Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалды емес активтер есебі»




Курс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен материалды емес активтер есебі»

Сабақ тақырыбы: «Негізгі құралдар, олардың топтамасы мен бағалануы»

Жоспар:

1. Негізгі құралдар ұғымы

2. Негзгі құралдар топтамасы

3. Негізгі құралдардың бағалануы

 

1. Негізгі қүралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жүмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі қүралдардың есебі №6 БЕС сәйкес үйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қүралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.

2. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі қүралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек қүралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік қүралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі қүралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдыктар. Олар үжымның мәдени-түрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі қүралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі қүралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі қүралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі қүралдар жүмыс істеп түрған, істемей тұрған және қор ретінде түрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жүмыс істеп тұрған негізгі қүралдар, әрекет етіп түрғандар болып саналады. Жүмыс істемей түрғандар — бұл жүмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-жабдықтар. Қорда түрғандар болып жүмыс істеп түрған қүрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных