ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЛЕУМЕТТАНУ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫВариант 1. Әлеуметтанудың жеке ғылым саласы ретінде негізін қалаған ойшыл кім? а/. М. Вебер б/. Э.Дюркгейм в/. О.Конт г/. Г.Спенсер 2. О. Конттың пікірінше, қазіргі уақытта адамзат ақыл-ойы өз дамуының қай кезеңін бастан кешіруде? а/. теологиялық кезең б/. метафизикалық кезең в/. позитивтік кезең 3. Ломбер Кетле пікірінше әлеуметтік құбылыстар. а/. жаңадан пайда болып отырады б/. қайталанып отыру заңдылығына ие 4. Д.С. Милль пікірінше әлеуметтік қарым-қатынас. а/. кездейсоқ әрекеттер жиынтығы б/. адамдар ұйымдарының саналы әрекеттері в/. жеке адамдар байланыстары 5. Г.Спенсер пікірінше қоғам дамуы қандай циклдерден тұрады? а/. даму мен күйреу б/. үздіксіз даму в/. жағырафиялық орын алмасу 6. К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация теориясына сәйкес адамзат қоғамы дамуының ең шыңы қай формация? а/. алғашқы қауымдық б/. құл иеленушілік в/. феодалдық г/. капиталистік д/. коммунистік 7. Л. Гумплович тайпаларды әлеуметтік топтардың қай түріне жатқызды? а/. күрделі б/. қарапайым 8. Г. Ратценхофер ойынша қоғамның үрдістерді реттеуші фактор не? а/. топтық мүдде б/. мемлекет мүддесі в/. адамның ішкі мүддесі 9. У. Самнер пікірінше әлеуметтік теңсіздік… а/. әлеуметтік күрес нәтижесі б/. қоғамның жаратылыстық жағдайы в/. кейбір адамдар жалқаулығының нәтижесі 10. А.Смолл пікірінше әлеуметтік егестердің бастапқы тасушылары… а/. мемлекет пен оның органдары б/. әлеуметтік топтар мен институттар в/. жеке адамдар 11. Л.Уорд пікірінше адамға тән негізгі әлеуметтік сұраныс… а/. рахат алуды күшейту мен қасіретті азайту б/. ұйымдасып өмір сүруге бейімділік в/. басқаларды аяу мен қолдау 12. Ф.Гиддинс пікірінше әлеуметтік мінез-құлықты қоғамдағы басқа саяси, экономикалық, діни мінез-құлық түрлерінен ерекшелендіретін сана, бұл… а/. құқықтық сана б/. саяси сана в/. ру, туыстық сана г/. қоғамдық сана 13. У.Мак-Дугалл енгізген сыртқы әлеуметтік орта өзгерістеріне адам реакциясын көрсететін ұғымды көрсет а/. афференттік /қабылдаушы/ арна б/. эфференттік /қозғаушы / арна 14. Француз социолог-ғалымы Ф. Тард ойынша тарихи үрдістің қозғаушы күші болып табылатын жойылмайтын психикалық ұмтылыс… а/. еліктеу б/. қабылдау в/. сену г/. жақсы көру 15. Француз социолог-ғалымы Г.Лебон ойынша еуропа қоғамында тобыр белсенділігі кезеңі қай уақытта қалыптасты? а/. Х1Х ғ басы б/. Х1Х ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы в/. ХХ ғ. екінші жартысы 16. Психосұрыптау теориясының негізін қалаушы З.Фрейд адам дамуындағы екі ғаламдық инстинктті көрсетті. Агрессия, өлім, жою инстинктісін қалай деп атады? а/. эрос б/. танатос 17. З.Фрейд ойынша адамдарды бірлесіп өмір сүру ережелерін /мыс: құқық, мораль/ жасауға мәжбүр еткен сезім не? а/. кінә мен қорқыныш сезімі б/. басқаларды құрметтеу сезімі в/. сүйіспеншілік пен пайда сезімі 18. З.Фрейд жауыздық, қирату мен күш қолдануға санасыз ұмтылатын адамдар тобын қалай деп атады? а/. тобыр /толпа/ б/. бұқара /масса/ 19. В.Парето ойынша адам өмірінде ақыл мен сезімнің қайсысы басты болады? а/. ақыл басты б/. сезім басты 20. В.Парето адамдардың өз шыни мақсаттары мен іс-әрекеттерін идеология көмегімен жасыруын қалай деп атады? а/. деривация б/. манипуляция в/. резидум 21. Неміс социолог-ғылыми В.Дильтея қоғамның рационалды /пайда/, мақсатты дамуына күмән келтірді. Себебі… а/. адамзат дамуы сезімдік факторларға негізделген б/. адамзат дамуы қасиетті күштер әсерінен в/. адамзат дамуын бақылау мүлдем мүмкін емес 22. Екі ұлы ойшыл К.Маркс пен Г.Зиммель адамның өз еңбегінен жатсыну /отчуждение/ құбылысын зерттеді. Олардың пікірін жұптастыр А. К. Маркс I жатсыну мәдени-психологиялық үрдіс Б. Г.Зиммель II жатсыну әлеуметтік-экономикалық үрдіс а/. А-I, Б -II б/. А-II, Б-I 23. Неміс социолог-ғалымы Ф.Теннистің тарихи үрдіс тұжырымдамасы ұғымдарын жұптастыр А. қауым I шарт, саясат, қоғамдық пікір Б. қоғам II келісім, дәстүр, дін а/. А -I, Б-II б/. А-II, Б-I 24. Л.Фон Визер әлеуметтік құрылымдардың төрт тобын бөліп шығарды. Мемлекет, шіркеуді осы топтардың қайсысына жатқызды? а/. нақты тобыр б/. абстрактылы тобыр в/. әлеуметтік ұжым г/. абстрактылы ұжым 25. Француз социолог-ғалымы Э.Дюркгейм қоғам түсінігін зерттеуде екі ағым тудырды. Осыларды жұптастыр. А. натуралистік ағым I қоғам табиғат бөлшегі Б. әлеуметтік реализм II қоғам өз алдына жеке, табиғат еркінен тыс пайда болған құрылым а/. А-I, Б-II б/.А-II, Б-I 26. Э. Дюркгейм пікірінше барлық қоғамдарда кездесетін қылмыс бұл адамзат жай-күйінің… а/. қалыпты жағдайы б/. шектен шыққан өрескелдік в/. өте кауіпті ағым 27 Неміс социолог-ғалымы М.Вебер анықтамасына сәйкес әлеуметтану бұл… а/. қоғам, әлеуметтік құрылымды зерттейді б/. мемлекет, адамдар ұйымдарын зерттейді в/. адамдар мінез-құлқының бастамасы үлгілі түрлерді зерттейді 28. М.Вебер пікірінше әлеуметтік әрекеттің ең басты екі белгісі қандай? а/. күш қолдану мен сендіру б/. үгіттеу мен назар аудармау в/. субъективті мағына мен басқаларға бағытталу 29. Орыс социолог-ғалымы П.Сорокин әлеуметтану ғылымын үш теориялық бөлікке бөлді. Соның ішінде қоғамдық өмір эволюциясы теориясын зерттеу бөлімі қайсысы? а/. әлеуметтік сұрыптау б/. әлеуметтік механика в/. әлеуметтік генетика 30. ХХ ғ. пайда болған эмпириялық әлеуметтану екі ағымға бөлінеді. Біреуінің мақсаты қоғам өмірінің жекелеген аймақтары турасында ғылыми білім жүйесін жасау. Осы мақсат қай ағымға тән? а/. академиялық ағым б/. қолданбалы ағым 31. Американ социологтар У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке адам типологиясын жасады. Жеке бастамалары бір-бірімен әлсіз байланысқан, өз тұғыры жоқ адамды қай түрге жатқызды? а/. мещанин б/. богем в/. интеллект 32. Р.Парк пікірінше адамның көш-қон /миграция/ үрдісі қоғамдық тәртіптердің қай түріне жатады? а/. саяси б/. экономикалық в/. экологиялық 33. Қазіргі заманғы қай әлеуметтанулық теория ірі қалалар мен қала жүйелерін адамдардың биологиялық, мәдени, шаруашылық ерекшеліктері ескерілген биотикалық зоналарға бөлуді ұсынды? а/. функционализм теориясы б/. символикалық интеракционизм в/. чикаго мектебі г/. айырбас теориясы Вариант 1. О.Конттың пікірінше әлеуметтанудың қоғамдық өзгерістер мен құбылыстарды зерттейтін бөлігі қалай деп аталады? а/. әлеуметтік статика б/. әлеуметтік динамика 2. О.Конттың пікірінше әлеуметтік құрылымның ең бастапқы негізі не? а/. отбасы б/. топ в/. тап 3. О.Конт билік бөлінісін қалай көрсетті? а/. заң шығару мен атқару билігі б/. зиялы мен діни билік в/. заң шығару, атқару, сот биліктері 4. Л.Кетле пікірінше әлеуметтік жағдайға тұрақты әсер етуші факторлар қалай деп аталады? а/. әлеуметтік константтар б/. кездейсоқ факторлар в/. орталық ағым 5. Г.Спенсер пікірінше адамдардың бірлескен өмірінің өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері … а/. мемлекет бойында жинақталады б/.әлеуметтік институттарда жинақталады в/. жеке адамдар өзара байланысында пайда болады 6. Г.Спенсер пікірінше мемлекет құрған күш не? а/. адамдар ұйымдасуы б/. соғыс пен еңбек в/. адам санасының дамуы 7. К.Маркс пікіріне сәйкес адамзат дамуының бір формациядан екіншіге алмасу қорытындысы неде? а/. өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылық б/. саяси тоқырау в/. басқа дамыған ел жаулап алуы 8. Л. Гумплович пікірінше мемлекет… а/. қоғамдық шарт нәтижесінде құрылды б/. жаулап алу нәтижесінде құрылды в/. отырықшылық өмірге көшу нәтижесінде құрылды 9. Г. Ратценхофер адамның өз тұқымын жалғастыру мен қорғау мүддесін қалай деп атады? а/. әлеуметтік мүдде б/. жеке мүдде в/. прокреативтік мүдде г/.трансценденттік мүдде 10. У.Самнер ойынша қоғам дамуының рухани негізі неде? а/. жеке адамдар түсініктері б/. ұлттық әдет-ғұрыптар в/. жалпы адамзаттық құндылықтар 11. Әлеуметтік үрдістердің қоғамдық сана ықпалымен туып, дамығандығын жақтайтын тұжырым қалай деп аталады? а/. жеке-даралық тұжырымы б/. топтық тұжырым в/. социетарлық тұжырым 12. Л.Уорд шығармашылық рухты, жаңалыққа бейімділікті өркениеттің психикалық факторларының қай тобына жатқызды? а/. субъективті факторлар б/. объективті факторлар в/. әлеуметтік синтез факторлары 13. Ф.Гидденс теориясының төмендегі ұғымдарын жұптастыр: А. саналы күш I объективті-табиғи фактор Б. санасыз күш II субъективті-психологиялық фактор а/. А-I, Б-II б/. А -II Б-I 14. Ағылшын социолог-ғалымы У.Мак-Дугалл адам негізгі инстинктері мен сезімдерінің қанша жұбын бөліп шығарды? а/. екі жұп б/. бес жұп в/. жеті жұп 15. Ф.Тард пікірінше соқыр сенім, қызбалық, жалған мақсат төмендегі адамдар тобының қайсына тән? а/. бірлестік б/. әлеуметтік топ в/. тап г/. тобыр 16. Г.Лебон пікірінше адам іс-әрекетінің жасырын қоздырушыларын /инстинкті әрекеттер/ не қалыптастырады? а/. теориялық оқып-үйрену б/. қолданбалы тәжірибе жинау в/.мұрагерлік әсер 17. З.Фрейд теориясына сәйкес адам өмірі үздіксіз күрес… а/. байлар мен кедейлер арасындағы б/. адамның жеке ойы мен қоғамдық пікір арасындағы в/. жыныстық қанағат алу мен моралдық шектеу арасындағы 18. З.Фрейдтің атақты либидо түсінігі, бұл… а/. сана-психикалық энергия б/. жыныстық-психикалық энергия в/. әдет-психикалық энергия 19. Баланың өз анасына санасыз, жыныстық сезімін З.Фрейд қалай деп атады? а/. Ахиллес комплексі б/. Эдип комплексі в/. Зевс комплексі 20. Италия социолог-ғалымы В.Парето пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми сала болуы тиіс а/. теориялық б/. логика-эксперименттік в/. қолданбалы-тәжірибелік 21. В.Парето барлық әлеуметтік әрекеттерді екі топқа бөлді. Саясат, экономика, ғылыми аймақтардағы мақсат пен оны іске асыру құралдары бірлігіне негізделген әлеуметтік әрекеттер қай топқа жатады а/. логикалық әрекеттер б/. логикаға сыйымсыз әрекеттер 22. Әлеуметтік өмірдегі ақша ролі мен қызметін зерттеуге арналған тұңғыш еңбек "Ақша философиясының" авторы кім? а/. В. Дильтея б/. Г. Зиммель в/. Г.Лебон 23. Ф.Теннис пікірінше адам еркінің екі түрі бар. Соның бірі адамдар қарым-қатынасына жағдай жасайды. Сол қайсысы? а/. жаратылыстық ерік б/. саналы ерік 24. Неміс социолог-ғалымы Л.Фон Визер пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми салалармен тығыз байланысты дамуы тиіс? а/. экономика, тарих /әлеуметтік ғылымдар/ б/. психология, биология /жаратылыстық ғылымдар / 25. Э.Дюркгейм ойынша жаңа заманда адамдардың ұжымдық сана-сезімі біртұтастығын әлсірететін басты фактор не? а/. діннің әлсіреуі б/. көптеген идеологиялық ағымдардың пайда болуы в/. еңбек бөлінісінің дамуы 26. Э.Дюркгейм қолданған аномия ұғымы нені білдіреді? а/. адамдар мінез-құлқын реттеудің адамгершілік, моральдық механизмдерінің болмауы б/. адамдар мінез-құлқын реттеудің құқықтық механизмдерінің болмауы в/. адамдар мінез-құлқының күшпен реттелуі 27. М.Вебер әлеуметтік әрекеттің төрт түрін көрсетті. Келесі анықтама: "Сыртқы ортадан белгілі бір мінез-құлық түрін күту және бұл күтілісті өз мақсатына жету құралы ретінде пайдалану" қайсысына тән? а/. мақсатты-рационалды б/. құнды-рационалды в/. аффективтік г/. дәстүрлі 28. М. Вебердің келесі анықтамасы: "Этикалық құндылықтарды бастамаға алып, өз мінез-құлқын басқалармен үйлестіру" әлеуметтік әрекеттің қай түріне тән? а/. мақсатты-рационалды б/. құнды-рационалды в/. аффективтік г/. дәстүрлі 29. М.Вебер пікірінше өнеркәсіпті қоғамның дәстүрлі қоғамнан басты айырмашылығы неде? а/. формалды-рационалды ойлау бастамасының болуы б/. өндіріс орындарының болуы в/. жетілген басқару нысаны мен әлеуметтік құрылымның болуы 30. П.Сорокин пікірінше әлеуметтік үрдістер мен өзгерістерді әлеуметтанудың қай бөлімі зерттеуі тиіс? а/. әлеуметтік сұрыптау б/. әлеуметтік механика в/. әлеуметтік генетика 31. Чикаго мектебі социологтарының пікірінше әлеуметтік жағдай өзіне үш өзара байланысты элементті қосады. Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар осылардың қайсысына жатады? а/. объективті жағдайлар б/. жеке адам мен топ бастамасы в/. әрекет істеуші тұлғаның жағдайды пайымдауы 32. Т.Парсонс пікірінше пайда болған жағдайды шешуге сәйкес екі қызмет түрі болады. Біреуі тұтынысты қанағаттандырып, бір стандартты мінез-құлық түрін беруге бағытталған. Осы қызмет түрі қалай деп аталады? а/. мотивациялық қолдау б/. мінез-құлық мүмкіндіктері 33. Г.Маркузе пікірінше революциялық күш-қуаты мол әлеуметтік топ, бұл… а/. жұмысшылар б/. маргиналдар в/. діндарлар Вариант 1. О. Конттың пікірінше пайдалы ойлау желісінің пайда болуы адамзат ақыл-ойы дамуының қай кезеңіне тән? а/. теологиялық кезең б/. метафизикалық кезең в/. позитивтік кезең 2. О.Конт әлеуметтанулық зерттеу әдістерінің қайсысының болашағы зор деп дәлелдеді? а/. анкеттік сұрақ б/. эксперимент в/. құжаттарды сұрыптау г/. бақылау 3. Д.С. Милль пікірінше әлеуметтік қарым-қатынастарда не бастама болып табылады? а/. адамның жаратылыстық-табиғи қасиеттері б/. әлеуметтік орта тәрбиесі 4. Г.Спенсер пікірінше адамның биологиялық және психологиялық ерекшеліктері қоғамдық даму факторының қай тобына жатады? а/. бастапқы факторлар б/. қосымша факторлар 5. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын қандай екі тапқа жіктеді? а/. жоғарғы, орта, төменгі тап б/. қанаушылар мен қаналушылар в/. тектілер мен тексіздер 6. К.Маркс пен Ф. Энгельс пікірінше қоғам, адам үшін ең сәтті басқару формасы қандай? а/. республикалық басқару б/. пролетариат диктатурасы в/. монархиялық басқару 7. Л. Гумплович ойынша әлеуметтік егестер… а/. адамдардың табиғи жағдайы б/. материалдық қажеттілігін қанағаттандыру в/. рухани қажеттігін қанағаттандыру 8. Г.Ратценхофер нәсілдердің өмір үшін күресін қалай бағалады? а/. адамзаттық жануарлық инстинктерінің белең алуы б/. қалыпты әлеуметтік үрдіс в/. еуропалық нәсілдердің өз үстемдігін іске асыруы 9. У.Самнер ойынша қоғам дегеніміз… а/. бақталас топтар конгломераты б/. адамдар бірлестігі в/. әлеуметтік құрылым мен жіктеліс. 10. Л.Уорд барлық адамзат эволюциясының ең шыңы болып табылатын биологиялық және әлеуметтік жетістікті қалай деп атады? а/. социогения б/. гендік инженерия в/. гендерлік теңдік 11. У.Мак-Дугалл пікірінше адамның "мен", "өзім" деген түсініктерін қалыптастыратын сезім? а/. сүйіспеншілік сезім б/. эгоистік сезім в/. қорқыныш сезімі г/. қызығушылық сезімі 12. Г.Лебон тұжырымына сәйкес тобырда адам жеке қасиеттерін … а/. сақтайды б/. жаңа деңгейге көтереді в/. жоғалтады 13. Г.Лебон ойынша бір мезгілдей жалпы халық сүйіспеншілігі мен жауыздығы, халық сенімі мен сенімсіздігі қай құрылысқа тән? а/. капиталистік б/. социалистік в/. феодалдық 14. З.Фрейд ойынша адам өмірінде үш ұстаным болады, соның ішіндегі ең басты әлеуметтік-психикалық ұстаным не? а/. тұрақтылық ұстанымы б/. қанағат алу ұстанымы в/. шындық ұстанымы 15. З.Фрейд пікірінше адамның жыныстық энергиясын өз өмірінің сан салаларына бөлінуіне, сөйтіп оның қоғамда жетістікке жетуіне көмектесетін сақтау механизмі қалай деп аталады? а/. сублимация б/. регрессия в/. проекция г/. рационализм 16. В.Парето пікірінше қоғамда үлкен жетістікке жеткен адамдардың екі тобына екі кәсіпкерлік қасиет тән. Осыларды жұптастыр. А. түлкілер I алыпсатар Б. арыстандар II рантье а/. А - I Б- II б/. А-II Б- I 17. В.Парето пікірінше адамдар санасын басқару, өзгерту /манипуляция/ қасиеттері адамдар бірлестігінің қайсысына тән? а/. әлеуметтік топ б/. мүдделік топ в/. элита 18. Г.Зиммель жекелеген әлеуметтік зерттеулерді әлеуметтік құндылықтарға айналдырып қоғам өмірінде қолданысқа келтіретін білім аймағын қалай атады? а/. әлеуметтік теориялар б/. әлеуметтік метафизика 19. Э. Дюркгейм өз діни тұжырымдарында құдайды… а/. барлық діндерді біріктіруші ретінде бағалады б/. діни жүйенің басты негізі ретінде жоққа шығарды в/. барлық адамзатқа біреу болу қажеттігін көрсетті 20. Э.Дюркгейм ойынша адамның биологиялық жаратылысы, оның әлеуметтік жаратылысымен… а/. қарама-қайшылықта болады б/. жұптастық, білестікте болады в/. бір-бірінен бөлек дамиды 21. М.Вебер түсінігі бойынша саяси басшылардың заңды үстемдігін қамтамасыз ететін басқару аппараты, бұл… а/. меритократия б/. бюрократия в/. номенклатура 22. М.Вебер саяси үстемдікті үш түрге жіктеді. Соның ішіндегі барлығы үшін пайдалы мақсаттарды іске асыру үшін, бір-бірімен келісіп жұмыс істеуге негізделген саяси үстемдік түрі қандай? а/. дәстүрлі үстемдік б/. харизматтық үстемдік в/. заңды үстемдік 23. М.Вебер пікірінше өркениетті қоғамдарға діни табыну рәміздерінің қандай түрі тән? а/. аскеттік-әрекеттік б/. мистика-табынушылық в/. интеллект-догматтық 24. П.Сорокин ойынша адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастарға түсуіне әсер ететін факторлар жүйесі үш комплекске бөлінеді. Аштық, қанағатсыздық, жыныстық қажеттілік және т.б. осы комплекстердің қайсысына жатады? а/. санасыз рефлекстер б/. биосаналы реттеушілер в/. социосаналы реттеушілер 25. П.Сорокин пікірінше танып-білу іс-әрекеттері қорытындысында пайда болатын құндылық не? а/. ақиқат б/. әдемілік в/. қайырымдылық г/. пайда 26. Т.Парсонс жеке адамдардың қоғамдық жүйеде атқаратын қызметтерін қандай ұғыммен белгіледі? а/. әлеуметтік мәртебе б/. әлеуметтік рол в/. әлеуметтік әрекет 27. Американ социолог-ғалым Ю.Хабермас әлеуметтік танымның үш түрін көрсетті. Адамзат қарым-қатынасы барысында мақсаттар мен құндылықтар жасауға бағытталған таным түрін қалай деп атады? а/. техникалық таным б/. қолданбалы-тәжірибелік таным в/. эмансипация-байланыстық таным 28. Американ социолог-ғалымы Ч.Р.Миллс өзінің "Билік етуші элита" еңбегінде билік етуші элитаға қандай анықтама берді? а/. тек саяси басқару б/. саяси және экономикалық элита одағы в/. өнеркәсіптік, саяси, әскери-бюрократиялық элита одағы 29. Неміс социолог-ғалымы Р. Дарендорф пікірінше әлеуметтік жанжалдардың қозғаушы күші не болып табылады? а/. экономикалық қатынастар б/. әлеуметтік қатынастар в/. саяси қатынастар 30. Социология ғылымына адам бойындағы агрессивті мінез-құлықты зерттеу бағыты "драйв" терминін енгізген теориялық бағыт қалай деп аталады? а/. фрустрация-агрессия теориясы б/. әлеуметтік агрессия теориясы в/. әлеуметтік әсер теориясы г/. агрессияны әлеуметтік түсіндіру теориясы 31. Швейцар социолог-ғалымы К.Юнг адам санасының құрылымын төрт түрге бөлді. Адамзат ата-бабасының өмірді, адам мәні мен құдай мәнін түсінудегі ақыл-ойы адам санасының қай бөлігін құрайды? а/. жеке саналы істер бастамасы б/.ұжымдық саналы істер бастамасы в/. жеке инстинкті істер бастамасы г/. ұжымдық инстинкті істер бастамасы 32. Американ социолог-ғалымы К.Хорни әлеуметтік өмірдегі адам мінез-құлқы моделінің үш түрін көрсетті. Өзін қорғау мен қауымға жататындығын дәлелдеу ережелерін ұстанатын мінез-құлық түрі қалай деп аталады? а/. адамдарға ұмтылыс сезімі б/. адамдардан қашу сезімі в/. адамдарға қарсы тұру сезімі 33. Американ социолог-ғалымы Дж. Морено әлеуметтік зерттеу қорытындыларын сан және графика түрінде көрсетуді қандай терминмен белгіледі? а/. социометрикалық тест б/. социометрия в/. социограмма 34. Американ социолог-ғалымы Т.Веблен пікірінше ғылыми элита және басқару элитасының идеологиясына айналған құндылықтар жүйесі, бұл… а/. либерализм б/. технократизм в/. консерватизм г/. социализм Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|