Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Меншік құқығының пайда болу негіздері




 

Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер меншік құқығының пайда болу негіздері деп аталады.

Дамыған ғылымға меншік құқығының пайда болу негізін бастапқы және туында деп бөледі. Бастапқы және туынды деп бөлу критериясына қатысты, кейбір жағдайларда ерік критериясына, ал басқасында құқық иеленушілік критериясына көбірек мән беріледі.

Меншік құқығын иеленудің тәсілдерінің бөліну негізіне иеленушілік критеиясын салыну міндетті, ал ерік критериясына қатысты барлық жағдайларда тәжірибелік сынақты ұстана алмайды.2

Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.

Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікте иеліктен айыру туралы өзге де мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.

Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамға көшеді.

Ал заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықиы мирасқорына – заңды тұлғаларға көшеді.

Жеке тұлғаға келетін болсақ, ол меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алуы мүмкін. Сондай-ақ меншік құқығы иәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.

Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235 б. Меншік құқығына ие болуға әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235 б-да «тәсіл» ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Менік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК 7б.).

Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға береді.

Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, мешік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәелсіз жүзеге асады. Сондықтан да азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236 б. 1 т.); өңдеу (237 б.); иелену мерзімі (240 б.); олжа (245 б.); қараусыз жануарлар (246 б.); меншік алынған мүлікті иелену (248 б.); көмбе (247 б.).

Туынды негіздер мешік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуымен байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сиапттамасына тоқталайық.

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие әне т.б.), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқытық мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің 249 б. 4 т.), жекешелендіру (АК-тің 249 б. 3 т.), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249 б. 5 т.), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249 б. 6 т.) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да жатады.

Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй стып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көрінеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құнды шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттілікті түгелдей өзіне алды деуге болады. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік нмесе жеке меншік) байланысты.

Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталатын болсақ, Азаматтық Кодекстің 235 б. 1 т. Меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінң біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқытық жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам сол атың меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық Кодекстің 236 б-на сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан салынып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кеден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептелінеді. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235 б. 1 т.). зат күйінде жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді. Бұл АК-тің 193 б-да қарастырылған: мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған түсімді (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негізінде өңдеу де жатады (бұл тұлға материалды өңдеп, одан екінші зат жасайды).

Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме? Азаматтық Кодекстің 237 б-на сәйкес, шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл жағдайда да өңдеушіге жасалған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Осы сұрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.

Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237 б. 1-3 т.).

Меншік құқығының пайда болуның бастапқы негіздеріне өнімді жинауға балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады. Заңдар мен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық, аң аулауға басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241 б.). мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (аң, балық аулау және т.б.). мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық Кодекс тұңғыш ретиелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену меріміне орай айтып кеткен болатынмын (АК-тің 240 б.). кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болған-ды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі – 15 жыл, ал қозғалмалы 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бар мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.

Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай болады: иелену, яғни «тура өзінің мүлкіндей көру», адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім.

«Тура өзінің мүлкіндей көру» теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады1. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану, оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.

Иелену мерзімнің қажетті шарты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды.

Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, на әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті АК-тің 240 б. 4 т-да тұлға да болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных