ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Леуметтану пәні бойынша кредиттік оқу технологиясына арналған силлабус (үлгі).Мамандық: Экономика, маркетинг, менеджмент, жергілікті мемлекеттік басқару, қаржы, есеп және аудит Кредит саны: 1 кредит Оқытушы: Шайхиев Тұрар Төлегенұлы Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы, № 4 оқу ғимараты, 203 кабинет, тел 503807 /20/ Алдыңғы талап: Мәдениеттану, психология, Қазақстан тарихы, азаматтану, құқық негіздері, эстетика және т.б. қоғамдық пәндерді орта мектеп бағдарламасы деңгейінде білу. Курс айқындамасы: Әлеуметтану 19 ғ. екінші жартысынан бастап қалыптасқан әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми сала. Бұл әлеуметтік әлем және жеке адамдар араларындағы әлеуметті байланыстарды зерттейтін ғылым. Адамзаттың түйінді мәселелері күрделене түскен сайын даралықтың адам мен әлеуметтік өмір туралы білімнің маңызы өсе түседі. Әлеуметтану қазіргі заманғы күрделі әлеуметтік институттар, жүйелер туралы түсінік беріп қоғам дамуын, беріктігі мен тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Курс мәні мен мақсаты: Студенттердің қажетті білім мөлшерін алуы, пәні әдістемесі мен тәсілдерін игеру, болашақ мамандардың айналадағы әлеуметтік өмірді ғылыми тұрғыдан бағалай білуі, әлеуметтік өзара қарым-қатынас пен даму ерекшеліктерін білу, әлеуметтік институттар, топтар мен қауымдар ерекшеліктерін білу, адамның әлеуметтік шындықты түсіне және бағалай білуі. Курс соңында білуіңіз қажет: Әлеуметтік құбылыстар пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік даму факторларын, әлеуметтік өзара байланыс нысандарын. Курс соңында атқара білуіңіз қажет: Социологиялық әдістерді пайдалана отырып, нақты әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу. Түсінік алуларыңыз қажет: Қоғамды сұрыптаудың әлеуметтік әдістемелері туралы, әлеуметтік топтар пайда болу табиғаты туралы, әлеуметтену үрдісі ерекшеліктері туралы. Курс мазмұны: 15 дәріс, 15 студенттермен жұмыс, 15 өзіндік жұмыс. Әлеуметтану + Саясаттану жүйелі емтихан. 2 курс. Әдебиеттер: 1. Андреенков В.Г., Крыштановский А.О. Процесс обработки данных анкетных опросов. М., 1986 г. 2. Шаленко В.Н. Программа социологического исследования. М., 1987 3. Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, методы. М., 1987 г. 4. Бутенко А.П. Анкетный опрос как общение социолога с респондентом. М., 1989 г. 5. Краткий словарь по социологии М., 1989 г. 6. Территориальная выборка в социологических исследованиях. М., 1989 г. 7. Краткий словарь по социологии М., 1989 г. 8. Социология Словарь-справочник. Т. 1-4. под. ред. Осипова Г.Г. М., 1990-1991 гг. 9. Давыдов А.А. Репрезентативность выборки //Соц. иссл., 1990, № 1. 10. Современная западная әлеуметтану. Словарь М., 1990 г. 11. Социологический словарь. Минск., 1991 г. 12. Шампань П. Делать мнение: новая политическая игра //Полис, 1993 г, № 2 13. Смелзер Н. Социология. М., 1994 г. 14. Радугин А.А. Социология. Курс лекций. М., 1995 15. Алексич М.Т. Социология и менеджмент. М., 1995 г. 16. Основы социологии. Отв. ред. Эфендиева А.Г. 17. Осипова Г.В., Москвичева Л.Н. Социология. Основы общей теории. Уч. пособ. М., 1996 г. 18. Аитов Н.А. Основы социологии. Учебник А., 1997 19. Российская социологическая энциклопедия. Под общ. ред. Осипова Г.В. М., 1998 г. 20. Лавриненко В.Н. Социология. Учебник для вузов. М., 1998. 21. Казаринова Н.В. и др. Социология М., 2000 г. 22.Фролов С.С. Социология. М., 2000 г. 23.Тощенко Ж.Т. Социология. Общий курс. М., 2000 г 24. Харчева В. Основы социологии. М., 2000 г. 25. Зеленов Л.А., Владимиров А.А. Основы социологии. М.,2000 г. 26. Кравченко А.И. Основы социологии. М., 2000 г. 27. Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология. Учеб. М., 2001г. 28. Аяғанов Б. Тәжин М. Социология негіздері. Алматы 1993 ж 29. Социология. Ред. басқарған Тұрғынбаев Ә.Х. Алматы 2001 Назар аударыңыз: Әр дәрістің соңында Сіз уақытында орындауыңыз қажет үй тапсырмасы беріледі. Бұл Сізге жаңа тақырып игеру мен алдыңғы тақырыпты бекітуге көмектеседі. Сізге үй тапсырмасын дәл көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Ескерту: Әлеуметтану курсы Сізден әр тақырып сайын берілген қосымша әдебиеттер оқуды талап етеді. Талап: Бұл пәнді игеру тұрақты, жүйелі еңбектенуді талап етеді. Курсты бағалау түгел семестр бойына жүреді, сондықтан Сіз тек дәріс кезінде ғана емес, өзіндік жұмысқа да белсене қатысуыңыз қажет. Барлық тапсырма көрсетілген мерзімінде орындалуы тиіс. Сіз сабаққа дайындықпен келсеңіз тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, анағұрлым толық ақпарат ала аласыздар. Сіздерге жеке де, топтық та тапсырмалар беріледі. Топтық тапсырманы орындау барысында баға барлығыңызға бірдей қойылады, сондықтан бүкіл топтың белсенділігі бәріңіз үшін қажет. Тапсырма дәл мерзімінде орындалмаса 1-2 балл төмендетіледі. Сіз өз тобыңыз алдында жауапкершілік сезінумен қатар топ табысына өз үлесімізді де қоса аласыз. Сонымен қатар қорытынды баға қатал жекеленген және бұл баға сіздің пәнді оқу барысындағы жеке табысыңыз. Сіздің бағаңыз барлық жұмыс көлемін түгел игеруге тікелей тәуелді. Сіз барлық сабаққа түгел қатысуға тырысыңыз, себебі өз табысыңыз белсенділігіңізге байланысты. Сабаққа қатысу журналда тіркеледі. Сабаққа кешігіп келмеңіз. Дәріс кезінде бос әңгіме айтпау, ұялы телефондарды айырып тастау қажет. Өз топтастары мен оқытушыларға қатысты ашық, төзімді болу. Мінезі жұмсақ, ұялшақ студенттерге көмектесу қажет. Тілек: Сіз талап етілген істерді атқарып, өзіңіз лайықты жоғары баға алатындығыңызға сенім білдіре отырып, табыс және белсенділік тілейміз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|