Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастаресебі»




Курс тақырыбы: «Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастаресебі»

Сабақ тақырыбы: «Банктегі есеп айырысу шотының операциялар есебі»

Жоспар:

1. Банктегі ағымдағы есеп айырысу шотын ашу тәртіптері

2. Чек және қолма-қол ақша аудару жарнасы

3. Төлем – тапсырма

 

 

1. Банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты 1030 және шет ел валюталық есеп айырысу шоты 1050 шоттарында есепке алынады, бұл шоттар негізгі, активті және ақшалай шоттар

Вексель арқылы есеп айырысу. Векселъ — біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем кұжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады. Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассаткд) бірінші вексель үстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы баскаша ешбір шарт койылмайтьшдығы туралы міндетгемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас болып келеді. Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, кұжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын телеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, телем жасалатын орнын керсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда керсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель үсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде карастыры лады.

Төлем карточкалары арқылы есеп айырысу. Төлем карточкалары — ақша қаражатына электрондык, терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, колма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.

Телем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді.

Дебеттік карточкалар каржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.

Кредиттік карточкалар бойынша банк берген кдрыз сомасының шегінде оның үстаушылары төлем жасай алады.

Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.

Корпоративтік карточкалар — бұл да телем карточкалары, ол оны үстаушыға банк пен занды тұлғалардың арасында жасалган келісім шартгың негізінде беріледі.

Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу. Төлем талап тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, кызметті көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.

Бенефициар төлем талап тапсырманы банкке ұсынады және төлем талап тапсырмалары белгіленген бланктердін, нысанында тиісті реестрлеріне тіркеледі.

Төлем талап-тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар-банкісіне ұсынылады, ал бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, төлем талап-тапсырманы акша жіберуші банкке бағыттайды.

1. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазакстан Республикасының Үлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңцы түлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын керсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтык, және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бүл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және занды түлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған белімшелері үшін де ашылады. Шетелдік валютадағы қаражатгардың колда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шотгар ашьшуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша кдражаттарын окшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рүксатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рүқсатымен және қолданылып жүрген зандарда кезделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңцарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Банк есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындарға келесі басты құжаттар қажет:

1. өтініш

2. құрылтай шарты (көшірме)

3. заңды тұлға ретінде тіркелгені жөнінлегі куәлік (көшірме)

4. Мөртаңба және қолтаңба үлгілері бар карточка

 

2. Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын үстаушыға беру жолымен жасайды.

Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті колдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бүл келісім-шартта, банк ез клиенттеріне чек берушіге (занды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін езіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақгауға міндетті. Чек ұстаушылардың қүқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының телем қүжаттарына қол қою күқығына ие түлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мерінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

Банк чек берушіден чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:

- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен керсетілмеген болса;

- чектің мерзімі өтіп кетсе;

- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;

- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;

- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;

- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;

- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған күжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;

- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;

- чектің басқа да дефектілері бар болса.

Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бүйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі (хабарлама төменде келтіріліп отыр).

Кассадан банк есеп айырысу шотына ақша қолма-қол ақша аудару жарнасы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Қолма-қол ақша аудару жарнасы

 
 

 

 


Кәсіпорын

Касса чек Банк






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных