Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 4 страница




«Сорттық және егілетін тұқымдық материалды анықтау» 037 бағдарламаға сәйкес 6,2 млн. теңгеге 10552 зерттеулер жүргізілген. Оның ішінде биылғы күздік дақылдар тұқымының сапасын анықтауға 1,4 млн. теңге соммасына 2344 зерттеулер жүргізілді. 2004 жылғы өнімінің тұқым сапасын тексеру басталды 4,8 млн. теңге соммасына 8208 зерттеулер игеріледі.

  Бүкіл егістік көлемі мың га Оның ішінде
Дәнді дақылдар Техникалық дақылдар Жемдік дақылдар
Облыс бойынша оның ішінде                
731,5 740,0 32,3 31,3 30,5 37,0 29,5 24,7
Шымкент қ 17,5 8,9 34,9 53,9 23,4 5,6 14,9 28,1
Арыс қ.ә 18,2 18,7 10,4 11,8 25,3 27,8 43,3 44,9
Кентау 2,3 2,4 21,7 20,8 17,4 16,7 1,1 12,5
Түркістан 38,7 39,2 27,9 19,6 43,9 55,1 18,3 15,8
Бәйдібек 79,3 85,7 38,8 42,2 7,9 13,5 51,6 42,4
Қазығұрт 73,3 72,3 48,7 42,6 14,7 24,2 32,3 29,3
Мақтаарал 135,2 135,0 8,2 6,5 71,8 85,1 12,8 4,1
Ордабасы 48,0 49,4 34,2 37,0 48,9 55,7 15,8 15,2
Отырар 13,3 15,8 26,3 22,2 26,5 32,0 32,5 23,3
Сайрам 75,2 77,1 42,6 39,9 12,8 13,2 39,1 38,7
Сарыағаш 45,7 49,8 36,1 32,3 28,4 31,5 11,8 11,6
Созақ 9,1 9,4 23,1 22,3 1,1 5,3 64,8  
Төлеби 65,3 64,0 46,1 44,8 10,4 14,7 39,4 36,4
Түлкібас 60,0 61,0 53,7 56,6 8,0 18,4 35,3 22,1
Шардара 50,4 51,3 13,7 13,3 58,7 59,8 19,8 20,1

 

 

Кесте 2. Облыстың егістік көлемі және дақылдары

 

 

Мақта. Қазақстан мақта шаруашылығының негiзгi базасы Оңтүстiк Қазақстан облысында шоғырланған. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның мақта шаруашылығының жалғыз базасы. Қазіргі уақытта мақта өсірумен Арыс, Мақтаарал, Отырар, Сарыағаш, Шардара әкімшілік аймақтары айналысады, бұл жерлердің табиғи және экономикалық жағдайлары мақта өсіруге біршама қолайлы.

Соңғы жылдары мақта өсірумен Байдыбек және Қазығұрт аудандарының крестьяндық және фермерлік шаруалары айналыса бастады.

1998 жылдан бастап мақта егетін аудандар кеңейді. 1991 жылы бұл өсімдік шаруашылығы 184 мың га жерді алып жатты, ал 2008 жылы 223 мың га жерді алды. Мақта өнімі жалпы 474 мың тоннаны құрады. Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінде мақта шикізаты 50%-ды құрайды.

Қазiргi уақытта мақта өндiрiсiмен ауа райы қолайлы, экономикалық мүмкiндiгi бар Арыс, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Түркiстан қаласының агроқұрылымдары айналысады.

Мақтаның табыстылығы жоғары дақыл болуына байанысты оған деген жеке тұлғалардың сұранысы мен инвесторлардың көбеюi нәтижесiнде соңғы жылдары оның егiс көлемi артып келедi.

Егiн шаруашылығы бойынша өндiрiлген барлық өнiмнiң 50 пайыздан

астамы шиттi мақта.

 

 

Сурет 7. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта жинау кезеңі

 

 

Мақта саласында пайдаланылатын суармалы жерлердің меншік иелері болатын орта және ірілендірілген агроқұрылымдар төмендегі жағдайларды ескерту қажет:

- табиғи –экономикалық жағдайларды және нақты өңірдегі болжамдалған даму бағдарламасына орай егістікті ғылыми-негізделген құрылымда қалыптастыру;

- жер пайдалану көлемін оңтайландыру арқылы ауыспалы егіс жүйесін ендіруді қолға алу;

- су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жақсарта отырып, су пайдалану мен жер асты минералды суының деңгейін төмендетудің тиімділіктерін арттыру.

Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аумақтары табиғи климат жағдайларына орай төрт аймаққа бөлінеді [10]:

Мырзашөл аймағына –Мақтаарал ауданы;

Қызылқұм аймағына – Шардара ауданы, Арыс қаласы;

Түркістан аймағына –Түркістан қаласы, Ордабасы, Бөген аудандары;

Келес аймағына- Сарыағаш ауданы.

Олардың ішінде ең үлкені Мырзашөл аймағы. Мақта егістігінің -2/3 бөлегіне жуығы осы аймақта орналастырылған. Мырзашөл аймағының жері сұр топырақты, әртүрлі деңгейде сорланған. Жер асты минералданған су деңгейі жер бетіне 1,5-2 м жақын орналасқан. Ыстықтың режімі басқа аймақтарға қарағанда мақта үшін қолайлы.

Қызылқұм аймағы Сырдария өзенінің ойпатты жағалауында орналасқан бастапқы кезеңде күріш егуге бейімделіп, инженерлік дайындық жұмыстары жүргізілген, жері сұр топырақты сазды, жердің сорлану деңгейі әртүрлі, кейбір өңірлерде жер асты суы тереңде жатыр.

Түркістан аймағының жері құмшауытты және аралас сұрғұлт топырақты. Жылына 180-200 мм жаңбыр жауады, сортаңдану деңгейі төмен.

Келес аймағының жері адырлы, насоспен суғарылатын алқаптар басым. Сұртопырақты, сортаңдану мөлшері аз, жер асты сулары тереңде жатыр.

Осы аймақтардың барлығындағы суармалы жерлер мақта саласына мамандандырылған. Сонымен қатар басқа да дақылдар өсіріп мал шаруашылығын (ірі қара, сүт өндіру бағытында) дамытуға қолайлы.

Мақта саласындағы агроқұрылымдарда жер көлемінің 65-70% мақта, қалғанына басқа дақылдар (жоңышқа, жүгері, бақша және көкөністер) егілсе оңтайлы егістік құрылым қалыптасады. Мақта саласына мамандандырылу мақта- жоңышқа - жүгері ауыспалы егіс жүйесіне негізделеді, бұл жүйе жердің құнары мен қоса өнімділікті де 3-4 центнерге арттырады [3].

Сонымен қатар мал шаруашылығын кепілді жем-шөппен қамтамасыз етуге де мүмкіндік жасалады. Бұл саланы дамыту еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырады.

Жұртшылық шаруашылығында мақта алқабының егістік көлемі қысқарған, 2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га –ны құраған, яғни 13 еседен артық қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс, жеміс-жидек) егілген және шаруа (фермер) қожалықтарының құрамына қосылып біріккен.

Жұртшылық шаруашылығындағы мақта алқабының қысқаруы негізінен басқа дақылдар (жүгері, көкөніс, т.б) егу және шаруа (фермер) қожалықтарының бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан.

Келешекте облыста мақтаның егiс көлемiн ұлғайтпай, ауыспалы егiстiк жүйесiн сақтау нәтижесiнде оның гектар түсiмдiлiгiн арттыру межеленiп отыр.

Көкөнiс. Облыстың жер, ауа райының ерекшелiгi картоп, көкөнiс, бақша дақылдарын өсiруге, онымен обылыстың және елiмiздiң солтүстiк аймақтарының халқын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Облыста негiзiнен көкөнiстiң барлық түрi енгiзiледi. Көкөнiс өндiрiсiне Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары мамандандырылған. Ерте пiсетiн көкөнiстi, яғни қияр мен капустаны өсiрумен Сайрам, Сарыағаш аудандарының өнiм өнiдiрушiлерi айналысады. Барлық өндiрiлетiн көкөнiстiң 91 пайызынан астамы шаруа және жеке шаруашылықтардың үлесiнде.

Бақша дақылдары. Бақша дақылдары облыста негiзiнен Шардара, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында өсiрiледi. Осы аудандарда барлық көкөнiстiң тиiсiнше 28, 23 және 18 пайыз өндiрiедi.

Картоп. Өзiнiң биологиялық ерекшелiгiне байланысты бұл дақыл топырақ пен ауа температурасының ыстық болмауын қажет етедi. Облыста картоп өсiруге Төлеби, Түлкiбас, Қазығұрт аудандарының тауалы аймақтары қолайлы.

Жүзiм. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі шаруашылықтарының бірі жүзім өсіру. 1970-ші және 1985 жылдар аралығында облыста жоғары сапалы жүзім шаруашылықтары құрылған. Бұл белгілі маманданған «Қапланбек» жүзім совхозы. Киров атындағы жүзім совхозы, Тельман Сарыағаш атындағы колхозы және Сайрам әкімшілік орталығының «Жеңіс» совхоздары [21].

 

 

Сурет 8. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам әкімшілік орталығының

жүзімдіктері

 

Бидай шаруашылығы. Жаздық бидай – бір жылдық өсімдік. Оның өсіп-даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп-даму кезеңдері төмендегідей: 1) тұқымның өніп «тебендеп» шығуы; 2) үшінші жапырақтың пайда болуы; 3) түптенуі; 4) сабақтануы (түтіктенуі); 5) дақылдың бас алып масақтануы; 6) дәннің сүттенуі; 7) қамырлануы; 8) дәннің толық пісуі. Бұл дақылдың өсу дәуірі ішінде арганогенездің 12 кезеңі өтетіні анықталып сипатталған. Бидай органдары (мүшелерінің) пайда болуының арганогенез процесінің жүруімен, өсу кезеңдерімен және сыртқы агроэкологиялық факторлармен өзара байланысын зерттеу нәтижелеріне қарағанда дақыл бір кезеңнен екінші кезеңге өткен жағдайда өсімдіктің минералды қоректену жағдайына, жылуға, ылғалға, жарыққа және басқа агроэкологиялық факторларға талабы өзгереді.

Себу – көктеп шығу. Сырдария өңірінің оңтүстік (Мақтарал, Шардара) аудандарында жазық бидай тұқымын себудің қолайлы мерзімі наурыз айының екінші және соңғы онкүндігі, орталық (Сарыағаш, Арыс, Түркістан аудандары) аймақта сәуір айының алғашқы он күндігі, таулы (Қазығұрт, Төлеби, Сайрам, Түлкібас) аудандарында сәуір айының екінші және соңғы он күндігі. Бидайды себуден көктеп шыққанға дейінгі аралықтың ұзақтығы 20 жыл зерттеу нәтижесі бойынша 11-16 күн, орташа 12-14 күн. Тұқымның көктеп шығу ұзақтығы негізінен ауа мен топырақтың жылуына және тұқым себу тереңдігіне байланысты.

Жаздық астық дақылдарын егу технологиясы. Облысымызда егілетін жаздық астықты егудің мерзімі топырақ қызуы 1-30С болған кезде келеді. Облыс жағдайына аудандастырылған жаздық астық дақылдарынан Память – 47, Интенсивная, Стекловидный бидайларын еккен дұрыс. Егісті неғұрлым ерте ексеңіз, өнім соншалықты мол болмақ. Тұқым себу тереңдігі 3,5 – 4,5 см, себу мөлшері ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақта 3,5 млн/га немесе 120 – 130 кг/га, ылғалмен толық қамтамасыз етілген жерлерде 4 млн/га немесе 140 – 150 кг/га.

Облыс аймағында ауыл шаруашылығы дақылдарының, соның ішінде күздік бидайдың өсуіне, климаттың өзгеруіне Тянь – Шаньның батыс сілемдерінің әсері зор. Әсіресе таулы аймақтарда, теңіз деңгейінен биіктеген сайын жауын – шашын мөлшері молайып, тиімді температура азаяды. Керісінше, тау етегіндегі аймақтарда жауын – шашын мөлшері азайып, тиімді температура көбейе түседі, тау етегінен алшақ аймақтарда жауын – шашын мөлшері мүлде азайып, шөл және шөлейт аймақтарға айналады.

Богарная 56 сорты. Пиротрикс түршесіне жатады, қуаңшылыққа төзімді, ұндық және нандық сапасы өте жоғары. Дәнінің ірілігі орташа, белогы 14,4%, шикі клейковинасы 40%, ұнының күші 570 Дж, нанының көлемі 812 мм/куб. Мол өнімді сорт.

Стекловидная 24 сорты. Эритроспермум түр тармағына жатады. Сорттың негізгі биологиялық ерекшелігі – қуаңшылыққа төзімді.Облыстың жүзім өндірісіндегі ең жоғарғы көрсеткіш 1983 жылға келеді. Нарықтық экономикаға көшудің бастапқы кезеңінде жүзім шаруашалығынаң салалары жапа шекті. Бұл кездегі экономикалық жағдайлар есебінен жүзім шаруашылығы үлкен шаруашылық санатында қала алмады.

Жер қорларынан көбірек пайда табу мақсатында көптеген шаруашылықтар жүзімдіктерді шабуға кірісті. Қазіргі кезде жүзім егілген аудан 5,7 мың га. Жүзімнен алынған жалпы өнім 29,2 мың тоннаны құрады.

Жүзiмнiң ең жоғарғы түсiмi мен өнiмi Облыста 1983 жылы жиналды. Сол жылы әр гектарынан 123 центнерден, барлығы 91 мың тоннадан астам өнiм алынды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңiнде жiберiлген кемшiлiктер мен салық төлемiнiң жоғары болуы жүзiм шаруашылығының құлдырауына әкелдi. Өз жерлестерiн алған тауар өндiрушiлер жүзiмдiк алқаптарын қысқартып, орнына табыстылығы жоғары басқа дақылдарды орналастырды. Осының нәтижесiнде соңғы жылдары облыста жүзiмдiктiң көлемi күрт азайды.

"Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп тауарлары нарығында аграрлық өнімдерді орналастырудың қазіргі жағдайы" тақырыбындағы тарауда облыс деңгейіндегі тауарлар нарығын талдай келе, шарап өнімдерінің нарықтағы орналасуына сараптама жасалынып, оны жетілдірудің негізгі бағыттарына сипаттама берілді. Өнеркәсіп тауарлары нарығының, соның ішінде шарап өндірісінің орны ерекше. Мақта егістіктерінің бірнеше жылдан кейін құнарлылығы төмендеп, жер шаршайды. Ал, жүзімдіктер жерді құнарландырады. Мақта жылда өнім береді, жүзім үшінші-төртінші жылдардан бастап өнім бере бастайды.

Мысал ретінде, 100 га егістік алқабында егілген жүзім, мақта, бидай үшеуінің өнімді өткізуден түсетін жалпы түсімі мен салықтық түсімдерінің салыстыру талдамасы сипатталған.

 

Кесте 3. Ауыл шаруашылық өнімдері өнімділігінің салыстырмалы сипаттамасы

 

Аталуы Егістік алқабы,га Өнімділігі ц/га Өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім, млн. теңге Салықтық түсімдер, млн. теңге
Жүзім     45,5 (шарап материалы) 22,7 (акцизді ескере отырып)
Мақта     14,5 (мақта шиті) 3,3
Бидай     5,2 (ұн) 1,2
Ескерту: ОҚО ауыл шаруашылығы Басқармасының мәліметтері негізінде құрастырылған

 

Өткен жылдар аралығындағы жүргізілген ішімдікке қарсы саясаттың нәтижесінде жүзімдік алқаптарының кеміп, шарап зауыттарының жабылуы нәтижесінен, бұл саланың жағдайы осы күнге дейін 1981 жылғы деңгейге жете алар емес. Себебі, қазіргі бюджетті бөлуде болып жатқан өзгерістер, инвестицияны басқа салаларға тарту салдарынан шарап өндірісі дамушылар тобына жатқызылады.

Әлемдегі елдердегі егістік көлемі 8015,5 мың га. болса, ондағы Қазақстанның үлесі 0,13 %-ын, ал ОҚО - 0,05 %-ын құрайды. Дүние жүзі елдері бойынша өндірілген шарап өнімдері 2007 жылы 3696,9 млн. дал болды. Дүние жүзі бойынша өндірілген шарап өнімдерінде ҚР-ның үлесі 0,2 %, ал ОҚО - 0,13% құраған. Өндірілген жүзім көлемі 1980 жылдан бастап 2004 жылға дейін төмендегенімен, 2006 жылдан бастап өнімділік көтерілуде.

Егіндік аудандар дәнді және бұршақты өсімдіктерден (бидай, ячмень, күріш,жүгері), жемдік шөптер (бір жылдық және көпжылдық шөптер), техникалық дақылдар (мақта, темекі,майлы дәндер), жемістер мен картоптан тұрады.

 

Сурет 9. Егіндік аудандардың құрылымы, %

 

Облыстың ауыл шаруашылық өндірісінде дәнді-дақыл шаруашылығы жетекші орын алады. Жыртылған жердің шамамен 1/3 бөлігі дән мен масақ шаруашылығы жерлері.

Дәнді-дақылдар балансы ішінде жетекші орынды күздік нандар, бәрінен бұрын күздік бидай алады. Күздік бидай жаздық бидайға қарағанда көбірек өнім береді. Күздік бидайдың өнімі жаздық бидайдікінен 5-6 ц/ге жоғары.

Мал азықтық шаруашылығы– мал шаруашылығының азық базасының негізгі көзі. Маңызды азықтық өсімдіктерге бір жылдық және көпжылдық өсімдіктер жатады.

Жүгері шаруашылығы. Аңыздық жүгері – Оңтүстік Қазақстан өңірінде негізгі мал азықтық сүрлемелі дақыл. Соңғы жвлдвры кәдімгі сұр топырақты жерлерде жүгерінің сүрлемелік өнімділігі күрт төмендеп кетті. Басты себептерінің бірі – суару режимі мен қоректендіру және әр гектардағы түп санының ғылыми ұсыныстарға сай болмауы. Егер осы факторлар өз дәрежесінде болса сүрлемелік жүгерінің гектарынан 800 – 1000 ц көк балауса жинауға болатынын ғылыми зерттеу мен озық тәжірибе дәлелдеп отыр. Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты аймағында ағын судың ара салмағын құраушы негізгі элемент болып есептелінеді. Мәселен, суару режимін төменгі ылғал сыйымдылығының 70 – 80 пайыз деңгейінде ұстағанымызда жүгерінің өсу дәуіріндегі орташа суару мөлшері 2870 м3/га немесе ағын су жалпы жұмсалған судың 60,8 пайызын құрайды.

Аңыздық жүгері – Оңтүстік Қазақстан өңірінде негізгі мал азықтық сүрлемелі дақыл. Соңғы жвлдвры кәдімгі сұр топырақты жерлерде жүгерінің сүрлемелік өнімділігі күрт төмендеп кетті. Басты себептерінің бірі – суару режимі мен қоректендіру және әр гектардағы түп санының ғылыми ұсыныстарға сай болмауы. Егер осы факторлар өз дәрежесінде болса сүрлемелік жүгерінің гектарынан 800 – 1000 ц көк балауса жинауға болатынын ғылыми зерттеу мен озық тәжірибе дәлелдеп отыр.

Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты аймағында ағын судың ара салмағын құраушы негізгі элемент болып есептелінеді. Мәселен, суару режимін төменгі ылғал сыйымдылығының 70 – 80 пайыз деңгейінде ұстағанымызда жүгерінің өсу дәуіріндегі орташа суару мөлшері 2870 м3/га немесе ағын су жалпы жұмсалған судың 60,8 пайызын құрайды.

Ауданның оңтүстігіне жауын-шашын жүгері өсімдігінің алғвшқы даму кезеңінде ғана түседі де, түтіктену кезеңінен соң бұл жақылдың суға деген сұранысы топырақ құрамындағы жинақталған ылғал мен ағын сумен суару арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Сол себептен құрғақшылық жылдары жалпы өсіп өну кезеңіндегі жұмсалған сулардағы жаңбыр суының үлесі бар болғаны 12,7-15,3% болып, ал жауын-шашын орташа түскен жылдары бұл көрсеткіш 23,2-24,3% артты.

1. Оңтүстік Қазақстан облысының ұзақ мерзімді өсіп-өну кезеңінде ьиімді пайдаланудың бірден-бір бағыты қонақжүгері мен аңыздық жүгері бірге аралас егу болып иабылады.

2. Аңыздық жүгеріні қонақжүгерімен аралас еккенде көк балауса өнімділігіде, оның сапасы да анағұрлым артады.

3. Өзбектің сүйір ақ жүгерісінен биологиялық ерекшелігіне сәйкес ең жоғары өнім-1379,7 ц/га көк балауса, екі қатар аңыздық жүгері мен қонақжүгеріні таза екенде алынады. Қазақстан 700СВ буданын осы тәсілмен орналастырылғанда ір гектардан 1038,5 ц/га көк балауса алынып, қнімі осы буданның таза егісімен салыстырғанда әлде қайда жоғары болды.

4. Аралас егісте вңыздық жүгерінің түп санын 30 мың/га болғанда ғана мол әрі сапалы мал азығындық көк балауса жиналды. Өзбектің сүйір ақ жүгерісі егілген нұсқада 307,1 ц/га азық мөлгері алынып, жұғымды протеин мқлшері 18,8 ц/га жетті, ал бұл көрсеткіштер Қазақстан 700СВ буданы егілген нұсқада 250,8 ц/га және 15,3 га болды.

Облыс аумағаның топырағы мен климаты картоп пен жеміс, бақша өсімдіктерін өсіруге өте қолайлы. Бұл өсімдіктерден алынатын өнім тек облыс халқын ғана емес сонымен қатар елдің солтүстік аудандарын да қамтамасыз етеді. Облыста өсімдіктердің шамамен барлық түрі өсіріледі, олардың негізгісі: қызанақ, пияз, сәбіз, капуста. Өсімдік шаруашылығына Сайрам, Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби әкімшілік аудандары маманданған [35].

 

 

2.3 Суару кезеңі, нормасы және суару саны мен су шығыны

 

Суару кезеңі- әрбір дақыл үшін олардың өсіп-өну жағдайына сәйкес топырақ ылғалдылығының қолайлы режімі. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістікгерге арналған гидромодульдің үйлестірілген жалпы графигі құрылады. Осылай құрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдарды суару режімін айқындайды. Гидромодуль (гр. һуdor — су, лат. modulus — өлшем)

1) суармалы жерлерге вегетация кезінде каналдар (арықтар) арқылы берілген, осы аумақтың аудан өлшеміне (га) шаққандағы су өтімі (л/(сек. га). Суармалау көзінен алынып, суармалау жүйесі арқылы суармалау ауданына түгел берілуге тиіс судың көлемін анықтау үшін қолданылады. Әдетте, ауыспалы егіс телімдері үшін төмендегі формуламен есептеп (тәулік бойы суарғанда) шығарылады:

q = \alpha \cdot m/8640 \cdot t, мұндағы \alpha — жалпы ауыспалы егіс ауданындағы нақты дақылдың үлесі; m — суару қалыбы; t — суару кезеңі, (тәулік);






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных