ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ. 1. Экономикалық әлеуметтану пәніI вариант
1. Экономикалық әлеуметтану пәні а/. қоғамның әлеуметтік жіктелуін зерттейді б/. экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін зерттейді в/. экономикалық дамудың жалпы заңдарын зерттейді г/. экономикалық өзгерістерді зерттейді 2. Экономикалық әлеуметтану пәнінің зерттеу әдістері а/. анкеттік сұрау әдістері б/. бақылау әдістері в/. құжаттарды сұрау әдістері г/. жоғарыдағылардың бәрі 3. Адамның қоғамдағы мәртебесі мен оның мүліктік жағдайының өзара байланыстарын тұжырымдаған ойшыл кім? а/. О.Конт б/.Э.Дюркгейм в/. К.Маркс, М.Вебер 4. Экономикалық мәдениет дегеніміз не? а/. ұлттық құндылықтардың ұрпақтарына берілу үрдісі б/. экономикалық қарым-қатынастар тәжірибесі в/. өнеркәсіп орындарын ашу г/. әр түрлі іскерлік ойындар ұйымдастыру 5. Еңбеккерді өз еңбегінің жемісіне қызықтыру қажеттігін ғылыми тұжырымдаған зерттеуші кім? а/. О.Конт б/. М.Вебер, Э. Дюркгейм в/. Т.Парсонс, Р.Мертон г/. Ф. Тейлор 6. Адам еңбегін технико-технологиялық құралдармен алмастырудың өнеркәсіптік тиімділігін дәлелдеуге бағытталған ғылыми тұжырым а/. техноцентристік тұжырым б/. антропоцентристік тұжырым 7. Адам еңбегінің биологиялық және әлеуметтік қорларын жұптастырып көрсету қажет I. биологиялық қорлар А. түсінік, талпыныс, еліктеу II. әлеуметтік қорлар Б. реакция, ұғымдылық, ысылғандық а/. I -Б II-А б/. I -А II-Б 8. Адам денсаулығына әсер ететін санитар-гигиеналық факторлар а/. өнеркәсіп орнының эстетикалық көркемдеуі б/. техникалық қауіптілік мүмкіндігі в/. вибрация, жұмыс орнының ластығы, салқын тиіп ауру қаупі 9. Еңбеккерді әлеуметтік-психологиялық даралық ретінде зерттеу тұжырымдамасының негізін қалаған кім? а/. Н. Смелзер б/. Э. Мейо в/. Г. Гарфинкель г/. Р. Парк 10. Ф.Тейлордың пікірінше адам өзінің діни, саяси, адамгершілік құндылықтарын а/. өнеркәсіп қақпасының сыртында қалдыру қажет б/. кәсіпорын ұжымына белсенді негіздеуге тырысу қажет 11. Ақысы көп жұмыс іздейтін жұмысшы күшінің еркіндігі мен икемділігінен туындайтын жұмыссыздық қалай деп аталады? а/. фрикциялық жұмыссыздық б/. циклдық жұмыссыздық в/. құрылымдық жұмыссыздық 12. Тиісті білімі немесе әзірлігі жоқ еңбек қорларының тым көбеюі әсерінен пайда болатын жұмыссыздық қалай аталады? а/. фрикциялық жұмыссыздық б/. циклдық жұмыссыздық в/. құрылымдық жұмыссыздық 13. Әлеуметтік инфрақұрылым дегеніміз не? а/. Адам тұтынысын қанағаттандыратын табиғи құрылымдар б/. Адам тұтынысын қанағаттандыратын жасанды құрылымдар 14. Әлеуметтік инфрақұрылым термині ғылымға қашан енді? а/. Х1Х ғ. аяғы б/. ХХ ғ. 40-50 ж.ж. в/. ХХ ғ. аяғы 15. Адамдардың тұрмыс деңгейі немен анықталады? а/. елде салынған құрылыстармен б/. қоғам мүшелері тұтынатын тауарлармен в/. елдің қорғаныс қабілетімен г/. бай адамдардың қайырымдылық істерімен 16. Қалаларды өнеркәсіптік және тұрғылықты зоналарға бөлу идеяларын тұңғыш көтерген зерттеушілер? а/. Э. Мейо, Р. Парк б/. Г. Гарнье, Э. Ховард в/. Н.Смелзер, Г. Мид 17. Қала құрылымдаушы факторлар а/. балабақша, институт, мектеп б/. өнеркәсіп, байланыс, көлік в/. әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары 18. Көші-қон үрдісі қала құрылымына ең алдымен әсер етеді а/. әлеуметтік егестер туындауына б/. еңбекке қабілетті тұрғындардың кәсіби құрылымына в/. демалу, көңіл көтеру орындарының көбеюіне 19. Ресейде шаруалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу негізін қалаған кім? а/. Столыпин Д.А. б/. Энгельгорут А.Н. в/. Чернов В.М. 20. Неміс ғалымы Ф. Теннистің пікірінше ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәдени түсініктері қандай негізде құрылады? а/. жалпы адамзаттық, зиялы негізде б/. дәстүр, салт негізінде 21. Ауыл тұрғындары арасында шаруашылық жүргізу әдістері негізінен қалай топтасады? а/. кәсіби бірлік, түсініктік негізде б/. туыстық, отбасына қажеттілік негізінде 22. Фермер шаруашылықтың қай түріне жатады? а/. ұжымдық шаруашылық б/. мемлекет үлесі бар біріккен шаруашылық в/. жеке шаруа қожалығы 23. Жер ерекшелігінің табиғи-жаратылыстық кейпін адам қолымен өзгертіп жетілген өнеркәсіптік, ауылшаруашылық түрге айналдыру қажеттігін жақтайтын теория а/. консервационизм теориясы б/. экологизм теориясы в/. утилитаризм теориясы 24. Адамдардың ортақ әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті түрде әлеуметтік бірлікте жұмыс істеуі а/. тәуелділік б/. меншік в/. бәсеке г/. ынтымақтастық 25. Адамдардың әлеуметтік өмірі мен мәртебесін үлкен өзгеріске түсіретін, мемлекет меншігіндегі мүліктерді сату үрдісі а/. инвестиция салу б/. жекешелендіру в/. ұжымдастыру г/. экономикалық қорлану 26. Социализация үрдісі дегеніміз не? а/. адамның мүлік жинауы б/. адамның оқу-тәжірибе жинауы в/. қоғамның даму үрдісі 27. Қоғамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдер белсенділігін көтеруге бағытталған қоғамдық қозғалыс қалай деп аталады? а/. саяси партиялар б/. азаматтық қозғалыстар в/. феминистік қозғалыс г/. қоғамдық саяси ұйымдар 28. Отбасының экономикалық қызметі а/. саяси оқиғаларға бірлесіп қатысу б/. бала тәрбиесі в/. бірлесіп меншік жинап, шаруашылық жүргізу г/. бір қызметте істеу 29. Отбасының қай түрі нарықтық қатынастар жағдайында орын ауыстырып отыруға ыңғайлы? а/. нуклеарлық отбасы б/. кеңейтілген отасы 30. Майорат құқығы нені білдіреді? а/. меншіктің кіші ұл балаға мұраға қалуы б/. меншіктің балалар арасында тең бөлінуі в/. меншіктің үлкен ұл балаға мұраға қалуы г/. экономикалық қорлану 31. Американ социолог-маманның К.Линдблом пікірінше Үкімет көмегіне сүйенген нарықтық-экономикалық жүйе қалай деп аталады? а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі в/. мемлекеттік кәсіпкерлік г/. жоспарлы экономика 32. Трансұлттық корпорация дегеніміз не? а/. бір өнім түрін шығаратын ірі фирма б/. кәсіпорындар одағы в/. бірнеше елдерде жұмыс істейтін фирмалар бірлестігі 33. Американ социолог-маманы Киндлебергер шет елдерде жұмыс істейтін кәсіпорындардың үш түрін көрсетті. Осылардың ішінде өзі барған елдің шикізат қорын пайдаланып, тез пайда табуға бағытталғаны қайсысы? а/. шет елде жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорын б/. трансұлттық корпорация в/. осы елде құрылып, басқа елдермен жұмыс істейтін кәсіпорын
II вариант 1. Қоғам түрлері мен энергия көздерін жұптастыр А. қарапайым қоғам I атом энергиясы Б. дәстүрлі қоғам II жел, су электр күші В. өнеркәсіпті қоғам III жануарлар күші Г. постөнеркәсіпті IV адамның қол күші а/. А-I, Б-II, В-III, Г-IV б/.А-II, Б-III, В-IV, Г-I в/. А-III, Б-IV, В-II, Г-I г/. А-IV, Б-III, В-II, Г-I 2. Модернизацияның екі түріне тән белгілерді жұптастыр А. органикалық модернизация Б. органикалық емес модернизация I. елдің өз күш-қуатына сүйеніп дамуы II. елдің сыртқы технологиялық көмек арқасында дамуы а/. А-I, Б-II б/. А-II, Б-I 3. Социологтар пікірінше жаңа идеялар мен технологиялар дамуы үшін, осыған қоғамның қанша пайызы даяр болуы қажет? а/. 25%-30% б/. 15%-20% в/. 35%-40% 4. Қоғамның экономика-технологиялық тоқырауға ұшырау үрдісін қандай ұғым бейнелейді? а/. прогресс б/. регресс в/. эволюция 5. Бірлесіп шаруашылық құратын адамдар тобы трибтер қандай негізде құрылады? а/. әлеуметтік жіктелік негізінде б/. кәсіби бірлік негізінде в/. туыстық негізде 6. К.Маркс формациялық теориясындағы қоғамдарды жіктеу негізіне қандай түсініктер алынған? а/. өнеркәсіп тәсілі мен меншік түрі б/. саяси басқару нысаны в/. қоғам мүшелерінің саны 7. Американ социолог-ғалымы К.Кларк экономиканы үш секторға бөлді. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп қай түрге жатады? а/. бастапқы б/. қосымша в/. жоғарғы 8. К.Кларк пікірінше сәйкес қызмет көрсету экономиканың қай секторына жатады? а/. бастапқы б/. қосымша в/. жоғарғы 9. Американ-социолог ғалымы Д.Белл теориясындағы қарапайым қоғамға тән эгалитаризм нені білдіреді? а/. шағын бірлестік б/. қандас туыстық в/. саяси, экономикалық, әлеуметтік теңдік г/. еңбек бөлінісінің жоқтығы 10. Урбанизация түсінігі нені білдіреді? а/. адамдардың бір аймақта орын ауыстыруы б/. адамдардың басқа аймаққа көшуі в/. адамдардың ауылдан қалаға көшуі 11. Экономикалық әлеуметтануда дәстүрлі басқару құрылымы қалай деп аталады? а/. сызықтық құрылым б/. штаб құрылымы 12. 1970ж. А.Тоффлер енгізген уақытша жұмыс топтарынан тұратын құрылымды басқаруды бейнелейтін термин? а/. адхократия б/. бюрократия в/. меритократия 13. Экономикалық басқару жүйесіндегі менеджер түсінігі нені білдіреді? а/. мемлекеттік кәсіпорынның басшысы б/. кәсіпорынның белгілі бір бөлігін басқаратын білікті маман в/. компания мақсатын, стратегиясын жасайтын басшы 14. Экономикалық басқару жүйесіндегі контрибьютер түсінігі нені білдіреді? а/. мемлекеттік кәсіпорынның басшысы б/. кәсіпорынның белгілі бір бөлігін басқаратын білікті маман в/. компания мақсатын, стратегиясын жасайтын басшы 15. Социологтар пікірінше менеджмент ұлт дәстүрімен анағұрлым мықты байланыста болған сайын… а/. экономика тоқырайды б/. экономика қалыпты дамиды в/. экономика эффективті дамиды 16. Американ социолог-ғалымы Э.Мэйо пікірінше кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастырылуы бұл… а/. ортақ мақсат б/. билік жүйесі в/. қызмет бөлінісі г/. жоғарыдағының барлығы 17. О. Шкаратан пікірінше еңбек ұжымында… а/. ресми қарым-қатынас б/. бейресми қарым-қатынас в/. екеуі де болады 18. Экономикалық қарым-қатынастарда қолданылатын басшылық және бейресми жетекшілік ұғымдарын жұптастыр А. басшылық Б. жетекшілік I адамдарды бағындырудың әлеуметтік-психологиялық үрдісі II адамдарды бағындырудың әкімшілік құқықтық үрдісі а/. А-I, Б-II б/. А-II, Б -I 19. Американ социолог-ғалымы К.Левин өнеркәсіпте басқарудың үш түрін көрсетті. Бағыныштылар іс-әрекетіне араласпай, оларға стратегиялық бағыт беріп мойындарына жауапкершілік жүктеу басқарудың қай түріне жатады? а/. авторитарлық б/. демократиялық в/. анархиялық 20. К.Левин пікірінше бағыныштылар бастамасын қолдау, шешім қабылдауда олармен келісіп отыру басқарудың қай түріне жатады? а/. авторитарлық б/. демократиялық в/. анархиялық 21. Орыс социолог-ғалымы А.Кравченко пікірінше әлеуметтік институттардың бес түрі бар. Адамдардың әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздікке тұтынысын қайсысы қамтамасыз етеді? а/. отбасы және неке институты б/. саяси институттар в/. экономикалық институттар г/. білім институттары д/. діни институттар 22. Адамдардың рухани ізденіске тұтынысын қандай әлеуметтік институт қамтамасыз етеді? а/. отбасы және неке институты б/. саяси институттар в/. экономикалық институттар г/. білім институттары д/. діни институттар 23. Адамдардың әлеуметтендіру үрдісін қандай әлеуметтік институт қамтамасыз етеді? а/. отбасы және неке институты б/. саяси институттар в/. экономикалық институттар г/. білім институттары д/. діни институттар 24. Кеңестер Одағында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жақтаушылар қозғалысы қай уақытта пайда болды? а/. 1920 ж. б/. 1940 ж. в/. 1960 ж. г/. 1980 ж. 25. Еңбек орнында адамға әсер етуші температура, ылғал, жарық берілуі мәселелерін зерттеген социолог кім? а/. Ф. Тейлор б/. О. Шкаратан в/. А. Файоль 26. Рекреация термині нені білдіреді? а/. еңбек адамына қатысты қолданылатын профилактикалық емдеу шаралары б/. адамға еңбек қауіпсіздігін түсіндіру в/. адамды кәсіби даярлау 27. Американ социолог-маманы К.Линдблом қазіргі экономикалық жүйелердің төрт түрін бөлді. Соның ішінде баға сұраныс арқылы қатал, заңмен реттелетін жүйе қалай аталады? а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі в/. мемлекеттік кәсіпкерлік г/. жоспарлы экономика. 28. Н.Смелзер пікірінше трансұлттық корпорациялар өзі барған елдің мәдени дәстүрін… а/. мойындайды, қаржыландырады б/. мойындамайды, жәй демеушілік көрсетеді 29. Американдық социолог Л.Уорнер пікіріне сәйкес өз еңбегімен байлыққа қол жеткізген меншік иелері мен кәсіпкерлер қай топқа жатады? а/. ең жоғарғы топ б/. жоғарғы топ в/. жоғарғы-орта топ г/. орта топ д/. төменгі топ е/. ең төменгі топ 30. Американдық экономист М. Уоттс пікірінше жеке адамның материалдық жағдайының жақсаруына ең алдымен не әсер етеді? а/. мемлекеттік әлеуметтік көмек б/. оның меншігінен түсетін табыс в/. оның жалақысы 31. Тұтынушылар табысының орта деңгейі нарықтарда сатылатын тауарлардың бағасының қанша пайызын айқындайды? а/. 20%-30% б/. 40%-50% в/. 50%-60% 32. Мемлекет нарықтық экономикадағы бәсекелестікті қандай заң көмегімен қорғайды? а/. салықтар туралы заң б/. кәсіпкерлік туралы заң в/. монополияға қарсы заң г/. бюджет туралы заң 33. Американдық экономист М.Уоттс пікірінше еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар ішіндегі кәсіпорын үшін ең тиімдісі не? а/. жас мамандар қабылдау б/. арзан еңбек күшін пайдалану в/. өз жұмысшыларын қайта кәсіби даярлықтан өткізу.
III вариант 1. Экономикалық әлеуметтанудың негізгі зерттеу бағыты а/. қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік б/. әлеуметтік өмірдің экономикалық аспектілері в/. саясат пен экономика байланыстары 2. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми сала ретінде қай елде қалыптасты? а/. ХХ ғ. 20-30 жж Кеңестер Одағы б/. ХХ ғ. 30-40 жж. Европа елдері в/. ХХ ғ. 50-60 жж. АҚШ 3. Экономикалық ғаламдастыру мен коммуникация мәселелерін зерттеу экономикалық әлеуметтану дамуының қай кезеңіне тән? а/. қалыптасу кезеңі б/. салыстырмалы макрозерттеу кезеңі в/ жаңа экономикалық теориялар кезеңі 4. Төмендегі экономикалық әлеуметтану теориялары мен олардың негізін қалаушы ғалымдарды жұптастыр А. адамгершілік экономика I К. Паланьи Б. экологиялық ағым II А. Стингком В. рационалды әрекет III Дж. Коулмен Г. социоэкономика IV А. Этциони а/. А-I, Б-II, В-III, Г-IV б/. А-II, Б-III, В-IV, Г-I в/. А-III, Б-IV, В-I, Г-II г/. А-IV, Б-I, В-II, Г-III 5. Анкеттік сұрақтағы коммерциялық зерттеу мен әлеуметтік зерттеу айырмашылығы неде? а/. коммерциялық зерттеуде жарнама болуы б/. әлеуметтік зерттеуде сұрақтар көп болады в/. екеуі де дұрыс г/. айырмашылығы жоқ 6. Капиталистік экономикалық жүйенің алғашқы қалыптасу кезеңін зерттеген өте құнды еңбек "Капиталдың" төл иесі кім? а/. Ф. Энгельс б/. К.Маркс в/. В.Ленин г/. М. Вебер 7. Экономикалық-әлеуметтік өмірдегі кәсіпкерге тән ауқымды анықтама қандай? а/.өзінің және басқаның қаржысын игеріп, көбейтетін тұлға в/. мемлекеттік қаржыны игеруші 8. Американ социолог-ғалымы Н.Смелзер қазіргі АҚШ экономикалық жүйесін қалай деп атады? а/. мемлекеттік-монополистік капитализм б/. корпоративтік капитализм в/. еркін нарық жүйесі 9. Американ социолог-маманы К.Линдблом қазіргі экономикалық жүйелердің төрт түрін бөлді. Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жүйе қалай деп аталады? а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі в/. мемлекеттік кәсіпкерлік г/. жоспарлы экономика. 10. Американ социолог-ғалымы Н.Смелзер көрсеткен демалыс уақытын өткізу шараларын жұптастыр А. байлар I мәдени шараларға көп бару Б. орташалар II спорттық жарыстарға көп бару В. кедейлер III көбіне парктерде демалу а/. А-I Б -II В-III б/. А-II, Б-III, В-I в/. А-III, Б-I, В-II 11. Н.Смелзер пікірінше бүкіләлемдік экономикалық ғаламдастырудағы АҚШ пен Ұлыбритания ролі қандай? А. АҚШ I қаржылай қарыз беру басымдығы Б. Ұлыбритания II тікелей инвестиция салу басымдығы а/. А-I, Б-II б/. А-II, Б-I 12. Американдық социолог Чазе-Дуни пікірінше экономикалық қанауды тежейтін адамдар бірлестігі қандай? а/. әлеуметтік топ б/. саяси партия в/. кәсіпкерлер бірлестігі г/. кәсіподақ 13. Инвестиция ең алдымен өзі салынған елдің қай саласын дамытады? а/. әлеуметтік саласын б/. саяси басқаруды в/. қызмет көрсету мен коммуникация саласын г/. мәдени саласын 14. Американдық социолог Э.Мейо зерттеулерді көрсеткендей еңбек ұжымында орын алатын әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешу еңбек өнімділігін қанша пайызға өсіреді? а/. 3%-8% б/. 8%-18% в/. 18%-25% 15. Орыс социолог ғалымы В.А.Ядов зерттеулері көрсеткендей еңбек өнімділігі үшін ең эффективті қай жас? а/. 20-30 жас б/. 30-40 жас в/. 40-45 жас г/. 45 тен жоғары 16. Халық шығындары мен өндіріс деңгейі төмендеп, ел тоқырауға ұшыраған кезде болатын жұмыссыздық түрі қалай деп аталады? а/. фрикциялық жұмыссыздық б/. циклдық жұмыссыздық в/. құрылымдық жұмыссыздық 17. Американ социологтары зерттеулері бойынша, дамыған қоғамдарды ең көп сұранысқа ие еңбек түрлері қандай? а/. ауыл шаруашылығы мамандары б/. өнеркәсіп жұмысшылары в/. қызмет көрсету аймағындағы кәсіп түрлері 18. Американдық социолог Браверман пікірінше еңбектен жатсынудың әлеуметтік себебі неде? а/. басшыны жек көру б/. өз еңбегін қажетсіз деп санау в/. еңбекті әлеуметтік қорғау әлсіздігі г/. жоғарыдағылардың барлығы 19. Еңбек ұжымын басқарушыға түсетін психологиялық қиындықтар қандай? а/. қарама-қайшы талаптарды шешу б/. дәлелсіз шешімдер қабылдауға тура келу в/. қарауындағыларға әсерсіз болу г/. жоғарыдағылардың барлығы 20. Социологтар пікірінше өнеркәсіп ұйымында әлеуметтік топтың төрт түрі бар. Адамдардың біліктілігіне қарай топтасуы қай түріне жатады? а/. демографиялық б/. кәсіби в/. өзара қарым-қатынастық г/. мақсаттық 21. Американдық социолог Л. Уорнер жіктеуіне сәйкес қызметкерлер мен білікті жұмысшылар қай топқа жатады? а/. ең жоғарғы топ б/. жоғарғы топ в/. жоғарғы-орта топ г/. орта топ д/. төменгі топ е/. ең төменгі топ 22. Осы Л.Уорнер жіктеуіне сәйкес жаңа байыған нувориштер қай топқа жатады? а/. ең жоғарғы топ б/. жоғарғы топ в/. жоғарғы-орта топ г/. орта топ д/. төменгі топ е/. ең төменгі топ 23. Американдық социолог С.Берглас енгізген "Жетістік синдромы" қандай ұғым береді? а/. кәсіби біліктілік б/. нарықты сезе білу в/. кәсіпкерлік авантюра 24. БҰҰ экономикалық комиссиясы бекіткен кедейлік деңгейі орта ұлттық кірістің қанша пайызын құрайды? а/. 30%-50% б/. 50%-55% 25. Әлеуметтік-экономикалық байланыстар түрін жұптастыр А. ұлт I кеңістік байланыс Б. отбасы II генетикалық байланыс В. білім III қызметтік байланыс а/. А-I, Б-II, В-III б/. А-II, Б-III, В-I в/. А-III, Б-I, В-II 26. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың белгілі бір жылдар шеңберін қамтыған экономикалық даму жоспарына қатал бағынуы қандай экономикалық жүйеге тән? а/. нарықтық экономика б/. әкімдік-әміршілдік экономика 27. Адамдардың қайта кәсіби даярлықтан өтуіне көмектесетін мемлекеттік мекеме… а/. әлеуметтік қамсыздандыру органы б/. еңбек биржасы в/. аймақтық әкімшілік 28. Экономиканың әлеуметтік себептерін ашуға арналған тұңғыш еңбек 1776 ж. шыққан "Елдер әл-ауқатының табиғаты мен себептерін зерттеу" кітабының төл иесі кім? а/. Т.Мор б/.И.Кант в/. А. Смит 29. Үкіметтің нарықтық экономикадағы ролін айқындауға арналған "Ортақ игілік" ұғымы нені білдіреді? а/. көптеген адамдар тұтынысы б/. мемлекет тұтынысы в/. мемлекет пен азаматтар өмір сүру қажеттіліктері 30. Қазіргі өркениетті елдерде кеңінен қолданылатын, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экономикалық механизм… а/. кәсіпорынға айып салу б/. арнайы экологиялық салық салу в/. шығарылатын ластаушы зат мөлшері көрсетілген лицензия алу 31. Экономикалық теорияға сәйкес көптеген елдердің әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай қаржыландырылады? а/. мемлекет қаржыландырады б/. демеушілер қаржыландырады в/. жоғарыдағы екеуі де 32. Американдық экономист Роберт М. Данн пікірінше техника-технологиялық жаңалықтар, нарықтық бәсекенің… а/. дамуына әкеледі б/. тоқырауына әкеледі 33. Шетелден технология сатып алу, мамандар шақыру, инвестиция тарту мен кредиттер алу модернизацияның қай түріне тән? а/. органикалық модернизация б/. органикалық емес модернизация 34. Елдің жекелеген салаларына кезек-кезектен бірқалыпты, тұрақты өзгерістер енгізу қоғамдық даму үрдісінің қай түріне тән? а/. революция б/. реформа в/. модернизация
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|