![]() ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Молекуланың тербеліс күйлері. Тербеліс, тербеліс – айналыс спектрлері· Гармоникалық осциллятор жуықтауындаекі атомды молекуланың потенциалдық энергиясы(молекулалық атомдардың өзара әрекет энргиясы) (параболалық тәуелділік):
мұндағы r – ядроаралық қашықтық, re – ең кіші (min) энергияға сәйкес келетін ядроаралық қашықтық (тепе-теңдік қашықтық немесе байланыс ұзындығы), k – күш тұрақтысы. Потенциалдық энергия үшін (1.5.9) өрнекті Шредингер теңдеуіне қойып, оны шешкенде гармоникалық осциллятор энергия деңгейлері үшін өрнек табылады. · Екі атомды молекуланың тербеліс энергиясы (гармоникалық осциллятор жуықтауында):
Тербеліс кванттық саны: Меншікті тербелістер жиілігі:
Тербеліс энергиясы (см-1): Нөлінші тербеліс энергиясы: Кванттық ауысу энергиясы (см-1): · Тұрақты дипольдық моменті бар молекулалар ғана әртүрлі тербеліс деңгейлері арасында кванттық ауысу жолымен сәулені шығарып және жұта алады. Гармоникалық осциллятордың тербеліс ауысулары үшін сұрыптау ережесі: Ангармоникалық осциллятордың потенциалдық энергиясы Морзе функциясымен жақсы бейнеленеді:
Мұндағы, α – берілген молекулаға тән тұрақты, De – диссоциация энергиясы.
Егер Шредингер теңдеуіне (1.5.9) өрнектің орнына (1.5.11)-ді қойғанда тербеліс энергиясының рұқсат етілген деңгейлер тізбегі
түрінде болады.
Ангармоникалық тұрақты Тербелістердің тепе-теңдік жиілігі:
Ангармоникалық осциллятордың тербеліс ауысулары үшін сұрыптау ережелері:
ауысулардың ықтималдығы аз болады.
Негізгі жұтылу жолағы -
Бірінші обертон - Екінші обертон -
Ыстық жолақтар - әлсіз жұтылу жолақтары. Мысалы,
Диссоциация энергиясы:
Тербеліс спектрінен жиілік және ангармоникалық тұрақты анықталады. Жиілік бойынша квазисерпімді күш тұрақтысы табылады. Ангармоникалық тұрақты арқылы диссоциация энергиясы анықталады. Обертондар жиіліктері мен негізгі жиілік мәндерінен тербелістердің
және бұл өзінің физикалық мағынасы бойынша тербеліс күйлерінің көрші термдерінің арақашықтығын береді. Егер
анықталатын болса, онда осы жағдайда · Екі атомды молекулалардың тербеліс-айналыс спектрі. Екі атомды молекулалардың тербеліс спектрін жоғары ажырату жағдайында зерттегенде әрбір жолақтың өте жақын орналасқан көп сызықтардан тұратындығы анықталған. Осы себепті молекулалық спектрлер жолақтық деп аталады. Жолақтардағы сызықтардың арақашықтығы ~1см-1 шамасында болады. Жолақтардың осындай құрылымы тербеліс ауысуы кезінде айналыс қозғалысының қоздырылуы салдарынан пайда болады. Сонымен таза тербеліс спектрлері болмайды, өйткені негізгі және қозған тербеліс күйлердегі молекулалар айналыс күйлерінің қатары бойынша үлестірілген болады да молекула бір тербеліс күйінен басқасына ауысқанда бір мезгілде бұлардың айналыс күйлері де өзгереді. Сондықтан тербеліс ауысуларын қарастырғанда айналыс күйлерін ескеру керек. · Екі атомды молекуланың тербеліс-айналыс термдері (см-1) тербеліс және айналыс күйлері термдерінің қосындысы болып табылады (1.17-сурет):
Тербеліс деңгейлері арасында ауысу болған кезде u кванттық саны Осыған байланысты тербеліс жұтылу жолағы Р-тармақ және R-тармақ деп аталатын сызықтардың екі жиынына бөлінеді (1.17-сурет). Р-тармақ:
Сызықтар сериясы:
R-тармақ
Сызықтар сериясы:
Сурет Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|