ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Циклдық процестер. Карно циклы. Карно теоремалары.Карно циклы екі изотермиядан 1-2 және 3-4 және екі адиабаттан 2-3 және 4-1 тұрады. Карно, шексіз жай ағатын 1-2-3-4 процессті қарастырған, жұмыстық денемен температура көзі Т 1 арасындағы, 1-2 изотерма бойында және Т 2, 3-4 бойында шексіз аздаған температура айырмашылығы бар. Сонымен, термиялық тепе-теңдік сақталады. Сондықтан, цикл, қайтымды деп саналады. Бұл циклды, Карноның идеалды циклы деп атайды. Kepi Карно циклын іске асыру үшін, барлығы екі жылулық көзі қажет – жылу беруші және жылу қабылдағыш. Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып табылады. Бұл цикл Карно циклi болып табылады, осыған ұқсас процесстер айналмалы немесе циклдық процесстер деп аталады. Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны Карноның идеалды жылу машинасы деп атайды. Карноның қайтымды циклының ПӘК: Бірінші теоремасы-жылулық қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті туралы теорема. Карно теоремасы бойынша Карно циклінің пайдалы әсер коэффициентіηк=(T1–T2)/T1, мұндағы T1 – қыздырғыштың температурасы, T2 – суытқыштың температурасы. жұмыстық дененің табиғатына және жылулық қозғалтқыштың құралымына тәуелді болмайды, ол тек қыздырғыш (T1) пен суытқыштың (T2) температураларымен ғана анықталады. Екінші теоремасы-соққы теориясында – абсолют серпімсіз соққы кезіндегі кинетикалық энергияның кемуі жайлы теорема.Соққы кезіндегі жүйенің кинетикалық энергиясының кемуі, жүйе нүктелерінің кеміген жылдамдықпен қозғалған кезіндегі кинетикалық энергиясына тең.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|