Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп пәні. Курс тақырыбы: «Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастаресебі»




Курс тақырыбы: «Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастаресебі»

Сабақ тақырыбы: «Ақшасыз есеп айырысу есебінің нысандары»

Жоспар:

1. Ақшасыз есеп айырысу лардың негізгі нысандары

2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу

3. Шоттар корреспонденциясы

 

 

1. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:

· төлем тапсырма;

· чек;

· вексель;

· тапсырма-талап төлемдері;

· кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бүрын және мерзімі кейінге калдырылған болып бөлінуі мүмкін. Жедел мерзімді төлем мынадай нүсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері. Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған телемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетакы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы телеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның немірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатгары келіп түскеннен кейін төлейді.

2. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бүл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-кол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.

Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын кұжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс кұжаты төменде келтірілген).

Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалакысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс кұжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.

Іс-сапары бойынша жүмсалганшыгыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа көсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемдеетеледі.

Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.

Егер де кызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.

Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын кұжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп берген.

1250 шотгың дебеті бойынша және мына шотгардың кредитіне келесі жазба жазылады: 1010-кассадан есеп беретін тұлғаға авансын төлеп берген кезде

Аванстык қүжатга көрсетілген барлық шығыстардың сомасы 7210 шотгың дебеті және 1250 шотының кредиті бойынша керініс табады.

3. Шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны Дт Кт
  Банк есеп айрысу шотынан кассаға чек арқылы ақша аударылды    
  Кассадан жалақы берілді    
  Жабдықтаушылардан шикізаттар мен материалдар түсті    
  Келіп түскен материалдардың құны банк есеп айырысу шотынан өтелді    
  Жалақа төлеу үшін банк есеп айрысу шотынан кассаға ақша аударылды    
  Берілмеген жалақының бір бөлігі банк есеп айырысу шотына аударылды    
  Негізгі өндіріс жұмысшыларына жалақы есептелінді    
  Есептелген жалақыдан әлеуметтік салық ұсталынды    
  Есептелінген жалақыдан ЖЗҚ сомасы ұсталынды    

 

.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных