Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Р Интерпол ұлттық орталық бюросының құқықтық ережелері мен қызметтері




 

Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 4 қарашада Дакарда (Сенегал) болған Интерполдың Бас Ассамблеясының 61-сессиясында Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мүшелігіне қабылданды. Қазақстанның Интерполға өтуі бұрынғы одақ республикасының мемлекеттерімен барлық дәстүрлі шаруашылықдың бұзылуына, өндірістің тоқтауына әкеп соққан, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың тоқтатылуына, жұмыссыздыққа және халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелген КСРО-ның ыдырау кезеңіне дәл келді. Сонымен, Қазақстанның Интерполға мүшелікке өту жылы өнеркәсіптік кәсіпорынның төмендеуі 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 14,6% - ды құрады12. Алайда, ауыспалы кезеңнің қиындықтарына қарамастан, Қазақстан басшылығы Қазақстан Республикасының Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына мүшелікке өту туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) өтуіне байланысты іс-шаралар туралы» 1993 жылғы 20 шілдедегі № 629 қаулысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымында министерствоның орталық аппараты үшін қарастырылған штаттық саны шегінде Интерполдың ұлттық орталық бюросын қалыптастыру туралы айтылады /28/. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Интерпол ұлттық орталық бюросы туралы Ереженің 1.1. тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы Интерпол ұлттық орталық бюросы..... Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады» деп атап көрсетіледі. Жоғарыда аталған қаулыда «Қазақстан Республикасында Интерполдың Ұлттық орталық бюросын» құру туралы сөз болмады.

Шетел мемлекетінің құзырлы органдарымен қылмыстық процесті жүргізетін органдарға өзара қарым-қатынасына Ұлттық Интерпол бюросы (ҰОИБ) көмек көрсетеді. ҰОИБ жұмысының мәні іздестіріліп жатқан халықаралық қылмыскерлер туралы ақпаратпен алмасу, құқық бұзушыларды идентификациялау туралы сауалнама мен хабарламаларды жолдауда болады.

ҰИБ ұйымдастыру, оның құрылымы және Интерполмен ынтымақтастық формалары әрбір мемлекетпен жеке анықталады. ҰИБ қандай ведомствоның құрылымына енгізу мәселесі әрбір мемлекетте өздігінше шешіледі, бірақ та көптеген мемлекеттер аталған органды Ішкі істер министрлігі криминалды полиция бөлімшелеріне орналастырғанды мақсатқа бағытталған деп санайды.

Америка Құрама Штаттарындағы ҰИБ Әділет министрлігінің құрамына, Ұлыбританияда ­- Лондондық Скотланд-ярд, Бельгияда - Әділет министрлігі сот өкілдерінің секретариатына және т.б. енетіндігін атап өтуіміз керек. Америка Құрама Штаттарында (мемлекеттің барлық полиция жүйесін орталықсыздандыру есебінен) Интерпол мүмкіндіктері мен жергілікті полиция органдарын жақындастыру мақсатында 1987 жылдан жекелеген штаттарда ҰИБ филиалдары құрыла бастады.

ҚР ҰОИБ – өздігінше бір «байланыстырушы» механизм және Интерпол мүшесі болып табылатын мемлекеттегі аталған ұйымның органы, сол ұйымның құрылған және өзінің толық құрылған сәтінен бастап, ол барлық Интерпол жүйесінің қажетті элементі және ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені кез келген Интерполға мүше мемлекет өзінің Ұлттық Бюросы арқылы құқық қорғау органдарын қажетті ақпарат алмасу арқылы, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен және Интерполға басқа қатысушы мемлекеттердің ұлттық бюросымен ұйымның Бас секретариатымен тікелей «байланыстыра алады». Осыған байланысты, Ұлттық интерпол бюросы ұлттық құқық қорғау және полиция органдарына трансұлттық қылмыстылықпен күрестегі жалпы істе белсенді өзара әрекетінің шынайы мүмкіндігін ұсынады. 1993 жылы құрылған Қазақстан Республикасы ҰОИБ (ҚР ҰОИБ) республиканың құқық қорғау органдарының ұлттық жүйесіндегі маңызды элемент болып табылады және оның қылмыстылықпен күрестегі рөлі өте зор.

Қазақстанның Интерполға кіруі және Қазақстанның ҰОИБ құру біздің мемлекетімізде Қазақстан құқық қорғау органдарының шетел әріптестерімен осы беделді халықаралық ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі көлемі мен өзара байланыстылығын жүзеге асыруға мүмкіндік бергенін сенімді айтуымызға болады.

Бюро арқылы сұрау салу, сол немесе өзге тұлғалардың орналасқан орнын анықтау, әр түрлі қажетті құжаттардың көшірмелерін алуға нақты мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі күні ҚР Ұлттық орталық Интерпол бюросы 47 мемлекеттің құқық қорғау органдарымен өзара тиімді ауысу жолымен өз жұмысының тиімділігін арттыруға тырыса отырып, іскерлік байланыс жасайды /29/.

Қазақстан Республикасындағы ҰОИБ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі бола отырып, Ішкі істер министрлігі органдарының бөлімшелерінің қылмыстылықпен күресте, ұлттық заңнаманы, халықаралық құқық нормалары мен принциптерін және жалпы қабылданған адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаумен Интерполға мүше мемлекеттердің ұқсас органдарымен халықаралық өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге шақырады. Жалпы Қазақстан Республикасындағы ҰОИБ өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан қатысушы болып табылатын халықаралық актілерін, және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жарғыларын және өзге де нормативтік актілерін және Қазақстан Республикасындағы Интерполдың ұлттық орталық бюросы туралы ережесін басшылыққа алады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных