Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 7 страница




Бұл астықтың егістік аумағын масақты астықты жердің құнарлылығы аз жерлерге бірте –бірте өңдеу тиімділігі жоғарғы май(сафлор), тары, астық, жем –шөп дақылдарымен алмастыра отырып ауыстыру арқылы қысқартуға себепші болады.

Астықты өндіру болашақта қолайлы топырақ климат жағдайына ие негізгі егіншілік аймағы шаруашылықтарында топталған алғы бағыт болып қалады 2000 жылға богарада егіс аумағын 300 мың гектарға дейін қысқарту, олардың суармалылығындағы аумағын 80 мың га шамасында сақтап қалу көзделіп тұр. Астық дақылдарының өнімділігін багарада 14 ц/га, ал суармалы жерлерде 40 ц\га жеткізу 740 мың тонна астық алуға мүмкіндік береді, ал облыс халқын нанмен, мал басын жем концентратымен қамтамасыз етеді.

Республикалық емес нақты бюджеттен қаржыландыру арқылы негізгі суармалы алқаптарды немесе облыс көлеміндегі суармалы жерлерді түгендеуді мақсатқа сәйкес жүргізуді дұрыс деп есептеймін. Мұнан басқа егістікке жарамды жерлер туралы сенімді мәлімет алуға, олардың сапасы мен орналасқан орны туралы, жеке іске аспайтын жарамсыз жерлердің көлемінің жыл сайынғы ұлғаю себептеріне талдау жасау арқылы олардыауыспалы егістікке қайта тарту жөніндегі алдын– ала іс шаралардың жобасын жасау үшін тыңайған және жарамсыз жерлерді түгендеу жұмыстарын қажет деп есептейді.

Картоп, көкөніс және бақша өсімдіктері. Облыстық топырақ–климат жағдайы облыс халқын картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы дақылдардың егіс аумағы қазіргі кезде картоп –1,9 мың га, көкөніс –7,3 мың га, азық –түлік бақша өсімдігі –8,2 мың га. Өнімнің бұл түрлерінің негізгі өндірушілері болып экономиканың мемлекеттік емес секторлары болып табылады. Ұжымшарлар, кеңшарлар, кіші кәсіпорындар және мемлекеттік емес секторлардың басқа құрылымдары арқылы облыста картоптың 86,6 пайызы, көкөністің – 95 пайызы, бақша өнімінің 95 пайызы өндіріледі. Болашақта бұл өнімдердің негізгі өндірушілері болып экономиканың мемлекеттік емес секторлардың тауар өндірушілері қалады. 2005 жылы шаруа және көмекші жеке шаруашылықтарда 82 % жоғары алаң жинақталып картоптың 86 % ін өндірді. Бұл шаруашылықтарда көкөніс аумағының 75% бақша өсімдігінің 82 % жері болды, бұл жерлердің 82 % көкөніс және 95 % бақша өнімдері жиналды.

Жеміс –жидек,жүзім.Бағбаншылық пен жүзімдіктің нарықтық қатынасқа өтудегі айрықша ерекшеліктеріне қарамастан облыста өндіріс көлемінің өсуі үшін ұйымдастыру шарттары қарастырылуда. олар жоғарғы қор сыйымдылығына, енгізілген қаражаттардың ұзақ уақытта қайтарылуына мамандардың жетіспеушілігіне байланысты. Осы мақсаттары ішкі нарықты қанағаттандыру мен экспортты кеңкйтуге керекті бағбаншылық пен жүзім өсіруді орналастыру мен мамандануға, осы өнімдерді өндіру өндірісінде маншік пен шаруашылықтың әртүрлі түріндегі агроқұрылымдардың қызушылығын арттыруға жаңа тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда. 2005 жылы бақша аумағы 29,5 мың га – ға жетсе, 2007 жылы 37 мың га деп болжамдалуда. Ал жүзімдік аумағын 3,7 мың га жеткізу керек. Жеміс және жүзім дақылдарының аумағы негізінен жеке көмекші, шаруа және фермерлік шаруашылықтар есебінен кеңеюде. Жеміс ағаштарынан көбінесе алма, алмұрт, өрік, шие, өсіріледі. Жүзім өсіру Шымкент, Арыс, Келес аңғарларында өсіріледі. Бұл жерлерде шампан және жоғарғы сапалы құрғақ шарап өндіруге жұмсалатын жүзім сорттары жерсіндірілген

Біздің облысымыздың егістік көлемінің қалай пайдаланып жатқандығы жөніндегі 2002–2014 жж аралығындағы егістік көлемін пайдалану жөнінде:

 

Кесте 7. ОҚО егістік көлемінің динамикасы /2002-2014 жж мәлімет/

 

Жылдар Егістік көлемі, мың га
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

Суармалы егістік жерлерінің қазіргі шиеленісіп отырған жағдайын айтатын болсақ, 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, яғни соңғы 14– 15 жыл көлемінде жалпы егістік көлемі жалпы шамамен 295,2 мың гектарға кеміп кеткен.

Егістік жерлерді толық пайдаланбаудың ең негізгі себебі– жердің тұздануы мен сорлануы. Біздің облыс аумағының басым бөлігі сорланған (280 мың гектарға жуық) Әсіресе бұл Мақтарал ауданына тән. Мұнда 19,9 мың гектар жер орташа дәрежеде сорланса, 4,4 мың гектары аса қатты сорланған жер телемі болып табылады. Шардара ауданында 3000 мың гектар орташа дәрежеде сорланған. Мұнан басқа Отырар, Ордабасы аудандарының, Арыс, Түркістан қалаларының аумақтары тұздану процесіне іліккен.

Жоғарыда айтылғаннан көргендей,сорланған жерлердің аумағы облыстың басым бөлігін алып жатыр.Сондықтан да жерді тез арада мелиорациялау мәселесін шешуіміз керек. Тыңайған жерлерді толыққанды пайдалану жұмыстары әсіресе Отырар, Бәйдібек, Сарыағаш және Арыс қаласында өз дәрежесінде жүргізілмегендігі қатты алаңдатады.Алаңдаудың негізгі себептері: жердің сорлануы, батпақтануы, су жүйесінің жетімсіздігі, су және жел эрозиясы, жанар – жағар май, жоғары сапалы тұқымның жетімсіздігі, агротехникалық талаптарды сақтамау сияқты обьективті себептерге қол байлау болуда. Егістікке жарамды жерлерді мелиоративті жақсарту мемлекеттік бағдарламасын қабылдауымыз керек. Егерде біз әры қарай сорланған жерлерге тосылай көзқараспен қарайтын болсақ, онда келешекте біз облыстағы дені сау суармалы жеріміздің басым бөлігін ауыл шаруашылығы айналымынан шығарып алып, жерді сортаңдатып алуымыз ғажап емес. Тыңайған жерлер көлемінің кему тенденциясы байқалуда. Мысалға егістік жердің тыңайған жерге қатысты динамикасында соңғы 10 жыл аралығында тыңайған жер көрсеткішінің біртіндеп төмен қарай, яғни кему сатысы байқалуда. Мысалға: Мақтарал ауданы 1992 жылы орташа әр гектардан жиырма 5 центнер немесе одан да жоғары мақта шикізаты өнімділігіне қол жеткізсе, 2005 жылы мақта өнімділігі 19 центнерге дейін төмендеп кеткен. Осының барлығы ауыспалы егістікті қолданбай мақта дақылын үздіксіз еге берудің қорытындысы болып отырғаны ақиқат. Біздің облыстың оңтүстік өңіріндегі аудандарда іс – әрекеттегі шаруашылықтар нарықтағы сұранысты ескерместен жаппай барлығы табысы мол техникалық дақыл ретінде тек мақта шикізатын өңдеумен шектелуде. Ғылыми тұжырымдалған қормен қатынас жүйесі ретінде ауыспалы егістікті әзірлеу мен жер құнарлылығын арттыру іс –шаралары жасалмайды. Мұның барлығы айналып келгенде ең соңында жердің құнарлылығының жойылуы мен құнды қасиеттері мен белгілерінің біртіндеп нашарлауына әкеліп соғуда.

Осы мәселелерді шешу жолдарына бірнеше фактілер айтып кетуге болады. Бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі – бұл жылдан –жылға құлдырап бара жатқан жердің құнарлылығын сақтап қалу мәселесі. Жердің құнарлылығын сақтап қалудың басты шарттарының бірі –ауыспалы егістікті қолдану болып табылады. Бірақ күнделікті өмір көрсететіндей ұсақ шаруа қожалықтарының ауыспалы егістікті қолдануға құлқы жоқ, оған әрі тиімсіз. Әсіресе бұл мақта өндіруші аудандарда анық байқалады. Бұл жерде шаруашылықтарды қызықтыратындай экономиканы пайдалануымыз керек сияқты. Мысалыға: егістікке жарамды жердің көлемін арттырса – сыйлық алады, түсірсе – айыппұл төленуі тиіс. облыс көлемінде топырақты зерттеудің кезекті түрін өткізу қажет. Мұның ішінде бірінші кезекте егістікке жарамды жерлердің көлемін анықтау мәселесі өткір болып отыр. Бұл зерттеулердің нәтижесі біріншіден – ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің әрқайсысының жер телімдерінің шынайы төлқұжатпен қамтамасыз етілуіне игі ықпалын тигізер еді. Екіншіден – төлқұжатқа жердің нақты қасиеттерін дәлелдейтін көрсеткіштердің болуы арқасында жерді обьективті түрде бағалауға, жерді тиімді және оңтайлы пайдалануға ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндігі болар еді.

Суармалы жерлердің барлық түрлерінің аумағының қысқаруы негізінен келесі себептерге байланысты болады:

1) мелиорация жүйесінің бұзылуы мен техникалық жағдайдың нашарлауы

2) суару машиналарының ескіруіне және де олардың жұмыс істеуіне энергия қайнар көздерінің жетіспеушілігі

3) суды пайдаланушыларға төлем төлеуге суды пайдаланушылардың қаражатының болмауы.

Осыған байланысты ауылшаруашылық дақылдардың егістік аумағының суармалы жерлері де қысқарады. Сонымен қатар өнімге деген сұраныстың өзгеруі әсерінен мақталы картоп, көкөніс, жем – шөп дақылдарының аумағы қысқарып, астық, май, және бақша дақылдарының аумағы өсуде. Облыста суармалы егіншілікті пайдалану ерте көкөніс мақта, жеміс, жидек, жүзім өндірісінің оны Қазақстанның басқа аймақтарына өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Экономикалық негізделген есептер бойынша облыста картоп, көкөніс, жеміс – жидек, пен жүзім өндірісінің көлемі маңызды ұлғаюы керек.

Жерді мелиоративті жағдайының суды пайдалану жүйесімен суармалы аймақта агроэкологиялық жағдайларды жақсарту мақсатында төмендегідей шараларды жүргізуіміз қажет:

– суармалы жүйені техникалық жағынан жетілдіру, ең алдымен ішкі шаруашылыққа суару торабын, суару техникасы мен суару технологиясын

– гидромелиорация жүйесін барлық деңгейде су есебі және су бөлімінің құралдары мен тәсілдерін сапалы жетілдіру

– суарудың жетілген техникасы мен технологиясын енгізу (тамшылатып), жер астымен суару, суармалы жерлердің сорлануымен күрес тәсілдерін жетілдіру

– суару торабына суды бөлуді оперативті басқаруды ұйымдастыру және экономикалық тәсілдерді жасау.

2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 113,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің – 18%, немесе 20423 млн. теңгесі – Сарыағаш ауданының тауар өндірушілеріне, Мақтаарал ауданының – 17,8%, немесе 20195 млн.теңге, Сайрам ауданының тауар өндірушілеріне – 12%, немесе 13679,1 млн.теңгесі тиесілі.
Бәйдібек ауданында ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсімі – 14,2%, Сайрам ауданында – 12,4% құрағанын атап кету қажет. Алайда, өнім көлемінің Кентау қаласында – 32,8%-ға, Шымкент қаласында – 26,9%-ға, Қазығұрт ауданында – 4,6%, Арыс қаласында – 2,1%-ға кемуі орын алды.
2007 жылы 367,8 мың тонна дәнді дақылдар жиналған, немесе 2006 жылдың деңгейіне – 101,9%, майлы дақылдар – 37,2 мың тонна, немесе 91,2%, мақта – 438,7 мың тонна, немесе 100,8%, картоп – 150,8 мың тонна, немесе 122,9%, көкөністер – 494 мың тонна, немесе 103,6%, бақша өнімдері – 276,9 мың тонна, немесе 84,4%, жеміс-жидектер – 48,4 мың тонна, немесе 81,2%, жүзім – 30 мың тонна немесе 100,3% жиналған. 2007 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 145,6 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 566,6 мың тонна – сүт, 238,8 млн. дана – жұмыртқа өндірілді. Облыстың барлық аймақтарында ет және сүт өндірудің артқаны байқалады. Жұмыртқа өндіру Төлеби ауданында – 12,2%, Ордабасы – 29,5%, Бәйдібек – 8,1%, Мақтаалар ауданында – 7,1%-ға кеміді.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны –689,5 мың басты, немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне – 107,4%, қой мен ешкі – 3305,3 мың бас, немесе 105,9%, жылқы – 133,9 мың бас, немесе 104,2%, түйе – 15,6 мың бас немесе 101,2%, шошқа – 34,7 мың бас, немесе 112,4%, құс – 2193,7 мың бас, немесе 102,9% құрады

Оңтүстік Қазақстан - республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дақылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады. Оңтүстік Қазақстан - ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.

Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5-2 ай ерте піседі.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады. Республика бойынша жеңіл және тамак өнеркәсібі жалпы өнімінің 87%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Бүкіл республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің 55%-ы, тамақ өнеркәсібінің 40%-ы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан бөлінген демеуқаржыны уақытында алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мамандарының айтуынша, сегіз бюджеттік бағдарлама бойынша аграрлық секторды қолдауға мемлекеттік субсидиялар кесте бойынша бөлінуде. Бірінші тоқсанға 57 миллион 964 мың теңге бөлу жоспарланып, ол қаржының барлығы толық игерілді.

Көктемгі ең маңызды демеуқаржының бірі - жанар-жағармай болып отыр. Көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында шаруаларға арзан бағамен 19 мың тонна отын бөлінді.

Арамшөптермен күресу шаралары. Экономикалық тиімділігі. Арамшөптерге қарсы алдын ала күресу шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының негілгі міндсті - арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау. Ол үшін өңделмейтін жерлердегі арамшөптердің тұқым шашуына жол бермеу керек. Ол үшін тұқымдарды арнайы тұқым тазалағыш машиналардағы елеуіштермен триерлерді пайдаланатын 1-2 класс деңгейіне көтеру қажет. Егер егінді жинау жұмыстары мезгілінде, кешіктірілмей жүргізілсе, арамшөптер тұқымының негізгі бөлігі комбайн бункеріне немесе сүрлемдік дақылдармен бірге көк балаусаға түседі. Дәнді бөлектеп жинағанда тікелей орып бастыруға қарағанда арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады.

Сабанды тартылған, буландырылған, ұнтақталған күйінде малға беру керек. Арамшөптердің таралуына тосқауыл қоятын карантин шаралары болып табылады. Сыртқы карантиннің міндеті елге карантинге жататын арамшөптер тұқымдарының өтіп кетуіне жол бермеу болып табылады. Ішкі карантиннің міндеті карантинді арамшөптер бар алқаптардан олар жоқ алқаптарына таралуына тосқауыл қойған жөн.

Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқылы жою. Ежелгі заманнан топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің тиімді жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сақтауға, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Топырақты негізгі өңдеу ең алдымен алғы дақылға байланысты. Сүрі танаптарда топырақ өңдеуді қарастырайық: алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жазық тілгіш қопсытқышпен (КПШ-9, ПГ-3-5) 12-14 см тереңдікте өңделеді. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен 4-6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Көктемгі жұмыс сүрі танапта қарасұлы жаппай көктегеннен кейін КПШ-9, КТС-10-01, ОП-8 қопсытқыштарымен өңдеуден басталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты, олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн.

Сүрі танапта тамыр сабақты арамшөптерді тиімді жою үшін КПЭ-3,8 қопсытқышын қолданған бәрінен де тиімді. Танаптар жатаған бидайықпен ластанғанда, тамыр-сабақтар орналасқан тереңдікте (14-16 см) 4-5 рет осы қопсытқыштармен өңдеу барынша тиімді. Бұтақты бидайықпен күрес біршама қиын, себебі оның тамыр сабақтары жатаған бидайыққа қарағанда терең орналасқан. Солтүстік Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және қоңыр топырақтарда 28-30 см, қоңыр және ашық қоқыр топырақтарда 24-26 см, сортаң жерлерде 16-18 см тереңдікте орналасады. Бұтақты бидайықпен күресте тамырсабақтарын жер бетіне тақату үшін, жерді соқамен жыртады, сонан соң қопсытқышпен тамырсабақтарын тарайды. Азжылдық арамшөптер сүрі танапты өңдегенде біршама тиімді жойылады. Алайда оларды, әсіресе қара сұлыны сүрі танапты өңдеу кезінде толық жоюға қол жетпейді, себебі тұқымдардың бір бөлігі тек келесі жылдары өнеді. Сонымен қатар, азжылдықтармен күресте ауа райының және өңдеудің тереңдігінің де әсері байқалады. Арамшөптермен ауыспалы егісте күресудің мадызы өте жоғары. Сүрі танаптан алыстаған сайын астық егістігінің арамшөптермен ластануы арта түседі. Арамшөптердің бір ерекшелігі, агротехника бұзылса, кешенді күрес шаралары сақталмаса, танаптарда олар қаптап шыға келеді.

Арамшөптермен химиялық күресу шаралары. Химиялық күрес арамшөптердің өлуіне әкеліп соғатын химиялық заттарды қолдануға негізделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Өзінің өсімдікке әсер етуіне қарай жеке дақылдарға әсер ететін гербицидтер жылжымалы және жанасу топтарына ажыратылады. Гербицидтер мынадай түрде қолданылады: ерітінділер (2,4-Д аминт тұзының судағы ерітіндісі), суспензия (суланған ұнтақтар - симазин, атразин, прометрин) эмульсия (қойытылған эмульсия - триаллат, трефлан, эптан), түйіршіктер (триаллат бутильді эфирінің 2,4-Д тобы). Гербицидтерді ұнтақ арқылы, жер бетіне бүрку тәсілдерімен қолданады. Симазин және атразиннан басқа гербицидтер қазіргі уақытта пайдаланылады, ал жаңа дезармон-эфир, барс, т.б. гербицидтердің барлығы - 2,4 Д амин тұзының судағы ерітіндісі, тек қана атаулары өзгерді.

Суармалы егіншілікте су арқылы пайдалануға болады (гербигация). Гербицидтерді ұшақ арқылы жер бетіне бүріккіштер арқылы шашады. Жер бетіне шашуға (түгелдей және жолақтап) ОПІІІ-15-01, 011 -2000-2-01, ОП-3200, ПОМ-3200, ПОМ-030, ОМ-030-2 штангалы бүріккіштерін қолданады. Жер бетіне жеделдеткішті (дистаициялық) шашуға ОПВ-1200, ОП-2000, ОМ-200 агрегаттарын пайдаланады. Арамшөптердің жер бетіндегі бөліктеріне жер ететін гербицидтердің ең жоғарғы улылығы температура 18-24°С болғанда байқалады.

Ауаның температурасы 25-30°С болғанда олар нашар әсер етеді, ал 8-10°С болғанда әсері тіпті байқалмайды. Желдің жылдамдығы 4 м/сек жоғары болғанда гербицидтерді шашуға болмайды. Гербицидтер адамның денесіне белгілі бір мөлшері тигенде улы әсер етеді.

Сондықтан гербицидтермен жұмыс істегенде сақтық жасаған дұрыс. Жұмыс істеудің алдында қызмет көрсететін адамдар сақтандыру ережесімен танысып, арнайы киімдермен (комбинизон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор жөне т.б) қамтамасыз етілуге тиісті. Агрономдардың гербицидтердің сақталу жағдайына көңіл бөлулері керек. Мысалы, трефланды сақтағанда температура +4°С төмен түспеуі керек. Сақтау кезінде, әсіресе ұзақ сақтағанда, гербицидтің әсерлілігі төмендейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің төмендеуі көбінесе көп жылдық арамшөптердің әсерінен болады. Атпатамырлы арамшөптердің санын азайтатын тиімді гербицид - 2,4 амин тұзы.

Мұны жүйелі түрде қолдану ең үлкен тиімділік береді. 2.4 Д гербицидін пайдалану мөлшері (әсер етуші зат (Ә.Е.З): эфирлер - 0,3-0,4 кг/га, амин тұзы -1,0 кг/га. Жаздың астық даңылдары (қарақұмықтан басқа) егісінде гербицидтерді пайдаланудың ең қолайлы кезеңі оның толық түптенуі мен түтіктенудің алғашқы кезеңі болып табылады. Солтүстік Қазақстан жағдайында химиялың қорғау шараларын әрбір шаршы метр алаңында 2 және одан да көп қалуен, 15 қара сұлы, 75 итқонақ және 20-30 басқа азжылдың арамшеп өсімдіктері болғанда қолданады. Қара сұлыға қарсы жаздық бидайды себуге дейін ерте көктемгі топырақ өңдеу кезінде триаллат (авадекс БВ) қолданылады да, міндетті түрде 3-5 см тереңдікке 2,5-3.5 кг/га мөлшерінде енгізіледі.

Бидай одан 1 -2 см тереңірек себіледі. Бидай егісінде қара сұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде 4 иллоксан қолданылады. Препарат бойынша сіңіру мөлшері гектарына 2-4 кг.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных