдарда жас балалар еңбегін пайдалануға тиым салынған, ал қарт адамдар экономикалық өмірге араласуды тоқтатады. Сол секілді көптеген еңбек түрлері (мыс., кеңсе жұмысы, медбике, бастапқы мектепте сабақ беру, балабақшада жұмыс істеу) тек қана әйел адам жұмысы болып саналады. Сол сияқты басқа еңбек түрлері (мыс. қоғамдық тәртіп сақтау, қорғаныс, ауыр өнеркәсіп, шикізат игеру) тек қана ер адамдар жұмысы болып саналады.

 

3. Демалудың әлеуметтік контекстісі

Қазіргі уақытта демалу ролі өте көтерілді. Төрт күндік еңбек жұмысы мен жұмсақ еңбек кестесі кең таралуда. Көптеген елдерде өмір сүру жағдайларының көтерлуіне байланысты демалуға және осыған байланысты қызмет түрлерін пайдалануға көп уақыт пен қаражат бөлінеді.

Демалыс уақытын өткізу ерекшеліктеріне таптық тек те өз әсерін тигізеді. Мыс., жоғары кірісі бар адамдар мәдени шараларға көп көңіл бөледі, ал орта кірістілер әдетте спорттық ойындарға баруды, ал төменгі кірісі барлар парктерде демалуды ұнатады.

Демалу түрі Уақыт шығыны (%)
Тамақ ішу  
Теледидар көру  
Радио тыңдау  
Кітап оқу  
Үйде музыка тыңдау  
Үй заттарын жөндеу  
Қонаққа бару  
Секспен айналысу  
Шіркеуге бару  
Таза ауада демалу  
Шығармашылық хобби  
Спортпен айналысу  
Қосымша ақша табу  
Білімін жалғастыру  
Бос серуендеу  
Күндіз ұйықтау  
Источник: АВС New-Harris Survey. 1979  

 

Американдықтар өз бос уақыттарын қалай өткізетіндігін осы кестеден көруге болады.

 

Қазіргі экономикалық ағымдар

1. АҚШ әсері

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықтарда АҚШ әлемнің басқа бөліктері үстінен абсолютті экономикалық үстемдікке ие болды. Бұл өндіріс аймағында, экспортты көбейту аймағында және әлемдік экономикаға әсер ете алу қабілетінде көрініс тапты. Қазіргі уақытта АҚШ өз әсерін белгілі бір дәрежеде жоғалтты. Жапония, Германия, Қытай сияқты мемлекеттер техникалық прогресс, экономикалық даму темпі және халықаралық нарықта бәсекелеске түсу жағынан АҚШ-тан қалысар емес.

Бүкіләлемдік экономикалық қатынастарға АҚШ пен қатар Батыс Еуропа елдері де үлкен әсер етуде.

 

2. Экономиканы ғаламдастыру

Соңғы жылдар ішінде әлемдік экономика ғаламдастыру үрдісін бастан кешіруде. Британ империясы басқа елдерге ақшалай қарыз беру жолымен экономикалық үстемдікке жетсе, АҚШ басқа ел экономикасына тікелей инвестиция салу жолымен кетті. Бұл дегеніміз сол елде зауыттар және басқа да өнеркәсіп орындарын салу. Осы негізде Трансұлттық корпорациялар пайда болды. Социолог Рубиннің анықтауы бойынша Трансұлттық корпорация бір елде құрылған және басқа елдерде әрекет істеуші коммерциялық кәсіпорын. Қазіргі уақытта ең негізгі он трансұлттық корпорация бар: «General Motors», «Exxon», «Ford», «Royal Dutch/Shell», «General Electric», «IBM», «Mobil Oil», «Chysler», «Texaco», «Unilever». Олардың тек екеуінен басқасының барлығы да АҚШ-та құрылған және әлемнің көптеген елдерінде бөлімдері бар.

Бұлардың барлығы дерлік АҚШ экономикасын шикізатпен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайды. Мыс., басқа елдерден алынған: мұнай, боксит, ағаш, кофе дәндері және т.б. АҚЩ-та өңделеді.

Сол сияқты олар американ тауарларын шетел нарықтарында сату қызметімен де айналысады.

Трансұлттық корпорациялар басқа елдерде қызмет көрсету саласын дамытумен де айналысады. Мыс., байланыс, коммуникация, транспорт және т.б. салаларға қаржы салады. Өйткені бұл өз қызметтерін дамыту үшін ауадай қажет.

Сыртқы инвестиция себебі неде:

1) АҚШ экономикасын шикізатпен қамтамасыз ету.

2) Көптеген елдердегі тарифтер АҚШ-тың өзінде жасалған тауарды сату үшін қиындықтар тудырады. Сондықтан оны осы елде шығарған пайдалы. Мұндай жағдайда АҚШ өзінде тіркелген трансұлттық корпорациядан салық түрінде, тауарды өзінде шығарғаннан да көп пайда алады.

3) Сол сияқты осы арқылы АҚШ-тың өзінде қабылданған монополияға қарсы заңдарды айналып өтуге болады.

 

3. Экономикалық ғаламдастыру мәселелері

Трансұлттық корпорациялар халықаралық сауданың дамуына өте зор әсер етті. Сол сияқты капитал айналымы мен технология дамуына да үлкен әсер етті.

Инвестиция қабылдаушы елдер өнеркәсіп эффективтілігіне және жалақы мөлшерінің көбеюіне қол жеткізеді.

Сол сияқты шетелдік фирмалар жергілікті дәстүрлерге мойын ұсынбайды, ал бұл қоғам өміріне рационализм енгізу деген сөз.

Қазіргі уақытта американ кәсіподақтары шетелдерге инвестиция салуға қарсылық білдіруде. Олардың ойынша американ технологиясы мен капиталын экспорт жасау АҚШ экономикасын әлсіретіп, оның өзге елдерден экономикалық басымдылығына зиян келтіреді.

Американдықтардың өздерінің пікірінше (мыс. Борнишер, Чазе-Дуни, Робинсон, Смелзер және т.б.) тікелей инвестициялар, инвестиция қабылдаушы елдердің ұлттық экономикасына олар ойлағандай жақсылық әкеле қоймайды. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің күшеюіне әкеледі, яғни адамдардың көпшілігі тез кедейленеді. Себебі нарықтық экономикалық даму жалақыдан гөрі пайданың тез көбеюіне әкеледі. АҚШ, Германия сияқты дамыған елдерде әлеуметтік теңсіздік тәуелсіз және халық арасында беделі күшті кәсіподақтар көмегімен тежеліп отырады. Ал дамушы елдерде кәсіподақтар көбіне мемлекетке тәуелді.

Социолог Киндлебергер, шет елдерде жұмыс істейтін кәсіпорындардың үш түрін бөліп шығарды.

1. Өз капиталының бір бөлігін шетелдік істерге салатын мемлекеттік фирма. Олар өздерін мемлекеттің бір бөлігі ретінде сезінеді, ал шетелдік коммерция олардың істерінде мардымсыз рол атқарады.

2. Әрбір елде тек сол елдің азаматтарымен жұмыс істейтін трансұлттық фирма. Олар жергілікті үкіметпен жақсы қарым-қатынаста болады және өз өнеркәсіптік іс-әрекеттерін сол ел заңдарына қатал бағындырады.

3. Трансұлттық корпорациялар. Олар ешқандай елді де өзінікі деп санамайды. Оларда ешқандай ұлттық таңдау жоқ, сондықтан олар өте көп елдерге инвестиция салады және бір ерекшелігі тез пайда алып, сол ел қоры сарқылған шамада басқа елдерге кетіп отырады. Мұндай корпорациялар іс-әрекеті өзі жұмыс істеген елдер экономикасын аяусыз қанап, олардың экономикалық негізін бұзып келеді. Бұлар өз ақшаларын бірден тез пайда әкелетін шикізатқа салады және өздері жұмыс істеп отырған елдің әлеуметтік жүйесіне қаражат салудан әртүрлі себептермен бас тартуға тырысады.

Қазіргі уақытта бүкіләлемдік экономиканың, халықаралық сауда айналымының өсуі, трансұлттық корпорациялардың пайда болуы кез-келген ел үкіметінің өз экономикалық дамуын тиімді қадағалауын жоққа шығарды. Сондықтан көптеген американ және еуропалық социологтар, экономистер, заңгерлер пікірінше бүкіләлемдік экономикалық даму логикасы әлемдік үрдістерді басқарудың қазіргімен салыстырғанда анағұрлым жетілген нысанын тауып, тез арада іске қосуды талап етеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных