Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Интерпол құрудың халықаралық-құқықтық негіздері




 

Қазіргі таңда экономикалық және қаржы салаларының (қоғам мен мемлекет өмірінде шешуші маңызы бар) жаһандану жағдайында кез келген мемлекет алдында, оның ішінде Қазақстан алдында өз мүдделерін жалпы мүдделермен келістіру міндеті тұр. Халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделері – бұл әртүрлі мемлекеттердің сәйкес келетін мүдделері ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жүйелеріндегі әр түрлілікке қарамастан, қоғамның ерекше әлеуметтік-саяси құрылуы ретіндегі қажеттіліктері болып табылады. Сондықтан, мемлекеттердің жалпы мүдделерін қамтамасыз ету проблемалары қазіргі халықаралық құқық үшін ерекше маңызы бар. Бұл жалпы мүдделер Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында бекітілген:

· тиімді ұжымдық шаралар жолымен халықаралық ұйымдардың құрамына енетін мемлекеттердің қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қолдау;

· өзара мүдделі мемлекеттер арасында достастық және өзара тиімді қатынастарды дамыту;

· халықаралық ынтымақтастықты гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешу мақсатында жүзеге асыру /3/.

Жоғарыда аталған мүдделер жалпы халықаралық қауымдастықпен және үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар нысанында қызмет ететін тиісті халықаралық ұйымдармен қорғалады. Мысалы, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте барлық мүдделі мемлекеттердің қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруге шақыратын үкіметаралық ұйым - Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы болып табылады. Мемлекеттердің осындай үкіметаралық халықаралық полиция ұйымымен ынтымақтастықта болу қажеттілігі барынша күшейген трансұлттық қылмыстардың «интернационализациялануы» мен ықпалдасуына байланысты туындайды.

Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес бойынша қылмыстық әділет салаларындағы мемлекеттердің ынтымақтастығында Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ­– Интерпол айрықша орын алады. Қылмыспен күресте Интерпол өзінің қатысуын оған ғана тән нысандарда білдіреді және өзіне ғана қолжетімді құралдармен іске асырады.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы, көбінесе «Интерпол» деген атымен көпшілікке белгілі, қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы халықаралық полиция ұйымы болып табылады. Аталған ұйым өзінің бірегей құрылымының, құқықтық базасы мен техникалық жарақтандырылуының арқасында Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросының қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруге бейімделген.

Халықаралық қылмыстық құқық полициясы (ең алғашқы атауы) Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесімен (ЭКОӘЛК) үкіметтік емес ұйым ретінде қаралды.

1889 жылы Халықаралық қылмыстық құқық одағының құрылтай мәжілісі болды, оған қатысушылар халықаралық масштабта халықаралық қылмыстың туындауын белгіледі және әр түрлі мемлекеттердің полиция қызметтерін оның алын алу мен болдырмау мәселесі бойынша келісілген әрекеттерге шақырды.

1905 жылы герман тілді мемлекеттердің криминалистерінің халықаралық конференциясында халықаралық қылмысқа қарсы күресте полиция қызметтерінің күштерін біріктіру әрекеті жасалды. Гамбургте өткен 10-халықаралық қауымдастықта криминалистер туризм мен шетелдік саяхаттарға сұраныстың өсуі халықаралық қылмыстың жаңа нысандарының пайда болуына мүмкіндік беретінін дәлелдейтін қарарды қабылдады.

Қарарда халықаралық қылмыстың дамуына мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды зерттеу, сондай-ақ қылмыскерлердің қылмысқа қарсы әрекеттерін болдырмау мақсатында бірлескен халықаралық акцияларды қабылдау керек. Кездесудің қорытындысы бойынша Қауымдастыққа қатысушылар барлық мемлекеттерде полиция бөлімшелерінің құрамында халықаралық қылмыс туралы ақпаратпен алмасу орталық бюросын құру қажет деген шешімге келді.

Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрестің проблемалы мәселелері кеңінен талқыланған осыған ұқсас халықаралық конференциялар мен конгрестер кейінгі жылдары да өткізілді: 1905 ж. (Буэнос-Айрес); 1909ж. (Мадрид); 1910 ж. (Буэнос-Айрес); 1912 ж. (Сан-Пауло, Берлин); 1913 ж. (Вашинг­тон). Осы халықаралық конференцияларда форумға қатысушылар барлық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың назарын халықаралық қылмыспен күрес бойынша халықаралық полиция ұйымдарын құру проблемасына аудартты.

1914 жылы 14-інен 20 сәуір аралығында Монакода өткен бірінші Халықаралық криминалистика полициясы конгресінде Франция, Италия, Ресей, Австрия және Ұлыбританияның қылмыстық полиция өкілдері қатысты. Конгресте талқылауға мынадай мәселелер қойылды: қылмыскерлердің экстрадиция рәсімдерін біріздендіру; халықаралық превентивті (ескерту) антропометрия; халықаралық қылмыстық ақпаратты есепке алу бөлімін құру, сондай-ақ қылмыскерлерді қамауды жеделдету және оңайлату шараларын әзірлеу. Кездесу қорытындысы бойынша Конгреске қатысушылар Монако үкіметіне Парижде жеке куәліктердің бір ізге түсірілген стандарттарын әзірлеу бойынша және халықаралық қылмыстарды теңдестіру бірыңғай халықаралық бюро ұйымдарын ұйымдастыру бойынша халықаралық комиссия құру бастамасын өзіне алуын өтінді. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Монакода қабылданған барлық қарарларды нәтижесіз қалдырды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық полиция ұйымына деген қажеттілік ұлғая бастады. Бұл қылмыстылық көлемдерінің ұлғаюымен, әлемдік қауымдастықта қылмыстардан материалдық және өзге де шығындардың ұлғаюымен байланысты болды. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттің ұлттық құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстылықпен күрес тиімділігі өте төмен болды.

Ешбір мемлекет өз күшімен халықаралық сипаттағы қылмыстарға, әсіресе оның аса қауіпті түрлеріне: жасырын есірткі сатуға; өнер туындыларын, тарихи құндылықтарды ұрлау және оның контрабандасы; жалған ақша жасау және тағы басқаларына қарсы тұра алмады. Сондықтан қажеттіліктің ұлғаюы, көптеген мүдделі мемлекеттердің халықаралық қылмысқа қарсы бірлескен әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдарының күштерін біріктіру өзін-өзі ақтады /4/.

1923 жылдың 3-6 қыркүйек аралығында Венада Халықаралық полиция конгресі құрылды. Осы конгресс шақырылымының бастамашысы Австрия полицай – президенті Иоганн Шобер болды. Оның бастамасы бойынша және австрия үкіметінің қолдауымен Австрияның орналасқан орнымен Халықаралық қылмыстық комиссия мекемелері туралы шешім қабылданды. Конгрестің күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды: қылмыстық полиция органдарының мемлекетаралық байланыстарын ұйымдастыру; қылмыстылықпен тиімді күресті жөнге келтіру; қылмыскерлерді беру; құқық қорғау органдарының халықаралық, іскер тілін енгізу; криминалистикалық ғылымды дамыту.

Вен конгресінің шешіміне сәйкес қатысушы мемлекеттер өз мемлекеттерінде ұлттық полицей орталықтарын құруға міндеттенді. Бұл форумға бүкіл континенттен келген (Австралиядан басқа) барлық делегаттар өздерінің үкіметтік мекемелерінен талқылау нәтижесі бойынша ешқандай міндеттеу шешімдерін қабылдамау туралы нұсқау алғанымен, осы конгресте Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы құрылды (ХҚПК). Басқаша айтқанда, 1923 жылғы 6 қыркүйекте (туған күні) Интерполдың құрылған күні деп есептеледі. Халықаралық полиция ұйымының атауында «комиссия» терминін қолдану ол жеке халықаралық полиция ұйымы туралы емес, халықаралық полиция конгрестерінің көмекші органы туралы екендігін ғана білдіреді.

Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1924 жылы біздің пікірімізше, оның дамуының стратегиясын ұзақ жылдарға анықтап берген өте маңызды қарарды қабылдады. Бұл халықаралық қылмыстылық туралы фактілерді жинау бойынша ақпараттық бөлімдерді құру туралы; қылмыскерлерді халықаралық іздестіру мен дәлелдемелер жүйесін әзірлеу туралы; адамдарды қашықтықтан идентификациялау бойынша бөлімдерді ұйымдастыру туралы; жалған банкноттар мен құжаттарды айқындау мен оның алдын алу бойынша бірлескен бағдарламаларды құру туралы шешімдер.

Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1930 жылға дейін австрия үкіметінің толық қаржылық қолдауымен қызмет еткенін атап өткеніміз жөн.

Халықаралық қылмыстық полицияны ұйымдастыру мен қызметі мәселелері бойынша ХҚПК кезекті конгрестері мынадай мемлекеттерде өтті: Вена (1934 жылы); Копенгаген (1935 жылы); Белград (1936 жылы); Лондон (1937 жылы); Бухарест (1938 жылы). Сонымен қатар, Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының даму тарихында жағымсыз сәттер де болды, 1940 жылдан екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына дейін Комиссияның қызметін неміс қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырды, олар өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында оның мұрағаттарын барынша пайдаланды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірқатар батыс елдерінің полиция қызметтерінің басшылары Халықаралық қылмыстық полиция қызметін қайта жандандыруға бағытталған шараларды қабылдады. Соғыстан кейінгі Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының конгресін әзірлеу және өткізу бастамасын Ф. Луваж (соғысқа дейін Бельгия комиссиясының құрамында болды, Әділет министрлігінің бас инспекторы), Г. Содерман (белгілі швед криминалисі, соғысқа дейін комиссияда істеді), Р.М. Хау (ағылшын Скотланд – Ярда басшысы), М. Луне Дюкло (Ішкі істер министрлігі жанындағы француз криминалды полициясының директоры, Сюрте насьональ) және В. Мюллер (Швейцария астанасы Берн қаласының полиция президенті) өз мойындарына алды. Осы уақытта Ф. Луваждың сіңірген еңбектерін ерекше атап өту керек, ол өз үкіметінен шақыратын мемлекет Бельгия болуына қол жеткізді. Соған орай, 1946 жылғы 3 маусым және 5 маусым аралығында 1938 жылдан бірде-бір мәжіліс өткізбеген Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта құру мақсатында Брюссельде әлемнің 17 мемлекетінен полиция ведомстволарының өкілдері жиналды.

Конгреске қатысушылардың барлығы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта қалпына келтіру қажет деген бір ойда болды. Бұл конгресте 19 мемлекет өздерінің Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясына қатысуды қайта жандандырды және бекітті. Бұдан басқа, комиссияның штаб-пәтерін Парижге ауыстыру туралы шешім қабылданды, мұнда Францияның Ішкі істер министрлігі комиссияны құруда және қызметіне жәрдемдесуде ерекше көмек көрсетті (ғимарат ұсынды, персоналды ұстау бойынша шығындардың жартысын өзіне алды және комиссияның штаб-пәтерде жұмыс істеуі үшін басқару персоналымен қамтамасыз етті).

Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1946 жылы Уақытша ереже (бұрынғы 1923 жылы қабылданған Жарғының орнына) қабылдады. Осы кезеңнің ерекшелігі практикада Жарғы да, Уақытша ереже де қызмет етті. Егер Жарғының қызметі оның комиссияның құрылтай құжаты болып табылатындығымен түсіндіріледі, алайда халықаралық құқық тұрғысынан халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес бойынша халықаралық полиция ұйымдарын фактісін бекіту қажет болатын құрылтай актісінің түсінігіне сәйкес келмейді, ал Уақытша ереже халықаралық қауымдастықтар-мен халықаралық құқықтық акт ретінде мүлде қабылданбады.

Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясының 20-шы сессиясында байқаушылар ретінде америка қазынашылық қызметінің өкілдері (1951 жылғы қатысушы мемлекеттер тізімінде АҚШ болмаса да) қатысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясында Федералды тергеу-іздестіру бюросының (ФБР) орнын ресми түрде АҚШ Қаржы министрлігінің Құпия қазынашылық қызметі басты. Бұл қызметтің ерекшелігі (ФБР өзінің негізін салушыдан басқа) ол азаматтық қызмет құрамында қызмет етті. Сондай-ақ, қазынашылық қызметі құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы болған жоқ, алайда оның қызметтерінің ішінде жалған ақша мен құнды қағаздарды жасаумен күрес те болды.

1954 жылы Стамбулда Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының 24-ші жыл сайынғы сессиясына қатысушылар жаңа жарғы жобасын әзірлеу туралы шешімін қабылдады. Осындай шешімді қабылдау қажеттілігі көптеген мемлекеттерде Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құқықтық мәртебесі мен әкімшілік-құқықтық ережесін бағалауда айқын қарама-қайшылықтар байқалды. Бұдан басқа, бұл уақытқа комиссия халықаралық құқық субъектісі ретінде ресми тіркелген нақты шынайы халықаралық полиция ұйымымен санаспады.

Біріккен Ұлттар Ұйымында Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде ғана тіркелді. Сонда халықаралық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі белгілері ұлттық қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың немесе жекелеген қалалардың бірлестігі болып табылады.

Алайда, Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құрылтай құжаттарында бекітілген ұйымдастыру-құқықтық нысанында аталған белгілер болған жоқ. Сонымен қатар, ХҚПК Жарғысында оған мүше болу ережесі анық көрсетілмеген.

Бұл анық еместік Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың қатарына жатқызудың нақты себептерінің бірі болды. Сонымен бірге, «Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» сөз тіркесіндегі «комиссия» сөзі оның қолданылуына қарама-қайшы келді, өйткені халықаралық практикада «комиссия» термині қандай да бір басқа ұйым құрамында қызмет ететін және оған бағынатын ұйымды білдіреді. Сондықтан «комиссия» сөзі сол уақытта алынған шынайы мемлекеттік мәртебесіне, құзыретіне, өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасының сипатына іс жүзінде сәйкес келмеді.

Жоғарыда айтылған Жарғы нормаларындағы ақтаңдақтар Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының қызметін, оның халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте мемлекеттердің қатысуы мен ынтымақтастығы рөлін кеңейту және жетілдірудегі тежеуші факторлар болды.

1956 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясының мерейтойлы 25-ші сессиясында Венада полиция Ұйымының жаңа Жарғысы қабылданды. Жаңа Жарғыны әзірлеушілер оған, ең алдымен, 1923 жылғы Жарғыда жетіспеген құрылтайшы нормативтік құқықтық акті сапасын беруге тырысты. Жаңа Жарғыда, Ұйымдардың мүшелік деңгейі сияқты біздің пікірімізше, өте маңызды мәселе жартылай шешілуіне қарамастан, ол құрылтайшы құжаты болды. Бұл құжатта Ұйымның құзыреті, оның мақсаты мен міндеттері, халықаралық сипаттағы қылмыстармен халықаралық күреске қатысу принциптері барынша жете мөлшерленген, әрбір құрылымдық бөлімшенің құрылымы, қызметтері, олардың өзара бағыныстылық жүйесі, басқару шешімдерін қабылдау тәртібі нақты анықталды.

Жаңа Жарғының айрықша ерекшелігі «Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» атауындағы «комиссия» сөзі «ұйым» сөзімен ауыстырылды. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерпол) жаңа Жарғысының 1-бабында «Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» деп аталған ұйым» алдағы уақытта: «Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы» - Интерпол деп аталады /5/. Интерпол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ретінде 1956 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясында қабылданған Жарғы негізінен бастап әрекет етеді.

Сонымен қатар, халықаралық құқық субъектісі ретінде Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ресми құрылтай шартының болмауы, дегенмен, Интерполдың үкіметтік емес ұйым деп есептеуге негіз бола алады. Сондай-ақ, жаңа Жарғыны зерттеу көрсеткендей, «Жалпы ережелер» бөлімінде көпшілік талқысына салу қажет болатын бірқатар дәлсіздіктер бар. Мысалы, Жарғының 4-бабында былай айтылады: «кез келген мемлекет қызметтері Ұйым қызметімен сәйкесетін кез келген ресми полиция органы Ұйым мүшесі ретінде қатысуға құзыры беріледі. Мүшелікке алынуға өтінім тиісті үкіметтік органмен Бас хатшыға жолданады» /6/.

Бұл Жарығының талданып жатқан бабына сәйкес, Ұйымның мүшелері мемлекет емес, полиция органдары бола алатындығын білдіреді. Интерполға мүше елдердің тізімінде полиция қызметтері немесе органдары емес, тек мемлекет атауы ғана көрсетіледі. Мемлекеттің аталған рәсімге қатысуы төмендегіден тұрады: өз өкілеттерін Интерполдың Бас Ассамблеясында мемлекет мүдделерін ұсыну мақсатында полиция органдарына табыстау. Ал Интерполға мүшелікке өтінімді мемлекет атынан үкіметтік органдарға жолдайды. Сондықтан, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша халықаралық орталықты құрудың бастамашылары мемлекеттер емес, полиция қызметтерінің үкіметтік емес ұйымдары болды.

Айтылған мәселелер Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросы қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері оны құру мәніне қойылған. Осы пайымдау Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы қызметіне нақты қылмыстарды жеке іздестіру-тергеу, тергеу әрекеттерін немесе жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу енбейді.

Біріншіден, Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы онда күштері мен құралдары болмауы сияқты қарапайым себептен тергеу әрекеттерін немесе жедел іздестіру іс-шараларын жеке жүргізе ала алмайды. Сонымен қатар, Интерполда мұндай күштер мен құралдардың болуы, халықаралық құқық тұрғысынан, егемендікті бұзу және қатысушы мемлекеттердің ішкі істеріне араласу ретінде қарастырылатын еді.

Екіншіден, басқа мемлекетте жасырынып жүрген қылмыскерді ұстау ниеті бар мемлекеттің құқық қорғау органдары қылмыскерді ұстау, қамау және экстрадициялау фактісі бойынша алдын-ала ұйымдастыру-басқару іс-шараларын жүзеге асыру керек. Бұл мәселелерді тек әр түрлі мемлекеттердің полиция қызметтерін тиімді ұйымдастыру мен үйлестіру жолымен ғана шешуге болады.

Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы қызметінің негізгі бағыттары қылмыстық іс бойынша өзара құқықтық көмек көрсету рәсімін бірлесіп әзірлеу, барынша маңызды ұлттық заңнама актілерін үйлестіру және біріздендіру немесе оларды халықаралық нормативтік құқықтық актілермен сәйкестендіру, кеңестер, конференция мен конгрестер өткізу болып табылады. Интерпол сыртқы басқару субъектісі болып табылмайтындығына (бұған тиісті өкілеттеріне ие болмайды) қарамастан, ол халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте көмек көрсету мақсатында Интерполға мүше мемлекеттермен сыртқы құқық қатынастарына түседі. Айтылғандар Ұйым тарапынан Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросының қызметін үйлестіру оларға оң әсерін тигізеді.

Интерпол мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОӘЛК) арасындағы ынтымақтастық туралы арнаулы келісім жасау (1971 ж.) негізінде Интерпол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының үкіметаралық мәртебесі белгіленді /7/. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес (15.10.1996 жылы) Интерполдың БҰҰ Бас Ассамблеясындағы байқаушы ретінде әкімшілік-құқықтық мәртебесі бекітілді. Осы уақыттан бастап Интерпол ресми халықаралық ұйым болып танылды. Халықаралық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Интерпол заңды тұлға болып табылады және Интерполға мүше елдердің заңнама актілері емесе, халықаралық құқық нормаларының негізінде қызмет етеді. Өзінің үкіметаралық мәртебесі күшінде Интерпол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы өз қызметінде Интерполға мүше мемлекеттердің заңнама актілерін басшылыққа алмайды.

Айтылғандарды түйіндей отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады, халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте Интерпол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының барлық беделін белгілей отырып, Интерпол Жарғы нормаларын қалыпқа келтірудің қарапайым келісін атап өтуіміз керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных