Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 2 страница




Өзен аңғарларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және тоғайлық экологиялық қатарлар түзеді. Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай жоқ. Бұл жерлерде – жыңғыл, қамыс, шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды жерлерде қарабарақ, төбесораң, сарсазан кең тараған. Қалың тоғай Сырдарияның аңғарында көп. Судың жағалауы тораңғы, талдар, жиде, итмұрын тұнып тұрған ну тоғай. Ағаштардың бұтағында шырмалған лианалар – шығыстық жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астық тұқымдастар – қамыс, баттауық және кендір, жантақ және қызыл мия қалың өскен. Облыстағы таулар Батыс Тәңіртау мен Қаратау жүйелеріне жатады. Таулық жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мыналар:

- әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна;

- ксерофильді сирек ормандар мен бұта – шіліктер (бадалдар);

- жапырақты, жемісті ормандар;

- су бойындағы бұталар мен ормандар;

- арша ормандары мен сирек ормандар;

- таулық далалар;

- бұта-шіліктер – розарийлер, тобылғы және шие-шіліктер;

- тікенекті қатты шөптер мен бұталардан тұратын фриганойдтар;

- әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б.

Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Таулық әр түрлі шөптесін – ірі астықтұқымдастардан тұратын жартылай саванна теңіз деңгейінен 600 метр жоғарыда кездеседі. Шөптердің биіктігі 1 метрден асады. Фитоценоздардың доминанттық негізін түкті бидайық, жаман арпа, бозшағыл және кәдімгі тарғақшөп, қызыл от, бидайық сияқты шалғындық астықтұқымдастар құрайды. Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін әдетте сасырдың түрлері, штубендорфия, жүрекжапырақты рауғаш, жалаңгүлді айдаршөп, андыз, шырыштың түрлері түзеді. Екінші деңгейді түзетіндер – жұпаргүл, астрагалдар, самарқандық салаубас, өлмесшөп, т көбенқұйрықтың түрлері және т.б. Төменгі деңгейдің түр құрамы эфемеретумге ұқсас. Бұл өсімдік тұқымдастарына – итмұрындар, тәңіртаулық үшқат, алмұрт жапырақты түйесіңір, шиелер жатады. Бұл тұқымдастың түрі өте көп – 100 шаршы метр жерде 50 ден асады. Субальпілік белдемде (2000 метрден жоғары) – жіңішке сасыр, кәдімгі тарғақшөп, қызыл от, андыз, таран, рауғаш, итмұрын, шие және бадам кездеседі.

Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың аласа бөктерлерінде (Машат, Дәубаба, Боралдайтау, Қазығұрт) шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Негізгі формация – сары долананың сирек ормандары. Өз алдына жеке бірлестік түзетін тағы бір түрі – тау пісте. Бадалдың ең ксерофильді нұсқасы – тікенді бадам топтары. Бұдан басқа Түркістан доланасы, регель алмұрты, семенов үйеңкісі, үшқаттар, итмұрындар, шиелер, парсы шетені немесе қызыл қайың, гультемия, қылша кездеседі. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгендері де бар, олар – жабайы алма, жабайы өрік, жабайы жүзім, Шренк тобылғыгүлі, темірағаш, Кавказ таудағаны немесе кәтреңкі. Бадалдың флористикалық қанықтығы 100 шаршы метрде 75 түрі кездеседі. Шөптесін өсімдіктерінің құрамында жартылай саваннамен ортақ түрлер көп. Осы екі өсімдіктер қауымдастығы түрлерінен «Қызыл кітапқа» енгені – Регель рафидофитоны, марскеуек немесе лепидолофалар, піскем жуасы, грейг қызғалдағы, көкшіл шиқылдақ, ақ жолақты сасыр.

Жапырақты жеміс ормандары әдетте беткейлерде, сайлар мен жыралардың табанындағы сулы немесе құрғақ арналарда өседі. Негізгі орман түзуші түрлер – Түркістан доланасы мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар доланасы, сары долана, семенов үйеңкісі, жабайыланған қара тұт, жаңғақ және алша кездеседі.

Су бойындағы бұталар мен ормандар (тоғайлар) Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың сай – жыраларында ағып жатқан үлкенді – кішілі өзен суларының бойында болады. Ең алымен бұл тал – шіліктер: ақ тал, кирилов талы, блек талы, іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары. Боралдай, Ақсу, Дәубаба өзендерінің бойында соғды шағанының ормандары, ал Қаратау мен Машат тауларының кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы өзендер аңғарында Тянь – Шань қайыңы мен талас қайыңының ормандары кездеседі.

Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе заравшан аршасы, сауыр арша және қара арша немесе Түркістан аршасы. Кең тарағаны – қызыл арша, ол 1200 – 2000 метр биіктікке дейінгі белдемде тараған. Қаратау мен Машаттағы кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын кең тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600 – 2500 метр биіктіктегі белдемде, ал қара арша 1700 – 3000 метр биіктікте тараған.

Таулық далалар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер – қау мен боз және бетеге. Еркекшөптің түрлері де елеулі рөл атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі – бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.

Қаратаудың далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық, фриганойдты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың - тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғыгүлдің болуы.

Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауда кең тараған. Ал шөлді жазықтарда, тұзды сортаңды жерлерде, өзен аңғарларында қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына қалың болып шие, үшқат, тобылғы, итмұрын, зілік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғыгүл мен қылшалар кездеседі.

Фриганойдтар немесе таулы-қыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана оңтүстікте мейлінше толық кездесетін тікенекті бөстек тәрізді, ксерофильді тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теңіз деңгейінен 1000 – 2700 метр биіктікте таралған. Фриганойдтардың айқын өкілдерінің көпшілігі реликт, әрі сирек түрлер болып табылады да, «Қызыл кітапқа» кірген. Олар – Культайасов шренкиясы, тікен жапырақ, әулиеаталық трихантемис, Қаратау лепидолофасы, таспажапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы, тау-сағыз және т.б. [12].

Батыс Тәңіртаудың қыраттарында теңіз деңгейінен 1700 – 2400 метр аралығында таулы шалғындар, одан жоғарырақ (2300 – 2800 метр) субальпілік шалғындар, 2800 – 3500 метр аралығында – криофитті альпілік шалғындар таралған. Таулы шалғындарда кең тараған түрлер – шалғындық түлкі-құйрық, бидайық, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық атқонақ, шалғындық қоңырбас, т.с.с. Субальпілік шалғындар жатаған аршалар белдемінде тараған. Шалғындық астық тұқымдастарға жататын түрлер шалғындық беде, Гельцер қалампыры, бұйра қымыздық, маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген Қоқан моринасы мен іріжапырақты медиазия субальпілік шалғындардың құрамында. Альпілік шалғындардың түр құрамы бөлек, олар негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден тұрады. Әдетте, доминант болып келетіндері – жіңішке корезия немесе күйгенбас, доңызсырт, сарғалдақтар, тасжарғандар, көкгүлдер және т.б.

Батыс Тәңіртаудың ең биік жерлерінде (3500 – 4200 метр) криофитті бөстектілер мен қармаңайлық – субнивальды белдемдік топтар кездеседі. Ең жарқын өкілдері болып табылатындары – үш сала вальдгеймия, желайдар шөмішбас, аяздық семізот және т.б.

Облыс жері өте көне мәдениет және өркениет ошағы болып табылады. Бұл әрине өсімдіктер дүниесіне тікелей әсер еткен, әсіресе Қаратаудың күнгей беткейіндегі, Сырдарияның бойындағы қалың орман, тоғайлар сиреп қалған. Өсімдік дүниесі көптеген мәдени дақылдардың отаны болып табылады. Облыстың жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен «Орта Азиялық мәдени өсімдіктер ошағының» қомақты бөлігі болып табылады. Ондай дақылдарға қызыл бидай, арпа, күріш, алма, өрік, жүзім және т.б. жатады. Облыстың өсімдіктер дүниесінен «Қызыл кітапқа» 176 түр енгізілген, бұл Қазақстандағы сирек өсімдіктердің 45 пайызы.

Облыстың табиғи флорасы - әлі де пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі болып отыр. Мұнда жемшөптік, дәрілік, азық-түлік, эфирмайлық және т.б. пайдалы өсімдіктер көп – ақ. Олардың ішіндегі дәрмене жусан, жабайы алма, жабайы өрік, алша, тау пісте, жабайы жүзім сияқты түрлердің табиғи популяциялары ғаламдық маңызды генафонд деп танылып отыр.

 

Сурет 5. Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ картасы

 

1.5 Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егіншіліктің су ресурстарымен қамтамасыз етілуі

Оңтүстүстік Қазақстан облысының су ресурстары, Арыс - Сырдарияның оң саласы. Ұзындығы 378 км. Су жинайтын алқабы 14 900 км², Арысқа 91 сала құяды. Ірілері Боралдай, Бадам, Машат, Ақсу өзендері. Арыс өзені Талас Алатауының оңтүстік-батыс беткейіндегі Көлбастау көлінен (1165 м биіктікте) басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км) т.б өзен суларымен толығады. Тау арасынан шыққан кейін жазықтықпен аяғында да, арнасы кейейді. Қар,жауын сумен қоректенеді, желтоқсанның аяғындақатып, наурыздың бас кезінде мұзды түседі. Орта су шығыны 46,1 м/сек (Арыс темір жол станциясы тұсында). Сазан,тобына, аққайраң, шортан және т.б балықтар ауланады. Арыс өзені және оның салалары егіндіеті, бау-бақшаны суаруға, шабынды пен мал жайылмалын суландыруға пайдалынылады. Ондағы шағын ГЭС-термен каналдар бар. 1961 жылы Арыс-Түркістан каналы пайдалануға берілгеннен кейін су шығыны 31 м/сек дейін төмендеді. Өзен суы тығыз, минералдылығы 1г/л-ге дейін. Қырғыстан республикасы мен Жамбыл облысы аймағында өзен ағысын реттеу мақсатында бірнеше бөгет салу құрылысы салдарынан ОҚО-на жыл сайын су аз мөлшерде келуде. Ол өз кезегінде пайдаланатын джер лер мен бақша өнімдерін суғарылуын қысқартады. Айтып өткен һөзендерден басқа Қаратау жотасы баурайына бірнеше су көздері ағады. Жиделі, бесарық, Ермексу, Қорашық, Арыстанды, Шаян, Бөген және т.б. Таудың шыға берісінде төбенің борпылдақ шөнінділерінде, өзеннің ағып шығу ағысы едәуір көлемін жоғалтады (50-60%), ал жазықтыққа келетін қалғанбөлігі табиғи пішін шабу үшін жайылмалы суаруға тарылады. Кейбір өзендердің тасқын сулары да су қоймаларымен реттеледі. Мысалыға, Бөген, бадам және т.б бөгеттер сияқты.

Сырдария өзені геожүйелерінің оң жағалаулық саласында Келес өзені негізгі өзені болып табылады. Өзеннің жалпы ұзындығы 220 км. Су жинағы ауданы 2,2 мың км². Оның су көзлері Қазығұрт тауының оңтүстік баурайы мен Қаражантау жотпсының солтүстіке батыс пен батыс баурайларында орналасқан. Өзеннің негізгі қорегі атмосфералық жауын- шашын болып табылады, аз мөлшерде жер асты сумен қоректенеді. Терреторияның құрылымы жағынан Қаратас тау массивы бөліп тұратын батыс бөлігін Шу-Сарысу ойпаты және шығысын Қылқұм ойпаты алып жатыр. Бұл ойпаттар күшті қатты шөгінділерден құралған. Олардың құрамы палеоеген және бор жастағы су өткізгіш қабаттардрдан қысымсыз төртікттен жоғары қысымды неогенге дейінгі кешендерден тұрады.

Бадам – өзені Қаражантау тау жоталарының баураынан бастау алып солтүстік шығыстан – оңтүстік батысқа бағытталып ағады. Өзнен аңғары Өгем мен Телес өзендерінің аңғары мен шекаралас жатыр. Алғашқы 25 км өзен биік таулы аймақта жіңішке аңғармен өте қатты жылдамдықта, еңіске қарай бағытталып ағады. Бұл бөліктегі өзеннің жалпы еңісі (уклон) 69 пайыз, шатқалдан шығар деп өзеннің еңіске бағыты бәсеңдейді. Аңғар кеңейе түсіп,арнасы тұрақсыз бола бастайды. Өзеннің орта бөлігінің еңістігі 1,8 -0,4 пайыз.

Ағысының алғашқы 25 км. Өзненнің оң жағасынан 5, сол жағасынан 2 кішігірім өзен тармақтарры қабылданды. Бастауынан 42 қашықтықта өзенге оң жағынан өзеннің ірі саласы Доңызтау өзені су жинау алаңы 90 км², ұзындығы 29 км келіп құяды. Бастауынан 46 км – оң жағанан Ленгір өзені (су жинау алаңы 70 км², ұзындығы 19 км), 53 км-Тоғыс өзені (су жинау алаңы 150 км, ұзындығы 34 км). 62км- ең ірі және көк сулы саласы Сайрамсу өзені(су жинау алаңы 1060, ұзындығы 76км), 1000км – Ақбұлақ өзені және 129 км - ең соңғы саласы Бөржар өзені келіп құйылады.

Жоғарыда келтірілген деректерден біріншіден, Бадам өзеннінің алғашқы 62 км ғана жақсы дамыған өзен тармақтары бар, су жиналу аумағы жоғары жер аймағынан ағып, ал қалған бөлігі өзендер тармағы әлсіз дамыған аймақтарымен ағып өтнтіндігі мен көреміз. Екіншіден, өзнннің барлық тармақ салалары (тек екеуінен басқа) өзенге оң жақтан құяды. Қырық км -ден бастап өзеннің сол жақ жағалауы сусыз аймақа айнадады

Бадамның және оған құятын басқа өзен тармақтарының сулары 135 канал арқылы (оның ішінде 29 – Бадам өзені, 18- Доңызтау өзені, Леңгірсай-11, Тоғыс -14 Сайрам су -44, Қарабастау-2, Қарсу -2, Ақбұлақ -5, Бөржар -7жер суландыруға және шаруашылыққа қажеттерге жұмсалады.Өзен негізі көктем суларымен қоректенеді. Көктемде жауын-шашынның мөлшерінің 50 пайызға жуығы құралады. Осы жауын-шашынмен еріген қар суларының жиналуы әсерінен өзенде көктемгі көктемгі су тасқыны болады. Жазғы жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, өзеннің қоректенуі үшін маңызы жоқ. Қысқы және күзгі мол жауын-шашындар өзеннің су көлемін салыстырмалы түрде осы мезгілдерде едәуір жақсы деңгейде ұстап тұрады.

Ақсу өзені—Сырдария өзені геожүйелерінің оқ жағалаулық саласын құрайды. Өзен Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби және Сайрам аудандар аумағын ағып өтіп, Арыс өзенннің сол сағасы болып есептеледі. Ұзындығы 133 км. Су жинау алабының аумағы—766 шаршы шақырым. Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады. Жоғарғы шатқалдан ағып өтіп, орта тұсындағы аңғардың ені 150-200 м-ге, жайылмачсы 40-50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі-мұздықтар мен қар суы (70%). Көпжылдық орташа су шығыныСарқырама ауылы тұсындағы 9,68 м³/сек. Кей жылдары төменгі ағысына сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдығы 200-400мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағалы қорығы орналасқан. Өзен суы негізінен егістікті және бау-бақшаныв суғаруға пайдаланады.

Көлдері негізінен Сырдария өзенінің сағасында орналасқан. Олар тасыған өзен суларымен және жер асты суларымен толығады. Өзен бассейнінде 43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың га. Өзен алаьбында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл және т.б ірілі --ұсақты көлдер көптеп кездеседі. Көлдер негізінен ауыл шаруашылығында және басқа да мақсаттарда пайдаланады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн м³)аң, Сарыкөлде (10,2 млн м³) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м³) емдік мақсатта пайдасы зор. Сонымен қатар өзендегі суқоймалардың жалпы көлемі 98 мыңнан астам гектарды алып жатыр. Оларға Шардара, Бөген, Бадам және т.б жатады. Шардара су бөгені 1965 жылдан бері іске асырылды. Ол Сырдария өзені геожүйелерінің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Көлемі -5200 м³, ұзындығы 6000м, орташа тереңдігі 28,2 м. Көлемі жағынан және ауылшаруашылығы жағынан екінші орныда тұрған Бөген су қоймасы 1967 жылы іске қосылған. Ол Арыс өзенінің бойында орналасқан. Көлемі 370 м³, ұзындығы 5400 м.

 

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СУАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ.

 

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып,топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады. Техникалық және дәнді дақылдарды,мал азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын суарудың шаруашылықтық маңызы бар.

Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.

Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойы өте құбылмалы болуының салдарың салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады.Сондықтан,бұл аймақтарда жыл сайын дәнді,техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады.

Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидалары мен тәжірибесі

“Агроөнеркәсіп кешенінің және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу экономика институтының” зерттеулері мен ұсыныстары бойынша өндірісті шоғырландырудың бірнеше деңгейлері белгіленген. Олар - ең төменгі, рациональды және оңтайлы. Ең төменгі деңгейі- кешенді машиналар жүйесімен озық технологияны пайдаланудың мүмкін болмауы. Ал, рациональды және оңтайлы деңгейлерде орта, сондай-ақ ірілендірілген шаруашылықтардың барлық артықшылықтарын толық пайдаланудың мүмкіндіктері болады.

Мақта саласында пайдаланылатын суармалы жерлердің меншік иелері болатын орта және ірілендірілген агроқұрылымдар төмендегі жағдайларды ескерту қажет:

· табиғи –экономикалық жағдайларды және нақты өңірдегі болжамдалған даму бағдарламасына орай егістікті ғылыми-негізделген құрылымда қалыптастыру;

· жер пайдалану көлемін оңтайландыру арқылы ауыспалы егіс жүйесін ендіруді қолға алу;

· су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жақсарта отырып, су пайдалану мен жер асты минералды суының деңгейін төмендетудің тиімділіктерін арттыру.

· Мақта саласындағы агроқұрылымдарда жер көлемінің 65-70% мақта, қалғанына басқа дақылдар (жоңышқа, жүгері, бақша және көкөністер) егілсе оңтайлы егістік құрылым қалыптасады. Мақта саласына мамандандырылу мақта- жоңышқа - жүгері ауыспалы егіс жүйесіне негізделеді, бұл жүйе жердің құнары мен қоса өнімділікті де 3-4 центнерге арттырады. Сонымен қатар мал шаруашылығын кепілді жем-шөппен қамтамасыз етуге де мүмкіндік жасалады. Бұл саланы дамыту еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырады.

Жоғарыдағы атап өткен мәселелермен бiрге қазiргi таңда негiзгi мәселелердiң бiрi ауыл шаруашылық ғылыми жетiстiктердiң аздығынан да болып отыр. Мемлекет иелiгiнен алынған кәсiпрындардың көпшiлiгi ауыл шаруышылық мамандары емес кәсiпкер иелерiнен қолдау болғандықтан бiраз тежелiп қалды.

Егісті суару еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында ғана тиімді болып қоймай,сондай-ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді. Суарудың түрлері.Жер суару топырақты дымқылдандыру,тыңайту және арналы суару болып үш түрге бөлінеді:

Топырақта қажетті су және ауа режимін жасау үшін суарудың дымқылдандыру түрі пайдаланылады.Суарудың бұл түрі дүние жүзінде де өте көп тараған негізгі түрі болып саналады және өсімдіктердің өсіп-өну дәуірімен оның кейбір кезеңдерінде судың керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген шақтарында жүргізіледі.

Суарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты) және бір дүркін ғана суару болып бөлінеді. Шаруашылық жағдайында суарудың жүйелі пайдаланғанды топырақ қажетті мөлшерде және керекті мезгілде дымқылданады. Су көздерінен су суару жүйелеріне ағатын болғанда өздігінен ағызып суару,оған керісінше, механиқалық әдіспен жіберілсе,онда механикалық суару деп аталады. Жоғарыда көрсетілгендей,біздің елімізде судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі суару түрі көп тараған және оның ең негізгі түрі болып саналады. Ал енді жерді бір дүркін ғана суару үшін су алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға жазғытұрым пайда болатын қар суы жабылған жағдайда ол көлтабанды суарма деп аталады. Ал енді алаңға каналдар арқылы көктемгі тасқын сулары жайылса оны тасқын сумен суару деп атайды. Көлтабанды суарма әсіресе Қазақстанда,Ресей және Украинада кеңінен тараған. Суарудың топырақты тыңайту үшін қолданылатын түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып,оның дымқылдану қабатына сіңеді. Суарудың бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының сарқынды суларын және құрамында асылған топырағы мол тасқын суларын пайдалану жатады. Арнаулы суарудың түріне топырақты тазарту, жылыту және мақсаттармен жүргізілетін суару жұмыстары жатады. Суарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы артық тұздарды шаю және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылыды. Топырақты жылыту үшін суарғанда,оны зөінен жылырақ сумен суарып жылытудың арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі ұзартылады. Суарудың бұл түрі шаруашылық жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных