Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 1 страница




 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................76

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................77

 

КІРІСПЕ

 

 

Еліміздің егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға – 1,48 гектар, АҚШ-та – 0,63 гектар, Қытайда – 0,08 гектар, Жапонияда – 0,03 гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1 тұрғынға 1,51 гектар жерден айналады.
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын техноло­гияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықта­лады

Оңтүстік Қазақстан - республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан.

Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының көлемдiлiгi табиғи жағдайлардың әртүрлiлiгi жер реформасының нәтижесiн объективтi бағалауға, ол реформаны жүзеге асыру сферасын кеңейтуге, оның iшiнде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық негiзiн жасауға мүмкіндік бередi.

Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерден елдi-мекен жерлерiнiң айырмашылығы, олар өнеркәсiптi, мәдени-түрмыстық және үй инфрақұрылымдарын орналастыруға яғни, халық қажеттiлiктерiн өтеуге пайдаланылады.

Елдi-мекендердiң құрамына кiретiн барлық жерлер бiр мақсатта орналастырылған – яғни елдi-мекеннiң дамуын қамтамасыз ету және бiрыңғай әлеуметтiк-экономикалық организм ретiнде қалыптасу. Ең маңызды принциптердiң бiрi елдi-мекен жерлерiн тиімді пайдалану. Ол дегенiмiз аз көлемдегi жерге ғылыми дәлелденген нормаларды ескере отырып, көп мөлшердегi үйлердi, ғимараттарды, сонымен бiрге жол жүйелерiн, алаңдар мен саябақтарды орналастыру, жердiң барлық категорияларын интенсивтi пайдалану.

Бітіру жұмыстың мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы суармалы егістіктерінде жерге орналастыру мәселелері мен ауыл шаруашылығының мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін талдау

 

 

1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан территориясының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың солтүстігінде Бетпақдала мен оңтүстік шығысында Шатқал жотасымен, солтүстік – шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылорда облысының территориясымен, шығысында Қырғыз жотасымен, оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен шектесіп жатыр.

Саяси әкімшілік жағынан облыс батысында Қызылорда облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, шығысында Қырғызстан республикасымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы наурыз айының 10-шы жұлдызында құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария өзенінің алабында орналасқан.

 

 

 

Сурет 1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық карта-сұлбасы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі – 117,3 мың шаршы шақырым, бұл Қазақстан территориясының 4,3 пайызын құрайды. Халқының саны 2 240 120 (01,03,2006 ж), бұл республика халқының 14,7 пайызы болып келеді. Халықтың тығыздығы облыс бойынша орта есеппен 1 шаршы шақырым жерге 19 адамнан келеді, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен үш есе артық. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекендер бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінеді. Орталығы – Шымкент қаласы. Ал енді облыстың ауыл шаруашылық жерлеріне тоқталатын болсақ, облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

 

1.1 Жер бедері мен геологиялық құрылысы

 

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Солтүстігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде Жамбыл облысының аумағымен шектеседі, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 шақырымға көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі Бессаз тауының биіктігі 2176 метр) жатыр, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі Өгем жотасында облысымыздың ең биік нүктесі Сайрам шыңы (4238 метр) бар. Өгем мен Келес өзенін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 метр, ал ең биік нүктесі – Мыңбұлақ тауы (биіктігі – 2834 метр). Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 метр) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі. Қазақстар осыдан мыңдаған жылдар бұрын Қазығұртты кие тұтып, дүниенің тұтқасы тұтып: Басында Қазығұрттың кеме қалған, болмаса кереметі неге қалған?! – деп басталатын ғажайып дастан тудырған.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі де аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темәр жолдар, кеніштер мен қалалар салынған аймақтар т.б.

Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы – протерезой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас кангломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құрылған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезезой – кайназой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыстың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы Орал – Тянь-Шань геосинклиналының оңтүстік бөлігінің көтеріліп, құрлыққа айналу тарихымен байланысты. Облыс территориясының әр түрлі бөлігі геологиялық дәуірдің белгілі бір кезеңдерінде не көтерілу, не шөгу процестеріне ұшырап отырған. Міне сондықтан облыста әр түрлі жастағы және әр түрлі биіктіктегі рельеф түрлерін кездестіреміз. Облыстың көп жері ойпатты жазықтардан, үстірттерден, шөлдер мен шөлейттерден, тау алды жазықтар мен далалардан және биіктігі 2000 метрден асатын биік таулардан тұрады [26].

 

Сурет 2. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы

 

 

1.2 Облыстың климаттық жағдайы

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс үстінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы -2 -90С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-410С).

Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 – 290С. Ең ыстық кезең Шардарада (470) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын – шашын мөлшері 100 – 170 мм, тау етектерінде 300-450мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын – шашын негізінен көктем мен күз айларында болды. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсан айының басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс ауиағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа-райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін аратады. Жылына 150 – ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде радияция мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік пен солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы – Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, метереологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралықтарын құрайды. Ерекшелігі – жауын-шашынның негізгі мөлшері (62-67пайызы) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қарқы лаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 245-260 тәулік, 100С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300-46000С. Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа – 90 күндей. Жазы ұзақ – 160-170 күнге дейін созылады.

Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына байланысты мынадай аймақтарға бөлінеді.

1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін – Бетбақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.

2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары. Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.

3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төлеби айдандары орналасқан.

Облыс табиғи – шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға бөлінеді:

1. Шөлдің мал шаруашылық аймағы – қаракөл қойларын өсірумен айналысады: Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.

2. Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтаарал – Сарыағаш аймағы, Арыс – Түркістан аймағы.

Таулы – далалы суармалы аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты суармалы.

3. Ашық далалы аймақ – Шардара су қоймасы.

4. Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі – Қызылқұм шөлі. Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар. Қаратау таулы аймағы, Мойынқұм шөлі. Шу өзенінің аңғары. Бетпақдала шөлді даласы алып жатыр.

Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шардара аудандары кіреді. Климаты шұғыл өзгеріп отыратын температурамен, жауын – шашынның өте аз түсуімен, құрғақ ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен ерекшеленеді.

Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы бөлігіне – Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері қарайды.

Қызылқұм аймағы – құмды шөл, облысқы оның батыс бөлігі енеді. Сырдария маңында суармалы жерлер бар.

Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды. Сарыағаш, Мақтаарал, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ кіреді.

Сурет 3. ОҚО-ның территориясының агроклиматтық аудандастырылу картасы

Сурет 4. Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстар картасы

 

 

1.4 Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егіншілік жерлерінің топырағы мен өсімдіктер жамылғысы

Оңтүстік Қазақстан — республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дақылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады. Оңтүстік Қазақстан — ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.

Қазақстан- жер көлемі жағынан ірі ел, оның жер көлемі Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейін 2-ші орында. Бейнелеп айтқанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80 орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің қатарында. Әлем халқының 0,3 пайызын құрай отырып, Қазақстан жер шарының 2 пайызын алып жатыр. Осындай кең байтақ өлкенің бір бөлігін құрайтын оңтүстік өлке. Оңтүстік Қазақстан облысында жазықтар мен ойпатты жерлер, құмды өлкелер, биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Оңтүстіктегі топырақтардан жазық аймақтың жазық аймақ топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы шөл зонасының оңтүстігінде жатыр. Бұл зонада Оңтүстік Қазақстан облысымен бірге Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті 0,1 – 0,05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80 – 150 мм-дей. үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170 – 220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10 градустан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктеммен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан, өсімдік тіршілігінде 2 биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер табиғаттың осындай қысымшылдығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Сондықтан, топырақта қарашірік аз. Оның мөлшері топырақтың беткі қабатында небары 1 – 1,5 %. Осының салдарынан топырақтың түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр – құба топырақтар, орталық шөл. сонымен қатар, 2 зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үгілме құмдар және сорланған жерлерде көптеп кездеседі.

Аймақ негізінен шөл жайылымына қолайлы. Мұнде тек суармалы егістіктен ғана өнім алады. Өзен бойларында орналасқан тақыр түстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн.га, яғни республика территориясының 44% - на жуық.

Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына бейім сорланған топырақта өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде әсіресе қаракөл қойлары, “шөл кемесі” атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып, мол өнімдер береді. Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау – бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі, қоғам үшін шөлдер қоғамға шөл күйінде қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жері көл болып бірін – бірі толықтыратын, бірін – бірі теңгеретін заңдылық бар.

Оңтүстік Қазақстан территориясында жазықтық жерлер тауларға қарағанда көп. Оңтүстік Қазақстан облысында ірі таулар Қаратау, Қазығұрт, Өгем таулары.

Таулы алқаптарда ені әр жерде әртүрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы – белдеуі орын алған. Жазықтықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл беулік таулық белдеулік зонасының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша жайылым ретінде пайдаланылады.

Өсімдіктер жамылғысы.Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1,5 мыңдайы – балдырлар, 2,5 – 3 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 200 ге жуығы – қына, 500 ге жуығы – мүк тәрізділер және 3 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға тән 10-12 эндемик тұқымдастардың жетеуі осында өседі: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, бочанцевия, тобылғыгүл, канкриниелла. Оңтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флоралардың негізінде қалыптасқан. Сол флоралардың өкілдері бүгінгі флораның құрамында реликт түрінде кездеседі.

Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық, экологиялық, эвалюциялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан (Жетісай, Сарыағаш) бастап мұздықтарға (Ақсу – жабағылы) дейінгі Солтүстік – жарты шардағы барлық табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі.

Облыстың жазық бөлігі Иран – тұрандық ботаникалық – географиялық аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді (жоңғар – солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық). Жоңғар – солтүстік тұрандық шөлдер Созақ ауданы жерінде. Облыстың солтүстігіндегі Бетбақдаланың өсімдіктері алуан түрлі. Тастақ жерлерге петрофитті сериялар тән болса, кейбір саз балшықты топырақтарда шөлдік фитоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар – сұр жусан, бұйырғын, қара баялыш, тасбұйырғын, көкпек, сонымен қатар тұран жусаны мен майқара жусан, күйреуік, қара сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде Бетбақдала Шу өзенінің жарқабақты алабымен шектеседі. Бұл жазықта аса тұзды – гипергалифитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар: жалмаңқұлақ, жапырақты сорқаңбақ, төбесораң, қызыл сораң, сарсазан, сонымен қатар жыңғыл мен кермектің түрлері де кең тараған. Шу өзенінің сол жағалауында тек өзіне тән өсімдіктері бар Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі доминанттар – жүзгіндер, қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді астрагал, теріскен, мал жайылатын құмдарда жусанның түрлері, ебелек пен изен өседі.

Оңтүстіктұрандық шөлдер Қаратаудың күнгей беті мен Батыс Тәңіртау аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық, тау етегі мен бөктеріне тән адырлық шөлдер мен тақыр шөпті эфемерлі – эфереройдты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен аңғарларына тән өсімдіктер. Жазықтық шөлдерге Қызылқұм жатады. Мұндағы негізгі эдификаторлар (өсімдік жамылғысындағы басым түрлер) – ақ сексеуіл, раң, басты жусан, жоңғарлық жусан, түк жемісті мавзолея және бірқатар эфемеройдтар. Адырлық шөлдерде эфемерлер мен эфемеройдтар, астық тұқымдастар болады. Бұл шөдерге тән негізгі өсімдіктер: толық қияқ өлең, қаудың түрлері және қызғалдақ, мерендера, шырыш, шиқылдақ, шөлмасақ, фломис, көбенқұйрық сияқты эфемеройдты шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі ерекшесі – Ақдала жазығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы метр жерде 18-20 түрі кездеседі. Тақыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеретум едәуір жерді алып жатыр. Өсімдік жамылғысының негізін қалайтындар жаушықты қоңырбас, қоңырөлең мен раң, олармен қатар кездесетіндері – бозшағыл, салалы қарашағыр, бессаусақ, сор ажырық, түкті бидайық және жаман арпа. Мамыр айының екінші жартысында эфемеройдтар толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп, топырақ жалаңаштанып қалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных