Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны




 

Меншік құқығы түсінігін, оның пайда болуын және ерекшеліктерін карастырайық.

Бұл тұрғыда ең алғаш меншік ретінде жеке тұлғаға немесе ұжымға тиесілі затқа олардың өз мүлкі сияқты қарауы анықталған. Мұнда меншік менікі және сенікі деп бөлінуді астарлайды. Мұнсыз тіпті меншік жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда қандай да бір болмасын меншік нысаны жеке болып табылады.1

Меншіктің берілген бұл жай анықтамасынан біз мынаны түсінеміз, меншік – бұл адамның затқа қатынасы. Әрине, бұл меншіктің мазмұнына сәйкес келмейді. Мұндай қатынастарды бір жағынан затқа өзінікі ретінде қарайтын меншік иесі түссе, екінші жағынан меншік иесі еместер тұрады, сонымен қатар, затқа бөтендік ретінде қарайтын барлық үшінші жақтар бөтен, затқа және меншік иесінің еркіне қатысы болмауы керек. Жоғарыда берілген түсінігінен білеріміз, меншік – зат түріндегі материалдық нысанды қамтиды.

Меншік бұл – қоғамдық қатынас. Қоғамдық қатынас ретіндегі меншіктің мазмұны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстармен қатынастарынан туындайды.

Сонымен, меншік – материалдық нысан және еріктілік мазмұн тән қоғамдық қатынас. Меншік – бұл мүліктік қатынас, және де мүліктік қатынастар қатарында бастапқы орында. Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа қатынасында, оны иелену, пайдалану және билік етумен сипатталады.

Иелену – меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.

Пайдалану – затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы қасиеттерін алуды білдіреді.

Ал билік ету – затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді жасауды білдіреді.

Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан оның маңыздылығын көрсетуде.

Меншіктің түсінігі иеленіп алу тұрғысынан К. Маркстің еңбектерінде шырқау шегінен шықты десек, қателеспейміз. Мұнда меншік және иеленіп алу шын мәнінде бір-бірімен байланысады. Әсіресе, бұл байланыс «Саяси экономияны әшкерлеу» кіріспесінде кеңінен қарастырылған. Оның пікірі бойынша, иелену, пайдалану, билік ету нақты экономикалық категория иеленіп алуға қарағанда, үстемділікке ие.1 Оның пайдалы жағы жоғары меншікті ерекше және сол уақытта оған қатысты жолдрдың барлық түрлерінде тарихи өзгермелі экономикалық категория ретінде тану, оның саяси-экономикалық, сонымен қатар, құқытық ғылымдарда да үстемділігін көрсетеді. Бұл тұрғыда, экономист В.П.Шкредовтың еңбектерінде басқа көзқарас ұсынылады. Ол: «меншік ерекше экономикалық категория ретінде қалыптаспайды, оны тек құқытық категория ретінде қарастыруға болады, - деп есептейді».2

Осыған дейін меншік экономикалық категория ретінде қарастырылып келді. Енді, оның құқытық ктегория ретінде мазмұнын ашып көрсетуіміз жөн.

Мемлекеттік-құқықтық нысандағы қоғамда меншіктің экономикалық қатынасы құқықтық бекіту алады.

Меншік құқығының мазмұнын иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету құқық қабілеттіліг құрайды.сонымен, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Ал енді бұл меншік құқығының нысанын қарастыратын болсақ:

Иелену құқығы – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі болып табылады.

Пайдалану құқығы – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Жоғарыда айтылғандай, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүліктің басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Бұрынғы әрекет еткен азааттық заңдарда меншік иесінің меншікке деген құқық қабілеттілігін санап алуға болар еді. Бұл жерде иелену құқығы түсінігіне заңдамалар қандай мазмұны енгізгендігіне және кімді заттың иесі ретінде санау керектігіне жекеше жауап беру қиынға түседі. Бұл мәселеде рим құқығының мысалына жүгінуге және бұнда иелену мен ұстау түсініктерімен шектелуге болады, немесе герман топтарының заңнамаларын және ондағы құлдарды иеленуші сипатындағы қоса иеленушілік институтын бекітуге болады.1Өкінішке орай, заң шығарушы бұл варианттардың ешқайсысын таңдамаған, сондықтан да меншік иесі затын басқа біреуге берген кезде оның иеленушісі ретінде қала ма?- деген сұраққа жауап беру қиынға түсер.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных