Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






І-ТАРАУ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




Кіріспе

 

Меншік институты әлі де болса көптеген ғалымдардың назарын аударатын мәселе. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу кез келген қоғамның экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлары экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі есептелінеді.

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - нарықтық қатынастардың даму кезінде қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілер кез келген шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру барысында өздеріне тиесілі меншігіндегі мүлікпен қатынасқа түседі. Ал сол мүлікке меншік иесі қандай құқықтарды жүзеге асырады, оны құқықтық реттеу мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қоралатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жәе бұл мүлікке билік ету құқығы.

Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді. Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде және құқықтық қатынастарда меншік құқығының орны меншік құқығының объектісі ретінде қарастырылады.

Меншік қатынастары әртүрлі құқық салалары нормаларымен реттелінеді, яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.

Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. «Меншік құқығы» әлі де болса бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осы курстық жұмысында иелену, пайдалану, билік ету, меншік, виндинациялық талап, неготорлық талап және т.с.с. терминдер қолданылады.

Сонымен қатар, меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері жан-жақты қарастырылған.

 

 

І-ТАРАУ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных