ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларыМолекулалы-кинетикалық теорияның объектісі - қатты, сұйық және газ тәрізді күйлердегі зат. Химиялық заттың ең кішкентай бөлшектері атомдар және молекулалар бар болатынын пайымдайтын ілім - молекулалы-кинетикалық теория. Заттың атомдардан, ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерден құралатыны туралы гипотезаны бұдан 2500 жылдай бұрын көне грек ғалымдары Левкипп және Демокрит айтқан. Бұл гипотеза газ, сұйық және қатты денелердің негізгі механикалық қасиеттерін: газдың шексіз таралуын, заттардың серпімділігін, олардың диффузия арқылы өзара бір-біріне енуін түсіндіре алды. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде келесі қағидалар жатыр. Барлық денелер атомдардан құралады. Атомдар деп заттың ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерін атайды. Бір қарапайым химиялық заттың барлық атомдары бірдей. Атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Атомдарды өзара бір-біріне тартатын күштер бар. Өте жақын қашықтықта атомдар бір-бірін тебеді.: Екі немесе көп атомнан тұратын заттың өте кішкентай бөлшектері молекулалар деп аталады. Атомдардың және молекулалардың қозғалысы, олардың өзара әрекеті механика заядары арқылы суреттеледі. Соңғы тұжырым ретсіз қозғалған кішкентай өте көп бөлшектерден құралған денелердің қасиеттерін анықтау үшін механиканың негізгі заңдарын қолдануға мүмкіншілік тудырады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|