Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы




 

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ұйымдастыру-басқару қызметін ретке келтіретін бұрынғы құрылтай құжаттарында (1923 ж. Жарғы; 1946 ж. Уақытша ереже) оның ішкі ұйымдастыру құрылымына ешқандай назар аударылған жоқ. Жаңа Жарғыны әзірлеушілер (1956 ж.) Интерпол құрылымы бойынша жұмыс барысында, көрсетілген кемшіліктерді есепке ала отырып, оның негізіне бірқатар халықаралық ұйымдардың типтік құрылымын қабылдады. Басқаша айтқанда, өз құрылымы бойынша бұл үкіметаралық ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерін еске түсіреді.

Жарғының 5-бабына сәйкес Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымын мыналар құрайды:

· Бас Ассамблея;

· Атқарушы комитет;

· Бас Секретариат;

· Ұлттық орталық бюро (ҰОБ);

· Кеңес берушілер.

Бас Ассамблея Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы жоғарғы басқару органы болып табылады. Оның жұмысына қатысатын делегациялардың құрамының саны ешқандай нормативтік актілермен реттелген, яғни делегация құрамы Интерполғп мүше мемлекеттердің қарауы бойынша анықталатынын атап өту керек.

Бас Ассамблеяның қызметі Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Жарғысының 6-14 -баптарына және Регламенттің 2-38 – баптарына сәйкес реттеледі. Бұдан басқа, Бас Ассамблеяның 65-сессиясында (1996 ж.) 1997 жылы күшіне енген Рәсімдеу ережелері (оларға қосымша) қабылданды, олар Интерполға мүше мемлекеттермен ұсынылған (бұл құжатта делегаттардың құрамының саны көрсетілмеген) делегаттардың өкілеттерін тексеру мәселелерін, сондай-ақ Бас Ассамблея мәжілістерінде Атқарушы комитет мүшелерінің құқықтық мәртебесін реттейді.

Бас Ассамблеяның жыл сайынғы сессиясында Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы қызметінің алдағы жылға бағдарламасы қаралады және бекітіледі. Сессия уақытында талқылау барысында туындайтын нақты мәселелер бойынша басқару шешімдерін жедел қарау және қабылдау мақсатында Ассамблеяның арнаулы комитеттері құрылуы мүмкін. Сонымен, 5 мүшеден тұратын (2 мүше сессия уақытында Атқарушы комитетпен тағайындалады, ал қалған 3-еуі Бас Ассамблеямен сайланады) ad hoc арнаулы комитеті Ұйымға мүше мемлекеттердің мүшелік жарнасын төлеу, қаржы ережелеріне және т.б. өзгерістер енгізу мәселелерін қарастарады. Бас Ассамблея мемлекеттер үшін міндеттемелері болмайтын қарарларды тек пленарлық мәжілістерде қарар нысанында қабылдай алады. Интерполға мүше мемлекеттердің құзырына енетін құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша қабылданған қарарлар міндеттейтін болып табылмайды, яғни олар ұсыныс сипатында болады.

Атқарушы комитет - барынша өкілеттері шектелген және аз санды лауазымды тұлғалардың (Ұйым Президенті, 3 вице-президент, Интерполға мүше мемлекеттерден 9 өкіл) әкімшілік органы. Ұйым Президенті 4 жыл мерзімге сайланады, ал үш вице-президенттер 3 жылға Интерполға мүше мемлекеттердің делегаттары санынан сайланады. Сондай-ақ, ұйым президенті мен оның вице-президенттері ғаламның төрт бөлігінен болуы керек (Азия, Америка, Африка, Еуропа). Өз өкілеттері аяқталғаннан кейін сол лауазымдарға қайта сайлана алады немесе Атқарушы комитеттің делегаттарына сайлануы мүмкін. Осы органның ұйымдастыру-құрылымдық құрылысының ерекшелігі Атқарушы комитет Интерполға мүше мемлекеттердің жағрапиялық жағдайын есепке ала отырып, 13 мүшеден тұрады: онда әділ жағрапиялық өкілдік принципі бойынша әлемнің барлық негізгі аймақтарынан ұсынылуы қажет.

Интерполдың тұрақты әкімшілік-атқарушы органы ретінде Бас секретариат болады, ол Бас Ассамблея мен Атқарушы комитетте қабылданған шешімдер, қарарлар мен ұсыныстарды іске асырады. Бас Секретариатты Бас Ассамблеямен 5 жылдық мерзімге сайланатын Бас хатшы басқарады. Ол барлық әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша Бас Ассамблея мен Атқарушы комитетке есеп береді. Бас секретариаттың қызметін халықаралық-құқықтық мәртебесі бар 380 тұрақты қызметкер атқарады.

Өзінің қызметтік тағайындауы бойынша Бас секретариат халықаралық қылмыстылықпен күрес бойынша Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметін үйлестіретін атқарушы-әкімшілік орган болып табылады. Бұдан басқа, Бас Секретариат Интерполға аймақтық мүше мемлекеттермен және басқа да халықаралық құқық қорғау органдарымен күнделікті жұмысты жүргізеді.

Бас Секретариаттың Интерпол ұлттық орталық бюросымен ұйымдастыру-басқару қызметін мынадай бағыттарда іске асырады:

· жеке тұлға және жеке меншікке қарсы қылмыс;

· ұйымдасқан қылмыстылық және терроризм;

· есірткі заттарының, психотропты заттар, қару-жарақ мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы;

· адам саудасы;

· кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қылмыстар;

· алаяқтық;

· жалған ақша дайындау;

· экономика саласындағы қылмыстар /8/.

Бас Секретариаттың Интерполға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен ұйымдастыру және үйлестіру рөлі мыналардан тұрады:

· жедел ақпараттарды әзірлейді және таратады;

· ұрланған жеке мүлікті іздестіру картасы;

· нақты қылмыстар мен қылмыскерлер туралы фактілер келтірілетін түрлі циркуляр хабарламалар, брошюралар;

· тәркіленген есірткі заттары туралы, алаяқтар туралы, ұшақты айдап кетушілер және т.б. туралы апта сайынғы шолулар.

Бас Секретариат құрылымы:

· әкімшілік бөлімнен (бірінші бөлім);

· байланыс және ақпарат алмасу бөлімінен (екінші бөлім);

· заң бөлімінен (үшінші бөлім);

· техникалық қамтамасыз ету бөлімінен (төртінші бөлім) тұрады.

Бірінші бөлім Ұйым қызметін қамтамасыз ету, Бас Ассамблея мен өзге мәжіліс сессияларын әзірлеу, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу бойынша әкімшілік-шаруашылық мәселелермен айналысады. Бұл бөлімге нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша сектор, бухгалтерлік-қаржы бөлімі, қауіпсіздік қызметі және конференция өткізу және делегаттарды қабылдау жөніндегі бюро енеді.

Екінші бөлім полициядан келіп түскен ақпараттарды жинауды жүзеге асырады, криминалистік есептерді жүргізумен, халықаралық іздестіру хабарламаларын құрумен, сондай-ақ Интерполдың ұлттық орталық бюросынан Бас Секретариатпен алынған қылмысқа қатысы бар барлық мәліметтерді электронды сақтаумен айналысады. Бұдан басқа, бұл бөлім полиция ақпараттарын компьютерлік өңдеуін және автоматты іздестіру құралымен қызмет көрсету міндетіне енеді.

Байланыс және ақпарат алмасу бөлімі:

· Еуропа байланыс бюросынан;

· Аймақтық үйлестіру бюросынан;

· Жалпы қылмыстық қылмыстардың алдын алу және оны болдырмау жөніндегі бөлі;

· Экономикалық және қаржы-несие қылмыстарының алдын алу және болдырмау жөніндегі бөлім;

· Есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу және болдырмау жөніндегі бөлім;

· Полиция ақпараттарымен алмасу жөніндегі бөлімі /9/.

Еуропаның халықаралық қылмыстылықпен күрестегі маңызды рөлін ескере отырып, 1986 жылы Еуропа секретариаты құрылды, ол құрылымдық-ұйымдастыру нысанында Бас секретариаттың құрамында болды. Өзінің құқықтық беделі бойынша Еуропа секретариаты Интерполдың Бас хатшысына бағынды және оған есеп берді. Еуропа секретариатына мынадай қызметтер жүктелді: халықаралық қылмыстылықтың алдын алу және болдырмауға бағытталған іс-шараларды іске асыруда көмек көрсету, сондай-ақ аса маңызды қылмыстық істер бойынша еуропа мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру (мысалы, аса ірі партияда есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша және т.б.).

1988 жылы Еуропа секретариатының өкілеттері кеңейтілді және ол бұрынғы құқықтық мәртебесімен Еуропа байланыс бюросы деп атауы өзгертілді. Еуропа байланыс бюросының қызметіне Еуропа комитеті мен Интерполдың Еуропа аймақтық конференциясы қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке қылмыстық істер бойынша еуропа мемлекеттері арасында байланысты жүзеге асыру үшінмүмкіндіктерді ұсыну да енді.

Аймақтық үйлестру бюросы Интерпол шеңберінде полиция ынтымақтастық қызметін кеңейтуге байланысты 1994 жылы құрылды. Аймақтық үйлестру бюросының негізгі тағайындауы Еуропа комитетінің моделі бойынша құрылған аймақтық комитеттерге әкімшілік қолдау көрсету болып табылды, яғни аймақтық және субаймақтық бюро қызметін үйлестіреді.

Ұлттық орталық бюроларын басқару сызбасынан көрінгендей, субаймақтық бюро рөлі аймақтандыру саясатын жүргізу барысын бақылауды ғана жүзеге асыра асырумен ғана шектеледі. Субаймақтық бюролар негізінен, Интерполғп мүше мемлекеттерден және жартылай Бас секратиатпен қаржыландырылады. Субаймақтық бюролардың шығуы 1985 жылға келеді, әзірлеушілердің идеясы бойынша Интерпол қызметін аймақтандыру халықаралық полиция ұйымдарының ынтымақтастығы процесін жетілдіру қажет болды. Аймақтандыру процесі әр аймақта әр түрлі жолдармен жүргізілгендіктен, Интерпол қызметін ресми аймақтандыру стратегиясын әзірлеу қажет болды. Интерполды ресми аймақтандыру стратегиясы «Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ішінде аймақтандыру» құжатында берілді, бұл Бас Ассамблеяның қарауына ұсынылды (1995 ж.).

Қазіргі уақытта мынадай аймақтарға жедел ақпаратты жинау, өңдеу және жеткізуді жүзеге асыратын жеті субаймақтық стансалар бар: Бангкок (Оңтүстік-Шығыс Азия үшін, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес мәселелері жөніндегі бюро); Буэнос-Айрес (Оңтүстік Америка аймағы үшін); Сан-Сальвадор (Кариб бассейні мемлекеттері үшін); Харара (Оңтүстік Африка үшін); Найроби (Оңтүстік Африка үшін); Абиджан (Батыс Африка үшін).

Жоғарыда келтірілген Интерпол қылмыстық полиция ұйымының құрылымынан оның аймақтық және субаймақтық бөлімшелерімен тек донор мемлекеттермен ғана қаржыландырылатын қуатты басқару аппараты сол немесе өзге аймақта оперативті жағдайын тұрақтандыруға және халықаралық масштабта жалпы трансұлттық қылмыстылыққа қарсы әрекет етуге барынша әсер ете алмайды. Осы уақытта Интерполды басқару аппараты жылдан жылға өсіп келеді.

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных