Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастаресебі»




Курс тақырыбы: «Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастаресебі»

Сабақ тақырыбы: «Банктегі валюталық шоттар бойынша операциялар есебі»

Жоспар:

1. Шетел валюталық шоттардың есебі

2. Шетел валютасын сатып алу

3. Банк есеп айырысу шоты бойынша банк көшірмесінің есебі

1. Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан баскасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Үлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық ретгу туралы" Қазакстан Республикасынын Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Үлтгық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Үлтгық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталык, шоттар ашады.

Занды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.

Заңды түлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.

Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.

Заңды тұлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген қүжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бүл бойынша талап Үлттық банкіде тіркелгені жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-резидентгері өкілетгі банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Резиденттер мен резидент еместер арасыңдағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер аркылы жүзеге асырьшатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

24 желтоқсан 1996 жылғы "Валютаны реттеу туралы" Зандарына және 31 наурыз 2001 жылғы №88 ҚР ҮБ басқармасының қаулысымен бекітілген "Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне" сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін (орын ауыстыруын) қарастыратын капитал козғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және үйымдастырудың тәртібі сол аталған каулымен белгіленген.

Капитал козғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталык операцияларынан түскен каражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге жатады:

-резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;

-резидент еместердің экспорттық-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған несиелері;

-резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық әрі айрыкша құқын берген жағдайда;

-резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.

2. Шетел валютасын сатып алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде кдрастырылған баскд да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын күжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарыктық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

Занды тұлға-резиденттердің ішкі валюталык саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есегтшотына косылған күннен бастап, отыз күннін. ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.

3. Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспондентгік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) женіндегі үйғарымын орындауды және баска да қызмет түрлерін керсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақгардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі оргаңцары берген салық төлеу ші-шот иесінің тіркеме немірі; банктің керсететін кызметінің шарты жөне оларды телеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Ресггубликасының резвденті - заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдык бөлімшесі (филиал мен екілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылган қол улгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар қүжаты (мүның үлгісі төменде

Банктегі шоттардың кешірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондықтәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға кұқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды токтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша каражатгарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті оргавдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын занды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден еткен соң занды түлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің "кешірме үшін" мерінің таңбасымен (отгискісімен) расталынады.

Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжатгарда көшірмеге Қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы Құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы) көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою қүқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных