Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастығы




Қазіргі әлемде ұйымдасқан қылмыстылықтың түрлі нысандары бар. Алайда, олардың барлығы белгілі бір мафиядан бастау алады (ұйым және құрылым тұрғысынан). Мафияның Сицилия аралында алғашында осы арал бостандықты сүйетін халқын кім езіп-жаншыған адамға қарсылық көрсету ұйымы, патриоттық-революция сипатындағы ұйым ретінде құрылғаны көпшілікке мәлім. Біртіндеп бұл ұйым ірі алпауыттардың қолына өтті де, олардың мүдделері үшін пайдаланыла бастады.

Бір жарым ғасырдан артық тарихы бар мафияны оның барлық сатылары арқылы өтетін бірыңғай желі байқалады: 1. Ескі мафияның үстемдік құру кезеңі – 1800 жылдан 1950 жылға дейін; 2. Ауыспалы кезең – 1950 жылдан 1970 жылға дейін; 3. Қазіргі кезең – 1970 жылдан қазіргі уақытқа дейін /10/. Басқа мемлекеттерде ұйымдасқан қылмыстылықтың туындауы мен алдағы уақытта дамуы көбінесе әлеуметтік-экономикалық, ал олардың кейбірінде (Қытай, Жапония) тіпті тарихи жағдайлармен байланысты. Сондықтан «ұйымдасқан қылмыстылық» ұғымының әртүрлі түсіндірілуі бар. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: ұйымдасқан қылмыстылықтың халықаралық қылмыстылықтан айырмашылығы қандай.

Халықаралық сипаттағы қылмыстар немесе әлеуметтік құбылыс ретіндегі халықаралық қылмыстылықты халықаралық құқықтық ғылымында ұйымдасқан қылмыстылықтан айырмашылығы халықаралық құқық аймағында көптеген халықаралық қатынас мамандары мен құқықтанушылар-мен зерттелді.

Халықаралық қылмыстылық проблемалары бойынша «Халықаралық қылмыстылық» термині түрлі монографияларда, ғылыми жарияланымдарда барынша кеңінен қолданылады. Сонымен, белгілі ғалым И.И. Карпецтің пікірінше, «халықаралық қылмыстар немесе халықаралық сипаттағы қылмыстар болып табылмаса, онда олар ұлттық қылмыстық заңнамамен қарастырылған қылмыстың халықаралық қылмыстық құқығына да жатпайды...» /11/.

Сол уақыта Д.Б. Левин халықаралық қылмыстарды «барлық мемлекеттердің... барлық адамзаттың мүдделеріне» қол сұғушылық ретінде қарастырады, ал М.И. Лазарев аталған қылмыстарды «әр халықтың тәуелсіздігіне қол сұғушылық» деп жатқызады. В.А. Моджорян бұл қылмыстарды мемлекет пен ұлттың өмір сүруінің өзіне қол сұғушылық деп қарастырады. «Халықаралық қылмыстылық» сияқты көлемді түсініктің құрамдас бөліктерін егжей-тегжейлі талдай отырып, А.Н. Трайнин оны «адамға қарсы қылмыс» формуласына біріктірді.

Ұйымдасқан қылмыстылық проблемасы қылмыстық құқық пен криминология саласында, сондай-ақ нақты қызметкерлердің белгілі ғалымдар арасында кеңінен дискуссия жүргізу («дөңгелек үстелдер») пәні болуын тоқтатпады. Сонымен, КСРО-дағы ұйымдасқан қылмыстылықтың жұмыс істеуі туралы қорытынды КСРО ІІМ ВНИИ қылмыстылықтың себептерін зерттеу және алдын алу шараларын әзірлеу бойынша Жалпы одақтық институтты мен Омбы жоғары милиция мектебінің ғылыми қызметкерлерімен жасалған. Ал 1989 жылы КСРО-дағы ұйымдасқан қылмыстылық бар ма; ұйымдасқан қылмыстылық кәсіби қылмыстылықпен қандай ара қатынаста болады; талқыланып жатқан проблема бойынша қандай ғылыми мәліметтер бар; қылмстылықпен күрес туралы заңнаманы жетілдіру кезінде ұйымдасқан қылмыстылық туралы деректер есептеле ме; олар есепке алына ма; ұйымдасқан қылмыспен күрес стратегиясы мен тактикасы қандай; ұйымдасқан қылмыстылықты зерттеуде проблемалар бар ма деген сияқты мәселелерді кеңінен талқылау бойынша «дөңгелек үстел» материалдарының жинағы жарық көрді /12/.

КСРО-дағы ұйымдасқан қылмыстылықты болуын кеш танылуы көбінесе капиталистік мемлекеттерде қылмыстық қауымдастықтармен ұқсас ұйымдасқан қылмыс топтарының социалистік қоғамда пайда болу мүмкіндігінің өзін жоққа шығарумен байланысты болды. Ұйымдасқан қылмыстылықтың болуын қалай айтады, егер тек сұрақтың қойылуы мен ұйымдасқан қылмыстылықпен күресте құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша белсенді әрекеттері үшін КСРО Бас Прокурорының орынбасары қызметінен В.В. Найденов алынып тасталды. Социалистік қоғамда ұйымдасқан қылмыстылықтың жоқ екенін жақтаушылар КСРО-да ресми түрде бірде-бір қызмет етіп жатқан қылмыстық қауымдастық ресми тіркелмегенін, күрделі ұйымдастыру құрылымы бар бірде бір қылмыстық топ айқындалмағанын алға тартады.

Осындай келісті жақтаушылардың пікірінше, егер тіркелмесе – онда ұйымдасқан қылмыстылық жоқ деп есептейді. Егер «ұйымдасқан қылмыстылық» – барлық халықаралық қауымдастық мемлекеттеріне тән әлеуметтік құбылыс деп санасақ, осы құбылыстың мәнін жете түсінбей, КСРО құқық қорғау органдары осы құбылыстың өзімен күресе алмады. Сондықтан ұйымдасқан қылмыстылықты көлеңкелі бизнес нысаны ретінде айқындау және есепке қою жөніндегі практикалық қызметкерлердің сақтығын түсінуге болады. Сондай-ақ, арнаулы ғылыми әдебиеттерде ұйымдасқан қылмыстылық туралы нақты түсінік болмады. «Ұйымдасқан қылмыстылық» түсінігі негізінен «топтық қылмыстылық» түсінігімен түсіндірілді немесе итальян «мафиясымен» және АҚШ-тың «коза нострасымен» ұқсас қылмыс нысандарымен салыстырылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз егемен мемлекет ретінде және сол уақытта Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мүшесі бола отырып, ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес бойынша халықаралық-құқықтық актілерді әзірлеуде белсенді қатысады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы шарттар жасасқан мемлекеттердің саны ұлғайып жатыр. Бұлардың бәрі осы әлеуметтік қауіпті құбылыстармен күресте түрлі мемлекеттердің полиция ұйымдары арасындағы барынша мақсатқа бағытталған және тұрақты байланыстарды жүзеге асыруды талап етеді.

Қаралып жатқан салада және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде өзара қарым-қатынас кеңеюде. Атап айтқанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері үкіметтерінің басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 12 наурыздағы шешімімен бекітілген «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдасқан қылмыстылықпен және өзге де қылмыстың қауіпті түрлерімен күрес жөніндегі бірлескен шаралар бағдарламасы» негізінде 1994 жылғы 17 ақпанда «ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес саласында ішкі істер министрліктерінің ынтымақтастығы туралы келісім» бекітілді.

1996 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында 2000 жылға дейін ұйымдасқан қылмыстылықпен бірлескен күрес шараларының Мемлекетаралық бағдарламасы әзірленді және қабылданды. 2000 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы Өзбекстан Республикасы арасында «Терроризммен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне келетін өзге де қауіптермен күрес жөніндегі бірлескен әрекеттер туралы» Шарт жасасты. Қазіргі күні мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне жауап беретін мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы мен қызметін үйлестіру тұжырымдамасы қазіргі кездегі ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес практикасына берік енді.

Сонымен, ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 652 Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Венгер Республикасы Үкіметі арасындағы «Ұйымдасқан қылмыстылықпен, терроризммен, есірткі заттары мен психотропты заттардың заңсыз айналымы» Келісім бекітілді. Осыған ұқсас Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасы Үкіметінің арасында «ұйымдасқан қылмыстылықпен, терроризммен және қылмыстың өзге қауіпті түрлерімен күрестегі ынтымақтастық туралы» қабылданды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің аймақтық деңгейінде Қылмыстылықпен күресте ТМД мемлекеттерінің өзара қарым-қатынас Тұжырымдамасы мақұлданды (02.04.1999 ж., Мәскеу). Осы тұжырымдамада трансұлттық сипат алатын ТМД елдеріндегі қылмыстылық жағдайына ерекше назар аударылды. Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты Бас прокурорлардың Үйлестіру кеңесі, Ішкі істер министрлер кеңесі, қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтер басшыларының кеңесі, кеден қызметі басшыларының кеңесі, шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, ТМД мемлекеттері аумағында ұйымдасқан қылмыстылықпен және қылмыстың өзге де қауіпті түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюро арқылы ТМД мемлекеттері ынтымақтастығын кеңейту және нығайту болып табылады. Сонымен, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесімен 2000 жылғы 25 қаңтарда 2000 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңге қылмыстылықпен күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Бағдарламамен қаралған шаралар кешені ТМД мемлекеттерінде криминогенді жағдаяттарды талдау мен қылмыстылықты дамыту болжамына, ғылыми зерттеулер нәтижесіне, қылмыстылықпен күрес практикасына негізделеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлігі кеңесі туралы Ереженің 6-тармағына сәйкес, мамандандырылған деректер банкі бар және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын мемлекетаралық іздестіруді жүзеге асыруда және жедел іздестіру іс-шараларын өткізу мен келісілген тергеу әрекеттерін жүргізуде көмек көрсететін; ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес бойынша ұсыныстар әзірлейтін ТМД аумағында ұйымдасқан қылмыстылықпен және қылмыстың өзге де қауіпті түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюро құрылды.

Алайда, біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды АҚШ-та 30-шы және кейінгі жылдарағы жағдайлармен салыстыруға келмейді. Сонымен бірге, ұйымдасқан формада қылмыс жасауға мүмкіндігі бар әлеуметтік-психологиялық факторларда ұқсастықтар бар. Мұндай факторларға, атап айтқанда, ауыспалы кезеңді, жекешелендіру процесін, қажетті есеп беру мен оған уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан бақылаудың болмауын келтіруімізге болады. Сонымен қатар, бұл құбылыстың қауіптілігі бұл қауіпті құбылыспен күресті мақсатқа бағытталған және тиімді ұйымдастыруға шақыратын мемлекеттік органдардың өзі де шынайы бағаланбай келді. Сонымен, Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыстылықтың итальян мафиясына да, американың «коза нострасына» да ұқсамайтын ерекше белгілері бар. Оларға тән ортақтық – пайдакүнемдік бағыттылығы.

Қазақстанда соңғы уақытқа дейін «лас» ақшаның жылыстауы үшін қуғындалатын, тұрақты валюта, қаржы, банк, салық және өзге де экономикалық бақылауда ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес туралы қажетті заколдар болмағанын атап өтуіміз керек. Сонымен, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес заңдылық пен құқық тәртібінің, оның ішінде «адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін «қылмыстың өсуі, оның ұйымдасқан формаларын қоса, мемлекеттік органдардың криминалды құрылымдарымен тұтасуы, лауазымды тұлғалардың заңсыз капитал айналымы, сыбайлас жемқорлық, қару-жарақ пен есірткі заттарын заңсыз ұстауы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді» /13/.

Бұл ұйымдасқан қылмыстылықтың мемлекеттік органдарға кіре отырып, басқару органдарының қызметіне іріткі салады, оларға сыбайлас жемқорлық түрлері мен механизмдерін кеңейту жолымен алауыздық туғызады. Бұл сөзсіз мемлекеттік органдар мен басқару органдарының қызметіне теріс әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыстылық мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет ұйымдарының негізін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық әлеуетінің негізіне де нұқсан келтіреді.

Ең қиыны, ұйымдасқан қылмыстылық қоғамның рухани-адамгершілік дамуына күрделі қауіп туғызады. Ол рухани-адамгершілік және жалпы адами құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соғады, «әдемі» өмірдің стереотиптін қалыптастырады, өсіп келе жатқан ұрпақ арасында зорлық пен анархияны таратады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру көлемін ұлғайту есебінен зорлық, қаталдық культі элементтерімен порнография, «көркем шығармаларды» өткізудің күшті нарығы құрылады, «сексуалды» бағдарланған қоғамдық сана қалыптасады.

Соңында, ұйымдасқан қылмыстылық ұлт генофондының негізін бүлдіреді. Бұл есірткі мен психотропты заттарды қолданумен ғана байланысты емес, «тірі тауар» саудасы, яғни жезөкшелік пен әйелдерді шетелге шақыру бойынша қызметті кеңейтумен байланысты.

Бас Ассамблеяның 47-сессиясында БҰҰ Бас хатшысының баяндамасында «бұрынғы Кеңес Одағындағы бір партиялы режимнің құлауы... ішкі, сондай-ақ «импортты» ұйымдасқан қылмыстылық үшін көп мүмкіндіктер ашты. Олтез арада бұрын қызмет еткен құрылымды бөлшектеу мен оларды жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық реалиялардан көрініс беретін тиімді құрылымдармен ауыстыруын тез арада пайдалана білді» /14/.

Қазіргі күні Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыстылық өз масштабы мен қызметінің саласы бойынша ТМД мемлекеттері ғана емесе, бірқатар Еуропалық мемлекеттер мен Орталық Азияныңұйымдасқан қылмыстылық топтарының басшыларымен «өзара табысты әрекет етеді». Сонымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша ұйымдасқан топтар Германия, АҚШ, Италия, Израиль, Финляндия, Швеция, Польша, Венгрия, Түркия, Қытай сияқты мемлекеттермен тығыз байланыста болады.

Біздің пікірімізше, ұйымдасқан қылмыстылық формасымен күрес жөніндегі Қазақстан Интерпол ұлттық орталық бюросының басымды бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі ғана ұйымдастыру мен үйлестіру емес, сондай-ақ Интерполға мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдету болу керек.

Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: егер қылмыс қандай да белгілі бір мемлекеттің аумағында жасалатын болса сол мемлекеттің құқық құзырына (юрисдикция) жатады. Сондай-ақ, жеке алынған мемлекетте қылмыстылықпен күрес сөзбе-сөз алғанда халықаралық болып табылмайды, өйткені онда сол мемлекеттің юрисдикциясы мен құқық қорғау органдарының құзыры әрекет етеді.

Сондай-ақ, сол елдің юрисдикциясына сол елдің аумағынан тыс жерде жасалған қылмыстар (мысалы, ашық теңізде теңіз кемелерінде сол мемлекеттің туымен жүзіп жүрген) да жатады. Басқаша айтқанда, кез-келген қылмысқа қатысты барлық жағдайда сол немесе өзге мемлекеттің юрисдикция принципі әрекет етеді. Сондықтан халықаралық қылмыстылық туралы сөз болғанда, халықаралық сипаттағы жекелеген қылмыс түрлерімен күрестегі мемлекеттер қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру дегенді білдіреді.

Халықаралық қылмыстылықпен күресте мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң мүмкін болғандығын атап өту керек. БҰҰ қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушыларға көңіл бөлу жөніндегі алғашқы конгресін (Швейцария, 1955 ж.)есептеу нүктесі деп санауға болады. Келесі БҰҰ конгрестері (Англия, 1960 ж., Швеция, 1965 ж., Жапония, 1955 ж.) жалпы қылмыстылық-қа қарсы тұрудың барынша өзекті мәселелері талқылауға арналды.

Тек БҰҰ қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушыларға көңіл бөлу жөніндегі бесінші конгресінен бастап (1975 ж. 1-12 қыркүйек, Женева қаласы) алғашқы рет қылмыстылықтың формалары мен масштабтарына көңіл аударыла бастады. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ұйымдасқан қылмыстылық, қызметкерлер арасындағы қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлық сияқты ішкі мемлекеттік, сондай-ақ халықаралық деңгейде болатын қылмыстылыққа бизнестің формасы ретінде талдау жасау болды. Конгресте «қылмыстылық бизнес формасы ретінде» қалыпты қылмыс формаларына қарағанда, қоғам және ұлттық экономика үшін барынша күрделі қауіп төндіретіндігін атап өтті.

Каракаста 1980 жылғы 25 тамыздан 5 қыркүйек аралығында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының алтыншы конгресінде халықаралық ұйымдасқан қылмыстылық тұжырымдамасына мемлекеттік қызметшілердің ұйымдасқан қылмыстылық формасымен байланысы туралы мәлімет беретін жаңа элементтер енгізілді. Аталған мәселе Миланда 1985 жылы 26 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өткен БҰҰ жетінші конгресінде талқыланды. Бұл конгресте ерекше назар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық проблемаларына аударылды. Конгресте қылмыстық қауымдастықтармен жүзеге асырылатын заңсыз операциялар ұлттық мемлекеттер үшін жалпы және мемлекеттік қауымдастықтар үшін жеке алғанда аса үлкен қауіпті тудыратыны атап өтілді.

Миланда өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы жетінші конгресінде халықаралық қылмыстылыққа қарсы әрекет жоспары (бұдан әрі – Милан әрекет жоспары) қабылданды, онда оның халықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуы, адам құқығы, тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін қауіптілігі атап өтілді. Милан әрекет жоспары қылмыстылықпен күрестің халықаралық деңгейде, сондай-ақ жекелеген аймақтарда барлық негізгі мәселелерін кешенді зерттелуін қарастырды.

Қылмыстылықтың алдын алу мен қылмыстық әділ сот саласында мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру мен үйлестірудің жаңа сатысы Гаванда 1990 жылы 27 тамыздан 7 қыркүйек аралығында өткен БҰҰ сегізінші конгресі болды, онда трансұлттық қылмыстылық проблемаларын одан әрі талқыланды. Конгресте тәуелсіз мемлекеттер санының ұлғаюы құқық қорғау критерилерін анықтап және қылмыстылықтың алдын алу жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруды анықтауы мүмкін жаңа халықаралық мекемелерді қалыптастыру қажеттілігі туындағанын атап өтті. Осы конгресте халықаралық қылмыстылықтың кейбір дәстүрлі түсініктерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Конгресс қабылданып жатқан мәселе бойынша «Ұйымдасқан қылмыстылық» № 15 және «Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес жүргізу» № 24 қарарларын қабылдады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 1990 жылы 14 желтоқсанда өткен кезекті мәжілісінде № 45/123 «Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық туралы» қарары қабылданды. Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы ісінде маңызды оқиға Бас Ассамблеяның (осы мәжілісте) беру туралы Типтік шартты және қылмыстық әділ сот саласында өзара көмек туралы типтік шартты қабылдау болды. Осы барлық типтік бағдарламалар ұйымдасқан қылмыстылықпен күресте халықаралық ынтымақтастық негіздері ретінде пайдалану үшін тағайындалды. Бас Ассамблея мүше мемлекеттерге аталған шарттарды қабылдауға байланысты қолданыстағы шарт қатынастарын қайта қарауды ұсынды. Сонымен қатар, Бас Ассамблея барлық мемлекеттерді қылмыстық әділ сот саласында алдағы уақытта халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейтуге шақырды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің Бас хатшыға (оның өтініші бойынша) ұйымдасқан қылмыстылықты құқықтық реттеу және олармен күрес бойынша олардың ұлттық актілері туралы ақпаратты беруді ұсынды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын іске асыру мақсатында 1991 жылы 27-31 мамыр аралығында Смоленичиде (Чехословакия) трансұлттық қылмыстылықпен күрес стратегиясының мәселелері бойынша сарапшылардың Арнаулы тобының кеңесі өткізілді. Кеңеске қатысушылар Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы өкілдерінің атына ұйымдасқан қылмыстылықпен күресте Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері жөнінде қатаң сөгістер айтылды. Осындай ұқсас сөгістер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесте де айтылды. Атап айтқанда, терроризммен күрес жөніндегі шаралар 1980 жылы өткен Мадрид кездесуінде Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске қатысушы мемлекеттер өкілдерінің қатал сынына ұшырады.

80 жылдардың соңында Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымында ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес жөніндегі топ құрылғанына қарамастан, аталған топтың қызметі тек Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросы үшін арнаулы бюллетеньдерді шығарумен, сондай-ақ қылмыстық қауымдастықтарға қатысы бар тұлғалар туралы ақпаратты жинаумен ғана айналумен ғана шектелді. Міне, осы жылдан бастап Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының атына қатаң ескертулер айтыла бастағанын атап өту керек /15/.

Айтылғандардың негізінде ұйымдасқан қылмыстылықтың анықтамасын шығаруға болады. Ұйымдасқан қылмыстылық – әрқашан да қозғалыста болатын (құрылымдық өзгерістер; сандық және сапалық құрамы бойынша; қызмет бағыты және т.б.) күрделі серпінді құбылыс, өз алдына мақсаттар мен міндеттер қоятын көп деңгейлі, өзінің ұйымдастыру-құрылымдық құрылысы бар, қызметтерді бөлу, қылмыстық қауымдастыққа қатысушылардың өкілеттерін анықтау; заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлсіреуіне, мемлекеттік органдар мен криминалдық құрылымдардың тұтасуына, мемлекеттің ұлттық, қоғамдық, экономикалық қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соғатын әлеуметтік қауіпті құбылыс.

Айтылғандарды түйіндей отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады, Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюросының ұйымдасқан қылмыстылық формаларына қарсы әрекеті мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін толығымен пайдаланбайды. Қылмыстар классификациясының егжей-тегжейлі қарастырылуы осы зерттеу тақырыбына қатысы болмауына қарамастан, сонда да ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес бойынша құқық қорғау органдарының қызметін тиімді ұйымдастыру және үйлестіру үшін көп маңызы бар. Қылмыстарды, сондай-ақ кеңінен талқылауға жатпайтын (тіпті кейде түсініксіз) нормаларды дұрыс классификациялау шет мемлекеттерге сұрау салу немесе тапсырмалар беру кезінде, қылмыскерді экстрадалауға келісімін бермес үшін, ең алдымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық дәне Қылмыстық-процессуалдық кодексінің ережелерімен мұқият танысады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных