Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Меншік құқығының тоқтатылу негіздері




 

Меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда меншік құқығы тоқтатылады.

Мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді, бұған мына реттер:

1.меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған ақы айналымға түскен;

2.заң құжаттарына сәйкес, белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған;

3.реквизицияланған;

4.тәркіленген;

5.жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған;

6.күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер және тағы басқалар кірмейді.

Жекешелендіру туралы заң құжаттарында көзделген реттер, жағдайлар мен тәртіп бойынша мемлекеттік меншіктегі мүлік азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беріледі.

Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бқл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды.

Меншік құқығынан бас тарту басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп соқтырмайды.

Меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен жүргізіледі. Ақы өндіріп алынатын мүлікке меншік иесінің меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтынмүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүлікті меншік иесі, егер заң құжаттарында өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлекке меншік құқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс. Егер меншік иесі мүлікті көрсетілген мерзімде иеліктенайырмаса, ол сот шешімімен иеліктен ықтиярсыз айырылуға тиіс, бұл орайда, меншік иесіне мүлікті иеліктен айыру жөніндегі шығындары шегеріліп, оның құны өтеледі.

Ал егер де азаматтық немесе заңды тұлғаның меншігінде заң құжаттарымен жол берілген негіздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етілген зат азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде болыл шықса, ал меншік иесіне оны беруден бас тартылса, бұл зат осы меншік иесіне тиесілі бола алмайтын мүлік үшін белгіленген тәртіп бойынша иеліктен айырылуға тиіс.

Реквизициялау – бойынша дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін.

Меншік иесіне реквизицияланған адам реквизиция жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті өзіне қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы.

Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мүмкін. Бұны біз тәркілеу деп атаймыз.

Мемлекеттік органның меншік иесінен мүлікті алып қоюға тікелей бағытталмаған шешіміне, соның ішінде меншік иесіне тиесілі үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсімдіктер бар жер учаскесін алып қою туралы шешіміне байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының заң құжаттарымен белгіленген реттермен тәртіп бойынша ғана меншік иесіне құны тең мүлік беріп және өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып немесе меншік құқығының тоқтатылуынан клтірілген залалдарын толық көлемінде өтей отырып тоқтатылуына жол беріледі.

Егер меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеліп соқтыратын шешімімен келіспеген жағдайды, ол дауды сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше бағалы әрі мемлекет қорғайтын мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың меншік иесі бұл қазыналарды күтіп ұстамай, бұл олардың өз мәнін жоғалту қатерін төндірген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет меншік иесінен сот шешімі бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін.

Мәдени қазыналар сатып алынған кезде меншік иесіне – тараптардың келісуімен, ол дау туған ретте сол белгіленген мөлшерде олардың құны өтеледі. Жария саудаға салып сатқан кезде меншік иесіне сатудан түскен сала сауданы өткізу шығындары шегеріліп беріледі.

Меншік құқығы тоқтатылған кезде мүлік оның нарықтық құны негізге алына отырып бағаланады.

Меншік иесі емес адамның заттық құқықтары заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.

 

 

Орытынды

 

Бұл курстық жұмысты қорытындылай келе, меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығымен көрсетілген өкілеттіліктерін толығымен заңды жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсетеді. Яғни субъектінің мүлікті иелені, пайдалану және билік ету құқығынан тұрады.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табыс қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Меншік құқығының негізгі элементі – билік ету өкілеттілігі, бұл – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік екі түрге бөлінеді: мемлекеттік және жеке меншік. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға екі нысанда:

1) шаруашылық жүргізу құқығы;

2) оралымды басқару құқығы болып бекітілген.

Меншік құқығы 6 негіз бойынша тоқтатылады.

Бұл айтылғандардан мынадай қорытында шығаруға болады: меншіктің субъективті құқығы – меншік иесіне бекітілген мүлікті пайдалану, иелену, билік етуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік және оған қатысты өз мүддесі үшін заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез келген әрекет жасауға, сондай-ақ билік ету барысында үшінші тұлғалардың араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных